Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Диссертационная работа Алиева Ш

..pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
929.3 Кб
Скачать

А.И. Ракитовқоғамды ақпараттандырудың жалпыға ор тақ сипатын айқындай отырып, оны әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, саяси және мәдени тетіктері тығыз байланысты процесс ретінде көрсетеді. Ол ақпарат пен білімдерді өндіру, өңдеу, сақтау және тарату үшін ақпараттық технологияларды үлкен қарқынмен қолдану процесі болып табылады. Мұның нәтижесі өндіріс құрылымдары мен технологиялары саласында ғана емес, сонымен бірге, мәдениеттегі, рухани өмірдегі және тұрмыстағы әлеуметтік және экономикалық қатынастар саласында түбегейлі өзгерістер әкелген ақпараттық қоғамның пайда болуы болып табылады [36, 34б]. Осылайша, ақпараттандыру процесі – ақпараттық қоғамның негізі, әлеуметтік ұйымдасудың жаңа формасы.

Ақпараттандыру процесі компьютерлендірумен тығыз байланыста жүзеге асырылады, алайда, айтарлықтай өзара айырмашылықтарға ие. Компьютерлендіру қоғам іс -әрекетінің барлық салаларына белгілі бір міндеттерді жүзеге асыру үшін ақпараттарды жинаудың, өңдеудің, сақтаудың және таратудың нәтижелерін жедел алуды қамтамасыз ететін қуатты компьютерлерді ендіруге әнеж дамыту ға бағытталған. Компьютерлік техниканың жоғары қуаттылығына, оның революциялық рөліне қарамастан қоғам толықтай ақпараттық сипатқа ие бола алмады. «Мысалы, парламенттегі депутаттардың дауыстарын санауға арналған компьютерлерді пайдалану олардың ақпараттану, хабардар болу деңгейін және біліктіліктерін арттыра қойған жоқ» [37 , 34б]. Яғни, компьютерлендіру қажет, бірақ қоғамды ақпараттандырудың жеткілікті шарты болып табылмайды. Ақпараттандыру адам іс-әрекетінің барлық салаларында білімдер мен ақпараттарды өте тиімді пайдаланудықамтамасыз етуге бағытталған шаралардың кешені болып табылады.

Көптеген зерттеушілердің [38, 39, 40] пікірлерінше, ақпараттандыру – ақпаратты қоғамдық ресурс ретінде жаппай пайдаланудың жаһандық әлеуметтік процесі, оның нәтижесінде ғылыми-техникалық прогресс, қоғамды демократияландыру мен интеллектуалдандыру жылдамдығы арта түседі, экономика қарқыны күшейеді. Мұндай экономиканы М. Кастельс ақпараттанған және жаһандық деп атады. Бұл олардың ерекшеліктерін және арасындағы өзара байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен, ақпараттанған экономикада факторлардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттігі ең алдымен білімге негізделген ақпараттарды жиынтықтау, өңдеу және тиімді пайдалануқабілеттігіне байланысты. Жаһандық экономикада өндіріс, тұтыну және тауарлар мен қызмет түрлерінің айналымы, сондай-ақ, оның бөлшектері (капитал, еңбек, шикізат, басқару, ақпарат, технология, нарық) сияқты экономикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері жаһандық деңгейде ұйымдастырылады [39, 81б]. Тек экономикағана емес, қоғам өмірінің басқа да салалары қпараттануды қамтиды және соған сәйкес сол салалардағы өзгерістер де жаһандық деңгейде орын алады.

«Әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің тарихи бәсекелесуінде жаһандық деңгейде қоғамды тез әрі қарқынды түрде ақпараттандыратын, жаңа ақпараттық өркениет пен мәдениетке аяқ басатын, адамдардың

жасампаз және еркін индивид ретінде өзін -өзі жүзеге асыруы үшін жаңа мүмкіндіктерді жасайтын жүйе ғана жеңіске жететінін сенімді түрде тұжырымдауға болады» [40, 34б].

Шындығында, барлық елдер мен олардың қоғамы бірден ақпараттық қоғам бола алмайды, «біз бұл трансформацияның алуан түрлі жолдары мен салдарын көріп жүрміз. Әлем елдері өз дамуының деңгейіне сәйкес әртүрлі жылдамдықпен және айырмашылықтармен ақпараттық қоғам айналатыны шындық» [41, 172].

Ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғамда сапалы жаңа деңгейге көтерілген ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуын да қамтиды. Байланыс пен бұқаралық ақпарат құралдарының жоғары технологиялық тәсілдерінің пайда болуы ақпараттық-коммуникативтік ісәрекетті қалыптастырады.

