Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Диссертационная работа Алиева Ш

..pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
929.3 Кб
Скачать

2 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК КЕҢІСТІКТЕГІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛOCOФИЯЛЫҚ ТAЛДAУ

2.1 Басқару - әлеуметтік-философиялық категория. Басқару ғылымының немесе менеджменттің пайда болу тарихын зерделей отырып, жүйелі түрде басқаруға деген қызығушылық ХХ ғасырда ғана пайда болғанын ескеру керек. Алайда, басқару тәжірибесі ежелден алғашқы ұйым пайда болған кезде басталды және өзінің көп ғасырлық тарихында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Менеджмент адамдарды басқару ғылымы ретінде 1911 жылы Ф.У. Тейлордың«Ғылыми менеджмент қағидалары» [ 64] кітабының жарыққа шығуымен пайда болды. Бірақ, менеджменттің тиімділікті арттыру өзінек айналатынын ұғыну бірден келген жоқ. «Бұл тұжырым ХІХ ғасырдың ортасынан бастап – ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін біртіндеп дамыды. Менеджментке дегенқызығушылықты арттырған негізгі фактор Англияда орын алған өнеркәсіп төңкерісі болды. Бірақ, менеджменттің ұйымның дамуы мен жетістігіне айтулы үлес қосатын қабілеті жөніндегі ой-пікір алғаш рет АҚШ-та туды» [101, 54б].

Ғылыми әдебиеттерді талдау көрсеткендей, «басқару» терминін сипаттайтын ортақ анықтама жоқ. Әрбір ғалым аталмыш феноменнің қолдану аясына қарай өз түсінігін қосады. Жүйелік бағыттың жақтаушылары басқаруды басқа жүйенің шеңберінде көптеген қызметтерді атқаратын тепетең, құрылымдық әлеуметтік жүйе ретінде қарастырса (Т. Парсонс, Р. Мертон, Ч. Барнард, Л. Гоулднер және т.б.), іс -әрекеттік бағыттың негізінде басқару перманенттік пайда болатын жанжалдарды шешу бойынша іс-әрекет болып табылады (К. Маркс, Р. Дарендорф, Л. Козер және т.б.). Сонымен қатар, басқаруды жұмыс әрекеттерінің рационализациясы (Ф. Тейлор, П. Керженцев, А. Гастев), рационалдық басқару шешімдерін қабылдау процесі (М. Вебер, Г. Саймон), іс-әрекет пен қатынастарды специализациялауға және формализациялауға негізделген мақсатқа жетудің ұжымдық процесі (А. Файоль), билікке қатысты ойын түрі (М. Фуко, М. Крозье), басқа адамдардың жұмыс атқаруын қамтамасыз ету іс-әрекеті (Э. Мэйо, М.П. Фоллет) ретінде қарастырды.

Басқарудың қазіргі тұжырымдамалары басқару әрекетінің құрылымын интерпретациялау бойыншаәстүрлід тұжырымдамал ардан біршама ерекшеленеді. Классикалық бағыттар қарапайым «субъект -объект» немесе «субъект-субъект» басқару әрекетіне негізделген. Басқарудың «субъект - объект» үлгісі бір жақты сипатқа ие, басқару субъектісі басқару объектісіне әсер етеді, осы сызба бойынша Тейлордың ғылыми басқаруы, Вебердің бюрократия теориясы, КСРО-дағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру құрылған болатын. Бұл теориялардағы ұйымның тиімділігін арттырудың қайнар көзі еңбекті тәртіптеу, ал басқарудың оңтайлы үлгісі – қолбасшылық, тікелей нұсқау беру болып табылады.

Қазіргі таңдағы ұйымның сыртқы ортасы мен оның құрылымдық күрделенуінің жылдам өзгеруі жағдайында басқарудың классикалық теориялары, субъек-объектілі, субъект-субъектілі басқару әрекеттерінің

