Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Диссертационная работа Алиева Ш

..pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
929.3 Кб
Скачать

Бұл салада тұрғылықты халықтың басым көпшілігі, еңбекке жарамды халықтың 50 % - дан астамықызмет етеді. Д.Белл мынадай көрсеткіштер келтіреді: АҚШ-та 1970 жылдың өзінде-ақ қызмет көрсету саласында жұмыс күшінің 65%-ы, өнеркәсіп пен құрылыста - 30%-ы, ауыл шаруашылығында - 5%-ы еңбек етті. Белгілі американдық профессор Дж.Мартиннің айтуынша 80-жылдардың басында Батыстың дамыған елдерінде АҚШ және Жапонияда ақпараттық қоғам орнады.

Жаңа ақпараттық өркениеттің қалыптасуы көптеген жаңа мәселелерді де туғызады. Әлеуметтік -экономикалық табыс бүгінгі күндері білім мен технологияға бағынышты болғандықтан ақпараттандыру жолына дер кезінде түсе алмаған елдердің ақпаратты дамушы елдерге бағынышты болып қалатыны күмән туғызбайды. Осыған байланысты дамушы елдердің шикізат және энергетика көздері болып келген елдер ақпараттық отар елдерге айналуы мүмкін. М.Хайдеггердің пікірінше индустриалдық қоғамда техника мен техницизмүстемдік етсе, болашаққа ақыл -ойдың экспансиясы қатер төндіреді. Кейбір батыстық философтар ақпараттық процестердің қарқынды дамуы жағымсыз салдарларға да әкелуі мүмкін деген ой айтады. Мысалы, М.Маклюэн дүниетанымның стереотиптілігі, индивидуалдылықты жоғалту, адамның үнсіздік пен бейсаналық тұңғиығына батуы сияқты құбылыстарды болжайды. Белгілі американәлеуметтенушысы О.Тоффлер өзінің “Футурошок” ңбегінде қазіргі адамның қоғам мен техниканың шапшаң өзгерістеріне дайын еместігін айта келе, болашақпен қақтығыстың адамға ауыр тиетінін ескертеді.

XX ғасырдағы индустриалдық қоғамның ең күшті сыншыларының бірі Л.Мэмфорд болды. Бастапқыда ол болашақты өркениеттің технологиясына негізделген гуманистік прогресс ретінде елестетті. Кейөзініңрек позициясын үбірімент қайта қарап, ақпарат саласын өз қ олына шоғырландырған және күшті репрессивті бюрократиямен басқаратын әскериөнеркәсіптік истеблишмент тарапынан келетін қауіп-қатер туралы ескертеді. Болашаққа қатысты эйфорияға қарсы Питер Штернс және Майкл Xарригтон сияқты сыншылар өз пікірлерін айтты.

Қоғамды ақпараттандыру процесі техникалық және технологиялық процестерді өз бойына біріктіре, жинақтай және қорыта отырып, тек технологиялық мәселе болудан қалады.

Сондықтан “...ақпараттық қоғам адам болмысының мәнімен қатар құрылымын өзгертетіндіктен мыңдаған жылдар бойы философияның жұмбақ құбылыстары болып келген шығармашылықтың құпиялары мен адамзат ақыл-ойының терең тылсымдарына ену мүмкіншіліктері мен оны адами игеру деңгейлерін, тұлға жүйесін түбегейлі өзгертетін болғандықтан философияның көкжиегіндегі зерттеу аймағы болып қала береді” [9].

1.2 Қоғам дамуының ақпараттық-коммуникативтік табиғаты.

Әлеуметтік-философиялық ғылымдарда коммуникация ұғымын қарастыратын екі бағыт қалыптасқан. Механистік бағыттың ұстанымы бойынша коммуникация қпаратты шартты таңбамен белгілеу арқылы

ұсынудың және қабылдаудың бір бағытты үрдісі ретінде түсіндіріледі. Мұнда адам тетік ретіндеқарастырылады және оның әрекеті арнайы түпкілікті ережелермен сипатталуы мүмкін.

Іс-әрекеттік бағыттың аясында коммуникация қарым-қатынас, біріккен іс-әрекет, ақпарат алмасу ретінде қарастырылады. Осы тұрғыда ақпарат екі жүйенің өзараәрекеттесу процесіндегі хабарламалардың таратылуы ретінде түсіндіріледі.

Кең мағынада ақпарат ұғымы қоғамдағы білімдердің жиынтығын білдіреді.

