Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

bimbetov_tasymaldau_umk_kz

.pdf
Скачиваний:
178
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Арқан сымдары таза немесе мыршталған болаттардан жасалып( [sвр ]=1,4 - 2,2 ГПа

немесе 140-220 кг/мм), тұтқырлық қасиеттеріне байланысты үш түрге бөлінеді: В(жоғарғы), Т және П.

Адамдарды көтеріп-түсіруге арналған арқандар В-түрлі сымдардан, ал қалғандары Т және П-түрлерінен жасалады. Мыршталған сымдар ұзақ мерзім қызмет етеді, себебі мырыш қабаты оларды коррозиядан корғап, сым арқандарындағы үйкелісті азайтады.

Кеніштік көтерім қондырғылары үшін сапасы, конструкциясы және өрімі бойынша 7668-80 мемлекеттік стандартына сәйкес келетін болат арқандар қолданылады.

Арқан сымдарының диаметрі 0,5-тен 4,0 мм-ге дейін қабылданады.

Арқан сымдары таза болат және мырышталған болуы мүмкін. Тың қабаттары (целиковые покрытия) үш топқа бөлінеді:

ЛС – жеңіл жағдайда жұмыс істейтін арқандар үшін; СС – орташа жағдай үшін; ЖС – ауыр жағдай үшін.

Көлденең қимасының пішіні бойынша арқандар жалпақ және дөңкелек болып бөлінеді.

Жалпақ арқандар төрт өрімді стренгалардан (әдетте 8) тұрады. Олар қатар орналасып жіңішке трос тәріздес арқаумен тігіледі.

Стренга – күрделі конструкциялы арқанның құралдық бөлігі болып саналатын, қос өрімді арқан. Стренгаларды сол және оң өрімдермен кезектестіріп жатқызады. Олардың артықшылығы, бұралмайды бірақ арқаулары желініп істен тез шығады. Сонымен қатар, пайдалану барысында салмақтың арқан ені бойынша біркелкі бөлінбеуі себебінен кейбір стренгалар өзгелерінен артық созылады. Мұндай арақандардың қызмет мерзімі дөңгелек арқандармен салыстырғанда 2 еседей кем. Жалпақ арқандар көтерімде аяққы арқан (хвостовые) ретінде қолданылады.

Дөңгелек арқанның диаметрі – деп, оның көлденең қимасының сыртында сызылатын шеңбердің диаметрін түсіну керек.

Дөңгелек арқандар бір, екі және үш өрімді болып жасалады. Бір өрімді арқандар өзекшеден, оның сыртында бірнеше қабат өрілген сымдардан тұрады. С мдар бірдей

диаметрлі дөңгелек, әр түрлі диаметрлі дөңгелек, пішінді болулары мүмкін.

 

Екі өрімді арқандар бір қатарлы және

көп қатарлы

болады. Олар бір

бағытта

параллель немесе крест тәріздес өрімдермен жасалады.

 

 

 

Көтерім машиналары. Көтерім машиналарынын орау органдары.

 

 

Көтерім машиналарының орау органдары негізгі үш түрге бөлінеді: тұрақты

орау радиусты,

айнымалы радиусты, көп арқанды үйкеліс шкивтер.

 

 

Тұрақты

радиусты

орау

органдарына

цилиндрлік

барабандар

және үйкеліс

шкивтері жатады.

 

 

 

 

 

Тау-кен өндірісінде арқанды бір және көп қабатқа орайтын цилиндрлік барабандар кең

тараған. Бір

қабатқа

орайтын

цилиндрлік

барабандарды700м-ге дейінгі

тереңдікті

шахталарда, ал көп қабаттыларын терең шахталарда қолданады.

ТМД және Батыс Европа елдерінде терең шахталарға айнымалы орау радиусты көтерім машиналарын қояды. Соңғы жылдары үлкен терендіктерден көтеру үшін, көп арқанды көтерім қондырғыларын қолдану кеңінен тарауда.

