Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Диссертационная работа Алиева Ш

..pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
929.3 Кб
Скачать

қабылдаған “Ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинавалық Хартиясында”: “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ХХI ғасырдағы қоғамның қалыптасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады” деп тұжырымдалды [25 ]. Жаңа ақпараттық технологиялар қоғам мен мемлекет өзара әрекетінің мәнін, мазмұнын өзгертеді, сол арқылы саналуан қпараттар көзіне азаматтардың қол жетімділігін кеңейтеді, саяси шешімдер қабылдау процесіне адамдардың қатысу мүмкіндігін арттырады, билік құрылымдарының қызметіне қоғамдық бақылау орнатуға жағдай туғызады, ақпаратты тұтынып қана қоймай, оны белсенді өндіруге түрткі болады.

Джемс Кэри коммуникацияның келесідегідей анықтамасын алға тартты

– «коммуникация – бұл шындық туындайтын, сақталатын, қалпына келтіріліп әрі қарай түрленетін рәміздік үдеріс» [26]. Бұл анықтама коммуникация мен айналамыздағы шындықты бір арнаға тоғыстырады. Коммуникация біздің өміріміздің негізі, мәдениетіміздің іргетасы ретінде қарастырылады. Мәдениет таралып отырады, ал біз өмір сүріп отырған ғасырда ол бұқаралық қатынас және ақпарат құралдары арқылы беріліп келеді. Осы қырынан алғанда, медиамәдениет постмодерн дәуірі туғызған құбылыс болып табылады. Модерннен постмодернге дейінгі медиамәдениеттің даму жолына қатысты зерттеулер желісінде жекелеген ғалымдар «медиамәдениет» ұғымын «қоғам мен мемлекеттің, тұлға мен биліктің арасындағы делдал болып табылатын ақпараттық қоғам мәдениетінің айрықша түрін белгілеу үшін» енгізілген заманауи мәдениеттанулық теорияның жемісі ретінде нақтылайды

[27].

Медиамәдениет ақпараттық қоғам мәдениетінің саласы ретінде постмодерн дәуірінің бұқараланған, сонымен бірге «демассификацияланған» адамының бұлыңғыр бейнесін жасайды. Ақпараттық қоғам жағдайындағы медиамәдениеттің нақтылы түсінігі мәдениет социодинамикасы тұжырымдамасында көрініс тапқан. А.Моль мәдениеттің қос саласын – гуманитарлық және мозаикалық мәдениетті атап көрсетеді. Гуманитарлық мәдениет ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық қоры Әлем - әмбебабы туралы біртұтас түсінікті жеткізген университет болған тетіктер арқылы ауысып отырды. Мозаикалық мәдениетте, деп жазады А.Моль, «білім негізінен оқуағарту жүйесі арқылы емес, бұқаралық ақпарат құралдарымен қалыптасады» [24, 45 б.]. Мозаикалықмәдениетті адам еркінен тыс қабылдайды. Яғни ақпарат ағынына малынған адам одан қолына тигенін тұтып қалады. Мозаикалық мәдениет пен оның кәдеге асуы үшін құрылған жаңа мектеп («субьектілер фабрикасы») жаңа бейне – «бұқаралық адамды» дүниеге әкелді. Оның ең шеткі күйі – тобыр [28].

Экрандық коммуникацияның ортақ күш-қарымының кеңею сәті ретіндегі мәнін сақтад ы. Қазірде телекөрініс таза визуальды жат өмірдің, виртуальды-телевизиялық шындықтың тұтас шеңберлерін жүзеге асырды. Ол көрермендерді өзінің қолжетімділігімен, сағымымен арбап алады. «Телеөнім

– бұл «тауар», рухани есірткі десек те мүлт кетпейміз. Заманауи қала қоғамына жататын адам теледидарға басыбайлы тәуелді. Яғни, оның

еліктіріп алатынәсерінен адам ерік бостандығын жайлап жоғалтып, экран алдында өзі ақпарат пен сауықты қалайтын уақыттан да көп мерзімін өткізіп алады», - деп ескерткен болатын Кара-Мурза [29, 332].