Қоғамның жүйе ретіндегі даму процесінде коммуникациялық байланыстар менқатынастар жаңа сипаттарға ие болады, сондықтан таратылатын ақпараттың қасиеттері де өзгереді. Қоғам дамуындағы ғылым мен техниканың маңызына басты назар аударатын технологиялық детерминизм теориясына сәйкес қоғам дамуы үш кезеңнен өтті: индустрияға дейінгі, индустриалдық және постиндустриалдық. Бұл бағыттың түбірі А. Сен-Симонның, О. Конттың, Г. Спенсердің көзқарастарынан бастау алып, Р. Арон, Д. Белл, Э. Тоффлер секілдіғалымдардың еңбектерінде өз жа лғасын тапқан.

Индустрияға дейінгі қоғам өндірістің аграрлық тәсілімен, индустриалдық қоғам машиналық өндіріспен, еңбек күшін ғылыми ұйымдастырумен, еркін сауда-саттықпен, ұлттық шаруашылықтың ортақ жүйесімен сипатталды. «Индустриалдық қоғамның даму қисыны – конвергенция қисыны (тарихтың бір кезеңінде өмір сүрген әртүрлі қоғам арасындағы ұқсастықтардың ұлғаюы, сыртқы экономикадан тыс теңсіздіктерді, әлеуметтік қайшылықтарды, либералдық-демократиялық ұлттық құрылымдарды жою қисыны)» [10, 505 б]. Постиндустриалдық қоғамда білімдер мен ақпарат жетекші орынға ие. Таптық бөліністер кәсібилікке ауысады, ұызмет көрсету саласы өндіріс саласынан басып озады. Қоғам дамуының бұл кезеңдері эволюциялық қисынмен берілген: кейінгі кезеңнің жетістіктері алдыңғы кезеңнің сипаттарын толықтырады. Д.Беллдің пікірінше, постиндустриалдық қоғам индустриалдық жүйенің аграрлық жүйені алмастыру тәсілімен келді, алайда бұл материалдық құндылықтардың өндірісінің тоқтағандығын білдірмеуі тиіс. Постиндустриалдық тенденциялар алдыңғы қоғамдық формалардың әлеуметтік эволюцияның кезеңдері сияқты орнын баса алмайды. Оларқоғамның кешендігі мен әлеуметтік құрылымның табиғатын тереңдете отырып, көбіне қатар жүреді [11, 167б]. Сонымен бірге, Д. Белләрбір толқынның қоғамның мүмкіндіктері мен тәжі рибесін кеңейтудегі маңыздылығын да атап көрсетті.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы постиндустриализм теориясының аясында Ф. Махлупәнеж Т. Умесао тарапынан ғылыми айналымға «ақпараттық қоғам» термині енгізіліп, қоғам дамуы жайлы жаңа теорияның пайда болуына бастама болды (Р. Катц, Дж. Нейсбит, Т. Стоуньер, М. Порат және т.б.). Бұл ғалымдар адамзат эволюциясын ақпаратты тарату тәсілі ретіндегі білімнің дамуы, компьютерлік және телекоммуникациялық техниканың кемелденуі арқылы қарастырды. Жапон социологы Й. Масуда

ХХ ғасыр соңындағы қоғамды сипаттай келе, «постиндустриалдық қоғам» мен «қпараттық қоғам» арасында теңдік белгісін қойды. Біздің пайымдауымызша да атғанл ұғымдар ұқсас, яғни олардың пайда болуындағы әдіснамалық айырмашылықтарды мойындай отырып, олардың қазіргі қоғамның ахуалын бірдей сипаттап, бір-бірін толықтыратындығын баса айтамыз.

Зерттеушілердің [12, 13, 14, 15] пікірлеріншеқоғам, дамуының алғашқы кезеңдерінде-ақ ақпараттық-коммуникациялық байланыстар мен қатынастар болған. Жабайы индустрияға дейінгі қоғамда ақпарат алмасу қажеттілігі ең алдымен тайпаның қорегі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болған. Сыртқы ортаны бақылау және оның жай-күйі туралы ақпараттарды тарату біртіндеп адам іс-әрекетінің өмірлік маңызды түріне айнала бастады. Ақпаратқа деген қажеттіліктің қалыптасуында бірлескен еңбек маңызды рөл атқарды. Алғашқы қауымдық еңбек процесі кезінде еңбекті бөлісудің түпкі формалары адамдардың қарым-қатынасқа түсуі, мақсаттарды және бірлескен әрекеттің тәсілдерін келісуі, ақпарат алмасуы орын алып, байланыстың тұрақты жолдары беки түсті. Қарым -қатынас пен ақпараттық-коммуникациялық байланыстар адамдарды белгілі бір қауымдастыққа біріктіре отырып, адам болмысының ажырамас бөлігіне айналды.