Цилиндрлік барабанды көтерім машиналары бір және екі барабанды болады. Екі барабанды көтерім машиналарында бір барабан машинаның түпкі білігімен берік жалғасқан (сыналанған), ал екіншісі түпкі білікте еркін орналасқан (қайта қойылатын)

және арнайы қайта қосу механизмі мен түпкі білікпен жалғаса және ажырай алады. Барабандардың кез келгені қайта жалғасатын болуы мүмкін, бірақ әдетте кіші екі

барабанды көтерім машиналарында, олар оң жақта болып келеді. Кіші көтерім машиналары Дб £ 3,0 м, үлкендері Дб>3,0 м.

Пайдалану көрсеткіштерін жақсарту үшін бір барабанды машиналардың барабандарын кесіп, бір бөлігін сыналы, ал екіншісін қайта жалғайтын қылады.

91

Көтерім ыдыстарының өз ара орналасуын өзгерту қажеттілігі туған жағдайда, қайта жалғайтын механизмді барабандар қолдану керек(бір мезгілде бірнеше горизонттардан көтергенде, клеттерді төгу қисықтарынан қабылдау аландарына көшіру қажеттілігінде).

Барабандарда қайта жалғау механизмдерінің болуы, сондай-ақ арқан ұзындығын реттеу операцияларын жеңілдетеді (арқандарды ауыстырғанда, пайдалану барысында сынау

үшін кескенде).

Көтерім машиналарының барабандары келесі конструктивті бөліктерден түрады : 1-құйылған ступицадан (Дб < 3,0 м-ге дейін шойыннан, Дб>3,0м болаттан); 2- ступицаларға пісіріле немесе болттармен бекітілген швеллерден жасалған

спицалар; 3- қаттылық сакиналарымен беріктендірілген, қалыңдығы 10-12мм болаттан жасалған

обечайкалар; 4-тежегіштік жиектер;

5 - обечайкаға батырылған болттар мен ені150-200мм және қалыңдығы70-120мм

ағаш (граб, ясень, вяз) немесе пресс-массадан жасалған қаптама бекітіледі.

 

 

 

ТМД елдерінде шахталық көтерім машиналары

арнайы заводтарда

 

шығарылады.

Олардың

орау

мүшелерінің

түрлік

өлшемдері

стандартталған. Атап

айтқанда

барабандардың

диаметрі

мен ,

сондайені-ақ

редукторлардың

беріліс

сандары

стандартталған.

Көтерім машинасының индексіне оның белгісі және стандартталған түрлік өлшемдері кіреді.

Цилиндрлі барабанды көтерім машиналарын белгілеу: Ц — бір барабанды; 2Ц - екі барабанды;

ЦР — бір кесілген барабанды.

Әріптік индекстен соңғы дефистен кейінгі, сан-метрмен берілген барабан диаметрі; Х- белгісінен кейінгі сан-метрмен берілген барабан ені; ЦР — тектес машиналарда бөлшектің бөлімінде - барабанның қайта жалғасатын бөлігінің ені беріледі.

Негізгі әдебиеттер: 10[247-257], 12[235-282].

Қосымша әдебиеттер: 21[3-25]. Бақылау сұрақтары:

1.Көтерім жабдықтарына нелер жатады?

2.Тау-кен техникалық ғимараттарға нелер жатады?

3.Бір сым арқанды көтергіш машиналары қалай маркаланады?

4.Скиптер мен клеттер не үшін арналған?

2.3 Зертханалық сабақтар жоспары

№1 зертханалық жұмыс. Вагондардың қозғалыс кедергісінің коэффициентін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Вагоншаның қозғалыс кедергісінің коэффициентін және негізгі үлестік кедергісін эксперимент жолымен анықтау.

Тапсырма көлемі.

-вагон қозғалыс кедергісінің коэффициентін және негізгі үлестік кедергісін анықтаудың теориялық негіздерін оқып үйрену;

-эксперименттік стендтің және пайдаланылатын өлшеу аппаратураларының

құрылысын оқып үйрену.

Вагонның қозғалыс кедергісінің коэффициентін және негізгі үлестік кедергіні экспериментпен анықтау.

Эксперименттік стендтің түсіндерме жазбасы:

92

Вагоншаның қозғалыс кедергісін тәжірибиелік жолмен анықтау үшін «Сынақ төбешігі» пайдаланылады, ол рельсті жолдың көлбеу және горизонтальды учаскелерінен тұрады. «Сынақ төбешігінің» эскизі 46 суретте көрсетілген.

