Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ОБП_Урдабаева.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

Тақырыбы: Операторларды қайта жүктеу

Мақсаты – операторларды қайта жүктеу түсінігімен тереңірек танысу, операторларды қайта жүктеуді нақты есептерде қолдана білу және амалдарды қайта анықтауды үйрену.

Тапсырмалар:

Төмендегі тапсырмаларды орындау барысында міндетті түрде операторларды қайта жүктеңіз:

  1. «Калькулятор» программасы. Қарапайым калькулятор.

  2. «Электроэнергия» программасы. Программа санағыш көрсеткіштері бойынша электроэнергия үшін төленетін төлем сомасын есептеу қажет.

  3. «Конвертор» программасы. Программа бағаны доллардан тенгеге, рубльден тенгеге, салмақты фунттан килограммға есептеп беру қажет.

  4. Матрицаларға арифметикалық амалдар қолдану. Қолданушы матрица өлшемін өз бетінше таңдап, кез келген амалды орындау мүмкіндігін қарастыру.

  5. Бір өлшемді массивтермен жұмыс жасауды ұйымдастыратын қосымша құру. Массив өлшемін өзгертетін әдіс құру. Әдіс қажетті өлшемді жаңа массив құрып, сол массивке ескі массив элементтерін жазу амалын орындау қажет.

  6. Бір өлшемді массивтермен жұмыс жасауды ұйымдастыратын қосымша құру. Массив өлшемін өзгертетін әдіс құру. Әдіс қажетті өлшемді жаңа массив құрып, сол массивке ескі массив элементтерін жазу амалын орындау қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Операторды қайта жүктеу дегеніміз не?

  2. Қайта жүктеу дегеніміз не?

  3. Қандай операторларды қайта анықтауға болмайды?

  4. Қайта анықталған операторларды шақыру формалары қандай?

СӨЖ нәтижелері: алгоритм, программалар жазу.

Бақылау: ағымдық – практикалық және лабораториялық сабақтарда, аралық – аттестация және қорытынды бақылау кезінде ескеріледі.

Әдебиеттер:

  1. Г.С. Иванова и др. ООП: Учебник для вузов, М., Изд-во МГТУ им.Баумана, 2003.- 368 с.

  2. Павловская Т.А. С и С++. Программирование на языке высокого уровня.

  3. Р. Лафоре. Объектно-ориентированное программирование в С++.4-е издание. Питер.2004

  4. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке Си: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004

Тақырыбы: Ағындық кластар

Мақсаты – С++ тіліндегі ағындар, соның ішінде файлдық ағындармен танысу, ағындық кластармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Тапсырмалар:

Тапсырмаларды орындауда файлдық ағындарды қолданыңыз:

  1. «Үй кітапханасы» класын сипаттау. Кітаптардың кез келген санымен жұмыс жасау мүмкіндігін, қандай да бір параметрі бойынша (мысалы, авторы бойынша немесе шығарылған жылы бойынша) кітапты іздеу мүмкіндігін, кітапханаға кітап қосу, кітапты өшіру, әртүрлі өрістері бойынша кітаптарды сұрыптау мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.

  2. «Жазба кітапшасы» класын сипаттау. Жазбалардың кез келген санымен жұмыс жасау мүмкіндігін, қандай да бір белгісі бойынша (мысалы, фамилиясы, туған жылы немесе телефон номері бойынша) жазбаны іздеу мүмкіндігін, жазбаны өшіру және қосу, әртүрлі өрістері бойынша жазбаларды сұрыптау мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.

  3. «Студенттік топ» класын сипаттау. Студенттердің әртүрлі санымен жұмыс жасау мүмкіндігін, студентті қандай да бір белгісі бойынша (мысалы, фамилиясы, туған жылы немесе телефон номері бойынша) іздеу мүмкіндігін, жазбаны өшіру және қосу, әртүрлі өрістері бойынша сұрыптау мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.

  4. «Пәндік көрсеткіш» класын сипаттау. Көрсеткіштің әр компоненті сөзді және осы сөз кездесетін беттер номерлерін қамтиды. Бір сөзге қатысты беттер саны 1-ден 10-ға дейін. Көрсеткішті клавиатурадан және файлдан құру, көрсеткішті шығару, берілген сөз үшін тиісті беттер номерлерін шығару, көрсеткіштен элементті өшіру мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.

  5. «Телефон анықтамалығы» программасы. Анықтамалықтан ақпаратты қарауды, жаңа мәлімет енгізуді, номер және фамилия бойынша іздеуді ұйымдастыру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ағын түрлерінің бір-бірінен ерекшелігі неде?

  2. Ағындық кластар дегеніміз не?

  3. Ағынның түрлері қандай?

СӨЖ нәтижелері: алгоритм, программалар жазу.

Бақылау: ағымдық – практикалық және лабораториялық сабақтарда, аралық – аттестация және қорытынды бақылау кезінде ескеріледі.

Әдебиеттер:

  1. Гради Буч. Объектно - ориентированный анализ и проектирование с примерами приложений на С++. - М.: Изд. Бином, Невский Диалект, 1998.

  2. А.В. Замулин. Курс лекций: ООП (С++, Ява, C#)

  3. Р. Лафоре. Объектно-ориентированное программирование в С++.4-е издание. Питер.2004

  4. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке Си: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004