Жабайы қоғамдағы коммуникацияның пайда болу тарихын зерттеумен К. Леви-Строс айналысты. Ол қоғамды семиотика және ақпарат теориясының тұрғысынан коммуникацияның полиморфтық жүйесі ретінде қарастырды. К. Леви-Стростың пікіріне сәйкес, шынайы адам коммуникациясының қағидалары басқа адамға жанашырлық көрсету және өзін басқа адамдармен салыстыра отырып, сол адамдарды тану болып табылады. Ол ежелгі коммуникацияның үш негізгі бағытын бөледі: әйелдермен алмасу, игіліктермен алмасу, қызмет түрлерімен алмасу. Коммуникацияның өнімдері арасында мәнді айырмашыл ықтар бар: «алғашқылары – биологиялық индивидтер, яғни басқа биологиялық индивидтердің тарапынан жасалған табиғи өнімдер; кейінгілері – әзірленген заттар (немесе техниканың және әзірленген заттардың көмегімен жасалған әрекеттер), яғни, техникалық тәсілдердің көмегімен белгілі бір мәдениетте жасалған әлеуметтік өнімдер» [16, 209б]. Бұл кезеңде коммуникация мифологиялық, семантикалық, вербалды емес сипаттарға ие. Бейнелер, ым -ишара, дыбыстар, тілдің қалыптасуының басталуы – алғашқы қауымдық қоғамдағы ақпарат тасымалдаушылар болып табылады.

Коммуникацияның бұл тәсілдеріне француз философы Л. ЛевиБрюльдің еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Оның пікірінше, көптеген алғашқы қауымдық қоғам өкілдері екі тілді қолданды: айқын дыбыстық және ым-ишарат тілі. Егер түрлі тайпалардың өкілдері бірін-бірінің тілін түсінбейтін болса, олар саусақ, бас, аяқтары арқылы ым-ишара білдіріп, түрлі оқиғаларды айтып өзара қарым-қатынас жасай алады [17, 126-127б] Коммуникацияның қолданыстағы тәсілдері ақпараттық кеңістікті, яғни адам дауысының естілу өрісі мен есте сақтауының дәлдігін бір тайпаның

шеңберінде ұстап тұрды. Адам қарым-қатынасының шектеулігіне қарамастан сол кездің өзінде -ақ коммуникация арқылы қоғамның идеялық негіздері қаланды. Ақсақалдар салт-дәстүр мен әлеуметтік тәжірибенің сақтаушысы және таратушысы болды. Жас ұрпаққа аңыздардың, ертегілердің мазмұнын жеткізе отырып, олар қарым-қатынас дағдыларын, ақпараттануға қажеттілікті қалыптастырды. Функционылдық аймағы жағынан таратылатын ақпарат көлемінің аздығына және жабайы қоғамдағы коммуникацияның шектеулігіне қарамастан бірте-бірте коммуникация процесін «өйлеушіс – хабарлама – тыңдаушы» тізбегі ретінде түсіну қалыптаса бастады. Осылайша ақпараттықкоммуникациялық байланыстардың негізі қаланды. Іс-әрекет түрлерінің кобеюіне байланыстықпараттық кеңістік айтарлықтай мазмұнды әрі ақпаратқа толық бола бастады және ол өз кезегінде іс-әрекеттің дамуы мен қоғамдағы ақпараттық-коммуникативтік бөлшектердің ұлғаюы арасындағы тікелей байланысты көрсетті.

Индустрияға дейінгі қоғамның соңғы кезеңдерінде тап, таптық қатынастар, әлсіз орталықтандырылған мемлекеттің пайда болуы нәтижесінде ақпараттық ағын күрделене түсті. Ақпараттық-коммуникативтік байланыстар әлеуметтік бөліністерге тәуелді құрылды. Әрбір тап өзінің қоғамдағы деңгеіне сәйкес ақпаратты «өңдеді»; төменгі тап өте шектеулі ақпаратқа ие болды. Қоғамның құрылымдануы әлеуметтік құрылымдардың элементтерін сипаттайтын өзс -белгілердің пайда болуымен көрініс тапты. С.С. Андреевтің пкірінше, мұндай сөз-білгілер - «жұмыс беруші», «құлдар» «шаруалар» еді. Олардықолдану қоғамдағы арнайы адамдар тобының дәрежесі жайлы еркін ақпаратты қабылдауға үшін толықтай жеткілікті болды. Ол жеке меншікке, биліккеүстем, идеологияға деген қатынаспен, қоғамдық өндірістегі орнымен және оны ұйымдастырудағы рөлімен негізделді [18, 84б]. Экономикалық, саяси, идеологиялық ақпараттар негізінен жеке меншік иелеріне, басқарушы элиталық топтарға, шіркеуге арналды. Коммуникация локальды-элиталық сипатқа ие болып, табиғи шаруашылықтың және оны қамтамасыз ететін қалалар мен мемлекеттің шекарасыннан аспады. Коммуникацияның тәсілі ретінде ауызша сөйлеу мен жазу қала берді.

