Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1урв.docx
Скачиваний:
77
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
79.38 Кб
Скачать

31.Зат есімнің түрлері

1. тұлғасына  қарай : негізгі зат есім и туынды зат есім 2. құрамына қарай : дара зат есім и күрделі зат есім 3. мағынасына қарай : деректі зат есім и дерексіз зат есім 4. атауына қарай : жалқы есім и жалпы есім

33.Есімдік.Есім сөздердің орнына қолданылатын есімдік деп атаймыз.

Есімдік түрлері : құрамына қарай:

  • Дара

Мысалы: мен, сен, ол.

  • Күрделі

Мысалы: бірнеше, кейбіреу, қай-қайсысы.

тұлғасына қарай:

  • Негізгі

Мысалы: бұл, міне.

  • Туынды

Мысалы: біреу, мынау, барлық.

мағынасына қарай:

  • Жіктеу

Мысалы: мен, сен, сіз, ол, олар, біз.

  • Сілтеу

Мысалы: бұл, сол, мынау, осы, міне, анау.

  • Сұрау

Мысалы: кім? не? неше? қай? қалай? қашан?

  • Өздік

Мысалы: өз, өзім, өзі.

  • Белгісіздік

Мысалы: кейбіреу, әлдеқайда, әлдеқандай, әрқалай.

  • Болымсыздық

Мысалы: ешкім, ешқашан, ешқайда, ешқандай.

  • Жалпылау

Мысалы: бәрі, бүкіл, барлық, бүтін, түгел.

36.Үстеу - заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.

  1. Мезгіл үстеулер

  2. Мекен үстеулер

  3. Мөлшер үстеулері

  4. Сын үстеулері

  5. Күшейту үстеулері

  6. Мақсат үстеулері

  7. Себеп-салдар үстеулері

  8. Топтау үстеулері

37.Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. 

38.Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.

46.Одағайлардың түрлері

Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізгі одағайлар

Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды

Туынды одағайлар

Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.

Ишарат одағайлар

Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).

Жекіру одағайлары

Адамға арнайы айтылатын одағайлар.

  • Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні )

  • Ұсыну сөздері (мә, айда)

  • Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт)

Жануарға арнап айтылатын одағайлар

Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы:

  • түйеге: көс, көс! сорап, сорап!'қош-қош!"

  • қой мен ешкіге: пфша (пішә), құрау-құрау! шәйт! шек! шеге, шеге!

  • жылқыға: моһ, моһ! тәк, тәк! құрау, құрау! құр, құр!

  • ит пен мысыққа: кә, кәһ! күшім, күшім! мышы-мышы! пырс!

Шақыру одағайлары

Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді.

Көңіл-күй одағайлары

Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:

  • а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);

  • ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);

  • б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.

Императивтік одағайлар

Адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді:

  • а) адамға бағышталып айтылған одағайлар. Бұған бұйыру, жекіру, тиым салу т. б. мақсатында жұмсалған (Жә! Тәйт! Сап-сап! Әуһ! Әлди-әлди! Әйда!) сөздері жатады.

Тұрмыс-салт одағайлары.

Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жұмсалатын Хош! Рахмет! Ассалаумағапайкүм! Хайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады.

Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бір мағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т. б.) және көп мағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т. б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар — эмоционалдық-интонационалдық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар - негізінен, түрленбейтін, қосымашаларды кеп қабылдай бермейтін сөздер. О-лар арасында жеке-дара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындар да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т. б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т. б.) түрлері кездеседі. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, шу дегеннен, әу деді т. б.)

45. Сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.

Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы:Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар 

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу 

Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған 

Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздеймейман келеді деп күтілудеБазаралының қасында бес-алты кісі қалған .

Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы: Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.

42.Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.

Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жайсалыстырмалыкүшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]