Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

bimbetov_tasymaldau_umk_kz

.pdf
Скачиваний:
178
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

үйінді жүкке әсер ету сипаты бойынша– жүктің жылжымалылығын күшейтуші және тасымалдаушы;

жетек типі бойынша(дірілдеткіштің) – эксцентрлі, инерциялы, электромагнитті және поршеньді (гидравликалық және пневматикалық);

жетектер саны бойынша – бір жетекті және көп жетекті; жұмыс режимі бойынша – резонансты және резонанстан тыс;

тербелуші массалар саны бойынша – бір массалы және екі массалы; динамикалық жүйе құрылымы бойынша – тең салмақты және тең салмақсыз.

7.5 – сурет. Дірілді конвейер үстіндегі жүк бөлшегіне күштердің әсер ету сұлбасы

Дірілді конвейерлердің негізгі артықшылықтарына жататындар: конструкциясының қарапайымдылығы, қызмет көрсету және күтудің жеңілдігі, пайдаланудың қауіпсіздігі, рамасының кез-келген нүктесінде тиеу және түсіру мүмкіндігі, энергия сыйымдылығының аздығы, жүк алып жүруші органның тозуының төмендігі, жүктің майдалануының төмендігі.

Дірілді конвейерлердің кемшіліктеріне өнімділіктің еңкіштік бұры байланыстылығы, жабысқақ жүктерді тасымалдаудың мүмкін еместігі, тасымалдау ұзындығының шектеулігі, қатаң түзу сызықтылығының қажеттілігі, жұмыс кезінде шудың жоғарылығы.

Дірілді конвейерлердің негізгі бөліктері. Дірілді конвейер жүк алып жүруші органнан (жұмыстық орган), серпімді жүйеден және жетектен тұрады. Жүк алып жүруші орган жетекті орнатуға және серпімді элементтерді бекітуге арналған құрылғылары бар ашық науа түрінде орындалады. Жүк алып жүруші органның бағыттталған тербелісін қамтамасыз ету үшін қызмет ететін серпімді элементтер ретінде металлды, резеңкелі, пневматикалық және құранды материалдар қолданылады. Металлды серпімді элементтер бұрандалы серіппе және рессор түрінде, резеңкелілері жылжуға жұмыс істейтін призмалы пакеттер және шарлар түрінде, ал пневматикалылары – сығылған ауамен толтырылған резеңкелі арқанды қаптама түрінде орындалады.

Жетек түрінде әртүрлі дірілдеткіштер пайдаланылады (7.6 - сурет)

7.6 – сурет. Дірілдеткіштердің сұлбалары

51

Инерциялы дірілдеткіштерде қоздырғыш күш тең салмақсыз массалардың айналу салдарынан жасалынады. Бұл күш бағытталған (7.6 а - сурет) және (бағытталмаған) бағытсыз 7.6 б - сурет) болуы мүмкін.

Эксцентрлі дірілдеткіштерде жұмысшы элемент ретінде қатаң(7.6 в - сурет) немесе серпімді (7.6 г - сурет) шатундар қолданылады.

Электромагнитті дірілдеткіштердің әсер ету принципі электромагнит пен якорьдың өз ара әсерлесуіне негізделген, олар бір ырғақты(7.6 д - сурет) немесе екі ырғақты(7.6 е - сурет) болуы мүмкін. Поршеньді дірілдеткіштерде (7.6 ж - сурет) қоздыушы күш сұйықтың немес ауаның қысымымен жасалады.

Жүктің жылжымалылығына мүмкіндік тудыратын дірілді тау-кен тасымалдау қондырғылары, үйінді жүктің өздігінен қозғалу бұрышын бағытталған тербелістер есебінен азайтады.

Мұндай қондырғылар руданы люктерден дірілдетіп шығару кезінде қолданылатын дірілді жеткізіп-тиеуші қондырғыларға жатады.