Қоғамның одан әрі дамуы қалаларда зайырлы білім берудің пайда болуымен, өзін -өзі басқарудың бекітілуімен, физикалық және ақыл-ой еңбегінің бөлінуімен қарқын алды. Осы кезеңдегі өндірісте басымдыққа ие еңбек факторлары табиғатпен ткіелей байланысты, ол қоғам үшін егіншілік пен мал шаруашылығының маңыздылығынан көрінеді. Ауызша сөйлеу мен қолжазбалар орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасуы үшін жеткіліксіз. Ақпарат таратудың бұқсаралық сипатын қамтамасыз ететін коммуникацияның жаңа тәсілдерін жасау мәселесі бой көтереді. ХV ғасырдың орта шебінде коммуникацияның мұндай тәсілі баспа ісі болды. И. Гуттенбергтің жасап шығарған баспа құрылғысы жазба мен сауаттылықты игілік етугеүмкіндік берді және бұл коммуникацияның алғашқы техникалық тәсіліне айналды. Еңбектің қоғамдық бөлінісінің даму деңгейі, әлеуметтік қажеттіліктер бұл кезеңде бірегей ақпараттық ағынның

қалыптасуын талап етпеді. Ақпараттық кеңістік жергілікті нарық тарапынан шектетілді.

Қоғам дамуының индустриалдық кезеңінде капиталистік қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мен ұлғайған өндіріс көлемінің қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттігі жергілікті базарлардың ұлттық нарыққа бірігуіне әкелді. Мемлекет жалпы тілдің, экономика мен мәдениет саласында нақты шекараларды кескіндедіӨнеркәсіп. өндірісі қарқынды дамып, индустриализацияны туғызды; өнеркәсіптік құрылымдардың ықпалымен ауыл шаруашылығы құрыла бастады. Жаңа таптар – буржуазия және пролетариат пайда болды.қаралықХалы және мәдениетаралық коммуникацияның тереңдеуі мен кеңеюі байқалды. Бұл кезеңге қоғамның рухани өмірінің дамуы, идеология, ғылым, білім беру жүйесі рөлінің өсуі тән. Ақпараттық кеңістік мемлекеттік деңгейде айқындалады. Ақпаратты баяндаудың жаңа, жедел, нақты формалары, басқаруға жеңіл коммуникация тәсілдері пайда болды. Олар – газет, телеграф, радио.

Индустриалдық қоғамдағы ақпараттық-коммуникативтік байланыстарды зерттеу ғылыми әдебиеттерде кең көрініс тапты. Итальяндық философ Жанбатиста Вико (XVIIғ.) іс -әрекеттік қатынастар мен коммуникативтік процестерді адам менқоғам дамуымен тікелей жалғай отырып, адамның табиғи маңызын ішкі және сыртқы байланыстар жүйесінің органикалық үйлесімінде талдады. Адам әлемінің ерекшеліктері, оның руханияты мен интеллектуалдығ адамзат тарапынан жасалған тарихи әлеммен байланыста қарастырылды. Адам әлемі – адамды басқа адамдармен, қоршаған ортамен біріктіретін байланыстар мен өзара қатынастар жүйесі. Өзараәрекеттесу арқылы адам мен қоғамның дамуы жүреді.

ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы кезеңіндегі ақпараттық - коммуникативтік қатынастар теледидардың пайда болуымен тікелей байланысты. Электромагниттік технологиялардыәзірлеу ақпараттардың көру-есту формасында электромагниттік белгілердіңкөм егімен таратуға мүмкіндік берді. Амеркандық социолог Ч. Кулидің пікірінше, ХХ ғасырдың басындағы коммуникация «ым, ишара, қарым-қатынас, дауыс екпіні, сөздер, жазу, баспа, теміржол, телеграф, телефонәе жкеңістік пен уақытты игерудегі соңғы жетістіктерді қамтыды. Коммуникация тәсілдері мен сыртқы әлем арасында нақты шекара жоқ. Алайда, сыртқы әлемнің туындауымен бірге ойларды, ақпараттарды тарату үшін арналған стандартты символдар да пайда болады» [19, 379б]. Осы кезде ұқаралық«б коммуникация» феноменінің пайда болуының алғышарттары көрініс табады. ХХ ғасырдың 30-жылдарында бұл түсінікті американдық социолог Г. Лассуэл бұқаралық коммуникация процесінің маңызды құрылымдық компоненттерін айқындап, оны бірбағыттық «бес сұрақтық» үлгі ретінде сипаттады: «хабарламашы кім

– не – кімге – қандай арнамен – қандай нәтижемен?» [188, 40б].

