Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Диссертационная работа Алиева Ш

..pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
929.3 Кб
Скачать

жақтары барҰйымдық. құрылым – өзіндік мақсат емес. Бұл жұмысшылардың бірлескен еңбегінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін құрал» [112, 25б]. Ұйымдағы желілік қағиданың қазіргі қоғамға сай келетіндігімен келісе отырып, П. Друкер «иерархияның соңы» жайында айту әлі ерте деп есептейді. «Кез келген ұйымда соңғы шешімді қабылдайтын және сол шешімге барлыққызметкерлерді бағындыратын қажымас беделді адам болуы тиісҚиын. -қыстау жағдайларда ұйымның тіршілігі айқын басшылыққа тәуелді болады» [112, 25б].

Желілік қатынастар тұлғалық әлеуметтенуден бастап «жұмыс орындарының» дағдарысына дейінгі қоғам өмірінің түрлі сипаттарын біріктіреді. Мұның әсерінен, желілік ұйымдардың мәселелері, олардың контрагенттермен, жаңа экономикалық ресурстармен, білімдермен және ақпараттармен өзара әрекеттесуі – экономикалық талдаудың шекарасынан асып түседі. И.А. Маликовскаяның пікірінше, «желі дамудың әлеуметтік және экономикалық процестерін бір арнаға тоғыстырады. Дамудың гуманитарлық аспектісі ешқашан техно-экономикалық және ақпараттық аспектілермен тығыз байланыста болмаған, бұл салааралық қиындықтарды жеңуге және талдаудың жаңа әдіснамаларын әзірлеуге мүмкіндік береді» [107, 136б]. Ғалымдардың пікірімен келісе отырып және ұйымның құрылымы мәселесін қарастырып, жаһандық деңгейде көрініс табатын ұйымның желілік қағидасын басқару іс-әрекетінде де ескеру қажеттігін алға тартамыз.

Желі – бұл шекарасында әртүрлі қоғамдық өзара байланыстар мен өзара әрекеттесулер жүзеге асатын форма. Жүйенің өзара әрекеттесуші бөлшектері қоғамдық тұтастылықтың қызмет етуін және дамуын қамтамасыз етеді. Жүйедегі бөлшектердің арасындағы өзара байланыстың сипаты әлеуметтік бөлініс жүйесіндегі олардың рөлі мен дәрежесіне қатысты қарастырылады. Іс-әрекет түрлері, білім беру, біліктілік, жеке меншік формасы мен көлемі, құқық пен міндеттер, біркелкі емес мәдени даму мен басқару шешімдерін қабылдауға тең құқылы қатынаспау арасындағы сапалы айырмашылық басқару жүйесіндегі қызметтердің теңсіздігін қамтамасыз етеді. Жүйе бөлшектерінің өзара қатынасы басқару -бағыну, әділдікәділетсіздік, теңдік-теңсіздің негізінде құралады және олар жекелеген бөлшектердің мүдделері сәйкес келген жағдайда ынтамақтастық, ал мүдделер әртүрлі болғанда жанжал сипатына ие болуы мүкін. Өзара әрекеттесуші бөлшектердің көлеміне байланысты құрылымдық ұйымның үш деңгейі болады: микроқұрылым, мезоқұрылым және макроқұрылым. Микроқұрылым кішкене топтардағы (отбасы, бөлімше, бригада) жекелеген бөлшектер арасындағы байланыстар мен қатынастарды қамтитын желілерде пайда болады. Мезоқұрылым орта деңгейдег і топтар әсіпорын(к , қоғамдық бірлестік) арасындағы байланыстар мен қатынастарды анықтайды. Макроқұрылым қоғамдағы үлкен топтар (этностық қауымдастықтар, БАҚ) арасындағы тұрақты байланыстар мен қатынастарды сипаттайды және бұл жерде тұлғааралық қатынастар негізінен болмайды.