сызбасы өзектілігін жоғалтуда және кешендік бағыт аясында бөлшек ретінде тиімді болуы үмкін. ММУ Жоғарғы Бизнес мектебінің ректоры О. Виханский сұхбаттарының бірінде былай дейді: «Менеджменттің дәстүрлі теорияларындағы негізгі ұғымдар – басқарудың субъектісі мен объектісі. Субъект – объектіні басқар атын басшылық. Менеджмент осы субъектінің әрекеті ретінде қарастырылады. Шындығында, мұндай жекеленген әрекеттер болмайды. Жалпы айтқанда, біреуі жұмыс істейді, біреуі басқарады. Егер жұмыс істеуші болмайтын болса, ешқандай менеджмент болмайды. Олар бірге ұйым құрайды. Сондықтан, нақты адамдардың, ортаның, өндірістің ұйымы туралы айту керек. Қандай ұйым, кімдер еңбек етеді, қандай өнім өндіреді, қандай нарықта жұмыс істейді, олардың бәсекелестері кім деген мәселеден бастасақ, бұл байланысты қалай құру керек екендігі айқындалады. Тек осы жағдайда ғана менеджмент жайлы сөз қозғауға болады» [66, 41б]. Басқару мен ұйымдастырудың классикалық үлгілерінен жағдаяттық бағытқа ауысу сыртқы ортаның белгісіздігімен, қажеттіліктердің және оларды қанағаттандыру тәсілдерінің кеңеюімен, сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметтікмәдени жағдайларды түбегейлі өзгерткен себептермен түсіндіріледі.

ХХ ғасырдың ортасында қазіргі менеджменттің классигі П. Друкер персонал жұмысынның тиімді формасы ретінде «өзін-өзі басқарушы еңбек ұжымы» идеясын ұсынды [ 65, 299б]. Бүгінгі күні бұл бағыт басқару әрекетінің күрделі құрылымынан көрініс таба отырып, қалыпты жағдайға айналды.

Басқарудың қазіргі теориялары философиялық әдіснамаға жиі жүгінеді. Осыған байланысты басқару мәселесін философиялық пайымдау қажеттілігі туындайды. Басқару философиясын құқық философиясы, этика, аксилогиямен қатар философиялық білімнің дербес саласы ретінде бөліп алу қажеттілігін келесі алғышарттар растайды.

Біріншіден, бұл басқару туралы білімдер шекарасын кеңейтеді: бір жақты кәсіби сипаттан пәнаралық сипатқа. Басқару ғылымы бүгінде менеджменттің шеңберімен шектелмейді, ол психология, социология, саясат, экономика, экология, маркетингғылымдарының білімдерімен толықтырылып отырады. И. Вогачектің пікірінше, басқару білімдері бір жақты кәсіби болудан арылды, олар көп жағдайда адам мінез-құлқының мәнін және оның тұтас өмірлік іс-әрекетін түсіндіреді [66, 12б]. Яғни, басқару барлық әлеуметтік іс-әрекеттің мағына құрушы, мәндік феноменіне айналып отыр.

Басқарушы өз іс-әрекетінің тиімділігін арттыруүшін бір жақты кәсіби білімдерімен қатар, өз әрекетінің контекстерін де ескеруі тиіс. Контекстер ұйымның сыртқы ортасының шарттары болып табылады: жаһандану, қоғамның ақпараттануы, мәдени парадигмалардың ауысуы, деидеологизация, либерализация, құндылықтардың бөлшектенуі, басқарудың адамгершілікке негізделуі және т.б. Мұндай қоғамдық құбылыстар басқарушы шешеетін міндеттерге тікелейқатысты емес, алайда ұйымның хал -ахуалына жанама түрде ықпал етеді. Сондықтан, басқару процесі тиімді болу үшін басқарушы барынша қырағы болу керек. Ол үшін ұйымдастырушылық білімдер

жеткілікті емес, экономика менқаржыдан бастап экологияға дейінгі кең мағыналық шеңберлерді интеграциялауға деген философиялық және әдіснамалық бағыттар қажет.

Басқарудың философиялық бағытының алғышарты концептуалдық ойлау болып табылады. Басқарушы бұл қасиетке міндетті түрде ие болуы керек.