46 – сурет. Сынақ төбешігінің эскизі

Есеп берудің негізгі бөлімінің мазмұны. Есеп берудің негізгі бөлімінің мазмұны мынадай бөлімдерден тұрады:

1)жұмыстың мақсаты;

2)тапсырма көлемі;

3)«Сынақ төбешігі» эксперименттік стендісінің түсіндірмесі;

4)эксперименттік өлшеулер нәтижелері;

5)вагонның қозғалыс кедергі коэффициентінің және негізгі үлестік кедергісінің орташа мәндерін есептеу.

Негізгі әдебиет: 2 [4,9]. Қосымша әдебиет: 15[83,84]. Бақылау сұрақтары:

1.Вагонның негізгі қозғалыс кедергісінің коэффициенті оның жүк көтергіштігінің артуымен қалай өзгереді?

2.Вагонның қозғалыс кедергісінің қосымша қандай түрлері бар?

3.Вагоншаның «өзі сырғып» қозғалуының шарты.

4.Вагонның негізгі қозғалыс кедергісінің шамасының мәндері қандай шектерде өзгереді?

5.Тепе-теңдік бұрышы және тең кедергілер еңістігі дегеніміз не?

6.Рельсті жолдың қисық учасеклерінде қозғалысқа қосымша кедергілер қандай шамалардың мәндеріне байланысты болады?

7.Вагонша доңғалақтарының айналу энергиясы есептеу кезінде қалай ескеріледі?

8.Вагоншалардың және құрамдардың қозғалыс кедергісін өлшеу үшін қандай құрылғылар қолданылады?

9.Вагон қозғалысына негізгі үлестік кедергінің физикалық мәні неде?

№2 зертханалық жұмыс. Жер асты кеніштерінің шахталық вагондарының конструкциясын оқып үйрену.

Жұмыстың мақсаты. Жер асты кеніштерінің шахталық вагондарының конструкциясын оқып үйрену.

Тапсырма көлемі. Шахталық вагондардың жалпы құрылысын және олардың негізгі параметрлерін, шанақтарының конструкциясын, вагондардың рамасын, жүру бөлігін, буферлі тіркемелі құрылғысын, түсіру тәсілдерін оқып үйрену.

Жеке тапсырмаға сәйкес берілген вагон типі үшін оның пайдалы массасын (жүк көтергіштігін, м3); ыдыстық коэффициентін; орнықтылық коэффициентін; габаритті пайдалану коэффициентін; түзу сызықты горизонтальды жол учаскесіндегі вагонның

93

қозғалысына негізгі кедергіні және еңістіктен, инерциядан, жол трассасының қисықтығынан туатын қосымша кедергіні есептеп шығару.

Жеке тапсырмалар 8 кестеде келтірілген.

8 кесте Кеніштік вагондардың эскиздерін салу және негізгі параметрлерді есептеу бойынша

жеке тапсырмалар.

Вариант

Вагонның типі

Вариант

Вагонның типі

1

ВГ-1,2

9

ВБ-5

2

ВГ-5

10

ВБ-4,0 А

3

ВГ-5,5

11

ВГП-12

4

ВГ-4,5 А

12

ВГП-18

5

ВГ9А

13

ВПС-900

6

ВГ-10 А

14

ВПК-7А

7

ВО-0,4

15

ИПК10А

8

ВО-0,8

 

 

Есеп берудің негізгі бөлімінің мазмұны. Есеп берудің негізгі бөлімінің мазмұны мынадай бөлімдерден тұрады:

1)жұмыстың мақсаты;

2)тапсырма көлемі;

3)шахталық вагондар туралы жалпы мағлұматтар;

4)шахталық вагондардың конструкциясы (жеке тапсырмаға сәйкес);

5)вагондардың буферлі-тіркеме құрылғысының эскиздері;

6)вагондарды тазалау және жөндеу құрылғылары мен аспаптары;

7)рудалы вагондардың, платформалардың және арнайы мақсаттағы арбалардың техникалық сипаттамалары;

8)вагонның негізгі параметрлерін есептеу (жеке тапсырмаға сәйкес).

Негізгі әдебиет: 2 [10,14]. Қосымша әдебиет: 15[119,132]. Бақылау сұрақтары:

1.Арналуы және түсіру тәсілі бойынша вагоншалар қандай түрлерге бөлінеді?