Коммуникация қоғамның және барлық әлеуметтік процестердің ажырамас бөлігі болып табылады. Басқару іс-әрекеті де бұдан тыс қалмайды. Екі индивидтің байланыс жасауы арқылы «индивидуалдық» басқару, бұқаралық коммуникация арқылы тұтас қоғамды басқару жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер коммуникация қпарат таратудың бір жақты процесі ретінде бұқаралық аудиторияға бақытталса, онда ол бұқаралық коммуникация болып табылады. Бұл жағдайда белгілі бір бағдарламаны жүзеге асырушы адам немесе топ – субъект, ал ақпарат тарату құралы БАҚ (теледидар, радио, мерзімдік басылым, Интернет) болып табылады.

Анықтамада көрсетілгендей, коммуникация субъектісі мақсат қоюшы іс-әрекеттің қайнар көзі болып табылады. Бұл жағдайда аудиторияны басқару жайлы сөз қозғауға бола ма? Жоқ, егер субъектінің мақсаты жеке мүддеге бағытталған болса. Ал, егер субъект мақсаты индивидтің және аудиторияның мінез-құлқын өзгертуге бағытталса, басқару туралы сөз қозғауға болады. Э. Денистің пайымдауынша, «басылым және басқа да ақпарат құралдарының қоғамдық пікірге әсер етіп, адамдарды басқаратындығы бұрыннан айқын» [113, 137б]. Көптеген шетелдік ғалымдар жиырмасыншы ғасырда бұқаралық коммуникацияға, оның аудиторияға және бұқаралық санаға әсерін зерттеуге зор қызығушылық білдірді.

Коммуникацияны ңе алғаш философиялық және мәдени тұрғыда қарастырған Маршалл Маклюэн болды. Оның өміріне қысқаша тоқталатын болсақ, Маршалл Маклюэн (М. МсLuhan) (1911-1980), алғашында ағылшын әдебиеті саласында маманданған, ал кейін 50-ші жылдардан бастапөзін әлеуметтік коммуникация философиясы саласынағанарнаканадалық профессор. Ол, ұқаралықб коммуникация құралдарының (mass media) басымдылығына байланысты адамзат тарихын төрт дәуірге бөледі:

1.“Жазуға дейінгі тұрпайы” дәуір адамдардың қоршаған ортаға қарапайым-тікелей қарым-қатынасымен ерекшеленеді;

2.Жазбаның кодификациялану дәуірі сауатсыз “тұрпайы адамдардың” “сенсорлық тепе-теңдігі” мен рухани үйлесімділігін бұзады; ендігі кезектеқауесет, әңгіме емес көріп -тану мен зейін және акустикалық хабар емес жазбалармен кодталған ақылмен қол жеткізетін коммуникация басты орынға шығады;

3.Гутенберг дәуірі алғашқы қоғамдағы адам табиғи үйлесімділігін толықтай тоқтады. “Тұлғасыз” бұқаралық аудиториямен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызатын “типографиялық кезең” пайда болды;

4.Заманауи дәуір – “тыңдаушы адам” мен “көз салушы адамның” синтезі (жаңа мәдениеттен кейінгі кезең). М. Маклюэн бойынша, электрлік және электрондық құралдар, адамзат тарихында “коммуникациялық революция” жасады. Заманауи коммуникациялыққұралдар ының өзгеше ерекшелігінің мәні мынада, олар адамның жеке сезім мүшесіне ғана әсер етіп қана қоймай, бүкіл жүйке жүйеге ықпал етеді.

Үздіксіз даму үстіндегі әлемдік өркениет, - М. Маклюэн болжамы бойынша, - жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына толыққанды жағдай

туғызатын, “бейнелі ақыл-ой” мен үйлесімді“ коммуникацияның” қоғамы болады [114, 15 б.]. «Мәдениет индустриясы» тұжырымдамасының авторлары Т. Адорно әнеж М. Хоркхаймер бұқаралық коммуникацияның көпшіліктің пікірін қалыптастырудағы күш-қуатын бір ауыздан мойындады. Олардың пікірінше, мәдениет индустриясы көпшілікті әсер етуші ақпарат толқынын сыни қабылдауға қабілетсіз біркелкі енжар бұқараға айналдыратын мәдени формалардың бұқаралық өндірісі болып табылады

[115].