Бұқаралық коммуникация сияқты құбылыс пайда болды. Б.М. Фирсов бұқаралық коммуникацияны ақпаратты (білімдер, рухани құндылықтар, моральдық-құқықтық ережелер және т.б.) техникалық құралдардың (баспа, радио, теледидар, кинематограф және т.б.) көмегімен саны жағынан көп, шашыраңқы аудиторияларға тарату процесі ретінде қарастырды [42, 20б] Яғни, бұқаралық ақпарат құралдары уақыт пен кеңістік шекараларынан асып, бір уақытта бір -бірінен алшақ орналасқан, саны жағы нан өте көп индивидтермен байланыс жасауғамүмкіндік береді. Бұқаралық коммуникация «салыстырмалыүрдет үлкен әртүрлі және анонимдік аудиторияға ие; ақпарат жылдам таратылуымен ерекшеленеді және көпшілік алдында аудитоияның көп бөлігінің баяу қабылдайтынын а бағдарлана отырып ұсынылады; коммуникаторлар күрделі ұйымға біріккен және индустрия саласында көп қаражатпен жұмыс жасайды» [43, 9б]. Ақпараттықкоммуникативтік технологияларды пайдалану есебінен қпараттық ағынның тұнықтығына қол жеткізіледі, бұқаралық аудиторияға күнделікті тұрмыстық және арнаулы ақпараттарға қол жетімділік жолы ашылады.

Канадалық мәдениеттанушы әрі философ М. Маклюэннің еңбектерінде коммуникация мәселесі басты орынға ие. Оның пікірінше, «коммуникативтік процесс қоғамның экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік өмірін қамтиды. Қоғамдық қатынастар мен өзара әрекеттесулердің барлық түрлері коммуникативтік процесте қындаладыай. Электрондық коммуникация кеңістік, уақыт пен ақпараттың барынша сығылу тәртібін орындайтын әлеуметтік өзара әрекеттесудің жаңа қауымын қайта жасап шығарады. Жекеленген ғылымдардағы білімдердің интеграциясы жүреді, ойлар сезіммен, сана – шындықпен өз үйлесімін табады» [44, 108б]. М. Маклюэннің пайымдауы бойынша, электрқуаты, радио, телеграф, ақпаратты бір уақытта қабылдау мен тарату сияқты техникалық дамудың жетістіктері адамды «азық жинаушыдан» «ақпарат жинаушыға» айналдырды.

Ақпараттандырудың, компьютерлендірудің, қоғам дамуының барысында жасалған коммуникация құралдарының әлеуметтік кеңістіктің барлық салаларына сіңіп кеткендігі күмәнсіз.

Қоғамдағы орын алып жатқан өзгерістерді әртүрлі қырынан талдауға және түсіндіруге тырысатын заманауи әлеуметтік-философиялық ойлардан бірнеше теориялар бас көтерді.

Ағартушылық кезеңіндегі қоғамдық даму идеяларына сүйеніп, технологиялық детерминизм аясында 1945-1950 жылдарда орынғанал әлеуметтік өзгерістерді сипаттай отырып, батыстық әлеуметтікфилососфиялық ой-пікірлер постиндустриалдық қоғам тұжырымдамасын рәсімдеді. Ол Д. Белл, З. Бжезинский, Дж. Гэлбрейт, П. Друкер, Э. Тоффлер және т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен баяндалды.

Индустриализмнің «индустриалистік тармағының» көшбасшысы Дж. Гэлбрейт «Жаңа индустриалдық қоғам» [45] еңбегінде жаңа индустриалдық қоғамды (постиндустриалдық) өндірістің айқындаушы факторы саналатын білімдердің негізінде капитализмнің толық трансформациялануының нәтижесі ретінде тұжырымдады. Ол ғылыми-техникалық мамандар мен басқару саласындағы мамандардан құралған басқару блогын сипаттайтын «техноқұрылым» ұғымын енгізді.

Постиндустриализмнің дамуына орасан зор үлес қосушы американдық саясаттанушы З. Бжезинский «Екі ғасыр арасында. Американың технотрондық кезеңдегі рөлі» атты еңбегінде концептуалдық футурологиялық қағидаларын баяндайды. Бжезинскийдің пікірінше, «постиндустриалдық қоғам мәдени, психологиялық, әлеуметтік және экономикалық қатынастарда техника мен электрониканың әсерімен қалыптасатын технотрондық қоғамға айналады» [46, 9б].