Қопарылған блоктардан руданы дірілдетіп шығару үйілген тау-кен массасының астында жүргізілуі мүмкін. Руданы ағымды алып отыру үшін жабдықтар комплексі жасалған, оған дірілді түсіргіш 1 және жеткізуші конвейер2 кіреді. Беттік түсіру кезінде дірілді түсіргіш рудамен толтырылып тасталады, ал науаға түсетін күш1000 кН жетеді, сондықтан ол жоғары беріктікте және сенімді, қарапайым конструкцияда орындалуы керек.

7.7 – сурет. ВПН-2 дірілді түсіргіші

ВПН-2 дірілді ағымды түсіргіші (7.7 - сурет) науадан 1, рессорланған серпімді жүйеден 2 тұрады. Қозғалтқыштан 4 шыққан жетегі бар инерциялы дірілдеткіш3 редуктор 5 және кардонды беріліс 6 арқылы науа астында орнатылады.

ДКВ-8 жеткізіп беруші конвейер (7.8 - сурет) қажетті ұзындығына дейін әрқайсысының ұзындығы 2,5 м болатын жеке секциялардан жиналады. Әрбір секция екі жүк алып жүруші органдар 1,2 және науа астында орнатылған эксцентрлі жетектен3 тұрады. Серпімді жүйе тіреуішті рамада 5 орнатылған резеңкелі пакеттен 4 тұрады.

7.8 - сурет. ДКВ-8 жеткізіп беруші конвейері

Руданы беттік шығаруы бар жүйе кезінде тазалау забойының өнімділігін арттыру үшін болашағы зор тәсілдердің бірі бұл қалқанды комлпексті қолдану болып табылады (7.9 - сурет).

52

7.9 – сурет. Қалқанды комплекспен қазып алу кезінде жабдықтарды орналастыру

 

 

 

 

сұлбасы

 

 

 

 

 

Комплекс

руда

массивін

қазып

алу

шамасына

байланысты

жылжуы

гидродомкраттармен және дірілді түсіргішпен2

жабдықталған қалқаннан 1 тұрады. Руда

қалқан қоршауларындағы саңылаулар арқылы түсіргішке2 келіп түседі, ол руданы жеткізіп

беруші конвейерге 3 қайта тиейді де конвейер руданы кен құдығына 4 тасымалдайды.

 

Қалқан тек конвейермен ғана емес, сол сияқты өздігінен жүретін жабдықтармен де бірге

(автоөзітүсіргіштермен немесе тиеп-тасымалдаушы машиналармен) қолданылуы мүмкін.

 

Инерциялы

конвейерлер. Инерциялы

конвейерлерге

тербелісті

және

дірілді

тасымалдаушы

машиналар жатады,

оларда жүк қайталамалы-үдемелі немесе

тербелісті

қозғалыс жасайтын жүк алып жүруші органмен сырғанап немесе секірмеленіп жылжиды. Тербелісті конвейерлердің әсер ету принципінің(7.10 а - сурет) мәні жүк алып жүруші

орган 1 доңғалақтар 2 бойынша алға

қозғалысы

кезінде

массасыm жүк үйкеліс

күшінің

m × q × f арқасында

жүк алып жүруші

органмен

бірге қозғалады, осы кезде инерция күші

ma £ m × q × f кіші

болады, мұндағы a - жүк алып

жүруші

органның түзу жүрісі

кезіндегі

үдеуі; f - жүк пен жүк алып жүруші орган арасындағы үйкеліс коэффициенті.

Тіке жүріс соңында жүк алып жүруші органның бірден қозғалысының баяулауы кезінде және жетекпен 3 оның қозғалыс бағыты өзгерген кезде, кинетикалық энергиямен қорланған жүк сырғанау кедергі күштерін жеңе отырып инерциямен алға сырғанайды. Сөйтіп, жүк алып жүруші органның 1 әрбір жүрісі кезінде, жүк белгілі бір шамаға алға орын ауыстырып отырады. Тербелісті конвейерлерде жүк алып жүруші орган амплитудасы(ұзын жүріс) 200350 мм және тербеліс саны35-100 рет/минутына болатын қайталамалы-үдемелі қозғалыс жасап отырады.