Т. Парсонстың әлеуметтік әрекет тұжырымдамасындағы айрықша маңызды процесс ретіндегі коммуникация – ақпараттардың, мәндер мен белгілердің қозғалысы болып табылады. Әлеуметтік жүйе әлеуметтік өзара әрекетттесудің нәтижесінде қызмет етеді. Әлеуметтік әрекет әрекет етуші

мен басқа да субьектілердің арасын байланыстырушы тізбек болып табылады. Ақпарат тарату процесі қоғамның әлеуметтік дамуы мен оның тұрақтылығына тікелей негізделеді. Қоғам жүйе ретінде ақпарат алмасу арқылы бір жағынан, интеграцияны қамтамасыз етсе, екінші жағынан, өз тәуелсіздігін бекітеді, шекарасын айқындайды.

Қоғамның ақпараттық-коммуникативтік табиғатын қарастыра отырып Ю. Хабермастың коммуникативтік әрекет теориясына тоқталмауға болмайды. Оның тұжырымынша, коммуникативтік әрекеттер адамдардың арнайы білімдерді, нормалар мен ережелердіқабылдау жөніндегі үнсіз келісімдеріне негізделген, оныңнәтижесінде қоғамның тұрақтылығы, әлеуметтік ынтымақ, мәдени сабақтастық қамтамасыз етіледі. «Коммуникативтік рационалдық» саласы өзара түсінісу мақсатындағы қарым-қатынас, өзарақатынастар болып табылады. Бұл жерде «сыни дискурс» орын алады, оныңмақсаты даулы мәселелерді анықтау және талқылау процесінде келісімге қол жеткізу. Әрекет нормалары мен ережелері барлық тараптардан мойындалатын болса, жалпыға ортақ болуы мүмкін, «кез келген ереже барлық қатысты тараптар, тәжірибелік дискурс қатысушылары келісімге қол жеткізген жағдайда ғана маңызға, күшке ие болады» [170, 106б]. Осы ұрғыдт ан алыпқарағанда, қоғам демократия, ашықтық, ортақ келісім жағдайларында мүмкін болатын коммуникативтік -дискурстық тұтастық болып табылады.

Сонымен, жоғарыда коммуникация процесін қарастыратын механистік және іс-әрекеттік бағыттар баяндалды. Бұл жұмыста біз іс-әрекеттік бағыттың негіздеріне сүйенеміз, яғни коммуникацияны коммуникативтік әрекеттің субьектісі мен обьектісі арасындағы екі бағытты өзараәрекеттесу ретінде түсінеміз. Сонымен бірге, ақпарат белгілі мағынаға ие хабарлама, ал коммуникация осы хабарламаларды тарату процесі болып табылады.

Әлеуметтік эволюцияның периодизациясына қатысты технологиялық детерминизм қисынымен ежелгі уақыттардан бастап бүгінгі күнге дейінгі қоғам дамуының тарихы мен оның құрылымының күрделенуі талданды. Нәтижесінде, қоғам табиғатынның ақпараттық-коммуникативті сипаты дәлелденді және әлеуметтік құрылымның күрделенуі ақпараттықкоммуникативтік байланыстардың күрделенуі мен кеңеюіне тікелей байланысты. Дамудың постиндустриалдық кезеңі ақпараттық қоғамның қалыптасу кезеңі болып саналады және бүгінгі таңда көптеген әлем елдері осы кезеңді бастан кешіруде.

Жоғарыда баяндалған көптеген авторлардың тұжырымдары біздің пікірімізше, коммуникацияәселесінем қатысты философиялық көзқарастардың эволюциясын айқын сипаттайды. Қоғам дамуымен қатар философиялық зерттеулер де сәйкесінше тереңдей бастады, алайда, әртүрлі кезеңдегі философтардың пікірлері коммуникациясыз және ақпарат алмасусыз ешбірқоғамның мүмкін еместігін толықтай дәлелдейді. П. Сорокиннің пайымынша, «қоғам түсінігі тек бірнеше бірліктердің болуын ғана емес, сонымен қатар, сол бірліктердің өзара әрекеттесуін де талап етеді» [20, 28б]. Қазіргі қоғам ақпараттық өзара әрекеттесудің алуан түрлі тәсілдері

мен құралдарына ие. Сондықтан, қоғамдағы ақпараттық процестерді терең зерделеу қажеттілігі заңды болып табылады.

XIX-XX ғасырларда Батыста ақпараттық қоғам тарихында жаңа дәуір басталды. Нарықтық қатынастың жүйесіне негізделген, техникалық революция әуірід өткен дәуірде өзіне теңдесі жоқ бұқаралық ақпрат құралдарының қарқынды дамуына үрткі болды. Мұны БАҚ баспа эволюциясының үлгісінен көруге болады.

Ақпараттандырудың негізгі тетіктеріне жататындар:

Фотография. Патент ғаалу өз ұсынысын берген, 1839 жылы жоғалмайтын суретті алу амалын ойлап тапқан, француз суретшісі Л. Ж. Дагер фотографияны ойлап табушы болып есептеледі. Дегенмен фотография жайдан-жай пайда болған жоқ, оған дейін гравюрлар, ксилография, клише және живопис болды.