Постиндустриалдық қоғамның толық тқжырымдамасын Д. Белл өзінің «Постиндустриалдық қоғам. Әлеуметтік болжам тәжірибесі» (1973) [47] еңбегінде баяндады. «Адам қоғамының тарихын үш кезеңге бөле отырып – аграрлық, индустриалдық және постиндустриалдық, Д. Белл постиндустриалдық қоғамның кескінін бейнелеуге тырысты» [48, 30б]. Осы қсынға ере отырып, Д. Белл постиндустриалдық қоғамды «экономикасындағы басым бағыт тауар өндірісінен қызмет өндірісіне, зерттеулер жүргізуге, білім беру жүйесі мен өмір сапасын арттыруды ұйымдастыруға ауысқан, техникалық мамандардың тобы негізгі кәсіби топқа айналған, жаңалықтарды енгізу көп жағдайда теориялық білімдердің жетістіктеріне байланысты болған қоғам ретінде айқындады. Постиндустриалдық қоғам жаңа таптың пайда болуына ықпал жасайды, ол таптың өкілдері саяси деңгейде кеңес беруші, сарапшы және технократ ретінде бой көрсетеді» [49, 117б]. Д. Белл пікірінше, постиндустриалдық қоғам индустриалдық тәртіп эволяциясының нәтижесі болып, ХХІ ғасырдың айқындаушы әлеуметтік формасына айналуы тиіс.

Постиндустриализм идеяларының кеңінен танымалдығына септік болған американдық публицист Э. Тоффлердің «Үшінші толқын» (1980) [50] кітабының жарыққа шығуы еді. Ауқымды ғылыми материалдардың негізінде Тоффлер оқырманға әлемдік тарихи дамуды бірін-бірі алмастырған үш толқынның формасында өзіндік сипатпен ұсынды. «Бірінші толқын» - аграрлық, «екінші толқын» - индустриалдық, «үшінші толқын» -

постиндустриалдық. «Үшінші толқын» кезеңі білім мен ақпараттың шоқырақтап дамуының негізінде бастапқы деңгейде орналасты. Алайда, қоғамның қайта құрылу тенденцияларынан ұлттық мемлекет рөлінің бәсеңдеуі, еңбектің интеллектуализациясы, «электрондық коттедж» құрылымының, нуклеарлық емес отбасылардың пайда болуы, «бұқаралық медианың демассификациясы» [50, 266-277б] және қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында басқа да өзгерістер айқын байқала бастады. Осы өзгерістердің барлығы адамзатты ертелі-кеш жаңа өркениетке алып келеді [50, 33-34б].

Американдық экономист П. Друкер постиндустриалдық қоғам тқжырымдамасының дамуна өз үлесін 1993 жылы «Посткапиталистік қоғам» [51] атты кітабын жарыққа шығару арқылы қосты. П. Друкер болып жатқан қоғамдық өзгерістердің астарынан индустриалдық шаруашылықтың білімдер мен қпаратқа негізделген экономикалық жүйеге ауысуынан көрінетін дәстүрлі капитализмді жеңу процесін, капиталистік жеке меншік пен жатсынудан құтылуды, замануи адамның жаңа құндылықтар жүйесі нің қалыптасуын және ұлттық мемлекет идеясының жаһандық экономика мен жаһандық қоғамның жағына бұрыла бастауын көре білді. Друкердің пікірінше, қазіргі заман кезеңі – қоғамдық құрылым негіздеріндегі айтулы өзгерістер кезеңі, капиталистік қоғамның білімдерге негізделгенқоғамға алмасуы [52, 70-71б].

Жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарында постиндустриализм аясында «ақпараттық қоғам» ұғымының айналасында қалыптасқан жаңа конццептуалдық ағым пайда болды. Аталмыш терминді түрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша, Токио технологиялықинститутының профессоры Ю. Хаяши [53, 30б] немесе АҚШ-та Ф. Махлуп, Жапонияда Т. Умесао [91, 98б] енгізді. Ақпараттық қоғам теориясының негізінде интеллект пен білімнің әлеуметтік дамудағы басым рөлі туралы идея, «өркениеттің жаңа ахуалын оның жекелеген белгілерін талдау арқылы анықтау» талпынысы жатыр [111, 20б].

Ақпараттық қоғам тұжырымдамасының өкілдері М. Кастельс, Р. Катц, Й. Масуда, Д. Нейсбит, М. Порат, Т. Стоуньәнер кейбірж басқа да зерттеушілер коммуникацияның және ақпарат тасымалдаушылардың техникалық құралдарының (М. Маклюэи), басқарудың жаңа формаларының (Й. Масуда), желілікәрекеттесудің (М. Кастельс), ұзақ мерзімді дамудің қоғамдық міндеттерінің (Дж. Нейсбит) дамуымен байланысты қазіргі заман тенденциялары жайлы жазды.