Әлеуметтік басқаруда ақпарат обьект пен субьект басқарудағы байланыстырушы буынқызметін атқарып, басқару іс -әрекетін дайындауды қамтамасыз етуде, басқарушылық шешім мен оның қортындысын сипаттауда үлкен мәнге ие. Бұқаралық ақпарат құралдарының тағы да бір негізгі қызметтерінің бірі, тіршілік ортасы мен қоршаған ортаны, әлемді игеру мен қайта жасау немесе өзгерту болып табылады. Индивид бұқаралық ақпарат құралдарынынан алынатын ақпарат арқылы, оны әртүрлі көзқараста: философиялық, адамгершілік, экономикалық, эстетикалық, құқықтық тұрғыда талдай отырып, әлем жайындағы өзінің танымын кеңейтеді, сонымен қатар өзін қоршаған әлемде тану ниеті, адамзат болмысы мен табиғатының құпиясына енуге және білуге құштарлығы оянады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ақпарат индивидтің «тікелей тәжірибесінің» шекарасын ңейтуменке қатар, тұлғаның қалыптасу процесіне, дүниетанымдық бағытына ықпал етуге қабілетті екендігін дәлелдеуде.

Ақпараттық қоғамдағы басқару басқарушылық және саяси қызметті нақты атқарады. Ақпараттық басқарудың адамдардың сезімі мен санасына мықты, көпқырлы және көлемді билігін ескере отырып, оны «төртінші билік» деп атауы тегін емес. Алайда, С.М. Гурьевичтің, «бұқаралық ақпарат құралы

– билік емес, бірақ керек кезде оның билігін шектей алатын, билікке нақты ықпал ете алатын, қоғамдық ойды көрсете отырып, өте маңызды күшке айнала алады», деген тұжырымдамасымен келісуге болады [7, 13 б.]. Осыдан келіп шығатын қорытынды: Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл қоғам мен мемлекеттің, әлеумет пен биліктің арасындағы сарапшы, қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш болып табылады.

Ақпаратты қолдану және алмасу тікелей технологияның дамуының нәтижесі деп білуге болады. Бұл сонымен қатар адам ақыл-ойының жемісі екендігін ұмытпауымыз қажет

Біз әлі негізі ақпарат болып табылатын өркениетті өмір сүріп жатқанымызды білмейтін де шығармыз. Біз енді ғана Г.М. Маклюэннің «глобальды ауыл» ойынқабылдай бастадық. «Ғаламтор» әлемді бір ақпараттық жүйеге біріктірді, жаңа ойлау мен «әлемдік» сананы қалыптастырды. М.Мaклюэннің зepттeyлepi aдaмзaттың тeхникaлық өркениет арнасында дaмyының тaбиғaтын aнықтayдa өтe мeтaфopaлы болып келеді: «Бiзөзiмiздiң opтaлық жүйкe жүйeмiздi әлeмдiк дeңгeйгe дeйiн ұлғaйттық жәнe yaқыт пeн кeңicтiктi бiздiң ғaлaмшap көлeмiнiң шeкapacынa дeйiнгi өлшeм бoйыншa қыcқapттық... Шoғыpлaнғaн элeктpлiк күштiң қapқынымeн, қaзipгi кeздe әлeм – ayылдaн дaүлкeн eмec» [8]. Қазіргі кездегі видео, теледидар, интернетқылыар таралатын сонғы жаңалықтар ұсыныстары адамға басқа әлемді тану мақсатымен қатар “виртуальды” әлемнің жетістіктерін өзінің шығармашылық әректінің идеясын іске асыру мақсатында қолданып, экранмен интерактивті уақыт тәртібі бойынша

индивидуалдық қатынас жасауға мүмкіндіктер туғызуда. Бірақ біздің санамызды шоу-бизнес, табиғ апаттар, атыс -шабыс сарынындағы ақпараттар емес, бізді бірінші кезекте елдік мәселелер толғандырып тұруы тиіс. Біздер үшін қоғамдық пікірді таратып қана қою аз, оны қалыптастыра да білуіміз керек.Өкінішке қарай, елдегі кейбір ақпарат құралдары арасында оқырман, көрермен пікірімен санаспау, өз идеясын зорлап тану пиғылы басым болып барадыұл., Бәсіресе, тәуелсіздік терісін жамылған басылымдарға қатысты. Әрине, кез-келген газеттің ұстанған бағыт-бағдары болады. Өзіндік е рекшеліктеріне қарай өз аудиториясын табады. Бірақ, жалған сенсация қуып арзан ақпаратқа, тапсырыстағы дүниелерге, мазмұны мәнсіз мақалаларға ешқандай жол бермегені абзал. Аталған ақпаратты бүгешігесіне дейін анықтап, нақты түсіндіру әрбір бұқаралық ақпар ат құралдарының міндеті болып табылуы керек

Ақпараттануды проблема ретінде қарастыру үшін қауіпсіз ақпараттану қандай болу керектігін жақсы ұғынып алу керек. Егер халық билік органдарының қызметі туралы қажетті ақпарат алмаса, онда теріс ақпаратты айқындау мүмкіндігі болмайды және оның қоғамға деген қауіпін де тану қиынға соғады. Тек қана ақпараттарды салыстыру арқылы мәселені шешуге болады. Яғни халық алдында таңдау әрқашанда болу керек. Халықтың билік органдарының қызметі туралы хабардар болуы бірнеше талаптарға жауап беру керек:

1.Негізгі талаптардың бірі халыққа жеткен ақпараттың ақиқатқа барабар болуы, олай болмағанда, аталмыш ақпараттың жалған болғандығын көрсетеді.