2.Вагонша қандай негізгі бөліктерден тұрады?

3.Вагоншалардың буферлік және тіркеме құрылғыларының қызметі мен құрылысы қандай?

4.Кеніштерде тіркемелердің қандай түрлері қолданылады?

5.Өзі жүретін вагоншалар бүйір қабырғалары арқылы жүгін түсіру қалай жүргізіледі?

6.Ыдыстық коэффициент, габаритті пайдалану және орнықтылық, сол сияқты вагоншалардың жүру бөлімінің сапасы туралы түсініктеме беріңіз.

7.Горизонтальды қазбаларға арналған адамдар таситын вагондар қалай жасалған?

8.Өзі жүретін вагоншалар қалай жасалған?

9.Вагоншаларды күту және қадағалаудың мәні неде?

10.Әртүрлі типті вагондарды түсіру үшін арналған қандай құрылғыларды білесіз?

№3 зертханалық жұмыс. Жер асты кеніштерінің электровоздарының механикалық жабдығын оқып үйрену.

Жұмыстың мақсаты. Жер асты кеніштік электровоздардың механикалық жабдығын оқып үйрену.

Тапсырма көлемі. Мыналардың құрылысын оқып үйрену.

-рама құрылысын;

-жүру бөлімінің;

-рессорлы аспаның;

94

-тартқыш берілістердің;

-буферлі-тіркеме құрылғысының;

-тежеуіш және құмдық жүйелердің.

Есеп берудің негізгі бөлімінің мазмұны. Есеп берудің негізгі бөлімінің мазмұнына мына бөлімдер кіреді:

1)жұмыстың мақсаты;

2)тапсырма көлемі;

3)локомотивтер туралы жалпы мағұлмат;

4)кеніштік электровоздардың негізгі параметрлері;

5)электровоздың механикалық жабдығы:

-жалпы мағлұмат;

-электровоздардың жалпы түрінің эскизі;

-электровоздың механикалық жабдық элементінің эскизі;

-электровоздың тежеуіш жүйесінің эскизі.

Электровоздың механикалық жабдығының құрылысын оқып үйрену бойынша жеке тапсырмалар 9 кестеде келтірілген.

9 кесте Электровоздың механикалық жабдығының құрылысын оқып үйрену бойынша жеке

тапсырмалар

Вариант

Электровоздың типі

Механикалық жабдықтың элементі

нөмірі

 

 

1

4 КР

Аяқ қоңырауының құрылысы

2

7 КРМ 1

Рама сапасы

3

К 10

СР -35 жылдамдық өлшегіші

4

К 14 М

Авто тіркемесі бар тіркеменің құрылысы

5

АРВ 7

Электровоздың жетегі

6

АРП 7

Жетек

7

АМ 8Д

Цилиндрлі конусты редуктор

8

АК-2У

Инжектор

9

АРП -10 Б

Электромеханикалық тежеуіш

10

АРП4-900

Рама

Негізгі әдебиет: 2 [19,23] Қосымша әдебиет: 15[133,144] Бақылау сұрақтары:

1.Электровоздардың қандай типтерін білесіз?

2.Электровоздың негізгі механикалық жабдығына нелер жатады?

3.Электровоздың ілінісу коэффициенті және ілінісу (қабысу) массасы дегеніміз не?

4.Электровозда тартқыш қозғалтқыш қалай асылып ілінеді?

5.Электровоздарда қандай беріліс механизмдері қолданылады?

6.Радиусы аз рельсті жолдармен қалай өту керек?

7.Электровоздың механикалық қолдық тежеуіші қалай жасалған?

8.Электровоздық раманың балансирлі (теңгермелеуші) аспасының құндылығының мәні неде?

9.Кеніштік локомотивтердің жіктелуін және олардың қолдану аймағын айтыңыз.

10.Түйіспелі элетровоздардың қандай пайдалану артықшылықтары және кемшіліктері болады?

№4 зертханалық жұмыс. Жер асты таспалы конвейерлердің конструкциясын оқып үйрену.

Жұмыстың мақсаты. Жер асты таспалы конвейерлердің конструкциясын оқып үйрену.

