Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1урв.docx
Скачиваний:
77
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
79.38 Кб
Скачать

Қайталама қос сөздер

Бір түбірден екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Оладың жасалу жолдары мынадай: 1) қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы, мысалы тау - тау астық, көре-көре еөсем болады, т.б.; 2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы, мысалы: көзбе-көз айтты, ауыл-ауылды аралады, т.б.; 3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы, мысалы: өзді-өзіне айтты, қолды-қолымен кетті, т.б.; 4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына м, п дыбыстары қосылып жасалуы, мысалы; ет-мет, шай-пай, түйе - мүйе, т.б.; 5)еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы, мысалы: тарс-тұрс дыбыс, жалт - жұлт етті, т.б.; 6) түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы, мысалы: үп-үлкен, қып-қызыл, т.б.

Қосарлап қос сөздер

Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді, мысалы: аяқ - табақ, құрт-құмырсқа және т.б.

Тіркескен сөздер Екі я одан да көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркескен сөздер деп аталады. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болып келеді, бірақ бөлек жазылады. Мысалы: боз торғай, сөз таптары, қара торы, уш жуз т. б. Тіркескен сөздерге күрделі зат есімдер (мәдениет сарайы, Алматы қаласы, ауыл шаруашылығы т. б.), күрделі сын есімдер (кара кер, бидай өңді, ат жақты, ұзын бойлы т. б.), күрделі сан есімдер (он үш, екі жүз сексен бес т. б.), күрделі үстеулер (күні бойы, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін т. б.) жатады.

28. Біріккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер. Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.

Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:

а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн;

ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз (ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б.

Кейбір Біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған. Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ +іні), білезік(білек+жүзік).

Біріккен сөздердің өзіне тән графикалық ерекшелігі бірігіп жазылу не дефис арқылы жазылуы. Біріккен сөздер негізінен, сөз тіркесінен туатындықтан, олардың құрама бөліктерінің өзіне тән тіркесу тәсілдері бар:[1]

  1. салалас тіркескен Біріккен сөздер (компоненттері тең дәрежеде): біртұтас, желмая, қолхат, жолсерік, өнеркәсіп, ақсары, т.б.);

  2. сабақтаса тіркескен Біріккен сөздер (компоненттерінің арасында басыңқы, бағыныңқы қатынас, көбінесе, анықтауыштың не толықтауыштың қатынасы болады): алабұға,қолөнер, жиһанкез, қоғамтану, алжапқы, жанашыр, т.б.

Екі компоненттің бірігуі арқылы пайда болған Біріккен сөздерді сөзжасамның бір тәсілі деп қарауға болады. Олар әр түрлі мағына береді:

  1. адам, зат, өсімдік, жануар, ұғым атауы. Мысалы, бой+жеткен, қол+жазба, қой+бүлдірген, ақ+құман, алты+атар, алты+бақан, т.б.

  2. экспрессивті ауыспалы мағына. Мысалы, ақ+жүрек, ақ+ +көңіл, ақ+сүйек, ала+ауыз, алып+сатар, арам+тер, ашық+ауыз, бақ+құмар, басы+байлы, бет+ашар, қаңғы+бас, т.б.

29.Қысқарған сөздер  Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, кейде қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы: Машина-трактор станциясы деген МТС болып, Америка Құрама Штаттары деген АКШ болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы деген Б¥¥ болып, Қазақтың мемлекеттік университеті деген ҚазМУ болып кысқарып та жұмсалады. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алуын қысқарған сөздер дейді.

Күрделі атаулар әр түрлі жолдармен кыскартылады. 1. Күрделі атау құрамыңдағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: Б¥¥ — Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҒА — Ғылым Академиясы, ХШЖК — Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, КТУ — кәсіптік-техникалық училище т. б. Бұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады. Мысалы: АКШ-тың (Америка Құрама Штаттарының), ҒА-нан (Ғылым академиясынан). 2. Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің бас буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: ҚазМИ — Қазақтың медицина институты. Бұндай қысқарған сөздердің бірінші буынындағы бірінші әріп пен кейінгі сөздерден қысқартылып алынған бірінші әріптері бас әріппен жазылады да, оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазМУ-дің (Қазақтың мемлекеттік университетінің) студенті, ҚазТАГ-тің (Қазақтың телеғраф агенттігінің) мәлімдемесі. 3. Күрделі атау құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің бірінші буыны мен келесі сөз тұтасымен бірігіп құралады. Бұндай қысқарған сөздер кіші әріппен жазылады да, қосымша әдеттегі сөздей (дефис арқылы емес) жалғанады, яғни қосылып жазылады. Мысалы: обкомға (облыстық комитетке) барды, ауаткомда (аудандық атқару комитетінде) болды, педучилищеге (педагогтік училищеге) түсті, медпункттің (медициналық пункттің) алдында т. б. 4. ГАЗ-51, ТУ-154, Ил-86, АН-24 тәрізді техника түрлерінің (самолет, машина, трактор т. б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұңдай қысқарган сөздер бас әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ТУ-154-пен ұшып келді. 5. Әр түрлі өлшемнің атауы болып табылатын м (метр), см (сантиметр), кг (киллограмм), т (тонна), га (гектар), ц (центнер), т. б. (тағы басқа), тәрізді белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұлар кіші әріппен жазылады да, қосымша жалғанбайды.

30.Сөз таптары  Қазақ тілінде келесі сөз таптары бар  Зат есім (бет, қол)  Сын есім (қызыл, биік)  Сан есім (бір, жүз)  Есімдік (мен, сен)  Етістік (бару, жазу)  Үстеу (тез, таза)  Шылау (үшін, туралы)  Еліктеу сөз (күмп, тарс-тұрс, ыржың-ыржың)  Одағай (алақай, тәйт, құрау-құрау) 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]