Сонымен, С.Б. Чернышевтың пікірінше, басқарушының ойлау қабілеті концептуалдылықтың бөлшектерін қамтуы тиіс. «Концептуалдық ойлау адам мен шынайылық арасында тұжырымдардың жинағынсаналы түрде орналастыратын, шынайылықты тұжырымдардан ерекшелеп тұратын, тұжырымдарды шынайылықтың терминдерімен түсіндіретін және белгілі бір тұжырым өз қызметін атқара алмаса, оны басқа тұжырымға ауыстыратын, тұжырымдармен әрекет ететін ойлау болып табылады» [173, 376-377б]. Басқарушы ағымдағы жағдайды бекітілген тұйық сызбалармен емес, көптеген нұсқалармен сипатталатын ұжырымдарт арқылы ұғынуы тиіс. Осылайша, шынайылық көптеген тұжырымдарға жасырылады, басқарушы олардың ішінен шешім қабылдау барысында өте тиімдісін таңдап алуға міндетті.

Басқарушының ойлау қабілетінің тағы бір қажетті қасиеті рефлексия болуы керек. В. Поляковтің пайымдауынша, бұрын сыртқы ортаның барынша ұрақтылығы жағдайында басқарушы «күрделіден қарапайымға өту, яғни басқару тәжірибесінде тиімді әрі пайдалы болатын редукция әдісін қолдана алатын» [173, 379б]. Ақпараттық қоғам жағдайында қоғамның өмірлік іс-әрекетіндегі барлық процестер бұрын болмаған даму көрсеткіштеріне ие. Сәйкесінше, басқару да осы өзгерістерге сай болуы қажет. Редукция әдісі енді басқару қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыра алмайды. Ендігі жерде басқару іс-әрекетінде түрлі когнитивтік ғылымдардың ұғымдық аппаратын пайдаланудың тұтастығы мәселесі өзекті болмақ [67,

82б].

Басқарудың пәнаралық сипаты мен концептуалдық ойлау қабілетінің қажеттілігі басқару мәселесін философиялық талдаудың негізгі алғышарттары болып табылады.

ХХ ғасырда басқару теориясы мен тәжірибесін философиялық ұғыну талпынысы билік философиясы (М. Вебер, М. Фуко), идеология критикасы (Г. Мангейм, Л. Альтюссер, М. Хоркхаймер), саясат философиясы (Х. Арендт), коммуникативтік әрекет теориясы (Ю. Хабермас), жүйелік ойлау ісәрекеттік бағыты (Г.П. Щедровицкий, О. Генисаретский), басқару психологиясы (Г. Кунц, С. О'Дониель, Г. Питерс, Р. Уотерманәежт.б.)

сияқты әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылды.

Қазіргі заманғы менеджмент бойынша әйгілі маман К. Нордстремнің пікірі бойынша, басқарудың шынайы тиімді идеялары мен технологиялары басқарудағы пікірталастар философиялық сипатқа ие болған кезде туындайды [68, 92б]. Әлеуметтік басқаруда бірде бір басқару процесі адамды, оның ойлау қабілеті мен мінез-құлқын сипаттайтын философиялық категорияларды пайымдаусыз жүзеге асырылмайды.

Басқару процесіндегі ой бірте-бірте философиялық ойлаудың бөлшектерін қамтып келеді, кейбір басқарушылар басқару философиясын дербес білім саласы ретінде ашық мойындап жүр. Атап айтқанда, философ, методолог және кеңес беруші П.Г. Щедровицкий басқару философиясы курсында [69] келесі мәселелерді қозғайды:

басқарудың кәсіби іс-әрекет ретінде қалыптасуының әлеуметтікмәдени негіздері;

басқару кәсібінің әлеуметтік және мәдени қызметтері;

басқару ұғымы және оның мәні.

Басқару саласындағы ресейлік маман И.Л. Богачек басқару философиясының бірнеше негізгі міндеттерін көрсетеді:

адам болмысының мәнін ашу жолында басқарудың әртүрлі ғылымдарының жалпы адамзаттық үлесін пайымдау;

басқарудың әртүрлі ғылымдарының идеяларын біріктіру, басқару әлемін ортақ әлем ретінде қарастыру;

жалпы философия мен басқарудың әлемдік теориясы арасындағы ынтымақтастықты анықтау;

басқарудың демократиялық тәсілінің философиялық мәнін және оны қоғамның түрлі салаларында қолдану мүмкіндікте рін сипаттау [70, 10б].