М. Маклюэннің көрсетуі бойынша, қалай болмасын «өткен дәуір ретінде фотографияғасыры, би, мимика, жест д әуіріне айналды». Сонымен бірге, «фотография әстүрлід өнерде – ұлы революцияны жасады деседе болады. Суретші тек фотография жасайтынәдіспе нен, басқаны бейнелей алмады» [21, 82 б.]. әнеЖ де ол ішкі шығармашылық үрдісін ашатын, модернистік ізденістер мен абстракция әлеміне кетеді. Осыған ұқсас үрдіс әдебиетте де байқалады: жасаушы өмірдің сыртқы факторларын бейнелеуден бұрын, рухани саласын бейнелейді. Бір сөзбен айтқанда фотография өнер әлемінде төңкеріс жасап, оны шынайылықты иллюстрациялау мен көшіруден гөрі күрделірек – сана және сана астыға өтуге мәжбүр етті.

Электрокоммуникация. XIX ғасырдың аяғында электр дәуірінің орныға бастаған кезінде адамзатқа әлемді біртұтас ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін, байланыстың қосымша қайнарлары пайда болды. М. Макллюэннің сөзі бойынша, электр - барлық адамдар қатысатын, «оқиғалардың тұтас өзара әректтестік аумағын» жасай отырып, ақпаратты өндеу жүйесін біріктіреді. Телеграф, телефон және радио тек электрокоммуникация элементіне ғана емес, соныменқатар әлеуметтік қ атынастың формасына айналды. «Электр, ми ретінде, әлемнің барлық шегімен бірден байланысқа түсу құралын береді»

[21, 127 б.].

Телефон. Телефонның ойлап табылуы адамзаттың әңгімені қол жетерлік қылу талпынысның тізбектерін шешудің кездейсоқ түйініне айналады. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, құлағы естімейтін адамдар үшін «көрінетін сөйлем» әдісті жасаумен айналысқан, шотлан-американдық педагог - Мелвилл Белл, бұл салаға өзінің бүкіл өмірін арнады. Оның баласы

– Александр Грехем Белл 1876-1886 жылдардың арасы нда дыбысты өндірудегі басу саласында аппаратураға бірнеше рет патенттер алып, телефонды жасаушылардың бірі болды.

Алайда, «телефон» сөзі оны жасаушының туылғанынан бұрын, 1840

жылы пайда болдыұқсас(

оқиғаны кинематография тарихынан байқауға

болады: кинетоскоп және

перформациялы кинопленка, снымен қатар

«қозғалғыш суреттер» - мультипликация бастамасы Люмьер ағайндылардың жаңалығынан бұрын, Томас Эдисонның арқасында он жыл бұрын пайда

болды). Тура солай, телефон да, алғашында ағаш таяқшаларының көмегіме н музыкалық ноталарды беруге үйренуді білдірді. 1870 жылы барлық әлем жаңалық тапқыштары А.Г. Беллмен қатар электр тогының көмегі арқылы сөз беруге қол жеткізуге ұмтылды.

Визуалдылықтан алыс, ресми емес жазбалықпен, өзінің табиғаты бойынша өте жеке форма дағы болашақ телефон, XX ғасырдың басында менеджмент саласында – басқару және шешім қабылдау деңгейінде таптырмас құралға айналды. Баспа беті мен телеграф және телефонды қоса айтсақ, байланыстың, ақпараттандырудың таптырмас құралдарына айналды.

Радио. Индустриалдық дәуірдің техникалық прогресін радиосыз елестету мүмкін емес. Радио тікелей, коммуникацияның құралы ретінде радионы таратуда маңызды орын алған және радиотелеграфтың негізін салушы, Маркони «галактикасының» негізіне айналды. 1897 жылы Маркони сымсыз электр байланысының аппаратына патент алып, «Маркони және К» АҚ ұйымдастырды. 1901 жылы Маркони ең алғаш рет Атлант мұхиты арқылы радиобайланысты іске асырды. Осы жаңалығы үшін 1909 жылы Нобел сыйлығына ие болды.

Радиода басқа бұқаралық ақпарат құралд ары сияқты өзінің құпиясы бар. Ол бізге сезілінетін, «ресми емесәне ж тікелей интимді қарым - қатынасымен» келеді. Оның тарих немесе әдеби текст арқылы ұзақ насихат түрде болатын магиялық қабілеті бар; ол біздің әлемді заманауи қабылдауымызды кеңейтеді. Кейін аудиториялық мәдениеттің мықты факторы радио телефон және телеграфқа қарағанда жазба мәдениетімен және адамзат әңгімесін тікелей табиғатымен жарыса отырып, оны ығыстырады. 1920-1940 жылдары радио іс-барысында «Гутенберг галактикасын» оның жазбалық, визуалды құндылықтарын айтарлықтай ығыстырады.