95

Тапсырма көлемі. Мыналарды оқып үйрену:

-таспалы конвейерлердің және оның бөліктерінің құрылысын;

-пайдалану және жөндеу ережелерін.

Есеп берудің негізгі бөлімінің мазмұны. Есеп берудің негізгі бөлімінің мазмұнына мына бөлімдер кіреді:

1)жұмыстың мақсаты;

2)тапсырма көлемі;

3)таспалы конвейерлердің әсер ету принципті және принципті сұлбалары;

4)конвейерлердің жіктелуі, артықшылықтары мен кемшіліктері;

5)конвейердің түсіндірме жазбасы және элементінің эскизі (жеке тапсырмаға сәйкес);

6)конвейерлердің техникалық сипаттамалары.

Жер асты таспалы конвейерлердің конструкцясын оқып үйренуге арналған жеке тапсырмалар 10 кестеде келтірілген.

10 кесте

 

Жеке тапсырмалар

 

 

Вариант нөмері

Таспалы конвейердің элементі

1

Таспалар

2

Бір барабанды жетекші станциялар

3

Екі барабанды жетекші станциялар

4

Арнайы жетекші станциялар

5

Кері аялдамалар

6

Реттелмейтін керме станциялар

7

Автоматты керме станциялар

8

Құранды керме станциялар

9

Таспалы конвейерлердің тиеу құрылғылары

10

Таспа ұстағыштар

11

Конвейерлік таразылар

12

Таспалы конвейерлердің электр жетегі

13

Таспалы конвейерлерді автоматтандыру

Негізгі әдебиет: 7 [15-21] Қосымша әдебиет: 15 [67-76] Бақылау сұрақтары:

1.Гидромуфталар мен электромагнитті муфталардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі.

2.Таспалы конвейердің негізгі құрастырушы бөлімдерін атаңыз.

3.Таспалы конвейерді құрастырудың ретін баяндаңыз.

4.Таспалы конвейердің тартқыштық қабілетін қалай арттыруға болады?

5.Таспалы конвейердің жетегінің қуатын анықтауға арналған формуланы жазыңыз.

6.Жай және арнайы конвейерлердің таспаларының қызметін анықтаңыз.

7.Жоғарғы және төменгі роликті тіреуіштердің конструкциясын суреттеп беріңіз.

8.Контурды айналып өту әдісімен таспаның керілуін қалай анықтайды?

9.Конвейерлерді автоматтандыру және аралықтан басқару аппаратурасына қойылатын негізгі талаптарды атап шығыңыз.

10.Таспалы конвейерлерді автомматтандыру үшін қолданылатын негізгі аппатарураны қысқаша баяндап беріңіз.

11.Таспалы конвейерлерді жетілдірудің негізгі бағыттарын атаңыз.

12.Таспалы конвейерлерді пайдаланудың негізгі ережелерін атап айтыңыз.

96

№ 5 зертханалық жұмыс. Ортадан тепкіш сорғының конструкциясын жəне жұмыстық параметрлерін анықтау.

Жұмыстың мақсаты. Центрден тепкіш сорғының конструкциясын, міндетін және әсер ету принципіноқып үйрену.

Тапсырма. Ортадан тепкіш сорғының негізгі бөліктерімен және әсер ету принципімен, жұмысшы доңғалақтарының конструкциясымен, осьтік және радиальды күштерді теңестіру тәсілдерімен танысу, сорғының жұмыстық параметрлерін анықтау, эскиздерді құрастыру.

Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру.

Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру мынадай бөлімдерден тұруы керек.

1.Жұмыстың мақсаты.

2.Сорғының құрылысын баяндау.

3.Жұмыстық доңғалақтың өлшенген өлшемдерінің берілгендері.

4.Жұмыстық доңғалақтың эскизі.

5.Сорғының есептік параметрлері.

6.Сорғының конструкциялық класы және тез жүргіштік коэффициенті.

7.Осьтік ығысуды теңгермелеу тәсілі.

Негізгі әдебиеттер: 10 [6-8]. Қосымша әдебиеттер: 23 [9-10] Бақылау сұрақтары:

1.Күрекшелі сорғының әсер ету принципін түсіндіріңіз.

2.Оның негізгі бөліктерін атаңыз.