Бұқаралық сананы қалыптастыруда көпшілік назарын жеңіл, жетімді және к.нделікті өмірде өзекті болып табылатын түрлі ойын-сауық бағдарламалары негізгі рөл атқарады. Бұл ақпарат тұтынушыларының енжарлығын қалыптастырады, түрлі үгіт-насихат әсерлерін қабылдағыштық деңгейін арттырады және бұл бұқара санасын және мінез-құлқын басқаруға мүмкіндік береді. Адорно мен Хоркхаймер тұжырымдамасы Германияда фашистік үгіт-насихаттың қалыптасу кезеңінде пайда болды.

ХХ ғасырдың соңғы отыз жылында пайда болған тұжырымдамалар «бұқаралық коммуникацияның бұқара санасына әсер етуі» идеясының төңірегінде қалыптасты [108, 28б].

М. Маклюэнөзінің «тәсілдер теориясының» аясында былай деп тұжырымдады: «біз әлемнің автоматты түрде бақылауға болатын көз көрерлік шекарасына жеттік. Енді әлемдік нарықтық экономикадағы тепетеңдікті ұстағанымыздай, тұтас мәдениеттердің эмоционалдық ахуалын бақылауда ұстауға болады» [116, 41б]. Сонымен қатар, ол бұқаралық ақпарат құралдарының, атап айтқанда теледидардың әлеуметтік-мәдени процестерді басқарудағы рөлін айқындады.

Жоғарыда келтірілген ұжырымдамаларт өз уақытында көп сынға ұшырады. Біздің пікірімізше, ақпараттық қоғам жағдайында, бұқаралық техникалық ақпарат құралдары дамудың шыңына жеткен кезде, адам психикасының жұмысы мен оған әсер етудің тетіктері туралы білімдер көлемі айтарлықтай көбейген кезде аталған тұжырымдамалар жаңа өзектілікке ие болып, адамды, оның еркіндігін және тұтас қоғамды тиімді басқару үшін негіз қалыптастырады.

Адам бостандығы және оны басқару ұғымдары ешбір қисынға келмейді. Бостандық тұлғаның өзін-өзі басқаруын, өзіндік таңдау жасауын және шешім қабылдауын білдіреді. Адамды басқару оның басқару субъектісінің еркіне және шешімдеріне бағынуды сипаттайды. Сәйкесінше, басқаның таңдауына еретін индивид бұл жағдайда бостандыққа ие емес. «Басқару бар жерде бостандық болмайды, және керісінше. Бостандық үстемдік еткен жерде сыртқы басқарудың болуы мүкін емес» [117, 13б] Әрмен қарай «бостандық» және «басқару» ұғымдары арасындағы қарамақайшылықты шешуге тырысып көрелік.

Адамды басқару – адамның мінез-құлқын, психикасын және ішкі әлемін басқарудан және бағыну сипатынан тұратын күрделі процесс. Әсер ету объектісінің бағынуы тарапынан басқарудың екі түрін бөлуге болады: мәжбүрлі және мәжбүрлі емес басқару. Мәжбүрлі басқару қауіп-қатер мен

қатаң тәртіптер арқылы, адамды еркінен тыс әжбүрлеум арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда адамда бостандық пен таңдау болмайды.

Мәжбүрлі емес басқару тікелей талаптарды қолданудан тыс жүзеге асырылады. Ол саналы түрде бағынуға негізделеді немесе адамның санасына және бейсанасына жасырын түрде әсер етумен ерекшеленеді. Мәжбүрлі емес басқару жеке бостандықты шектемейді және адамның таңдауы мен шешіміне әсер етеді. Сыртқы қысымсыз бағыну туралы өз бетінше шешім қабылдау отырып, адамөзінің құндылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес әрекет ете алады.