Біздің пікірімізше, басқару қазіргі әлеуметтік философияның түйінді мәселелі салаларының біріне айналуы тиіс. Философиялық талдаудың өзектілігі бүгінгі күні басқарудың теориясы мен тәжірибесінде жүз жылдан артық (Тейлордың заманынан бері) жинақталған тәжірибе мен білімді пайымдау қажеттілігімен негізделген. Профильдік ғылымдар зерттеу аумағының кең қамтылуын қамтамасыз етпейді, тек мамандандырылған құндылықтарға баға береді. Сонымен қатар, философия бірден бір ғылым ретінде «адам» феноменін басқарудың теориясы мен тәжірибесінің бірлігінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Басқаруды философиялық талдаудың объектісі ретінде төмендегі жайттарды ұсынамыз:

-басқару іс-әрекетінің дүниетанымдық және теориялық-танымдық алғышарттары;

-басқару іс-әрекетінің және білім саласы ретіндегі басқарудығ мәндік негіздері;

-басқару шешімдерінің негізінде жатқан құндылықтар;

-басқарудың әлеуметтік маңыздылығы.

Жоғарыда баяндалған ғалымдардың қағидаларын негізге ала отырып, басқаруды философиялық талдаудың маңызын төмендегі рәсімдердің жиынтығы ретінде көрсетуге болады:

-басқару іс-әрекетін философиялық зерттеу шеңберін сипаттау;

-қолданыстағы басқару бағыттарына рефлексивтік, сыни тұрғыда талдау жасау;

-басқарудың теориясы мен тәжірибесінің дамуындағы мүмкін өзгерістер мен бағыттарды негіздеу.

Бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы жарты ғасырда қаулап өсуі біздің адамзаттық мүмкіндігімізді, біздің мәдени кеңістігімізді белгілі бір мөлшерде кеңейтіп қана қойған жоқ, ол біздің өркениетімізді адам танымастай етіп өзгертіп жіберді. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси-биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді. Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үдерісіндегі ең қуатты алғышарт компьютер мен Интернет бүгінде басқаларынан қара үзіп кетті. Ол барлық әлемді құшағына қамтып, кез келген ақпарат көзімен әп-сәтте-ақ байланысқа түсе алады. Бұл бір жағынан заман талабы, осы «коммуникациялық революция» тудырған процестен біз де қалыс қала алмаймыз.

Ақпараттық қарым-қатынастың дамуы әлеуметтік өмірге үнемі жаңаша сапалық өзгерістерді әкеліп, қоғамдағы ақпарат ағынының аясын кеңейтті. «Бүгінгі күні толықтай алып қарастырғанда ақпараттық қоғам дамуының әлемдік үш модулі анықталып қойылды: еуропалық, латынамерикалық, азиаттық» [71].

ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. Біз куә болып отырған қазіргі заманға зерттеушілер түрлі анықтама беруде: біріншілері «жаһандану ғасыры» деп атаса, екіншілері «постмодернистік», үшіншілері «ақпараттық» қоғам деп баға беруде. Бір анығы, біз «ақпараттық жарылысқа» негізделген қпараттанған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Қаласақ та, қаламасақ та заман ағымы осылай. Бүгінгі жаһанданған әлемдегі технологиялық инновацияның шарықтаған заманында: интернет, спутниктік байланыс арқылы мәтін, аудио, видеоақпараттардың тез арада әлемге таралуы, олардың географиялық, экономикалық, рухани аймақ шекарасынан ары шығып кетуі осының айғағы. Бұл процестердің қоғамдық сананың қалыптасуы мен өзгерісіне тигізер әсері мол. Осы тұста азаматтардың ақпараттық сауатты болуы маңызды. Сол себепті, қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз, оның болашақтағы салдарлары қандай болады, оның негізгі қырларын түсіну – бүгінгі таңда әлеуметтік-философиялық талдаудың маңызды міндеттері болып қалуда.

«Ақпараттық қоғам» идеясы алғаш рет өткен ғасырдағы 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында бірқатар ғалымдардың, атап айтқанда, Д.Белл мен Э.Тоффлердің зерттеулерінде көрін іс тапты. Олар адамзат өркениеті аграрлық және индустриялық даму кезеңдерінен кейін жаңа ақпараттық кезеңге қадам басады деп есептеген. Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасын зерттеушілер «технологиялық жаңашылдықтар түбегейлі мәдени және әлеуметтік өзгерістер туғызады, әлем мүлдем өзгеше болады» деген дәйектермен келтіреді.