Жапониядағы Ақпараттық қоғам институтын құрушы және басшысы Й. Масуда қпараттық қоғамды индустриалдық қоғамның нәтижесі ретінде қарастырады. Оның барысында ақпаратты жасаумен және тұтынумен байланысты іс-әрекет салалары қарқынды дамыды. Компьютерлендіру арқылы адамға сенімді ақпарат көздеріне деген қол жетімділікті ұсынатын, оны қол еңбегінен босататын бұл қоғам өндірісті автоматтандырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Өндірістің сипаты да, оның қоғамдық қызметі де өзгереді: «материалдық өнімнің емес, ақпараттық өнім өндірісі қоғамдық білім мен дамудың қозғаушы күші болады» [54, 29б]. Масуданың пікірінше,

ақпараттық қоғамда таптық бөлініс пен әлеуметтік жанжалдар жойылады, кішігірім үкімет пен мемлекеттік аппараттың басқаруымен қоғамдық келісім орнайды. Ақпараттық қоғамның аспектілерін кеңінен талқылай отырып, Й. Масуда мынадайқорытындағы келеді: «ақпараттық технологиялардағы инновация – бұл әлеуметтік трансформацияның жасырын күші, ол ақпарат көлемі мен сапасының түбегейлі өзгерінен, сондай-ақ, ақпарат алмасу көлемінің ұлғаюынан көрінеді» [54, 49б].

Осыған ұқсас көзқарасты Т. Стоуньер де ұстанады. Ол болашақта пайдалану үшін ақпаратты жинақтауға және сақтауға болатын орта сияқты ақпараттық қоғам жайлы тұжырымдайды. «Елдің ұлттық қазынасын көбейтуге болатын үш негізгі тәсіл бар: 1) үнемі капитал жинақтау, 2) әскери басып алулар және аймақтық ұлғаю, 3) «ресурс еместі» ресурсқа айналдыратын жаңа технологияларды пайдалану» [143, 394б]. Ақпараттық қоғамда қазынаның әлеуетті қайнар көзі ұлттық ақпараттық ресурстар болатындықтан, ақпараттық экономиканы дамыту қажеттілігі туындайды. Бұл жерде қызмет көрсету саласы өнеркәсіп өндірісінен басым болады. Негізінен, көрсетілетін қызметтер ақпарат өңдеумен байланысты болады.

А.И. Ракитов ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік іс-әрекеттің маңызды сипаттамалары ретінде қызмет түрлері мен білімдерді өндіруді, эксплуатациялауды және пайдалануды ұсынады. «Ақпараттық қоғам – бұл ақпараттық технологияның барлық құралдары, яғни компьютерлер, интеграцияланған жүйелер, кабельдік, спутниктік байланыстар, программалық қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер ақпаратты жалпыға қол жетімді етуге және өндіріс пен өмірге белсенді енгізуге бағытталған қоғам» [55, 71б]. Ақпараттық қоғамның негізгі көрсеткіші ретінде Ракитов айналымдағы ақпараттың саны мен сапасын, оны тиімді тарату мен өңдеуді, қоғамның әрбір мүшесіне ақпараттың қол жетімді болуын келтіреді. Осыған сәйкес, жұмыспен қамту саласында ақпарат өндіру мен тарату саласындағы жұмысшылардың үлес салмағымен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісіндегі жұмысшылардың үлес салмағы төмендейді. Ақпараттық қоғам экономикалық дамудың жоғары деңгейіне көтерілді, ол жерде ақпараттық сектор еңбек етушілердің көп бөлігінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді.

И.С. Мелюхин қпараттық қоғам тұжырымдамасы мен бүгінгі таңда өзектілігін жоғалтпаған тұрақты дамудың тұжырымдамасы арасында ұқсастық табады. Тұрақты даму - «адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі тепетеңдік сақталатын, адамзаттың биосфераны жоюына мүмкіндік берілмейтін әлеуметтік іс-әрекеттің формасы. «Табиғи ресурстарды белсенді тұтынуға емес, білімдерге негізделген экономикақалдық, шығарудың қысқартылуы экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Халықаралық деңгейде технологияларды тарату,әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жетімділік дамушы мемлекеттерге техногендікөркениет игіліктеріне қосылуға мүмкіндік туғызады және ол адамзаттың дамуын айтарлықтай тұрақтиы етеді» [99, 39б].