Дірілді конвейерлерде және түсіргіштерде (7.10 б - сурет) жүк алып жүруші органның 1 тербелісі және оның алға қозғалсы кезінде, жүк бөлшектеріне әсер ететін инерция күші олардың өз салмағынан үлкен болғанда, жүк бөлшегі оқтын-оқтын жүк алып жүруші органнан көтеріліп, онымен секірмеленіп алға орын ауыстырып отырады. Тербелістер жүк алып жүруші органға дірілді жетектен 3 беріліп отырады, оның қоздырушы күші F бір кезде

үздіксіз

өзінің

бағытын

өзгертіп

отырады, бір

кезде

қатаң

тірекке4, немесе

амортизациялаушы

тіректерге 5 орнатылған

жүк алып

жүруші

орган жазықтығына(7.10 в

сурет) бағытталып отырады.

 

 

 

 

 

7.10 – сурет. Тербелісті және дірілді конвейерлер мен түсіргіштердің сұлбалары

53

Бағытталмаған тербелістер жасайтын дірілді қондырғыларда жүкті төмен қарай сенімді тасымалдау үшін, жүк алып жүруші орган 15-200 бұрышқа еңкейтіп орнатылады, ал бағытты тербелістер жасайтын қондырғыларда5-80 бұрышпен орнатылады, себебі бағытталған тербелістер тау-кен массасы бөлшектерінің арасындағы ішкі байланыстардың әсерін азайтып қана қоймай, сонымен бірге оның орын ауыстыру бағытына қарай әсер . етедіДірілді конвейерлерде жүк алып жүруші орган амплитудасы0,5-10 мм болатын минутына 500-3000 тербелістер жасайды.

Тербелісті және дірілді конвейерлердің артықшылықтары – белгілі бір бұрышпен төмен қарай немесе жазық жерде ірі кесекті абразивті жүктерді тасымалдауды қамтамасыз .етуі

Жоғары қарай тасымалдау кезінде бұл

конвейерлер іс жүзінде мүлдем қолданылмайды,

себебі тіпті еңкіштік бұрышы +30кезінде

өнімділік бірден азайып кетеді. Тербелісті

конвейерлердің кемшіліктері: жүктің жүк алып жүруші органмен сырғуы салдарынан оның қарқынды тозуы; динамикалық жүктемелердің үлкендігі және шудың болуы.

Тербелісті конвейерлер қазіргі уақытта тау-кен өнеркәсібінде қолданылмайды. Тек кривошивті-шатунды жетектері бар, өнімділігі 180-300м3/сағ болатын көмір мен бос жыныстарды беру үшін қысқа тербелісті түсіргіштер қолданылады.

Тек дірілді конвейерлерге тән артықшылықтар: жүк алып жүруші органның аз тозуы; энергия сыйымдылығының аздығы; жоғары өнімділігі; сенімді жұмысы.

Дірілді конвейерлердің кемшіліктері: жабысқақ жүктерді тасымалдаудың күрделілігі, құрастыру мен бөлшектеудің жоғары еңбек сыйымдылығы. Қатты рудаларды жер астымен қазып алу кезінде тау-кен өнеркәсібінде магазиндерден немес кен құдықтан руданы шығару

үшін

және

ары

қарай

басқа

тасымалдау

құралдарына

(вагоншаларғажеткізіп,

автоөзітүсіргіштерге, конвейерлерге) тиеу үшін ұзындығы 3-8 м болатын дірілді түсіргіштер

кең қолданысқа ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазып

алу

блоктарында

жазық

жерде100-150 м

дейінгі қашықтыққа

руданы

тасымалдауды қамтамасыз ететін дірілді конвейерлер қазірше тек сынақтан өтіп жатыр, олар

конструкциясының жетілмеуі салдарынан өнеркәсіптік қолданысқа ие бола алмады.

 

Қазіргі

дірілді

түсіргіштерде

дірілдеткіш

жетек

ретінде

инерциялық , жетектер

кривошипті-шатунды

механизмі

 

бар

пневматикалық

 

поршеньді

және

диафрагмалы,

электромагнитті, кейде гидравликалы поршеньді және эксцентрлі инерциялы жетектер пайдаланылады.