Зерттеушілер атап өткендей, «жаһандық ақпараттық қоғам» термині ең алдымен саяси, экономикалық және мәдени -әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ақпарат пен білімнің рөлі үздіксіз артып отыруына байланысты дамитын аса ауқымды біртұтас ақпарат индустриясы деген ұғымнан тұрады. Бұл құбылыс

жаһандық компьютер желілерінің, бірінші кезекте интернеттің пайда болуымен тығыз байланысты. Осылардың дүниеге келуі және бүкіл әлемде басталып кеткен нарықты ырықт андыру әтижесінде, коммуникациялық қызмет түрлерінің арзандауы ақпараттық саланың күрт дамуының және оның әлеуметтік рөлі арта түсуінің негізгі екі факторы болып табылады.

Ақпараттық қоғам теориясы туралы, электронды қоғамның әлемдік тәжірибесі туралы Й. Масуда, О. Тоффлер, Г. Бехманн, Д. Белл, К. Акер, Дж., Б. Хак, Б. Лоудер, А. Макинтош сияқты көптеген шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Ақпараттық қоғамда ағартушылық, білім менғылым маңызды орынға ие. Ақпараттық қоғам – бұл, ең алдымен, «білім қоғамы», «ақыл -ой қоғамы», «интеллектуалды қоғам». Жапон әлеуметтанушысы, Жапониядағы ақпараттық қоғам құру Ұлттық бағдарламасының авторы Й. Масуда былай деп жазады: «ақпараттық қоғам алдыңғы қоғамнан толықтай ерекшеленетін қоғамның жаңаша түрі болады»

[72, 72].

Э.Фромм былай деп жазады: «Кибернетикалықдәуірде тұлға барған сайын манипуляция құрығына ілініп келеді. Жұмыс, қажеттілік, адамның бос уақыты жарнама мен идеологияның көмегімен толықтай басқару ықпалына түскен. Адам әлеуметтік кеңістіктегі өзінің белсенді, жауапты қызметін жоғалтып алады; толығымен «бақылау» құрсауында қалып, жалпы жоспарға алынбайтын кез келген мінез-құлық, әрекет, ой немесе сезім оған үлкен қолайсыздық тудырады деген түсінікке бой үйретеді; іс жүзінде ол кім болуы керек болса, сол адам. Егер өзол -өзімен жүргісі келсе, онда полицейлік мемлекеттерде өзінің бостандығы мен және тіпті өмірін де қатерге тігеді; демократиялық қоғамда мансабының өсуіне немесе жұмысын жоғалтып алу қаупіне ұшырайды, және ең бастысы, өзін оқшау жүргендей, басқалармен қарым-қатынасты үзгендей қорқыныштың шеңгеліне түседі» [73, 56]. БАҚ – кейде қоғамдық пікірді білдіретін және шынайы билікке ықпал ететін, тіпті оның мүмкіндіктерін бір сәтке болса да шектейтін күш. Осы арқылы медиамәдениет қоғам мен мемлекет, билік пен тұлға арасындағы делдал ретінде көрініс табады.

Сонымен бірге, ңажа билік қарым -қатынасы саяси биліктің механизмдеріне әсер ететін ақпараттық қоғамның жаңа мәдени формаларының туындауына негіз болуда, олар – медиамәдениет, ақпараттық мәдениет, желілік мәдениет т.б.

Медиамәдениетті бекерге «төртінші билік» деп атамайды, бұлай айтқанда, медианың адам сезімі мен санасына жүргізген қуатты, сан қырлы және ауқымды билігін ескеріп отыр. Масс-медиа қызметі, Н.Луманның пікірінше, «қоғам дық жүйелерді өзіндік бақылауды басқарудан тұрады, мұның аясында басқалардың ортасындағы кейбір нысандардың дербестелуі емес, әлемді жүйеге және сыртқы әлемге бөлудің тәсілдері ұғынылады» [74].

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, медиамәдениет ақпараттық қоғамның билеп-төстеуші мәдениеті, оның болмысы сөздік, дыбыстық және визуальды бейнелер көмегімен әлемнің социомәдени тұрпатын тудыратын

дәстүрлі және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының әрекетімен тығыз байланысты.

