Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ОБП_Урдабаева.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать
  1. Жұмысты орындау тіртібі

1. Теориялық мәліметпен танысыңыз.

2. 1-ші программаны талдаңыз.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

- field1 өрісін модификациялау мүмкіндігіне ие болу үшін SetField әдісін кластың ашық бөлігіне орналастырса қалай болады?

- field2 өрісі үшін екі параметрі бар конструкторға үнсіз бір мәнді қосса қалай болады?

- First класына параметр ретінде field3 өріснің мәнін қабылдайтын және field2 өрісінің мәнін үнсіз түрде тағайындайтын үшінші конструктор қосса қалай болады?

- field3 үшін кіріс параметрін, ал field2 мәнін үнсіз түрде инициализациялау қажет болса қалай болады?

3. Өзіндік жұмыс тапсырмасын орындаңыз.

  1. Өзіндік жұмыс тапсырмалары

1. Командалық жолдан енгізілетін екі операндпен есептеулер орындайтын класс құрыңыз. Амал таңбасы да командалық жолда көрсетіледі. Нәтижені экранға шығаруды қамтамасызетіңіз.

2. Компьютер экранында берілген координаттарымен көпбұрыш сызатын класс құрыңыз. Координаттар конструктор координаталары ретінде беріледі. Егер координата 0-ге тең болса, онда бұрыш болмайды.

3. histogram конструкторының параметрлері ретінде берілетін белгілі бір интервалдағы сандарды есептеуді жүргізетін histogram (гистограмма) класын анықтаңыз. Гистограмма үшін мәліметтер тексттік файлда берілген. Гистограмманы экранға шығару функциясын қамтамасыз етіңіз.

4. Қалыпты түрде таратылған сандарды генерациялайтын класты анықтаңыз. Класта тарату параметрлерін беретін конструктор және мәліметтер кестесін экранға және файлға шығаратын функция болады.

5. Уақыт түсінігін жүзеге асыратын Time класын анықтаңыз. Алдыңғы және кейінгі уақытты есептейтін, экранға шығаратын программа құрыңыз. Ағымдық уақыт клавиатурадан енгізіледі немесе компьютердің жүйелік уақытан оқылады.

6. Дата түсінігін жүзеге асыратын Date класын анықтаңыз. Құрылған класты қолданатын программа құрыңыз. Ол алдынғы және кейінгі күнді есептеуі керек. Клавиатурадан енгізілген немесе жүйелік датаны алып, ағымдық датаны тағайындап, баспаға шығаруы керек.

7. Жылдағы ай түсінігін жүзеге асыратын MeсяцГода класын анықтаңыз. Осы клаты қолданатын программа құрыңыз. Ол алдынғы және кейінгі айды есептеуі керек. Клавиатурадан енгізілген немесе жүйелік датаны алып, ағымдық датаны тағайындап, баспаға шығаруы керек.

8. Шейхтың ұшақтары бар. Енгізілген идентификатор бойынша әрбір ұшақ туралы ақпарат шығаратын программа құрыңыз. Маңызды болып есептелетін 3-4 қасиетті ғна алыңыз.

Мысал:

Аты: Боинг 4HG23

Жылдамдығы: 1223

Макс.биіктігі: 234

Пассажирлер саны: 121

Статусы: кеше құлаған

9. СтрокаВвода деп аталатын класс анықтаңыз және оны қолданатын программа құрыңыз. Жолдармен жұмыс жасауға арналған функцияларды анықтаңыз.

10. Файлдармен жұмыс жасауға арналған File класын анықтаңыз. File класының С тіліндегі файлдармен жұмыс жасауға арналған стандартты функциялармен әрекетесу мүмкіндігі болуы керек.

11. Жазба кітапшасында мынадай ақпарат сақталған:

Парақ: таныс, телефон номері

Таныс: фамилиясы, аты, әкесінің аты

Парақтағы жазба саны – 1…20

А…Я-ға дейінгі парақтар саны

Жазба кітапшасына мәліметтер клавиатурадан енгізіледі.

Берілген фамилия бойынша мәліметтің бар-жоқтығын немесе номер телефоны бойынша иесін анықтайтын программа құрыңыз.

12. Қала тұрғындарының мәліметтер қоры бар:

Тұрғын: фамилия, қала

Адрес: көше, үй, пәтер

Мәліметтер қорға файлдан оқылады.

Әр түрлі қалаларда, бірақ бірдей адресте тұратын екі тұрғын туралы мәлімет шығарыңыз.