«Ақпараттық қоғам» терминімен қатар, ХХ ғасырдың соңындағы қоғамның жай-күйін дәл сипаттауға зерттеушілер басқа да анықталамаларды

қолданды. «Жаңа ақпараттық ғасырдың мәнін түсіндіруге деген талпыныс тұтас анықтамалық жүйеге ұласты. Дж. Литхайм постбуржуазиялық қоғам туралы, Р. Дарендорф посткапиталистікқоғам туралы, К. Боулдинг постөркениеттік қоғам туралы, Г. Кан постэкономикалық қоғам туралы, Р. Барнет постмұнайлық қоғам туралы пікірлерін білдірді. Осы терминдердің жалпы бағыты – осы ғасырға тән жүдеулік сезімін тудырады» [56, 349-344б]

Қоғамдық іс-әрекетті ақпараттандыру мәселесінің жан-жақты қарастырылуына қарамастан, ғалымдар жаңа әлеуметтік құрылымды анықтау жолында ортақ пікірге келе алмады. Біздің пікірімізше, қысқа әрі нұсқа анықтама: «ақпаратқа негізделген қоғам» [57, 24б]. Бұл кең үлгіде ұсынылған барлық анықтамалардың негізінде жатыр.

Жоғарыда баяндалған мағлұматтардың негізінде келесі анықтаманы беруге болады: қпараттық қоғам – бұл іс-әрекеттің барлық салаларында жаһандық ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың көмегімен ақпараттың қалыптасуы мен тұтынылуы жүретін қоғам.

Берілген тұжырымдамаларды талдау негізінде ақпараттық қоғамның келесі белгілерінөлугеб болады, олар қоғамның қазіргі жағдайын сипаттайды немесе оның даму тенденцияларын айқындайды:

Білім – қоғамның негізгі ресурсы және қазынасы. Ол әрбір индивидке, ұйымға, әлеуметтік топтарға және тұтас қоғамға қол жетімді.

Қоғам құрылымындағы ұйымдардың рөлін арттыру: университеттер мен зерттеу қтарынанорталы бастап, желілік қауымдастықтарға дейін.

Қоғамның өмірлік іс-әрекет процесі жалдам жүруде, кеңістік пен уақыт шекаралары жойылуда.

Күнделікті қажеттіліктерге сәйкес ақпараттық технологиялардың

негізінде автоматтандыру, компьютерлендіруәне жжұмыспен қамту процестері жүріп отырады.

Жұмыспен қамту құрылымы ақыл-ой еңбегі (ғылым салалары, шығармашылық мамандықтары, интеллектуалдық қызмет саласы) мамандықтарының пайдасына өзгереді.

Қоғамның демократиялануы мен либерализациясы жүреді, мемлекет құрылымы «жеңілдейді».

Ұйым мен мемлекеттің ақпараттарына жалпы автоматтандырылған қол жетімділіктің ашықтығы ой-пікірлердің бостандығын қамтамасыз етеді, жекеленген индивидтердің ақпараттары тұлғаның еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында тиым салынған немесе шектелген.

Ақпараттандыру қоғам іс-әрекетінің барлық салаларына енеді.

Қоғамның жаһандануы.

Табиғатқа деген қатынас өзгереді: қалдықсыз өндіріс технологиялары, табиғат ресурстарын орынды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау.

Ақпараттық қоғам теориясының даму сатысын (генезисін) қарастыра келе, біз постиндустриальдық дәуірдегі “виртуальдық шындық”, “клип -

мәдениет” және “телекратия”, “демассификация” әнеж “жаһандану” ақпараттық көріністер мен медиакеңістіктің өзгермелі қайшылықтары, ХХ ғасырдағы масс-медианың мифтік шығармашылық әрекетінің рөліне өз назарымызды аударамыз.

Алайда, «медиамәдениет» термині – бұл, ақпараттық қоғамның өзгеше үлгісін көрсету үшін енгізілген, қазіргі замандағы мәдени теорияның туындысы. Онда, отандық мәдениеттану мен әлеуметтануда, «бұқаралық ақпарат құралдары» (БАҚ), «бұқаралық коммуникация құралдары» (БКҚ), ал батыс зерттеушілері «масс-медиа» сияқты термині кең қолданысқа ие екендігін атап өткен дұрыс.

Медиа – бұл, ХХ ғасырдың термині, оны ең алғаш «бұқаралық мәдениеттің» кез келген феноменінің көрінісін бейнелеуге еңгізілгендіктен, зерттеушілер бұл терминді қолдана отырып, мәдениет тарихы мен теориясын қайта қарастыруғы мүмкіндік пайда болды. Медиа (латынша “media”, “medium” – құрал, сарапшы немесе ақпараттық) – бұл ХХ ғасырдағы термин алғашында, “көпшілік” (массалық) мәдениет феномендерін көрсету үшін еңгізіленген. Ал “медиамәдениет” түсінігіне нақтырақ тоқталатын болсақ, ол мемлекет пенқоғамды, билік пен әлеуметті байланыстырушы болып табылатын, қпараттық қоғамның ерекше мәдени үлгісін көрсету үшін енгізілген, мәдениеттің заманауи теориясының туындысы [58].