Компьютерлік жүйенің жылдамдықпен дамуы ХХғасырдағы ақпарат құралдарынан мүлде өзгеше сандық технологияға көшкен, жаңа құралға негізделген жаһандану заманының ақпарттық кеңістігін құрып отыр. Бүгінде Интернетте кең масштабтағы ақпараттық базасы бар, дауыс -дыбысымен сақталған, кері байланыс орнатылған мультимедианың барлық сипатын өн бойына сіңірген «онлайн - газеттер» мен «онлайн - журналдар» пайда болды. Зерттеушілердің болжауларынша, компьютерлік ақпараттық қатынас жүйесінің көмегі арқылы мерзімді баспасөз, радио, телевизия үшеуінің өзара бірігіп, бір-біріне сіңісу үрдісі жүрілмек.

Басқару мәдениетінде рационалды бастау, білім, заманауи концепциялар, ғылыми технология ерекше маңызға ие. Заманауи білімсіз қоғамды реформалауға, мемлекеттік реттеуді сауатты жүзеге асыру бүгінгі жағдайда мүмкін емес. Халықтың ақпараттануы мемлекет үшін қауіпті болмайды, керсінше егерқпарат уақытылы және толыққанды жететін болса, онда ол мемлекетүшін де, қарапайым халық үшін де пайдалы, игілікті болады.

Бүгінгі таңда ақпаратқа негізделген қоғамда басқару мәселесі өз өзектілігін жойған жоқ және ол болашақта жаңаша қарқын алуы мүмкін.

Заманауи саяси билікұрынғыб қоғамдық дамудың үрдістерінен арылып, жаңаша мәнге ие болуда. Бүгінгі таңда жеке тұлға мен қоғамға үлкен әсерін тигізетін БАҚ пен Интернет арқылы саяси билік жаңа идеологиялық ақпараттық-коммуникативтік ресурсқа ие болуда. Уақыттың жылдам өзгеруі, күн санап қоғамымызға еніп жатқан жаңашылдықтар сәйкесінше, саяси билік пен басқарудың жаңа түрлерін қажетсінуде. Ақпараттық желілер барлық сала мен билік құрылымдарын бір -бірімен араластырып жіберуде.

Бәрімізге белгілі ағылшынның «менеджмент» (басқару) сөзі өзінің бастауын латынның «манус - қол» деген сөзінен алған. Алғашқы кезде ол жануарларды басқаруға және жылқы малына бас білдіру өнерін білдірді. Содан кейінғана бұл сөз адам іс -әрекеті шеңберіне ауысып, адамдар мен ұйымдарды басқарудың тәжірибесі мен ғылым аймағын білдіре бастады. Басқару – бұл мақсатқа жету, қоғамның міндеттерін, пайдалы қорытынды алуға бағытталған, белгілі әдіс-тәсіл мен әрекеттердің көмегімен тиімді ұйымдастыру. Ерекше басқару болып жатқан әрекеттердің мәнін танудан, жаңа идеяларды ұсынумен, ақыл-ойға негізделген басқарудың деңгейімен анықталады. Инновациялық мақсат пен міндеттерді, бірегей әдістерді қолданбай басқару процесі тиімді болмайды. Негізінде басқарудың төрт негізгі қызметі бар: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Бүгінгі күні персоналды басқару мәселесі қоғамдағы ең өзекті сұрақтардың біріне айналуда.Әрбір басқарудың негізінде адами фактор тұруы қажет. Мысал ретінде жапон менеджментін айтуға болады. Жапонияның басқару мәдениеті классикалық европалық менеджмент тұжырымдамасы мен жапон дәстүршілдігінің қосындысынан құралған. Олар өздерінің төл

тұжырымдамасын жасап шығарды. Жаңа технологияның барлығы адамның еңбекке деген мотивациясын оятуға негізделген. Жапон өндірісі жұмысшы үшін келісім, қауіпсіздікке негізделген. Бұл өндірісті ұйымдастыруда техникалық жағына аса көп мән беретін американдық басқаруға қарағанда әлдеқайда тиімді.

Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс -әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.

Ақпараттық қоғамдағы басқару бірнеше мағынаға ие:

1.Қоғамдық пікірге, саясат пен мәдениетке, кәсіпкерлік іс-әрекетке ықпал ететін әлеуметтік және экономикалық институт ретінде.