Басқару саласындағы білікті маман В.П. Пугачев таңдау детерминациясы тұрғысынан мәжбүрлі емес таңдаудың үш түрін бөліп көрсетеді:

объектінің дербес саналы таңдау жасау және ерікті бағынуы

негізінде;

тұлғалық бағдарламаланған таңдау негізінде (психиканы бағдарламалау);

манипуляциялау немесе тікелей алдау арқылы [117, 15б]. Бостандықты басқару тетігі «бостандық» ұғымының субъективтік және

объективтік аспектілерін ажыратуғанегізделген. Басқарушы адамның түсінігінде бостандық ұғымы саналы түрде ұғынылған жағдайда ғана бостандықты басқаруға болады. Басқару объектісін оның мүдделерінен, тілектерінен және моральдық ұстанымдарынан тыс әрекетке талаптандыру қажет кезде немесе басқарушы басқарудың өзге әдістерінің тиімділігіне күмән келтірген жағдайда бостандықты басқару қажеттілігі туындайды [117, 16б]. Ақпараттық қоғамның коммуникативтік мүмкіндіктері жасырын қауіпқатерге ие. Бостандықты басқару, психиканы бағдарламалау, нейролингвистикалық бағдарламалау, саяси технологиялар – мұның барлығы «теріс пиғылды» адамдардың қолында болса, тұтас елдер мен халықтарға зиян келтіруі мүмкін.

Осылайша, ұлб бөлімде ұйымның желілік қағидасы басқару процесінде қпарат таратудың өте тиімді тәсілі ретінде қарастырылды. Ұйымдарды басқару деңгейінде иерархиялық, функционалдық және желілік ұйым құрылымдарына салыстырмалы талдау жасалды және нәтижесінде басқарудың әмбебап ұйымдық құрылымының жоқтығы көрсетілді. Сонымен қатар, желілік қағидасының басқарудың жаһандық деңгейіндегі рөлі зерделенді. Бұқаралық ақпарат құралдарын адам санасын, адам бостандығын басқаруда ақпараттық қару ретінде пайдалануға болатындығы сөз болды.

3.3 Қазақстандық ақпараттық кеңістік және. Заманауи

Қазақстандағы ақпараттандырудың жай-күйі және оны дамытудың әлеуметтік-философиялық аспектілері

ХХI ғасырда Қазақстанда жаңа басқару мәдениеті қалыптасуда. Оның негізгі мәні: ақпарат, білім, ғылыми жобалау, әлеуметтік модельдеу. Осының арқасында медиамәдениет қоғам мен мемлекет, индивид пен билік арасындағы делдал қызметін атқаруда. Тәуелсіз ел ретінде әлемдік ақпарат

кеңістігіне енген қазіргі танда жалпы бұқаралық ақпарат құралдарына деген теориялық және практикалық көзқарас өзгерді. Сонымен бірге, біздің халықаралық қатынаста жаңа белеске шығуымыз бұқаралық ақпарат құралдарымызға басқа елдердің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуына мүмкіндік туғызды.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Бүгінгі демократиялық елімізде баспасөздің қоғамдағы рөлі елеулі өзгеріске ұшырады. Ол насихатшы ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ойсанамыздың сараптаушысы және қоғамдық ой-пікірді қалыптастырушы болып отыр. Сондай-ақ, баспасөз саласында бәсекелестік пайда болып, мемлекеттік емес газет-журналдар да жарық көруде.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік адамзат көшіне жеке мемлекет ретінде қосылған бүгінгі күні, халқымыздың әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде бұқаралық а қпарат кұралдарының алар орны, атқарар қызметі өте салмақты болып отыр. Бүгінгі танда қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш, бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі – ақпарат құралдары арқылы басқару болып табылады.

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – ақпараттық басқарудың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Батыстық мәдениет тасқынын тоқтатып, оған қарсы тұрудың бірден-бір жолыұлттық сананы көтеру, халқымыздың ғасырлардан келе жатқан мұраларын, ұлттық құндылықтарын барынша ұтымды пайдалана біліп, халық санасына жеткізе білу болып табылады. Осы орайда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен жауапкершілік пен міндет үктелудеж. Олай дейтініміз, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді тудырып қана қоймай, ақпараттық кеңістігімізді қорғап, қоғам санасын қалыптастырушы құрал ретінде өмірдегі барлық жақсылық пен жамандықты алдымен байқап, насихаттауы, түсіндіруі тиіс.