2.Ақпарат толық болу керек. Халықтың өзі жеке билік көзі, сол себепті билік басындағы ісәрекеттер туралы нақты толық ақпаратпен қамтамасыз болуға халық құқылы. Тек толық ақпараттандырудың арқасында ғана халық белгілі бір келісім, шешімқабылдауына кепілдік бере алады. Тиісті әрекеттерді қамтып, қажетті жағдайларды ескертетін толық ақпарат ешқашан зиян келтіре алмайды. Егер ондай ақпаратқа қажеттілік тумаса, онда ол ққандытолы ақпарат болып есептелмейді. Қоғамның хабардарлығының деңгейі, ақпаратқа қол жеткізу дәрежесі демократияланудың түйінді мәселесі. "Ашық ақпарат – демократияның басты кепілі”, шынайы қпарат көбейген сайын демократия арта береді, сенім еселене түседі. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры екендігі және осы пікір өзінің қаншалықты нақтылығын бұл күнде әбден дәлелдеді.

Халықтың ақпараттануы мемлекет үшін қауіпті болмайды, керсінше

егер уақытылы және толыққанды болса пайдалы, игілікті болады. Ақпараттану ақпараттан хабардар болу дегенді білдірсе, онда материалды және рухани өмірге өз әсерін тигізетін бұл саладағы мағлұматтар билік қызметінің мәліметтерін де қамту керек.

Егер басқарушы тұрғысынан қарайтын болсақ, ақпарат бұл жерде «қандай да бір мәліметтердің, деректердің, қатынастардың, оқиғалардың қосындысы және қолдануға жарайтын жинақталған, жүйелеген» [9, 54 б] түрі ретінде болады. Бірақ басқару аймағында барша ақпаратпен емес, тек басқару

іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қатысты басқарушылық ақпаратпен ғана өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады.

«Өркениет - ашық жүйе. Ал ашық жүйе әрқашан жаңа ақпаратқа ие, ал ақпаратты өңдеу үзіліссіз үрдісті талап етеді. Өркениеттің негізгі қызметтерінің бірі – қарым-қатынас, коммуникаия қызметі. Өркениет өзінен басқа келесі бір өркениеттермен әрдайым түрлі деңгейлерде қарымқатынаста болып отырады. Қарым-қатынас - өркениет болмысының міндеті, шарты, тіршілік ету көзі» [10, 167 б.].

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – ақпараттық басқарудың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Батыстық мәдениет тасқынын тоқтатып, оған қарсы тұрудың бірден-бір жолыұлттық сананы көтеру, халқымыздың ғасырлардан келе жатқан мұраларын, ұлттық құндылықтарын барынша ұтымды пайдалана біліп, халық санасына жеткізе білу болып табылады. Осы орайда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен жауапкершілік пен міндет үктелудеж. Олай дейтініміз, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді тудырып қана қоймай, ақпараттық кеңістігімізді қорғап, қоғам санасын қалыптастырушы құрал ретінде өмірдегі барлық жақсылық пен жамандықты алдымен байқап, насихаттауы, түсіндіруі тиіс.

Ал қпараттық ғасырға аяқ басқан тәуелсіз Қазақстанның әлемдік үрдістен кенже қалмауы мен технологиялық, мәдениеттік, өркениеттік сапасын арттырудың бір бағыты - саяси жүйені заман талабына сай жаңғыртып, ақпараттық басқаруды қалыптастыру мен дамыту екені анық. Осының барлығы Қазақстан қоғамы үшін маңызды саяси міндеттерге, стратегиялық құжаттарға ұласып жатқан маңыздылығын көрсетеді.

Жаңа ақпараттық технологиялар қоғам мен мемлекет өзара әрекетінің мәнін, мазмұнын өзгертеді, сол арқылы сан-алуан қпараттар көзіне азаматтардың қол жетімділігін кеңейтеді, саяси шешімдер қабылдау процесіне адамдардың қатысу мүмкіндігін арттырады, билік құрылымдарының қызметіне қоғамдық бақылау орнатуға жағдай туғызады, ақпаратты тұтынып қана қоймай, оны белсенді өндіруге түрткі болады.