М. Маклюэн бұқаралық коммуникация құралдарының ролі жайындағы сұрақтарды көтере отырып, адамзаттың бұл радикалды күшерін әлеуметтік салдарына немқұрайлы екендігін негіздеуге тырысты. Ол, тайпалық әлемді бұзып, оны арнайы білім менәрекеттің ішінде қызмет ететін, «жабық» қоғамнан «ашық» қоғамға айналдырған, не үшін фонетикалық алфавит пен баспа өзіс, осы күнге дейін «магиялық трансформатор» ролі қарастырылмайды, көлденеңінен өсетін империядағы, әлеуметтік жарылысты ұйымдасқан адамға айналдыратын, электр күшінің «бір мезетік ақпаратына» не себепті соншалықта аз назар аударылған, жинақтай келетін болсақ, не себепті электрондық технологияның психикалық ықпалдарына көңіл аударылмайтындығын түсінбеді [21, 100 б.].

Жалпы, жаһанданудың дүниеге келуіне жағдай жасаған себептердің бірі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың күрт өркендеуі

мен ғаламшарлық

желілер құру болатын.

 

Ақпараттық

қоғамда «заң шығарушы», «орындаушы билігі» «сот

билігі» жоқ... Әлем және ғал амшар бойынша тек бірғана билік бар

ақпараттық билік, ал жоғарыда көрсетілген «биліктер» тек қызыметтік міндеттерді іске асырады.

Ақпараттық қоғамда бірінші шекара, ал екінші мемлекет (қазіргі кездегісі) жойылады. Жерғаламшарын уақыт өте келе өзінің біртұтас ел деп атай бастайды.

Ақпараттық қоғамда қоғамдық тәртіптің жергілікті құқық қорғаушылары (полиция) қызмет етеді. Іс-жүзінде ол барлық мүмкін әлеуметтік ауытқушылықтарды бақылап отырады. Немесе барлық қоғамда қауіпсіздік, барлық қоғамдық және әрбір жеке тұлғаны білімдендірудің, қызмет етуі мен дамуы барысында, уақыт өте келе «қорғау» түсінігі өз мәнін жоғалтады.

Компьютерлік модельдеу – оқудың тиімді құралы. Компьютер оқу кезінде үлкен көлемді сандарды басқа да нақты ақпараттарды игеру де өте пайдалы. Компьютерлерәртүрлі міндеттерді шешудегі нәтижелерді сақтау жолдарының жаңа мүмкіндіктерін береді. Оқытудың индивидуалды формаларының дамуынан басқа, біріккен түрде оқытудың жаңа формалары пайда болады. Мануэл Кастельс:қпараттық экономика және жаһан дану процесін қарастырған ғалымдардың бірі болып табылады. Мануэль Кастельс

– қазіргі әлемдегі ең беделді әлеуметтік ойшылдар мен зерттеушілердің бірі, АҚШ-тың Калифорния университететінің (Беркли) профессоры.

Кастельстің ақпараттық экономика мен жаһандану процесі туралы көзқарастарын талдаудан бастаған жөн. Біз үшін ақпараттық экономика, ақпараттың технология ұғымдары үйреншікті болып табылатыны белгілі.

Кастельстің информационализмі, мәдениет пен институттардың сан алуандылығына қарай әр түрлі формада көрініс табатын жаңа әмбебап әлеуметтік құрлымының пайда болуын білдіреді. Бұл жаңа әлеуметтік құрылым немесе өз кезегенде ХХ ғасырдың соңындағы өңдірістің капиталисттік әдісінің қайта құрылуы нәтижесінде қалыптасқан информационализм. Сонғы жиырма жылда бір м езгілде қалыптасқан экономиканы Кастельсқпараттық және жаһандық деп түсінеді. «Ақпараттық - өйткені бұл экономикадағы (мейлі, ол фирма, аймақ немесе ұлт болсын) агенттер мен факторлардың өнімділігі мен бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте олардың білім ге негізделген қпаратты жасау, өңдеу және тиімді пайдалануқабілетіне байланысты. « жаһандық – себебі, өңдіріс, тұтыну және тауарлар мен қызмет көрсетулердің айналымы сияқты экономикалық қызметтің негізгі түрлері, сонымен бірге оны құраушылар (капитал, еңбек, шикізат, басқару, ақпарат, технологиялар, нарық), тікелей экономикалық агенттерді байланыстыратын тармақталған желіні қолдану арқылы жаһандық көлемде ұйымдастырылады және соңғысы, ақпараттық және жаһандық - өйткені жаңа тарихи жағдайларда өнімділіктің белгілі бір

деңгейіне жету мен бәсекелестіктің болуы

тек жаһандық және өзара

байланысты желінің ішінде ғана мүмкін» [22

]. Жаһандық желі, Кастельстің

ойынша, осындай жаңа экономиканың пайда болуына қажетті материалддық базаны қамтамасыз еткен ақпараттық технология саласындағы революция нәтижесінде тек ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана пайда болды.