Ал қпараттық ғасырға аяқ басқан тәуелсіз Қазақстанның әлемдік үрдістен кенже қалмауы мен технологиялық, мәдениеттік, өркениеттік сапасын арттырудың бір бағыты - саяси жүйені заман талабына сай жаңғыртып, ақпараттық басқаруды қалыптастыру мен дамыту екені анық. Осының барлығы Қазақстан қоғамы үшін маңызды саяси міндеттерге, стратегиялық құжаттарға ұласып жатқан маңыздылығын көрсетеді.

Қазіргі медиа мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы мен көркеюі жолында үлкен рөл атқаруда. Әсіресе, ұлттық тіл мен экономика, еліміздің тәуелсіздік

идеясын насихаттау,қорғау, идеология майданында бітіспес күрес жүргізу ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады. Кабельді теледидар және Интернеттің пайдасымен ұлттық қауіпсіздікті қорғауы мен сөздің бостандығымен байланысты жаңа тауқыметтер пайда болды. Қазақстан – басқа ұлттардың сақталған ұлттық ерекшеліктеріне құрмет көрсетіп біртұтас мәдениетті қауымға біріккен әр ұлтты халықтар тұратын ел. Қазіргі жағдайда бұл айырмашылықтар ұлттар мүдделерін қорғау мақсатында қай ақпаратты құпия сақтау керек екенін әр түрлі пікірлер туғыздырады. Алайда, баспасөздегі кейбір сұрақтардың жариялауы маңызды келіспеушіліктер кезіктіреді. «Егерұлттық қауіпсіздікке залал келтіретін ақпаратты дүниежүзілік жүйеден оңай алуға болса, қай деңгейде жағымды шешілсе де осындай ақпаратқа тиым салу қажет пе? Осы мәселені де заң шығарушыларға шешу қажет» [118, 101 б.]. Бұл да күрмеуі шешілмеген мәселелердің бірі.

Қандай да бір мемлекет, соның ішінде Қазақстан Республикасының билігі нәтижелі жүзеге асуы ақпаратпен қамсыздандырылуына байланысты. Саяси құрылымның позитивті қызмет атқаруы, саяси сананың дамуы, саясаттың объектісі мен субъектісінің өзара әрекеттесуі ақпаратсыз мүмкін емес. Бүгін қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасу ы мен дамуы саяси өмірде өз орнын тапты, электрондық үкімет іс жүзінде қоғамымыздағы әлеуметтік көлбеу және тік қарым-қатынастар мен саяси коммуникацияны қамтитын кең әрі терең ұғым. Сондықтан осы өзекті мәселені әлеуметтікфилософиялық тұрғыда зерттеу, электрондық үкіметті жасақтаудың әлемдік тәжірибесіне салыстырмалы саяси талдау жасай отырып, оның жаңа жолдарын іздестіру, жетістіктеріне баға беру, қазіргі жағдайы мен әлеуетіне талдау жасап, дамуүрдістері мен келешегіне саяси болжам жасау қажеттілігі туындайды.

“Қазақстандық жол” еңбегінде Н.Ә. Назарбаев саяси-экономикалық реформаның әрбір жаңа кезеңі жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен тығыз астасып жатуы тиіс деп ой түйеді. Сондай-ақ ол әкімшілік реформалар аса бір маңызды шартсыз – ақпараттық басқарудың қалыптасуынсыз мүмкін емес, тек тұрақты және гүлденген қоғам ғана тұрақты саяси жүйе құруға қабілетті деген тұжырым жасайды.

Қазіргі таңда біздің қоғамда теледидар (эфирлік, кабельдік, спутниктік), баспа, радио, электронды почта, ұялы байланыс, Интернет еркін коммуникациялық кеңістікке айналды. Бұның бәрі негізі ақпарат болып табылатын қоғам құрғанымызды айғақтайды.

Жалпы, ақпараттық саладағы проблемалардың зерттелуі мен ғылыми формасы және ақпараттық қауіпсіздіктің жүйесін дамыту мен құруын да мемлекеттің өзіне ғылыми талаптарды орынды қалыптастыру қажет. Бұл жағдайда мемлекеттің алдында қоғамның даму бағдарламаларын жүзеге асыру, бұқаралық санада мемлекетті позитивті жағынан көрсетуде белсенді ақпараттық саясат жүргізген жөн болар. Отанға деген үйіспеншілік, тұрақтылық, патриотизм секілді көңіл күйлерді орнықтыратын материалдарды жиі беру керек. Ақпарат құралдары бір Отан, бір мемлекеттік тіл, бірұлттық саясатты насихаттаушы біріккен күш, бірліктің ұйытқысына

айналса ғана жекелеген қаржы немесе саяси топтардың қолшоқпары болу қауіпінен құтылады, тәуелсіз Қазақстан алдында тұрған басты міндет те осы.