3.Сорғыдағы энергияның түрлену процесін қандай күштер анықтайды?

4.Сорғыдағы осьтік күштерді теңістіру тәсілдерін атап шығыңыз.

5.Күрекшелі сорғылар қандай белгілері бойынша жіктеледі?

6.Спиральды сорғылардың секциялы сорғылардан айырмашылығы қандай?

7.Сорғының өнімділігіне қандай параметрлер әсер етеді?

8.Тез жүргіштік коэффициеті дегеніміз не және осы көрсеткіш бойынша сорғылар қалай жіктеледі?

6 зертханалық жұмыс. Бас желдету желдеткішінің конструкциясын оқып

үйрену.

Жұмыстың мақсаты. Бас желдету желдеткішінің конструкциясын оқып үйрену. Тапсырма - бас желдетудің ортадан тепкіш желдеткішін пайдалану кезінде қойылатын

негізгі талаптарымен, құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу. Зертханалық жұмыс туралы есеп беру.

1.Жұмыстың мақсаты.

2.Желдеткіштің маркаларының түсіндірмесі.

3.Оның құрлысының түсіндірме жазбасы.

4.Жинақталған желдеткіштің сызбасы.

5.Элементтерінің өлшемдері көрсетілген желдеткіштің эскизі. Негізгі әдебиеттер: 10 [98-102].

Қосымша әдебиеттер: 12 [39-49]. Бақылау сұрақтары:

1.Бас желдеткіштің ортадан тепкіш желдеткіштерінің міндеті және қолдану аймағы.

2.Бас желдетудің ортадан тепкіш желдеткіштің әсер ету принципін түсіндіріңіз.

3.Желдеткіштің жұмысын қандай негізгі параметрлер сипаттайды және олардың физикалық мәні қандай?

4.Бас желдетудің ортадан тепкіш желдеткішінің маркалауына нелер кіреді?

5.Ортадан тепкіш желдеткіштің жұмыс режимін реттеу қалай жүзеге асырылады.

6.Бағыттаушы және түзетуші аппараттардың міндеті қандай?

7.Диффозордың әсер ету принципі және міндеті.

8.Бас желдетудің желдеткіштері тұтынушыларға қандай түрінде жеткізіледі.

97

№ 7 зертханалық жұмыс. Поршеньді жəне турболы компрессорлардың конструкцияларын оқып үйрену.

Жұмыстың мақсаты. Поршеньді және турболы компрессорлардың конструкцияларын, міндетін және әсер ету принципін оқып үйрену.

Тапсырма. Өнеркәсіпте қолданылатын поршеньді компрессорлардың функциональды элементтерінің конструкцияларын, міндетін және әсер ету принципін оқып үйрену.

Зертханалық жұмыс туралы есеп беру.

Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге жұмыстың мақсатын, берілген компрессор типінің жалпы құрлысын баяндап, оның сызбасын келтіру қажет, берілген компрессордың бөліктерінің эскизін және олардың түсіндірме жазбасын беру керек.

Негізгі әдебиеттер: 10 [184-192]. Қосымша әдебиеттер: 12 [162-172]. Бақылау сұрақтары:

1.Поршеньді компрессордың жұмыс істеу принципі.

2.Компрессордың цилиндрлерін жинаудың қандай мүмкін сұлбалары болады?

3.Оппозитті компрессорлардың артықшылықтары.

4.Турбокомпрессорлардың артықшылықтары.

5.Турбокомпрессормен жасалынатын қысым немен анықталады?

6.Турбокомпрессордың өнімділігі немен анықталады?

7.Турбокомпрессордың негізгі бөліктері.

8.Турбокомпрессордың роторының құрылысы.

9.Диафрагманың құрылысы.

2.4Cтуденттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстар (СОӨЖ) бойынша сабақтардың жоспары

 

СОӨЖ бойынша сабақтардың жоспары

11 кесте

 

 

 

 

 

 

 

Тап

 

Өткізу

 

 

сыр

Тапсырма

түрі

Әдістемелік ұсыныстар

Ұсынылатын

ма

 

ном

 

 

 

әдебиеттер

ері

 

 

 

 

1

Кеніштік көлік туралы

Өз ара

Пайдалану жағдайлары және

15[3-19]

 

жалпы мағұлмат

ой ал-

көлік құралдарына қойылатын

 

 

 

масты

талаптар. Көлік

 

 

 

ру

қондырғыларының сенімділігі.