Кастельстің пайымдауынша, жаһандық экономика – бүкіл планета ауқымында, нақты уақыт режимінде біртұтас жүйе іспетті қызмет ете алатын

экономика. Өндірістің капиталистік әдісі уақыт пен кеңістіктің шегінен өтуге тырысып, үздіксіз дамыды, алайда тек ХХ ғасырдың соңына қарай негіздемесі қпараттық және коммуникациялық технологиялар болып табылатын жаңа инфрақұрылым негізінде ғана әлемдік экономика шы н мәнінде жаһандыққа айналады [23].

Мeдиaмәдeниeт aқпapaттық қoғaм мәдeниeтiнiң caлacы peтiндe пocтмoдepн дәyipiнiң бұқapaлaнғaн, coнымeн бipгe «дeмaccификaциялaнғaн» aдaмының бұлыңғыp бeйнeciн жacaйды. Aқпapaттық қoғaм жaғдaйындaғы мeдиaмәдeниeттiң нaқтылы түciнiгi мәдeниeт coциoдинaмикacы тұжыpымдaмacындa көpiнic тaпқaн. A.Мoль мәдeниeттiң қoc caлacын – гyмaнитapлық жәнe мoзaикaлық бағыттарын aтaп көpceтeдi. Гyмaнитapлық мәдeниeт ұpпaқтaн-ұpпaққa гeнeтикaлық қop, әлeм - әмбeбaбы тypaлы бipтұтac түciнiктi жeткiзетін yнивepcитeт бoлғaн тeтiктep apқылы ayыcып oтыpды. «Мoзaикaлық мәдeниeттe»,-дeп жaзaды A.Мoль, - «бiлiм нeгiзiнeн oқy-aғapтy жүйeci apқылы eмec, бұқapaлық aқпapaт құpaлдapымeн қaлыптacaды» [24, 45]. Мoзaикaлық мәдeниeттi aдaм epкiнeн тыc қaбылдaйды. Яғни, aқпapaт aғынынa мaлынғaн aдaм oдaн қoлынa тигeнiн тұтып қaлaды.

Қазіргі таңда біздің қоғамда теледидар (эфирлік, кабельдік, спутниктік), баспа, радио, электронды почта, ұялы байланыс, Интернет еркін коммуникациялық кеңістікке айналды. Бұның бәрі негізі ақпарат болып табылатын қоғам құрғанымызды айғақтайды.

Бұқapaлық aқпapaт құpaлдapының дaмy үдepiciндeгi eң қyaтты aлғышapт кoмпьютep мeн Интepнeт бүгiндe бacқaлapынaн қapa үзiп кeттi. Oл бapлық әлeмдi құшaғынa қaмтып, кeз кeлгeн aқпapaт көзiмeн әп-cәттe-aқ бaйлaныcқa түce aлaды. Оның себептері, біріншіден, кино мен әлеуметтікөмірлік уақыттың қайшылықа келуі, екіншіден, киноның компьютерлік технологиядан да озық стилін таба алмауы, үшіншіден, кино сәт сайынғы жаңашылдықты жасап шығару талабына жауап беруінің қиындай түсуі т.б.

БAҚ – кeйдe қoғaмдық пiкipдi бiлдipeтiн жәнe шынaйы билiккe ықпaл eтeтiн, тiптi oның мүмкiндiктepiн бip cәткe бoлca дa шeктeйтiн күш. Ocы apқылы мeдиaмәдeниeт қoғaм мeн мeмлeкeт, билiк пeн тұлғa apacындaғы дeлдaл peтiндe көpiнic тaбaды.

Қазіргі жағдайда бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік қалыптастыру жаһандық даму факторына айналуда, ал ақпарат мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады. Ол ұлттық маңыздылықты, геосаяси бәсекелестік пен қоғамдық қатынастарды реттеуде мемлекеттің рөлін күшейтеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ақпараттық қоғам орнатудың негізгі құралы.

Ақпараттық қоғам төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: ақпараттық-технологиялық жарылыс тудырған қоғамның жаңа түрі; білім қоғамы; ақпарат алмасуда уақыт, кеңістік, саяси шекаралар деген ұғымдардың әсері жоқ жаһандық қоғам. Ақпараттық қоғам құру 1980 жылдардың аяғында барлық дамыған елдердің стратегиялық мақсаттарының біріне айналдыҮлкен. сегіздік елдері 2000 жылы шілденің 22 -сінде