Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ОБП_Урдабаева.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

1. Жұмыс түрлері:

Практикалық жұмыс, лабораториялық тапсырмалар, үй тапсырмасы, коллоквиум, тест, бақылау жұмысы, курстық жұмыс.

2. Жұмыс түрлерін бағалау критериилері:

Практикалық жұмыс: курс бойынша өтілген теориялық материалдарды тәжірибеде қолдануға дағдылану мүмкіндігін береді. Сабақ соңында студенттің теориялық материалдарды меңгеру деңгейіне және тапсырманы орындау белсенділігіне, жылдамдығына қарай балл қойылады.

Лабораториялық тапсырма: бағдарлама курсы бөлімдері бойынша жеке тапсырмаларды орындау.

Үй тапсырмасы: Анықталған тақырып бойынша шағын шығармашылық жұмыс беріледі. Ол таңдалған тақырып төңірегінде теориялық білімін тереңдету мақсатында жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы болып табылады. Бағалауда тақырыпты ашу, жазу стилі, көрнекілік есептелінеді.

Коллоквиум: Өтілген материалдар бойынша семестр бойына жазбаша немесе ауызша түрде бір рет өтіледі. Мерзімі және қабылдау түрі алдын-ала ескертіледі.

Аралық бақылау тестері: өтілген материалдар бойынша 10 және одан да көбірек тапсырмадан тұратын тесттер. График бойынша семестрде 2 рет өткізіледі.

Бақылау жұмысы: Өтілген материалдар курсы бойынша бақылау жұмысы теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды.

Курстық жұмыс: Анықталған тақырып бойынша шағын қосымша құру тапсырмасы беріледі. Ол таңдалған тақырып төңірегінде теориялық және практикалық білімін тереңдету мақсатында жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы болып табылады. Тапсырма тапсыру мерзімі алдын-ала хабарланады.

Қорытынды емтихан: Семестрдің соңында қорытынды емтихан өткізіледі, емтиханның мерзімі деканаттың кестесімен белгіленеді. Емтихан дәстүрлі түрде өткізіледі. Билетке курстағы программа бөліктерінің тапсырмалары енгізіледі, емтиханда дәріс конспектісін, оқулықты, кез-келген жазбаны қолдануға болмайды. Емтихан ережесін сақтамаған студент, емтиханнан босатылады және емтихан тапсырмаған болып есептелінеді.

Курстың барысы:

  1. Аудиториялық сабаққа дәріс, лабораториялық сабақ, ОСӨЖ материалды талдау, әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есеп шығару енеді. Әрбір сабаққа студент дайындықпен келуі керек.

  2. Әрбір дәрістік сабақта негізгі түсініктер мен анықтамалар беріледі. Студент сабаққа қатысуға және дәрісті жазуға міндетті. Қатыспаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу керек. Оқытушы әр студент үшін жеке дәрістік материал бермейді.

  3. Лабораториялық сабақта студентке лабораториялық жұмыстардың сипатттамасы беріледі және тақырып бойынша өз бетінше орындайтын тапсырма беріледі. Егер студент тапсырманы орындап үлгермесе, оны студенттің үйде орындауға болады

  4. Егер студентке бір нәрсе түсініксіз болса, міндетті түрде оқытушыдан сұрауы керек.

  5. Компьютер кабинетіне кіру оқытушы немесе оператордың рұқсатымен ғана жүзеге асады.

  6. Сабақ кестесінен тыс компьютер кабинетінде жұмыс жасау оператордың қатысуымен ғана орындалады.

Бағалау кестесі

Бақылау түрі

Апталар

Жалпы балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Қатысым

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

1500/15=100

2

Практикалық сабақ

*

*

*

*

*

*

600/6=100

3

Лабораториялық жұмысты орындау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

1000/10=100

4

Үй тапсырмасы

*

*

*

*

*

*

600/6=100

5

Коллоквиум

*

100

6

Тест

*

*

200/2=100

7

Бақылау жұмысы

*

100

8

Курстық жұмыс

*

100

9

Емтихан

100

Сабаққа қатысым:

Сабақ кестесіне қойылған барлық сабаққа қатысуға міндетті.

Сабаққа кешігу:

Кез келген себеппен сабаққа 2 рет кешіксе, ол 1 рет сабаққа қатыспаған болып есептеледі. Алдын-ала келісілген келісім бойынша сабақты өтеу бір рет қабылданады.

Ұялы телефондар:

Аудиторияда студент телефонды ағытып қою керек. Орындалмаған жағдайда тәртіп бұзылған болып есептелінеді.