 

2

Рельсті жолдарды

Тре -

Жолдардың жоспары және

15[106-118]

 

жобалау, төсеу және

нинг

профилі. Құрылымдардың

 

 

күтіп ұстау

 

ерекшеліктері және жолдардың

 

 

 

 

параметрлері. Рельсті жолдарды

 

 

 

 

тегістеудің есептері.

 

3

Вагондардың өзі сырғып

Тре -

Тең кедергілер еңісі. Тепе-теңдік

15[200-205]

 

тасылып шығуы

нинг

еңісі. Вагондардың өзі сырғып

 

 

 

 

қозғалуы.

 

4

Электровоздарды

Өз ара

Реостатты және тристорлы

15[175-211]

 

тартқыш

ой ал-

басқару. Тартқыш

 

 

қозғалтқыштармен

масты

қозғалтқыштармен импульсты

 

 

басқару

ру

басқару сұлбаларын талдау.

 

 

 

 

Тартқыш қозғалтқыштардың

 

98

 

 

 

 

тристорлы импульсты тежелуі.

 

5

Таспалы

конвейерлердің

Тре -

Таспалар, керме станциялары. Ро-

15[165-171]

 

қүрылысының жалпы

нинг

ликті тіреуіштер. Тиеуші және

 

 

сұрақтары

 

 

түсіруші құрылғылар. Таспаларды

 

 

 

 

 

ұстап алғыштар.

 

6

Тақташалы конвейер

Тре -

Алып жүруші төсемнің динами –

15[189-195]

 

жұмысының динамикасы

нинг

касы.

 

7

Кен құдықтарының жаб-

Тре -

Кен құдықтарының негізгі жаб –

15[289-295]

 

дықтары

 

нинг

дықтарын атап өту

 

8

Сым арқанды аспалы

Өз ара

Қолдану аймағы, жіктелуі,

15[259-265]

 

жолдар

 

ой ал-

құрылысы, сым арқанды жолдар

 

 

 

 

масты

жабдығы. Сым арқанды аспалы

 

 

 

 

ру

жолдардың тіреулері. Өнімділігі.

 

9

Турбомашинаның жұ–

Тре -

Турбомашинаның жұмыстық

23[25-65]

 

мыстық доңғалағының

нинг

доңғалағының жылдамдықтар

 

 

жылдамдықтар жоспарын

 

жоспарын салу

 

 

салу

 

 

 

 

10

Бірге жұмыс жасайтын

Тре -

Параллель және тізбектеліп жұ -

10[29-69]

 

сорғылардың сипаттама-

нинг

мыс істейтін турбомашиналардың

 

 

сын салу

 

 

сипаттамаларын салу

 

11

Ортадан тепкіш сорғы–

Тре -

Ортадан тепкіш сорғының сору

10[89-119]

 

ның сору биіктігін анық-

нинг

биіктігіне әсер ететін негізгі фак-

 

 

тау

 

 

торлар атмосфералық қысым,

 

 

 

 

 

кавитация құбылысы,сұйық

 

 

 

 

 

температурасы және т.б.

 

12

Жергілікті

желдетуге

Тре -

Жергілікті желдетуге арналған

9[3-19]

 

арналған жабдықты таң-

нинг

жабдықты таңдау және есептеу

 

 

дау және есептеу

 

 

 

13

Ауа жинағышты есептеу

Тре -

Ауа жинағышты есептеу және

9[165-171]

 

және таңдау

нинг

таңдау

 

14

Көтергіш

ыдыстардың

Тре -

Тіркеме құрылғыларының

12[7-14]

 

тіркеме құрылғыларының

нинг

жіктелуі. Тежеуішті ілінісу

 

 

жаңа түрлері.

 

массасы. Тартқыш

 

 

 

 

 

қозғалтқыштың электрлік

 

 

 

 

 

сипаттмамасы.

 

15

Алдыңғы

сым

Өз ара

Алдыңғы сым арқандарды асып

9[79-87],

 

арқандарды асып ілу

ой ал-

ілу және ауыстыру технологиясы.