Қазіргі медиа мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы мен көркеюі жолында үлкен рөл атқаруда. Әсіресе, ұлттық тіл мен экономика, еліміздің тәуелсіздік идеясын насихаттау,қорғау, идеология майданында бітіспес күрес жүргізу ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады. Кабельді теледидар және Интернеттің пайдасымен ұлттық қауіпсіздікті қорғауы мен сөздің бостандығымен байланысты жаңа тауқыметтер пайда болды. Қазақстан – басқа ұлттардың сақталған ұлттық ерекшеліктеріне құрмет көрсетіп біртұтас мәдениетті қауымға біріккен әр ұлтты халықтар тұратын ел. Қазіргі жағдайда бұл айырмашылықтар ұлттар мүдделерін қорғау мақсатында қай ақпаратты

құпия сақтау керек екенін әр түрлі пікірлер туғыздырады. Алайда, баспасөздегі кейбір сұрақтардың жариялауы маңызды келіспеушіліктер кезіктіреді. «Егерұлттық қауіпсіздікке залал келтіретін ақпаратты дүниежүзілік жүйеден оңай алуға болса, қай деңгейде жағымды шешілсе де осындай ақпаратқа тиым салу қажет пе? Осы мәселені де заң шығарушыларға шешу қажет» [11, 101 б.]. Бұл да күрмеуі шешілмеген мәселелердің бірі.

Соңғы жылдары адами, қаржылық, материалдық ресурстармен қатар басқару процесінің маңызды ресурстарының бірі ақпарат саналып отыр. Бүгінгі қалыптасып келе жатқан жаңа өркениеттің – ақпараттық өркениетте ақпарат стратегиялық маңызға ие болып отыр. Ақпаратты өндіру мен тұтыну қоғам өмірінің барлық саласындағы даму мен тиімді басқарудың негізіне айналып отырҚазіргі. заманғы талап бойынша, ақпараттқа ие болу мүмкіндігі қоғамның барлық мүшелері үшін өмірлік маңызға ие құндылыққа айналып отыр. «Әлем дегеніміз бір ұзын кабель болып шыққандай! Ақпарат

– білім алу емес, ақпарат – білуге мәжбүрлеу болып табылады» [10, 187 б.]. Қандай да бір мемлекет, соның ішінде Қазақстан Республикасының

билігі нәтижелі жүзеге асуы ақпаратпен қамсыздандырылуына байланысты. Саяси құрылымның позитивті қызмет атқаруы, саяси сананың дамуы, саясаттың объектісі мен субъектісінің өзара әрекеттесуі ақпаратсыз мүмкін емес. Бүгін қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы саяси өмірде өз орнын тапты, электрондық үкімет іс жүзінде қоғамымыздағы әлеуметтік көлбеу және тік қарым-қатынастар мен саяси коммуникацияны қамтитын кең әрі терең ұғым. Сондықтан осы өзекті мәселені әлеуметтікфилософиялық тұрғыда зерттеу, электрондық үкіметті жасақтаудың әлемдік тәжірибесіне салыстырмалы саяси талдау жасай отырып, оның жаңа жолдарын іздестіру, жетістіктеріне баға беру, қазіргі жағдайы мен әлеуетіне талдау жасап, дамуүрдістері мен келешегіне саяси болжам жасау қажеттілігі туындайды.

Қандай да бір мемлекет, соныңішінде Қазақстан Республикасының билігі нәтижелі жүзеге асуы ақпаратпен қамсыздандырылуына байланысты. Саяси құрылымның позитивті қызмет атқаруы, саяси сананың дамуы, саясаттың объектісі мен субъектісінің өзара әрекеттесуі ақпаратсыз мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі артықшылықтарын анықтау ақпараттық ортаға жататын қатерлерді әшкерелеуде, оларды жеңу жолдарын табуда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіруде және тағы басқасында көрініс табады. Ақпараттық салада саяси ұстанымдарды бақылай алатын және түзете алатын дамыған азаматтық қоғам ақпараттық қауіпсіздіктің приоритетін іске асыруда мемлекеттің тұрақты және тартыссыз дамуына негіз болады.

XIX-XX ғасырларда Батыста ақпараттық қоғам тарихында жаңа дәуір басталды. Нарықтық қатынастың жүйесіне негізделген, техникалық революция әуірід өткен дәуірде өзіне теңдесі жоқ бұқаралық ақпрат құралдарының қарқынды дамуына түрткі болды. Мұны БАҚ баспа эволюциясының үлгісінен көруге болады.