ХХI ғасырда Қазақстанда жаңа басқару мәдениеті қалыптасуда. Оның негізгі мәні: ақпарат, білім, ғылыми жобалау, әлеуметтік модельдеу. Осының арқасында медиамәдениет қоғам мен мемлекет, индивид пен билік арасындағы делдал қызметін атқаруда.

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бұл маңызды мәселеге ерекше мән беріп: “Үкіметке заңдар мен заңнамалық актілерге ғылыми, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау, мүдделік қолдау (лоббистік) қызметі, электрондық үкімет мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалану туралы заң жобаларын ең бірінші кезектеәзірлеп, Парламентке енгізуді тапсырамын” - деп әкімшілік реформаларды жүргізудегі баст ы міндеттердің қатарына қойды [119 ].

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында “ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес адам өміріне де ықпал ете отырып,қоғам дамуының басты факторы болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті құру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру мен инфрақұрылымын қалыптастыру, телекоммуникациялық және электрондық қызметтерді тарату, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру жалғасады” - делінген [120].

Ал қпараттық ғасырға аяқ басқан тәуелсіз Қазақстанның әлемдік үрдістен кенже қалмауы мен технологиялық, мәдениеттік, өркениеттік сапасын арттырудың бір бағыты - саяси жүйені заман талабына сай жаңғыртып, электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамыту екені анық.

Қазақстанның ақпараттық қоғам құруды қалыптастыру жолындағы жылдамырақ ілгерілеуі үшін, әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында электрондық үкімет қалыптастыру мен оның жобаларын іске асыру жалғасатын болады. Электрондық үкіметтің алдағы кезеңд егі негізгі мақсаты халық пен бизнестің мемлекеттік органдардың қызметіне жылдам және сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі таңда қазақстандық электрондық үкімет құрылымдары 41 мемлекеттік қызмет түрін халыққа жеткізіп отыр, ал 2009 жылдың соңында бұл көрсеткіш 54-ке дейін жетті. Осы мақсатты іске асыру үшін электрондық үкіметті қалыптастыру және тиістілікті, оның ішінде халықтың ақпараттық қоғамға даярлық деңгейін арттыруға бағытталған пилоттық жобаларды қалыптастыру және енгізуді жеделдету өніндегіж жұмыстар жандандырылатын болады. Диссертант электрондық үкіметтің қазақстандық

нұсқасын жүзеге асыру мақсаты - азаматтар менұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, ақпараттық коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру деп біледі.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі таңда тек біздің елдегі ғана емес, сонымен бірге барлық дамыған елдерге тән өткір мәселенің бірі болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне мүдделілік ақпараттық қоғам өмірінің барлық саласындағы рөлінің артуымен байланысты.

Бүгінгі таңда қашықтан оқыту технологиялары, автоматтандырылған офистер, ұйымдардыңб бүкіләлемдік тізбес і қолданысқа енді. Табиғи байлықтарды, экологияны, үкіметтердің ақпараттық саясатын басқаруға арналған геоақпараттық жүйелер жобалануда.Әрбір ел ақпарат көздеріне, ақпаратты тасымалдау және өңдеу құралдарының тиімділігі мен даму деңгейіне тәуелді болып отыр, ғния қоғамды ақпараттандыру процесі, дәлірек айтсақ, ақпараттық қоғам құру процесі жүріп жатыр. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы №217 Заңында «Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс» делінген [121] Яғни, ақпараттандыру процесі ақпараттық ресурстарды құру және оларды пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық сұранысын, құқықтарын қанағаттандыруға тиісті жағдай жасау керек, сонымен қатар азаматтардың ақпараттық мәдениетін арттыруы тиіс дегенді білдіреді.