21[21-30]

 

және ауыстыру

масты

 

 

 

технологиясы.

ру

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5 Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) бойынша сабақтардың жоспары

 

 

СӨЖ бойынша сабақтардың жоспары

12 кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапс

Тапсырма

 

Әдістемелік ұсыныстар

Ұсынылатын

ырма

 

номе

 

 

 

әдебиеттер

рі

 

 

 

 

1

Өздігінен жүретін

 

Өздігінен жүретін машиналар комплексі мен

15[165-171],

 

машиналар комплек-

 

(тиеп-тасымалдаушы машиналар) тау-кен

4

 

сімен (тиеп-тасымал-

 

массасын жеткізу есебі

 

99

даушы машиналар) тау-кен массасын жеткізу есебі

2

Тау-кен

массасын

Тау-кен массасын ысырма комплекстерімен

5

 

ысырма комплекс –

жеткізу есебі

 

 

терімен жеткізу есебі

 

 

3

Шахталық

таспалы

Еңкіштік бұрышы 00 артық етіп орнатылған

1[211-216]

 

конвейерлердің орна-

шахталық конвейерлерді таңдауды және

 

 

ту бұрышы β > 00

олардың тартқыштық есебінің методикасын

 

 

болған кездегі тарт –

игеру.

 

 

қыштық есебі және

 

 

 

оларды таңдау

 

 

4

Қысымды

әсерлі

Қысымды әсерлі гидротранспорт

15[211-216]

 

гидро көлік қондыр-

қондырғысының есебі. Құбыр диаметрін

 

 

ғысының есебі

анықтау. Жалпы қысымды және насос

 

 

 

 

 

қозғалтқышының қуатын анықтау.

 

5

Тау-кен

массасын

Тау-кен массасын жеткізу есебі

15[165-171]

 

жеткізу есебі

 

 

6

Жер асты

кеніштері-

Жерасты кеніштерінің электровоздық

15[115-126],

 

нің электровозды

көлігінің тартқыштық есебі. Жүк тиелген

6

 

көлігінің тартқыш –

құрамның ең үлкен рұқсат етілген массасын,

 

 

тық және пайдалану

қабылданған поезд массасы үшін құрамдағы

 

 

есебі

 

 

вагондар санын, жүк тиелген және бос

 

 

 

 

 

поездардың орташа жүру жылдамдығын, жүк

 

 

 

 

 

тиелген және бос поездың қозғалыс

 

 

 

 

 

ұзақтығын, рейстің толық ұзақтығын, қажетті

 

 

 

 

 

жұмыстық электровоздар санын,

 

 

 

 

 

электровоздардың мүмкін және есептік

 

 

 

 

 

аусымдық өнімділігін анықтау.

 

7

Жер асты

кенішінің

Айналмалы вагон аударғыштың жетегінің

8

 

айналмалы вагон ау-

қуатын есептеу методикасын, сол сияқты

 

 

дарғышының есебі

қозғалтқыштың және редуктордың түрін

 

 

 

 

 

таңдауды игеру.

 

 

 

 

 

 

8

Скиптің

эскизін салу

Скиптің эскизін .салу

9[79-87]

9

Парашюттың эскизін

Парашюттың эскизін салу

9[129-137]

 

салу

 

 

 

 

10

Тіркеме құрылғысы-

Тіркеме құрылғысының эскизін салу

9[256-258]

 

ның эскизін салу

 

 

11

Жергілікті желдету

Жергілікті желдету желдеткішінің эскизін

9[3-19]

 

желдеткішінің эски -

салу.

 

 

зін салу

 

 

 

 

12

Сым арқанның эски -

Сым арқанның эскизін салу

21[79-81]

 

зін салу

 

 

 

 

13

Осьтік сорғының

Осьтік сорғының эскизін салу

10[79-87]

 

эскизін салу

 

 

 

14

Сорғы қондырғы жұ-

Сорғы қондырғы жұмысын бақылаушы

9,10

 

мысын бақылаушы

аспаптарын орналастыру сұлбаларын салу

 

 

аспаптарын орналас-

 

 

 

тыру сұлбаларын

 

 

 

салу

 

 

 

 

15

Компрессорды май-

Компрессорды майлау сұлбаларын салу

9,10

100

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]