7.11 - суретте кең таралған ВДПУ-4 ТМ дірілді түсіргіші көрсетілген. Ол руданы шығарушы қазбадан шығару үшін және оны вагоншаларға тиеу үшін арналған. Түсіргіште орнатылған дебалансты жетек электр қозғалтқышының қуаты 23 кВт, түсіргіштің өнімділігі 250-300 т/сағ. Бұл түсіргіштің артықшылығы конструкциясының қрапайымдылығы және жұмыстағы жоғары сенімділігі.

1 – дірілдетуші алаңша; 2- дірілдеткіш жетек; 3 –науа; 4- шынжырлы қақпақ; 5 – анкерлі сым арқан.

7.11– сурет. ВДПУ-4ТМ дірілді түсіргіші

7.12- суретте ПВУ типті қазіргі заманғы дірілді түсіргіші көрсетілген, ол блоктардан руданы шығару үшін және вагоншаларға тиеу үшін арналған. Түсіргіш берік дәнекерленген

резеңкелі серпімді тіректерде орнатылған жүк алып жүруші органмен және үш тең

54

салмақсыз

массалардан

тұратын

өзі

теңгермелейтін

дірілдеткішпен

жабдықталған.

Түсіргіштің

өнімділігі 800-1000 т/сағ,

жетек

электр қозғалтқышының қуаты21

кВт,

түсіргіштің массасы 4,5 т.

 

 

 

 

 

а – жалпы көрінісі; б- түсіргіштің шығарушы қазбада орнатылуы; 1- жүк алып жүруші орган; 2- амортизациялаушы тіреуіштер; 3- дірілдеткіш жетек; 4- электр қозғалтқышы; 5-

рама; 6-буфер 7.12 – сурет. ПВУ типтес дірілді түсіргіш

Тау-кен өнеркәсібінде кен құдықтардың аузында орнатылатын дірілді люктер(дірілді түсіргіштер) қолданылады, мысалы 1 АШЛ түрі ПВУ типтес түсіргіштің конструкциясына ұқсас болады.

Қумадан этаж аралық қазбаға руданың түсуін жақсарту үшін дірілді алаңшалар қолданылады, олар инерциялы немесе пневматикалық дірілдеткіш жетекпен жабдықталған металл таспа немесе тақта түрінде болады. Дірілді алаңшалардың өнімділігі200-600 т/сағ құрайды.

Негізгі әдебиеттер: 1 [165-229]. Қосымша әдебиеттер: 15[64-161]. Бақылау сұрақтары:

1.Таспалы конвейерлердің негізгі бөліктерін атаңыз.

2.Тақташалы конвейерлер қандай белгілері бойынша жіктеледі?

3.Дірілді конвейер дегеніміз не? Олардың әсер ету принципін және қолдану аймағын түсіндіріңіз.

4.Дірілді конвейерлер тербелісті конвейерлерден несімен өзгеше?

8 дəріс Гидравликалық жəне пневматикалық көлік қондырғылары. Жалпы

мағұлмат

жəне

олардың жіктелуі. Гравитациялық

көлік

қондырғылары туралы

жалпы мағұлмат.

 

 

 

 

 

 

Дәріс конспектісі. Жалпы мағұлмат және жіктелуі. Гидро көлік қондырғылары тау-кен

кәсіпорындарында

жер бетіне көмірді, рудаларды

және

басқа

пайдалы

қазбаларды

тасымалдау

және

көтеру үшін, сол сияқты қазылып алынған кеңістікке толтырма

материалдарын жеткізу үшін арналған.

 

 

 

 

Гидрокөлік қондырғыларының жіктелуі және принципті

сұлбалары8.1 кестеде

келтірілген.

Гидро

көлік

қондырғылары әсер ету

принципі бойынша бөлінуден басқа

жасалатын

қысым

шамасы

бойынша төмен қысымды( 7 ×106 Па

дейін),

орташа

қысымды

( 7 ×106 нен 16 ×106 Па дейін) және жоғары қысымды ( 50 ×106 Па дейін) болып жіктеледі.

