Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ОБП_Урдабаева.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

Бақылау-өлшеу материалдары

Емтихан сұрақтарының тізімі:

  1. Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі концепциясы.

  2. Программаларды объектілі-бағытталған өңдеудің негізгі әдістері.

  3. C++ тілінің негізге түсініктері.

  4. Мәліметтер типі, әрекеттер, көрсеткіштер.

  5. С++ тілінің негізгі конструкциясы.

  6. Кластар сипаттамасы.

  7. Кластар компоненттері.

  8. Объектілерді құру.

  9. Мәліметтерге байланысу және әдістерді шақыру.

  10. Кластар компоненттеріне байланысуды шектеу құралдары.

  11. Кластарды, өрістерді және әдістерді мұра ету.

  12. Туынды кластардың іс-әрекеті.

  13. Кластың виртуальді және статикалық әдістері.

  14. Базалық класс компоненттеріне байланысу.

  15. Кластың функциялары мен әдістерінің бірге қолданылуы.

  16. Операторларды қайта жүктеу.

  17. Конструкторлар мен деструкторлардың жұмысы.

  18. Параметрсіз конструкторлар.

  19. Динамикалық жадымен жұмыс.

  20. Конструкторлар мен деструкторлар жұмыстарының ерекшеліктері.

  21. Енгізу-шығаруағындарының стандартты кластары.

  22. Қолданушы кластары үшін енгізу-шығаруды ұйымдастыру

  23. Жадыда енгізу-шығару үшін файлдар мен буферлерді қолдану.

  24. Форматтап шығару құралы.

  25. Ерекше жағдайларды өңдеу құралы.

  26. Ерекше жағдайлар кластарының иерархиясын өңдеу.

  27. Программалар компиляциясының, тақырыптық файлдардың және жүзеге асырудың бірліктері.

  28. Достық функциялар.

  29. Достық кластар.

  30. Контейнерлік кластар.

  31. Төтенше жағдайларды өңдеу.

  32. Полиморфим.

  33. Жай полиморфизм.

  34. Күрделі полиморфизм.

  35. Жалғызданған мұрагерлік.

  36. Көпше түрдегі мұрагерлік.

  37. Көшіру конструкторы.

  38. Параметрлі конструктор.

  39. Виртуальді функциялар.

  40. Абстрактілі кластар.

  41. Файлдық ағындар.

  42. Жолдық ағындар.

  43. Препроцессор директивалары, макростар.

  44. Атаулар кеңістігін ұйымдастыру.

  45. Стандартты кітапханаларға арналған атаулар кеңістігі.

  46. Шаблондық функциялар. Сипаттау және қолдану.

  47. Шаблондық кластар. Сипаттау және қолдану.

  48. Әдістерді жүзеге асыру.

  49. Стандартты шаблондық контейнерлі кластар. Негізгі әдістер.

  50. Итераторлар. Топтар.

  51. Кластар иерархиясы.

Тест сұрақтары:

1. Класс типті айнымалылар қалай аталады?

a) өрістер b) әдістер c) объектілер d) мұрагерлік

2. Класс функциялары бұл -

a) өрістер b) әдістер c) объектілер d) полиморфизм

3. Қандай да бір класстан жаңа класс алу механизмі

a) полиморфизм b) мұрагерлік c) инкапсуляция d) интерфейс

4. Класстың ішінде анықталатын класс - бұл

a) локальді b) іштестірілген c) абстрактілі d) полиморфты

5. Құрылу кезінде объект инициализациясы үшін автоматты түрде шақырылады

a) деструктор b) функция c) конструктор d) мұрагерлік

6. Аргументсіз шақыруға болатын конструктор

a) көшіру конструкторы b) үнсіз жағдай конструкторы

c) параметрлі конструктор d) меншіктеу конструкторы

7. Объектілер жиынын және оларға қолданылатын амалдарды сипаттау - бұл

a) объект b) әдіс c) тұрақты d) класс

8. Қай бөлімде жарияланған класс компоненттері қорғалған деп аталады?

a) public b) private c) protected d) class

9. Қай бөлімде жарияланған класс компоненттері ішкі деп аталады?

a) public b) private c) protected d) class

10. Қай бөлімде жарияланған класс компоненттері жалпы деп аталады?

a) public b) private c) protected d) class

11.Объект жойылу кезінде автоматты түрде шақырылады

a) деструктор b) функция c) конструктор d) мұрагерлік

12. Мұрагерліктің неше түрі бар?

a) 4 b) 3 c) 2 d) 1

13. Мұрагерлік түрі protected түрінде анықталып, базалық класста компонент public түрінде сипатталса, туынды класта компонент қандай түрде көрінеді?

a) public b) private c) protected d) мүмкін емес

14. Мұрагерлік түрі public түрінде анықталып, базалық класста компонент protected түрінде сипатталса, туынды класта компонент қандай түрде көрінеді?

a) public b) private c) protected d) мүмкін емес

15. Мұрагерлік түрі private түрінде анықталып, базалық класста компонент protected түрінде сипатталса, туынды класта компонент қандай түрде көрінеді?

a) public b) private c) protected d) мүмкін емес

16. Функция-оператор түрлері

a) жай және күрделі b) жай және компонентті c) бір орынды және екі орынды d) жай және екі орынды

17. Функция-операторды шақыру формалары

a) стандартты және стандартты емес b) стандартты және виртуальді c) стандартты және операторлы

d) операторлы және операторсыз

18. Егер функция-оператор кластың кез келген компоненттеріне қатынауы қажет болса, онда оны қандай спецификатормен сипаттау керек?

a) public b) friend c) fixed d) operator

19. Функцияның қайтаратын мәнінің жоқтығын қандай сөз білдіреді:

a) Main. b) Void. c) Function. d) Procedure.

20. Функция мәнін қайтару инструкциясын таңдаңыз:

a) return b) end c) define d) typedef