Яғни, тек ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен жағдайда ғана қоғамды ақпараттандыру процесі даму ресурсы ретінде, ақпаратты толықтай пайдалану негізінде адамзат тіршілігін интеллектуалды-гуманистік сипатқа айналдыра алады. Ресей зерттеушісі Л.И. Шершнев «ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттің, қоғамның, әлеуметтік топтың, тұлғаның ресурстары мен ақпараттың ағымдары үшін өміршеңдікті, тұрақты даму мен қызмет етуді, ақпараттық қауіпке, адамдардың психикасы мен қоғамдық және жеке санаға кері әсер ететін ақпараттық ықпалға және компьютерлік желілер мен басқа да технологиялық ақпараттық бастауларға қарсы тұруды білдіреді» деп анықтама береді [122]. Ақпараттық қауіпсіздік кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі салаларының бірі болып табылатыны белгілі. ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңында: «ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделерінің қорғалуының жай-күйі» деп берілген. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету оның құралдары мен субъектілерінің және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің жиынтығынан тұрады. Ал ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі негізінен мәндік бағыт, мақсат,

принциптер, іске асыру нысандарыәнеж әдістері арқылы сипатталады. Бүгінгі таңда ақпараттық қауіпсіздік саласы аса маңыздылығымен қатар заманға лайық пайдалылығымен ерекшеленеді. Сондықтан, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жүйесі заман талабына сай жетілдіріп отыруы тиіс.

Қазақстан – болашағы бекем, елдік үміттері ақталмай қалмас жас мемлекет. Қазіргі жаңару -жаңғыру дәуірінің жарқын мұраттарының бірі – азат реңді, өрші л рухтықазақ халқының әлемдік дидарын қалыптастыру, жаһандану заманынан алар өз орның, енші-үлесін айқындау болып отырғаны шындық. Әрине, бұл елдік мәселенің оң шешім таппағы, дұрыс бағыттан ауытқымауы ақпарат кеңістігіміздің қауіпсіздігіне де тікелей байланысты. Бүгінгі күннің талассыз ақиқаты – осы.

Қазіргі біз өмір сүріп отырған заманды ақпараттық деп атайды, ақпарат қоғам өмірінде, оның өмір іс-әрекетінде маңызды бір элементі болып табылады. Ақпараттану ақпараттың қоғамға өту процесі ретінде адам өмірінің барлық саласына әсер етіп шықты. Жаңа ақпараттық технологиялар ғылымның және ғылыми қоғамының дамуына жаңа беттерді ашты. Электронды пошта, компютерлікғдарламаларба адамдардың тығыз байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. Ғылыми зерттеулердің ақпараттануы – зерттеу объектілері туралы әлд, дер кезінде толық білімді алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру болып табылады.

БАҚ-ды үлкен аудиторияларға ақпараттың таралу процесі болып табылады. Бұл адамның танымы мен психикасына идеологиялық, сая си, экономикалық және т.б. жағынан ықпал етуші құрал ретінде. Насихаттау бұқаралық мәдениеттің құбылысы, психотронды қарудың қалыптасуы коммуникация құралдарының негізінде туындаған жаңа мәселелерді білдіреді. Теледидардың дамуынан жаңа теледидардық ұрпақпайда болды.

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының Заңыңда ақпаратты таратуды іске асыру төмендегідей шарттар бойынша көрсетіледі. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:

1)өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттің ақпараттық саясаты іске асырады;

2)облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады;

3)арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру әртібін және онда эротикалық сипаттағы материалдар жарияланатын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесін бекітеді;

4)қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;

5)тиісті әкімшілік -аумақтық бірлікте ақпарат құралдарының Қазақстан республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

6)уәкілетті органға статистикалық деректерді, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу жөніндегі ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөніндегі мәліметтерді табыс етеді

[118].