Ақпараттандырудың негізгі тетіктеріне жататындар:

Фотография. Патент ғаалу өз ұсынысын берген, 1839 жылы жоғалмайтын суретті алу амалын ойлап тапқан, француз суретшісі Л. Ж. Дагер фотографияны ойлап табушы болып есептеледі. Дегенмен фотография жайдан-жай пайда болған жоқ, оған дейін гравюрлар, ксилография, клише және живопис болды.

М. Маклюэннің көрсетуі бойынша, қалай болмасын «өткен дәуір ретінде фотографияғасыры, би, мимика, жест дәуіріне айналды». Сонымен бірге, «фотография әсд түрлі өнерде – ұлы революцияны жасады деседе болады. Суретші тек фотография жасайтынәдіспенен, басқаны бейнелей алмады» [8, 82 б.].әнеЖ де ол ішкі шығармашылық үрдісін ашатын, модернистік ізденістер мен абстракцияәлеміне кетеді. Осыған ұқсас үрдіс әдебиетте де байқалады: жасаушы өмірдің сыртқы факторларын бейнелеуден бұрын, рухани саласын бейнелейді. Бір сөзбен айтқанда фотография өнер әлемінде төңкеріс жасап, оны шынайылықты иллюстрациялау мен көшіруден гөрі күрделірек – сана және сана астыға өтуге мәжбүр етті.

Электрокоммуникация. XIX ғасырдың аяғында электр дәуірінің орныға бастаған кезінде адамзатқа әлемді біртұтас ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін, байланыстың қосымша қайнарлары пайда болды. М. Макллюэннің сөзі бойынша, электр - барлық адамдар қатысатын, «оқиғалардың тұтас өзара әректтестік аумағын» жасай отырып, ақпаратты өндеу жүйесін біріктіреді. Телеграф, телефон және радио тек электрокоммуникация элементіне ғана емес, соныменқатар әлеуметтік қатынастың формасына айналды. «Электр, ми ретінде, әлемнің барлық шегімен бірден байланысқа түсу құралын береді»

[8, 127 б.].

Телефон. Телефонның ойлап табылуы адамзаттың әңгімені қол жетерлік қылу талпынысның тізбектерін шешудің кездейсоқ түйініне айналады. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, құлағы естімейтін адамдарүшін «көрінетін сөйлем» әдісті жасаумен айналысқан, шотлан-американдық педагог - Мелвилл Белл, бұл салаға өзінің бүкіл өмірін арнады. Оның баласы

– Александр Грехем Белл 1876-1886 жылдардың арасында дыбысты өндірудегі басу саласында аппаратураға бірнеше рет патенттер алып, телефонды жасаушылардың бірі болды.

Алайда, «телефон» сөзі оны жасаушының туылғанынан бұрын, 1840 жылы пайда болдыұқсас( оқиғаны кинематография тарихынан байқауға болады: кинетоскоп әнеж перформациялы кинопленка, снымен қата р «қозғалғыш суреттер» - мультипликация бастамасы Люмьер ағайндылардың жаңалығынан бұрын, Томас Эдисонның арқасында он жыл бұрын пайда болды). Тура солай, телефон да, алғашында ағаш таяқшаларының көмегімен музыкалық ноталарды беруге үйренуді білдірді. 1870 жылы барлық әлем жаңалық тапқыштары А.Г. Беллмен қатар электр тогының көмегі арқылы сөз беруге қол жеткізуге ұмтылды.

Визуалдылықтан алыс, ресми емес жазбалықпен, өзінің табиғаты бойынша өте жеке формадағы болашақ телефон, XX ғасырдың басында менеджмент саласында – басқару және шешім қабылдау деңгейінде

таптырмас құралға айналды. Баспа беті мен телеграф және телефонды қоса айтсақ, байланыстың, ақпараттандырудың таптырмас құралдарына айналды.

Радио. Индустриалдық дәуірдің техникалық прогресін радиосыз елестету мүмкін емес. Радио тікелей, коммуникацияның құралы ретінде радионы таратуда маңызды орын алған және радиотелеграфтың негізін салушы, Маркони «галактикасының» негізіне айналды. 1897 жылы Маркони сымсыз электр байланысының аппаратына патент алып, «Маркони және К» АҚ ұйымдастырды. 1901 жылы Маркони ең алғаш рет Атлант мұхиты арқылы радиобайланысты іске асырды. Осы жаңалығы үшін 1909 жылы Нобел сыйлығына ие болды.

Радиода басқа бұқаралық ақпарат құралдары сияқты өзінің құпиясы бар. Ол бізге сезілінетін, «ресми емесәнеж тікелей интимді қарым - қатынасымен» келеді. Оның тарих немесе әдеби текст арқылы ұзақ насихат түрде болатын магиялық қабілеті бар; ол біздің әлемді заманауи қабылдауымызды кеңейтеді. Кейін аудиториялық мәдениеттің мықты факторы радио телефон және телеграфқа қарағанда жазба мәдениетімен және адамзат әңгімесін тікелей табиғатымен жарыса отырып, оны ығыстырады. 1920-1940 жылдары радио іс-барысында «Гутенберг галактикасын» оның жазбалық, визуалды құндылықтарын айтарлықтай ығыстырады.