2.Руханиөндіріс және медиаөнімдерді (газет, журнал, кітап, фильм, телебағдарлама, DVD, CD тауарлары) саласындағы басқару ісімен айналысатын адамдар тобы.

3.қпараттыА өндіру мен тұтыну процестерін, медиа техникалық - ұйымдастырушылық және әлеуметтік-экономикалық.

Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде олар биліктің ресурстары деп аталады. Биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:

-экономикалық (материалдық қажеттіліктер)

-әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)

-күш ресурстары (әскер, қару-жарақ, полиция)

-ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)

-демографиалық (адамең негізгі әлеуметтік құрал).

Осы ресурстардың ішінде қазіргі уақытта Э.Тоффлердің пікірінше білім мен ақпараттық құралдар әлемде ерекше маңызға ие бола бастады.

Ақпараттық қоғам алаңында ақпарат пен білімге негізделген жаңа биліктің түрі басымдыққа ие болып келеді. Жаңа биліктің негізгі сипаты болып – білімнің синтезі ретіндегі интеллект, ақпарат пен коммуникация, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың рухани күші басымдыққа ие болуда. Қоғам неғұрлым интеллектуалды қоғамға айналған сайын, ондағы қоғамдық пікір менәлеуметтік психикананың ерекшеліктерін ескермей, сол қоғамдағы басқару қиынырақ болады.

Соңғы жылдары адами, қаржылық, материалдық ресурстармен қатар басқару процесінің маңызды ресурстарының бірі ақпарат саналып отыр. Бүгінгі қалыптасып келе жатқан жаңа өркениеттің – ақпараттық өркениетте ақпарат стратегиялық маңызға ие болып отыр. Ақпаратты өндіру мен тұтыну қоғам өмірінің барлық саласындағы даму мен тиімді басқарудың негізіне айналып отырҚазіргі. заманғы талап бойынша, ақпарат тқа ие болу мүмкіндігі қоғамның барлық мүшелері үшін өмірлік маңызға ие құндылыққа

айналып отыр. «Әлем дегеніміз бір ұзын кабель болып шыққандай! Ақпарат

– білім алу емес, ақпарат – білуге мәжбүрлеу болып табылады» [75, 187 б.]. Ақпараттандыру адамзаттың жаһандық сарқылмас қорына айналып,

ақпарат билеген үздіксіз қозғалысқа ие дәуірге аяқ басты. Американдық әлеуметтанушы В. Дайзардтың анықтауынша, ақпарат – бұл, ұлттық шекаралар мен бөгеттерді білмейтін құбылыс [76, 2].

Бұл дәуірде басқару құбылысы құлақ естіп, көз көрмеген дәрежедегі мүмкіндікке ие. Ақпараттандыру, басқару мен ұйымдастыру жаңа өркениеттік дәуірде прогреске жетелейтін зор локоматив секілді мемлекеттердің дамуында қозғаушы күш қызметін атқаруда.

Ақпараттық қоғам төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: ақпараттық-технологиялық жарылыс тудырған қоғамның жаңа түрі; білім қоғамы; ақпарат алмасуда уақыт, кеңістік, саяси шекаралар деген ұғымдардың әсері жоқ жаһандық қоғам. Ақпараттық қоғам құру 1980 жылдардың аяғында барлық дамыған елдердің стратегиялық мақсаттарының біріне айналдыҮлкен. сегіздік елдері 2000 жылы шілденің 22 -сінде қабылдаған “Ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинавалық Хартиясында”: “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ХХI ғасырдағы қоғамның қалыптасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады” деп тұжырымдалды.

Әлеуметтік басқаруда ақпарат обьект пен субьект басқарудағы байланыстырушы буынқызметін атқарып, басқару іс -әрекетін дайындауды қамтамасыз етуде, басқарушылық шешім мен оның қортындысын сипаттауда үлкен мәнге ие.