Бұл жетістікке қол жеткізудегі шешуші орынды, жалпы мәдениет тарихын қайта қарастырып шыққан, ең алғашқы медиатеоретик болып есептелетін, ғалым және қоғам қайраткері Герберт Маршалл Маклюэн алады. Ол өз еңбегін жаңа бұқаралық ақпарат құралдарымен жасалған, ақпараттық әлем мен қоғамдағы адамның күнделікті өмірін зерттеу мен мәдениеттегі коммуникативті жолдарды талдауға арнады. Турасын айтатын болсақ, М. Маклюэн зерттеу контексіндеәр түрлі коммуникация құралдарын айқындау үшін еңгізілген, «media» терминің ең алғаш қолданушы болып табылады. Біздің зерттеулеріміз үш бұл теоретиктің көзқарасының алатын орны маңызды болғандықтан, оған кеңірек тоқталатын болсақ. М. Маклюэн өзінің ғылыми ізденісін ХХ ғасырдың ортасында бастады. Мәдениетке заманау көзқарас, белгілі болғандай текстік анализге екпін жасауды талап еткендіктен, Маклюэннің медиа поэтикасына, риторикасына және тілге қызығушылығы бекер туындаған жоқ. Қоршаған ортаның жағдай бұқаралық мәдениетке қызығушылықты арты түсірді, сол уақыттағы көптеген сыншылар «тотемистік медиа» жайындағы толғанысқа түсті. Америка өткен ғасырдың басында, жаңа әлемнің гипнозы – комикстер, жарнамалар, попмузыкалар әлемінде – тілек объектілері мен адамзаттыққұмарлықтың көріктендірілген хаосында және тапқырлар мен символдар әлемінде ораласып үлкен таңданыста болды. Маклюэн ол жайында өз назарын жаңа медианың мәдени таңбаларына аудара отырып жазды. «Техника – табиғатты игеруге, бағындыруға ұмтылған білікті адамдар әректінің жиынтығы. Ондағы мақсат – адам өмірінде қажет өнімдерді көптеп өндіру, қоршаған ортаны өз қолайына ыңғайлап қайта құру құру болып табылады. Табиғаттың техника әсерінен өз келбетін өзгерту, техникалық әректтердің сол техниканы

пайдаланушы адамдарға қалай әсер ететіні, яғни оның еңбек ету, еңбекті ұйымдастыру және сол еңбектің сыртқы ортаға әсері адамның өзін де өзгерту

– осының барлығы тарихи дамудың негізгі факторына жатады» [59]. Сонымен қатар ол адамзаттық қабілеттің техникалық экстериоризациясын метафора ретіндеқабылдайды: «Коммуникацияның барлық құралы - әрекет етуші метафоралар». Кез келген метафора сияқты, олар әлемді көшіріп бейнелейді. Медиа тілі, кез келген басқа тіл сияқты, - бұл технология. Адамға құралдардың әсерін түсінудің қажеті жоқ болғандықтан ол әлемге айнаның артқы бейнесі арқылы көреді: жаңа құралдар ескінің жалғасы ретінде анықталып, олар көрінгенімен, бірақ байқалмайды. Тек суретшіге ғана ұлттың антенасы болу бұйырған. Суретші болу дегеніміз – метафораларды басқара білу [ 60]. Маклюэннің көптеген

еңбегінен өткен оның манифесті осы.

Маклюэндік мәдени теория мәдениеттің барлық дәстүрлі теориясын төңкеріске ұшыратты. Ол кездегі ұқаралықб коммуникацияның мәселесіне арналған көптеген еңбектер дестүрлі мәдениетті еске түсіру дұғасы ретінде көрініс тапты, бірақта Маклюэн бұл меланхолия мен мұнлы іс-әрекеттен бас тарты.Ол «ақиқат» және «ақиқат емес» мәдениеттің арасындағы шекараны жасамай, ХХғасырға тән гуманисттік идеалдар мен ағартушылық иллюзияның жоғалуы жайында жазды.

Сонымен қатар Ролан Барттың «Мифология» кітабы заманауи медианы талдауға арналған. Ғалымның зертеу аумағына іс жүзінде барлық әлем қамтылады, сондықтан оның ойынша адамзат әлемінде барлық нәрсе әлеуметтік талданылған, барлығы мәнді және барлығы сыни тұрғыда құпиясын шешуге болады. Р. Барт «медиа» терминінің орнына, «заманауи миф» терминің қолданады, алайда оның түсінігіндегі миф сөзі түсіндіру функциясын жоғалтып, идеологияны бүркемелеу қабілетіне ие болады. Барттық миф қайшылықтын жойылуы мен дамуына емес, керсінше олардың «табиғаттандырылуымен», «дұғалануына» және айқындалуына қызмет етеді. Бұл «миф» сөзінің қолданудағы екі жақтылығы мен өнерлік мифологияның астарынан медиабейнені түсінуге көмектеседі. [61].