М. Маклюэн бұқаралық коммуникация құралдарының ролі жайындағы сұрақтарды көтере отырып, адамзаттың бұл радикалды күшерін әлеуметтік салдарына немқұрайлы екендігін негіздеуге тырысты. Ол, тайпалық әлемді бұзып, оны арнайы білім мен әрекеттің ішінде қызмет ететін, «жабық» қоғамнан «ашық» қоғамға айналдырған, не үшін фонетикалық алфавит пен баспа өзіс, осы күнге дейін «магиялық трансформатор» ролі қарастырылмайды, көлденеңінен өсетін империядағы, әлеуметтік жарылысты ұйымдасқан адамға айналдыратын, электр күшінің «бір мезетік ақпаратына» не себепті соншалықта аз назар аударылған, жинақтай келетін болсақ, не себепті электрондық технологияның психикалық ықпалдарына көңіл аударылмайтындығын түсінбеді [8, 100 б.].

Жалпы, жаһанданудың дүниеге келуіне жағдай жасаған себ ептердің бірі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың күрт өркендеуі мен ғаламшарлық желілер құру болатын.

Ақпараттық қоғамда «заң шығарушы», «орындаушы билігі» «сот билігі» жоқ... Әлем және ғаламшар бойынша тек бір ғана билік бар – ақпараттық билік, ал жоғарыда көрсетілген «биліктер» тек қызыметтік міндеттерді іске асырады.

Ақпараттық қоғамда бірінші шекара, ал екінші мемлекет (қазіргі кездегісі) жойылады. Жерғаламшарын уақыт өте келе өзінің біртұтас ел деп атай бастайды.

Ақпараттық қоғамда қоғамдық тәртіптің жергілікті құқық қорғаушылары (полиция) қызмет етеді. Іс-жүзінде ол барлық мүмкін әлеуметтік ауытқушылықтарды бақылап отырады. Немесе барлық қоғамда қауіпсіздік, барлық қоғамдық және әрбір жеке тұлғаны білімдендірудің,

қызмет етуі мен дамуы барысында, уақыт өте келе «қорғау» түсінігі өз мәнін жоғалтады.

Компьютерлік модельдеу – оқудың тиімді құралы. Компьютер оқу кезінде үлкен көлемді сандарды басқа да нақты ақпараттарды игеру де өте пайдалы. Компьютерлерәртүрлі міндеттерді шешудегі нәтиже лерді сақтау жолдарының жаңа мүмкіндіктерін береді. Оқытудың индивидуалды формаларының дамуынан басқа, біріккен түрде оқытудың жаңа формалары пайда болады. Мануэл Кастельс:қпараттық экономика және жаһандану процесін қарастырған ғалымдардың бірі болып табылады. Мануэль Кастельс

– қазіргі әлемдегі ең беделді әлеуметтік ойшылдар мен зерттеушілердің бірі, АҚШ-тың Калифорния университететінің (Беркли) профессоры.

Кастельстің ақпараттық экономика мен жаһандану процесі туралы көзқарастарын талдаудан бастаған жөн. Бізүшін ақпараттық экономика, ақпараттың технология ұғымдары үйреншікті болып табылатыны белгілі.

Кастельстің информационализмі, мәдениет пен институттардың сан алуандылығына қарай әр түрлі формада көрініс табатын жаңа әмбебап әлеуметтік құрлымының пайда болуын білдіреді.ұлБ жаңа әлеуметтік құрылым немесе өз кезегенде ХХ ғасырдың соңындағы өңдірістің капиталисттік әдісінің қайта құрылуы нәтижесінде қалыптасқан информационализм. Сонғы жиырма жылда бір мезгілде қалыптасқан экономиканы Кастельсқпараттық және жаһандық деп түсінеді. «Ақпараттық - өйткені бұл экономикадағы (мейлі, ол фирма, аймақ немесе ұлт болсын) агенттер мен факторлардың өнімділігі мен бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте олардың білімге негізделген ақпаратты жасау, өңдеу және тиімді пайдалану қабілетіне байланысты. « жаһандық – себебі, өңдіріс, тұтыну және тауарлар мен қызмет көрсетулердің айналымы сияқты экономикалық қызметтің негізгі түрлері, сонымен бірге оны құраушылар (капитал, еңбек, шикізат, басқару, ақпарат, технологиялар, нарық), тікелей экономикалық агенттерді байланыстыратын тармақталған желіні қолдану арқылы жаһандық көлемде ұйымдастырылады және соңғысы, ақпараттық және жаһандық - өйткені жаңа тарихи жағдайларда өнімділіктің белгілі бір