Жалпы, ақпараттық саладағы проблемалардың зерттелуі мен ғылыми формасы және ақпараттық қауіпсіздіктің жүйесін дамыту мен құруында мемлекеттің өзіне ғылыми талаптарды орынды қалыптастыру қажет. Бұл жағдайда мемлекеттің алдында қоғамның даму бағдарламаларын жүзеге асыру, бұқаралық санада мемлекетті позитивті жағынан көрсетуде белсенді ақпараттық саясат жүргізген жөн болар. Отанға деген сүйіспеншілік, тұрақтылық, патриотизм секілді көңіл күйлерді орнықтыратын материалдарды жиі беру керек. Ақпарат құралдары бір Отан, бір мемлекеттік тіл, бірұлттық саясатты насихаттаушы біріккен күш, бірліктің ұйытқысына айналса ғана жекелеген қаржы немесе саяси топтардың қолшоқпары болу қауіпінен құтылады, тәуелсіз Қазақстан алдында тұрған басты міндет те осы.

ХХI ғасырда Қазақстанда жаңа басқару мәдениеті қалыптасуда. Оның негізгі мәні: ақпарат, білім, ғылыми жобалау, әлеуметтік модельдеу. Осының арқасында медиамәдениет қоғам мен мемлекет, индивид пен билік арасындағы делдал қызметін атқаруда.

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Қазақстан әлемдік өркениет көшінен қалмай, жаңа ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды игеріп, оны саяси жүйе мен жалпы қоғам өмірінде кеңінен қолданса ақпараттық ғасырдағы тұрақты даму жолына түспек. Заманауи әлемдік саяси тәжірибеде бұл жауапты міндетті электрондық үкімет жемісті жүзеге асыруда. Жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелер осы зерттеу тақырыбын таңдауымызға әсер етті. Тақырып өте маңызды, ол мемлекеттік басқаруды жетілдіруге ықпал ететін өткір мәселелермен тығыз байланысты.

Қазақстандықтардың жаңа қоғамға тез бейімделуші бөлігі компьютерлік қызметтерді: электронды ойындарды, E -mail бойынша хабарламаларды алу мен жіберуді, желіменқарым -қатынас жасауды, виртуальды дүкендерде тауарларды сатып алу мен сатуды, желінің әртүрлі сайттарында орналасқан жарнамаларды және тағы да басқаларды белсенді түрде игеріп келеді.

«Internet World Stats» агенттігі кезекті зерттеуәтижесін жариялады. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын «Мой мир», 558 мың рет қаралатын «Одноклассники», 252 мың рет қаралатын «Вконтакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook» -ті жатқызуға болады. Өк інішке қарай, қазақстандық ешбір сайт, портал мұндай кең аудиторияны әлі күнге дейін қамти алмай келе жатыр.

Қазақстандық ақпараттық өрісті бір мезетте бірнеше ақпараттық тасқын келіп құйылатын тоғанмен салыстыруға болады. Бұлардың ішіндегі ең қуаттысы – Ресейден құйылатын ақпараттық тасқын. Оның кәсібилік деңгейі өте жоғары телебағдарламасы, бірқатар радиостанцияларының хабар таралымы, ұрақты оқырмандары бар газеттері мен салыстырмалы түрде жақсы дамыған Рунеті қазақстандық кеңістіктің үлкен көлемін иеленуде. Біздің қазіргі таңдағы басты мақсатымыз қазақстандық аудиторияға шетелдік ақпарат тасқынына төтеп беретін, онымен иық теңестіре алатын жергілікті БАҚ-тың сапасын арттырып, мемлекетшілдік саясатымызды күшейтуіміз қажет. Бүгінгі таңда күш жинап келе жатқан Казнет бұған толықтай жол ашып отыр.

Қазақстан мәдениетінің аудиовизуальді кеңістігіндегі қазақ тілі ықпалының шекарасын кеңейту қазақтардың этномәдени сәйкестігінің қайта өрлеуіне жол ашты. Тіптен ұлты бойынша орыс, бірақ жаңалықтар бағдарламасын мүлтіксіз қазақ тілінде жүргізетін дикторлардың теледидар экрандарынан бойөрсетуік құбылысы, еш күмәнсіз, телекөрермендер санасында қазақ тілінің орнын нығайтуда үлкен әсер қалдырып отыр.

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Белгілі американ футурологы Э. Тоффлер біздің дәуірімізге тән негізгі белгілерді сипаттай отырып, мынадай баға береді: «Интерактивтілік, мобильділік, өзара байланыс мүмкіндігі, қайтымдылық, жаһандану секілді белгілер. Осылардың барлығы