Қазіргі кездегі медимәдениет – бұл ақпараттық толқынның интенсивтілігі (бәрінен бұрын аудиовизуалды: ТВ, кино, компьютерлік графика, Интернет), ұлб адамның әлеуметтік, игіліктік, психологи ялық, көркемдік және интеллектуалды аспектілерімен оның қоршаған әлемін кешенді түрде игеру құралы.

Айтылғандардың негізінен шыға отырып, біз көрсетілген құбылысқа төмендегідей анықтама бере аламыз: «Ақпараттық мәдениет – бұл қоғамдық сана менұлғаныңт әле уметтенуіне қатынасатын, мәдени -тарихи даму барысында адамзатпен жасалған, ақпаратық -коммуникативті құралдардың жиынтығы».

Медианың барлық түрлері (аудиолық, баспалық, визуалды, аудиовизуалды) өзінің бойында ақпараты беру және оны қабылдау мәдениетін кіргізеді; медимәдениет медиа және т.б. арқылы медиа шығармашылықпен айналысып, медиатекстті бағалап, талдап және «оқуға»

қабілетті, тұлғаның даму деңгейнің жүйесі ретінде көрініс таба алады. Сонымен қатар, ақпараттық мәдениеттің дамуы – өркениеттін эволюциясы тұрғысынан қарағанда заңды және шартты тарихи процесс екендігін естен шығармаған жөн.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры екендігі және осы пікір өзінің қаншалықты нақтылығын бұл күнде әбден дәлелденді. Еліміздің де ақпарат ағымында бірге қалқып бара жатқанына көп у ақыт өтпесе де, бұл күнде әр үйдің төрінен компьютердің қоныс тебуі, көңіл қуантарлық жай.

Медиатекст, барлық бұқаралық коммуникация жүйесі сияқыт, өзінің эволюциялық жолынан өтті. Мысалы М. Маклюэн адамзат өркениетінің тарихын бөлген секілді, медиамәдение ттің тарихын төрт кезеңге бөлуге болады: 1) жазбағ дейінгі тұрпайы кезең; 2) фонетикалық жазбаның мыңжылдығы; 3) «Гутенберг галактикасы» - баспа техникасының бес жүз жылы; 4) «Маркони галактикасы» - заманауи электрондық өркениет. Бұл тізімге, бесінші пункт ретінде М. Кастельстің«Интернет Галактикасы» анықтамасын қосуға болады [62].

Ақпараттық қоғамды құру, жаһанданудың әсерлерін басқару мәселелері оларды сезіну, түсіндіру және тиімді түрде шешу мүмкіндіктері үшін дәстүрлі емес ұстанымдарды белсенді іздеуді талап етеді. Басты мәселелердің қатарында мойындалғандары: Жердегі ауа-райының өзгеруі, дәстүрлі этикалық бастаулардың жоғалуы, халықаралық жүйенің тиімсіздігі. Жаһанданудың теріс жақтарына қоғамның ашықтығы мен коммуникациялардың озық технологиялары жатады. «Коммуникациялық қоғам утопиясы өз мағынасынан айырылуда, себебі, коммуникация қоғамның шекарасын анықтаудағы әрекетсіздігінің туындысы болып табылады және ол басқа мақсатты көздейді. Бұл ақпаратқа да қатысты» [63]. Жер шарының тұрғындарын терроризм, нашақорлық, қылмыс, індеттер, этникалық және нәсілшілдік жанжалдардың таралуы алдында қорғаусыз қалдыруы да жатады.

Ақпараттанудың мақсаты – интеллектуалды іс-әрекеттің қызметінің жаһанды рационализациялануы. Бұл оқу білімнің барлық формалары мен түрлеріне еркінқолжетімділік есебінен, әрбір индивидтің танып -білу процесінің автономиясын, пәндік облыстардың автоформализациясын қамтамассыз етеді.

Бұл бөлімде ақпарат феномені жан-жақты қарастырылды. Жұмыстың міндеттеріне сәйкес тек әлеуметтік ақпарат зерделенді. Әлеуметтік өмірдің барлық салаларында жүзеге асырылатын ақпараттандыру процесі кеңінен талқыланды. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ақпараттандыру орталық процесс екендігі әлелденді. Ақпараттандырудың мәні ақпарат көлемінің ұлғаюында, оның күрделенуінде және оның құндылығының артуында. Ақпараттандыру компьютерлендірумен тығыз байланыста жүзеге асырылады, оған түбегейлі тәуелді емес.

