Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ОБП_Урдабаева.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

3. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы):

  1. Операторларды қайта жүктеу арқылы қарапайым калькулятор құру.

  2. Бүтін сандар үшін анықталған функцияларды нақты сандар үшін қайта жүктеу.

  3. Жол үшін анықталған функцияны символ үшін қайта жүктеу.

БЛИЦ-ТЕСТ:

1. Функция-оператор түрлері

a) жай және күрделі b) жай және компонентті c) бір орынды және екі орынды d) жай және екі орынды

2. Функция-операторды шақыру формалары

a) стандартты және стандартты емес b) стандартты және виртуальді

c) стандартты және операторлы d) операторлы және операторсыз

3. Егер функция-оператор кластың кез келген компоненттеріне қатынауы қажет болса, онда оны қандай спецификатормен сипаттау керек?

a) public b) friend c) fixed d) operator

4. Функцияның қайтаратын мәнінің жоқтығын қандай сөз білдіреді:

a) Main. b) Void. c) Function. d) Procedure.

5. Функция мәнін қайтару инструкциясын таңдаңыз:

a) return b) end c) define d) typedef

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Г.С. Иванова и др. ООП: Учебник для вузов, М., Изд-во МГТУ им.Баумана, 2003.- 368 с.

  2. Павловская Т.А. С и С++. Программирование на языке высокого уровня.

  3. Р.Вайнер, Л.Пинсон. С++ ИЗНУТРИ.

  4. Р. Лафоре. Объектно-ориентированное программирование в С++.4-е издание. Питер.2004

  5. Г. Шилдт. Самоучитель C++. - Санкт-Петербург, Изд. BHV, 2004.

  6. А.В. Замулин. Курс лекций: Объектно-ориентированное программирование (С++)

  7. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке Си: Учебное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004

Практикалық жұмыс №9-10 енгізу-шығару ағындары

ЖҰМЫС МАҚСАТЫ: Ағындарға енгізу-шығару амалдарын қолдануды, енгізу-шығару амалдарын қайта жүктеуді, кластың статикалық функция – мүшелерін қолдануды меңгерту.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ:

  1. Негізгі теориялық мәліметтерді қайталау.

  2. Тапсырма ретінде берілген есептерді шығару.

  3. Өз бетімен орындауға үй тапсырмасын беру.

  4. Сабақты қорытындылау. Блиц-тест.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Ағын дегеніміз не?

  2. Ағынның қандай түрлері бар?

  3. Файлдық ағындар.

  4. Жолдық ағындар.

  5. С++ тіліндегі стандартты ағындар?

ГЛОССАРИЙ

Ағын – бұл мәліметтерді жіберушіден алуға кез келген тасымалдау түріне қатысты абстрактілі ұғым.

Бағыты бойынша ағандар енгізу, шығару және екі бағытталған болуы мүмкін.

Стандартты ағындар – мәліметтерді клавиатурадан экранға жіберу үшін арналған.

Файлдық ағындар – сыртқы тасымалдаушылардағы файлдардан мәлімет алмасу үшін арналған.

Жолдық ағындар – оперативті жадыдағы символдар массивімен жұмыс жасау үшін арналған.

  1. Орындауға арналған тапсырмалар:

  1. Алдыңғы жұмыста орындалған тапсырма үшін класс объектілерін енгізу-шығару амалдарын қайта жүктеу, жеке объектіні және кластың барлық объектілерінің тізімін консольдан текстік файлға немесе керісінше ыңғайлы түрде енгізу-шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін функцияны өңдеу.

  2. Демонстрациялық программаны, оған объектілер санын өзгерту үшін конструкторлар мен деструкторлардың өңделген функцияларын шақыруды қоса отырып өзгерту.

  3. «Кітапхана» класын сипаттау. Кітаптардың кез келген санымен жұмыс жасау мүмкіндігін, қандай да бір параметрі бойынша (мысалы, авторы бойынша немесе шығарылған жылы бойынша) кітапты іздеу мүмкіндігін, кітапханаға кітап қосу, кітапты өшіру, әртүрлі өрістері бойынша кітаптарды сұрыптау мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Бастапқы мәліметтерді файлдан оқып алып, нәтижені екінші файлға жазу.

  4. «Көрсеткіш» класын сипаттау. Көрсеткіштің әр компоненті сөзді және осы сөз кездесетін беттер номерлерін қамтиды. Бір сөзге қатысты беттер саны 1-ден 10-ға дейін. Көрсеткішті клавиатурадан және файлдан құру, көрсеткішті шығару, берілген сөз үшін тиісті беттер номерлерін шығару, көрсеткіштен элементті өшіру мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.