деңгейіне жету мен

бәсекелестіктің болуы тек жаһ ндық және өзара

байланысты желінің

ішінде ғана мүмкін» [12]. Жаһандық желі, Кастельстің

ойынша, осындай жаңа экономиканың пайда болуына қажетті материалддық базаны қамтамасыз еткен ақпараттық технология саласындағы революция нәтижесінде тек ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана пайда болды.

Кастельстің пайымдауынша, жаһандық экономика – бүкіл планета ауқымында, нақты уақыт режимінде біртұтас жүйе іспетті қызмет ете алатын экономика. Өндірістің капиталистік әдісі уақыт пен кеңістіктің шегінен өтуге тырысып, үздіксіз дамыды, алайда тек ХХ ғасырдың соңына қарай негіздемесі қпараттық және коммуникациялық технологиялар болып табылатын жаңа инфрақұрылым негізінде ғана әлемдік экономика шын мәнінде жаһандыққа айналады [5].

Мeдиaмәдeниeт aқпapaттық қoғaм мәдeниeтiнiң caлacы peтiндe пocтмoдepн дәyipiнiң бұқapaлaнғaн, coнымeн бipгe «дeмaccификaциялaнғaн»

aдaмының бұлыңғыp бeйнeciн жacaйды. Aқпapaттық қoғaм жaғдaйындaғы мeдиaмәдeниeттiң нaқтылы түciнiгi мәдeниeт coциoдинaмикacы тұжыpымдaмacындa көpiнic тaпқaн. A.Мoль мәдeниeттiң қoc caлacын – гyмaнитapлық жәнe мoзaикaлық бағыттарын aтaп көpceтeдi. Гyмaнитapлық мәдeниeт ұpпaқтaн-ұpпaққa гeнeтикaлық қop, әлeм - әмбeбaбы тypaлы бipтұтac түciнiктi жeткiзетін yнивepcитeт бoлғaн тeтiктep apқылы ayыcып oтыpды. «Мoзaикaлық мәдeниeттe»,-дeп жaзaды A.Мoль, - «бiлiм нeгiзiнeн oқy-aғapтy жүйeci apқылы eмec, бұқapaлық aқпapaт құpaлдapымeн қaлыптacaды» [13, 45]. Мoзaикaлық мәдeниeттi aдaм epкiнeн тыc қaбылдaйды. Яғни, aқпapaт aғынынa мaлынғaн aдaм oдaн қoлынa тигeнiн тұтып қaлaды.

Қазіргі таңда біздің қоғамда теледидар (эфирлік, кабельдік, спутниктік), баспа, радио, электронды почта, ұялы байланыс, Интернет еркін коммуникациялық кеңістікке айналды. Бұның бәрі негізі ақпарат болып табылатын қоғам құрғанымызды айғақтайды.

Бұқapaлық aқпapaт құpaлдapының дaмy үдepiciндeгi eң қyaтты aлғышapт кoмпьютep мeн Интepнeт бүгiндe бacқaлapынaн қapa үзiп кeттi. Oл бapлық әлeмдi құшaғынa қaмтып, кeз кeлгeн aқпapaт көзiмeн әп-cәттe-aқ бaйлaныcқa түce aлaды. Оның себептері, біріншіден, кино мен әлеуметтікөмірлік уақыттың қайшылықа келуі, екіншіден, киноның компьютерлік технологиядан да озық стилін таба алмауы, үшіншіден, кино сәт сайынғы жаңашылдықты жасап шығару талабына жауап беруінің қиындай түсуі т.б.

БAҚ – кeйдe қoғaмдық пiкipдi бiлдipeтiн жәнe шынaйы билiккe ықпaл eтeтiн, тiптi oның мүмкiндiктepiн бip cәткe бoлca дa шeктeйтiн күш. Ocы apқылы мeдиaмәдeниeт қoғaм мeн мeмлeкeт, билiк пeн тұлғa apacындaғы дeлдaл peтiндe көpiнic тaбaды.