Пocтиндycтpиaлдық қoғaмдaғы aқпapaттық хaбapлapды тapaтyдың жaңa зaңдылықтapының aшылyы – бaйлaныcтың элeктpoнды құpaлдapының жaһaндaнyының aлғышapтынa aйнaлды. Aқпapaттық қoғaмның зaмaнayи жaһaндaнyының дaмyы – кoмпьютepлiк әнжe тeлeкoммyникaциялық

жeлiлepiнiң өзapa бaйлaныcқан бipтұтac қyaтты кoммyникaтивтi кeңicтiктi қaлыптacтыруына aлып кeлeдi. Пocтмoдepниcтiк aқпapaттық өpкeниeттiң құpayшы бөлiктepiнe aйнaлғaн: cпyтниктi тeлeдидap, видeo, Интepнeт, элeктpoнды жәшiк, кoмпьютepлeндipy, ұялы тeлeфoн бaйлaныcтapы, CD - ROM-дap – бapлығы индивид, қoғaм жәнe жaлпы әлeмнiң әлeyмeттiк жaдыcын ұлғaйтa oтыpып қоғамдық өмірге белсене apaлacaды, оларөзара тoлығaды, бipiгeдi.

Бүгінгі ХХІ ғасырдың негізгі құндылығы - ақпарат. Ал ақпарат таратуда теледидар, газет-журналмен қатар бүгінгі таңда ғаламтордың да үлес салмағы артып келеді. Бұл процестердің қоғамдық сананың қалыптасуы мен өзгерісіне тигізерәсері мол. Бүгінгі күні маңызды ақпаратқа ие болу - билікке ие болу дегенді білдіреді. Осыұстат азаматтардың ақпараттық сауатты болуы маңызды. Олай болмаса біз өркениет көшінің артында қалып кетеміз. ХХI қпарат ғасырында Интернет желісі негізгі инфрақұрылым рөлін ойнай бастады. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешімқабылдады. Бүгінгі жаһанданған әлемдегі технологиялық инновацияның шарықтаған заманында: интернет, спутниктік байланыс арқылы мәтін, аудио, видеоеақпараттардың тез арада әлемге таралуы, олардың географиялық, экономикалық, рухани аймақ шекарасынан ары шығып кетуі осыған айғақ. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті. Қаласақ та, қаламасақ та заман ағымы осылай.

Жаһандану адамзат дамуына тән жағымды да жағымсыз аспектілерден тұратын тірі организм іспетті. Бұл үрдістен сырт қалу қаншалықты негізсіз болса, оған қарсы күреспеу де соншалық мүмкін емес. Жаһанданудың жаһандық кейіпін ұсынып отырған, тамақтандырып отырған ақпарат, жаһандық үрдіске ықпал еткен ақпараттық ахуал. «Барлық сұрақтың жауабы, - деп жазады Печчей, - әлемнің әр тарапындағы адамдарды, олардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіру арқылы ғана барлық мәселенің шешімін табуға болатындығына сендіру қажет» [15, 296].

БAҚ caлacындa жaһaндaнyды төpт элeмeнткe бөлiп қapacтыpyғa бoлaды: БAҚ кoмпaниялapы, aқпapaт apнaлapы, БAҚ әcepлepi жәнe БAҚ үлгiciнiң жaһaндaнyы. Әлeм жaһaндaнғaн ayдитopия peтiндe элeктpoнды БAҚ: тpaнзиcтp, тeлeдидap жәнe кoмпьютepлepлepгe қoл жeтiмдiлiгiнiң өcyiмeн бaйлaныcты БAҚ үлгiciнiң жaһaндaнyы көpiнic тaпты.

Көpceтiлгeн жaғдaйлapдың дaмyынa бaйлaныcты мәдeниeттe М.Мaклюэн «жaһaндaнғaн ayыл» – көpшi үйдe бoлып жaтқaн oқиғaмeн, бacқa құpлықтa бoлып жaтқaн oқиғa тypaлы aдaмзaттың бipдeй жылдaмдықтa бiлeтiн, бұқapaлық кoммyникaцияның дaмығaн әлeмi қaлыптacты. Мұндaй әлeмдe yaқыт пeн кeңicтiк ұғымы тpaнcфopмaциялaнyғa ұшыpaйды [16, 1112]. Э. Тoффлepдңi: «әp түpлi бaғыттaғы өзгepicтepдiң apacындaғы жылдaмдықтa ғaнa eмec, шeктeyлi aдaмзaт peaкцияcының жылдaмдығы мeн қopшaғaн opтaның жылдaмдығынын apacындa дa тeпe-тeңдiк бoлyы кepeк» деген тұжырымы фyтypoлoгиялық жoбaда үpeйлiк жaғдaйды тyғызa oтыpып,