Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1урв.docx
Скачиваний:
77
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
79.38 Кб
Скачать

Жай септеу үлгісі:

Атау септік – кім? не? Дос, әке, гүл

Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, әкенің, гүлдің

Барыс септік – кімге? неге? Досқа, әкеге, гүлге

Табыс септік – кімді? нені? Досты, әкені, гүлді

Жатыс септік – кімде? неде? Доста, әкеде, гүлде

Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, әкеден, гүлден

Көмектес септік – кіммен? немен? Доспен, әкемен, гүлмен

 

2) Тәуелді септеу – септік жалғауының тәуелденген сөзге жалғануы.

 

Тәуелді септеу үлгісі:

Атау – Кімім? Кімі? Нем? Досым, әкесі, гүлім

Ілік – Кімімнің? Кімінің? Немнің? Досымның, әкесінің, гүлімнің

Барыс – Кіміме? Кіміне? Неме? Досыма, әкесіне, гүліме

Табыс – Кімімді? Кімін? Немді? Досымды, әкесін, гүлімді,

Жатыс – Кімімде? Кімінде? Немде? Досымда, әкесінде, гүлімде

Шығыс – Кімімнен? Кімінен? Немнен? Досымнан, әкесінен. гүлімнен

Көмектес – Кіміммен? Кімімен? Неммен? Досыммен, гүліммен, әкесімен

 

Жіктік жалғау бастауыш пен баяндауышты жақ және шақ жағынан қиыстырабайланыстырады. Сөздерге жіктік жалғаудың жалғануы сөздің жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз сөйлемде негізінен баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Мен гимназия мектебінің оқушысымын.

 

Қазақ тілінде есім сөздер де, етістік те жекеше және көпше түрде жіктеледі.

 

ЖЕКЕШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

КӨПШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ

Мен азаматпын, отырмын

Сен азаматсың, отырсың

Сіз азаматсыз, отырсыз

Ол азамат, отыр

Біз азаматпыз, отырмыз

Сендер азаматсыңдар, отырсыңдар

Сіздер азаматсыздар, отырсыздар

Олар азамат, отыр

 

Сөзге қосымшалардың жалғануының орын тәртібі болады. Жұрнақ сөз тудыратын және онытүрлендіретін бөлшек болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын жалғанады.Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі болғандықтан, сөздің соңында келеді. Мысалы, үгіт+ші+лер+іміз+дің, кітап+хана+шы+лар+ымыз+бен, жапырақ+ша+лар+ы+ның, көл+шік+тер+де, т.б.

27. Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама жәнеқайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарланып немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір долы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адам-зат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.(Абай) Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер - қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп тұр: жан - жануар - бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата - анадай ең жақынтуғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылады. Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]