Қaзaқcтaндық мeдиaмәдeниeттe үйpeншiктiлiккe дeгeн қызығyшылық apтып кeлeдi: үйpeншiктi өмip, әдeттeгi бiлiм, кәдyiлгi caнa-ceзiм, үйpeншiктi cөйлey, aдaмның дaғдылы мiнeз-құлқы, қapaпaйым өмip cүpy мәдeниeтi т.б.. Бұл әлeyмeттiк шындық eндi oбьeктивтi жүзeгe acыpылaтын құpылымдap peтiндe жәнe caнaдaн тәyeлciз жүзeгe acы pылaтын үдepicтep peтiндe ғaнa

ұғынылмaйтындығын, coнымeн қaтap ocы oқиғaлapдың cyбьeктивтi тoлқыныcтapы, oлapды үйpeншiктi түciнy жәнe құpылымдay peтiндe түciндipiлeтiнiн бiлдipeдi. Aдaмның кoммyникaтивтi әpeкeтi oның қoзғaлыcының, ұдaйы өзгepiciнiң, жaңa кoммyникaтивтi бaйлaныcтapдың – бacқa құpылымдapдa жacay, ыдыpaтy жәнe қaйтaдaн жacay жoлын үздiкciз жүзeгe acыpy жaйттapының мaңызды бoлып тұpғaн кeзiндe қaлыптacy, үдepicтiк жaзықтығындa көpiнeдi.

Қaзaқcтaн Pecпyбликacындaғы pecми жapиялaнғaн жacтapдың әлeyмeттeндipiлyiнiң cтpaтeгиялық бaғдapы – жaңa ұpпaқ өкiлiнiң aдaмдapдың иннoвaциялық, шығapмaшылық oйлay түpiмeн, дaмығaн дүниeтaнымдық мәдeниeтпeн, әлeмгe қaтыcты этикaлық тұpғыдaн жayaпкepшiлiктeгi жoғapғы бiлiктi кәciби мaмaндapмeн қaлыптacyы. Бұл үдepicкe қaзaқcтaндық мeдиaмәдeниeттiң aйнacы жәнe мәдeни жaһaндaнy мeн coл cияқты мәдeни жepciндipyдiң дe жeтeкшici бoлып тaбылaтын мacc - мeдиa мaңызды үлec қocты. Мacc-мeдиa қoғaм мeн мeмлeкeттiң, coциyм мeн билiктiң apacындaғы дeлдaл peтiндe қызмeт aтқapaды.

Қaзaқcтaн Pecпyбликacындa peтiмeн aлғaндa, тұpғындapдың 14%-ы Интepнeттiң пaйдaлaнyшылapы бoлып тaбылaды. Интepнeт-пaйдaлaнyшылap мөлшepiнiң apтyымeн интepнeт-бacылымдapдың дa caнының apтyы бaйқaлaды. Бұл бoйыншa oлapдың көбici қoғaмдық-caяcи cипaттa бoлғaнынa қapaмacтaн, aқпapaттық-cayықтыpy бaғытын ұcтaнaды.

Coнымeн қaтap бacпacөз бacылымдapының интepнeт -нұcқaлapы дa (мәceлeн, «Вpeмя», «Литep» гaзeттepi) тaнымaл бoлып тaбылaды. 5 жәнe oдaн дa жoғapы жылдap бoйы әpeкeт eтeтiн жәнe Қaзaқcтaндaғы әpi ш eтeлдeгi жaғдaйлap тypaлы жaңaлықтap мeн capaптaмaлық мaтepиaлдapды жинaқтayмeн, тapaтyмeн aйнaлыcaтын интepнeт-қaйнapкөздepдiң дe тaнымaлдығы aйтapлықтaй ұлғaйды.

Кoмпьютep ғылыми зepттeyлep, бiлiм бepy, мoнитopинг, өнepкәciптi

aвтoмaттaндыpy үшiн, ғылым мeн тeхникaның әpтүpлi caлaлapындaғы мiндeттepдi шeшyүшiн қaжeттi мәлiмeттepдi aлy мeн caқтay, aқпapaттapды өңдeyдiң нeгiзгi құpaлынa, coнымeн қaтap бoc yaқытты өткiзyдiң тaптыpмaйтын жaбдығынa aйнaлды. Cәйкeciншe, дaмып кeлe жaтқaн қaзaқcтaндық aқпapaттық қoғaмдaғы мәдeни әлeyмeттeндipy үдepiciнiң