1.3 қпараттықА -коммуникативтік инновацияларүдерісіндег і қоғам өзгерісі

ХХ ғасырдың екінші жартысына қарай таратылатын ақпараттың және қоғамдағы өзарабайланыстар мен өзараәрекеттесулердің көлемі бұрын-соңды болмаған масштабқа қол жеткізіп, ұлғайды. Бұл ғылыми ойлардың жаңа ақпараттық-коммуникативтік процестерді ұғыну талпынысын арттырды. Жаңа ғылымдар пайда болды. Мысалы, кибернетика - «машиналардағы және тірі ағзалардағы байланыс, басқару мен бақылау туралы ғылым» (Н.Винер), ақпарат теориясы – ақпаратты сақтау, қайта құрылымдау және тарату процестерін зерттейтін математикалық теория (К.Шеннон).

Кибернетика идеяларын дамыта отырып, Н. Винер «байланыс пен басқарудың жаңа тұжырымдары ғалам және қоғам туралы жаңа түсініктер мен білімдердің пайда бол уына септік болатынын» айтты [30, 664б]. Ақпаратты таратуға және қабылдауға тек тірі табиғаттың ғана емес, сонымен бірге, өлі табиғаттың да обьектілері қабілетті, алайда жоғары деңгейде дамыған жұмсақ тілге ие адам үшін байланыстың ұйымдасқан жүйесі ерекше мәнді білдіреді.

Зерттеу саласына байланыстықпарат көптеген анық тамаларға ие: сыртқы әлемге бейімделу процесі кезінде сыртқы әлемнен алынған мазмұнның белгісі (Винер); энтропияны терістеу (Бриллюэн); белгісіздікті жоятын коммуникация мен байланыс (Шеннон);әртүрлілікті тарату (Эшби); құрылым күрделігінің өлшемі (Моль); таңдау ықтималдығы (Яглом); бейнеленген әртүрлілік (Урсул) және т.б. [31, 161б].

Соңғы он жылдың ішінде ақпарат ағынының зор қарқыны байқалады. Бұл А.Д. Урсулдың пікірінше ғылыми-тәжірибелік іс-әрекет нәтижелері баяндалатын құжаттар көлемінің ұлғаюына, м ерзімдік басылымдардың санының үнемі артуына, магниттік ленталарға жазылып, коммуникация жүйесінің әрекетіне түспейтін мәліметтердің пайда болуына (мысалы, геофизикалық немесе медициналық) байланысты [32].

Ақпарат көлемінің ұлғаюы жөнінде статистикалық мәліметтер дәлел бола алады: 1900 жылдан бастап білімдердіңкөлемі әр 50 жыл сайын екі еселеніп отырған, 1950 жылы екі еселену әр 10 жылда, 1970 жылы әр 5 жылда, 1990 жылдан бастап жыл сайын жүзеге асып келеді [33].

Интернет желісіндегі сайттардың саны да үнемі артып келеді және оның әрбірі өз пайдаланушысын табады. Ақпараттың өте жылдам өсу жағдайында оны қабылдау мен өңдеу күрделене түседі.

Бұл жағдайдан шығудың бірден бір жолы ақпаратты жинаудың және өңдеудің автоматтандырылған тәсілдерін ендіріп, белсенді қолдану болып табылады. Ақпараттық -есептеуші жүйеге біріктірілген микроэлектрондық есептеуіш техникасын, байланысқұралдарын, мәліметтердің автоматтандырылған банкісін кеңінен пайдалануға негізделген ғылымитехникалық дамудың маңызды бағыттарының бірі ақпараттандыру болып табылады. Кастельстің пікірінше, «дамудың жаңа, ақпараттандырылған тәсілінде өнімділік ошағы білімдерді жиынтықтаудың, ақпаратты өңдеудің технологиясында және символикалық ко ммуникацияда болып табылады» [34, 39б]. Білімдер мен қпаратт ар дамудың барлық тәсілдерінде негізгі бөлшектер болып табылады, алайда, дамудың ақпараттық тәсілінің ерекшелігі білімдердің өнімділік ошағы ретінде білімге әсер етуі болып табылады. Білімдер технологияның негізі және өз кезегінде білімдерді жиынтықтаудың және ақпаратты өңдеудің деңгейін жақсарту үшін қолданылады.

«Ақпаратты өңдеу процесін трансформациялай отырып, ақпараттық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық саласына әсер етеді және оның әртүрлі салалары, бөлшектері мен агенттері арасындағы сансыз байланыстарды орнатуүмкіндігін жасайды. Экономиканың желілік құрылыммен және бөлшектердің терең өзара тәуелділігімен бірге пайда болуы оның технологиядағы, білімдегі және басқарудағы жетістіктерін технология, білім және басқару ретінде қолдануына мүмкіндік береді. Бұл тұйық шеңбер бірдей терең ұйымдасдырушылық және институционалдық өзгерістер үшін қажетті жағдайлардың болуы кезінде үлкен өнімділікке және тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді» [35, 39б].