Гидро көлікті жібімейтін, құбырлардың қабырғаларына жабыспайтын және бір-біріне жабыспайтын үйінді жүктерді тасымалдау үшін пайдаланады.

Гравитациялық өздігінен ағатын гидро көлік қондырғыларын еңкіштік бұрышы 0,03 кем емес, жүк ағымы 600 м3/сағ дейін болатын жайпақ қазбалармен пайдалы қазбаны жеткізуге арналған гидравликалық жолмен қазылатын шахталарда қолданады.

Құбырлары вертикаль орнатылған гравитациялық гидро көлік қондырғыларын жүк ағымы 150м3/сағ дейін болатын толтырма материалдарын шахтаға беру үшін қолданады.

55

Қойыртпақ насосымен жасалатын жасанды қысымы бар гидрокөлік қондырғыларын пайдалы қазбаны горизонталь қазбалармен тасымалдау үшін, шахта үстіне көтеру үшін және ары қарай байыту фабрикасына дейін немесе тікелей тұтынушыға дейін жеткізу үшін

қолданады. Қойыртпақ насосы бар гидрокөлік қондырғылары қызмет көрсететін жүк ағымдары 1600 м3/сағатқа дейін жетеді. Бір қойыртпақ насосына келетін гидравликалық көтеру биіктігі 300 м дейін жетеді, ал горизонталь жазықтықта тасымалдау ұзындығы12 км барады. Бірнеше қойыртпақ насостарды тізбектеп немесе параллель орнатқан кезде бұл параметрлер бірнеше есе артуы мүмкін.

Насосы және қоректендіргіші бар гидрокөлік қондырғылары терең шахталардан жүкті көтеру үшін қолданылады. Бір насос пен бір қоректендіргішке келетін көтеру биіктігі500 м дейін жетеді, ал жүк ағымы 60 м3/сағ, құрайды. Бос жынысты жер бетіндегі үйіндіге жеткізу үшін бұл қондырғының өнімділігі 1600 м3/сағ, ал тасымалдау ұзындығы 10 км дейін барады. Соңғы жылдары майдаланған көмірді жер бетімен шахтадан жылу электр станциясына дейін

жүздеген километрге гидро тасымалдаудың іс жүзінде мүммін екендігі және тиімділігі дәлелденіп отыр.

Гидроэлеваторларды төменгі қысым кезінде, аз қашықтыққа, үлкен емес жүк ағымдарына қызмет көрсету үшін қолданады.

Эрлифтерді шахталардан немесе кеніштерден ұсақталған материалдарды көтеру үшін пайдаланады.

Гидро тасымалдаудың артықшылықтарына мыналар жатады: кез-келген көтерілу бұрышы бар тік немесе күрделі трассаларда аралық қайта тиеусіз тасымалдау ұзындығының үлкендігі; құбыр трассасында механикалық жабдықтардың болмауы, демек қызмет көрсету мен жөндеудің жеңілдігі; тасымалдаудың кейбір технологиялық поцесстермен қатарласып жүруі («суландырып» байыту, сөндіру және шлактарды түйіршіктеу және басқалары); тасымаладу жұмыстарын толық автоматтандыру мүмкіндігі; еңбек сыйымдылығының аздығы; тарамдалған құбырларды қолдану жолымен жүктерді бірнеше орыннан бір жерге немесе, керісінше бір жерден-бірнеше жерге тасымалдау мүмкіндігі; қызмет ететін адам үшін және жақын жерде жүрген адамдар үшін адам денсаулығына зиянды химиялық, өткір

иісті, радиоактивті және басқа материалдарды тасымалдау кезінде ең гигиеналы және қауіпсіз жағдайларды жасау мүмкіндігі.

Гидрокөлік қондырғыларын қолдануды шектеп отыратын кемшіліктерге жататындар: тасымалданатын жүктердің сипаты мен түріне байланысты шектеулі атап айтқанда олардың ірілігі бойынша жүктің алдын-ала ұсақталу қажеттілігі; абразивті жүктерді тасымалдау кезінде құбырлардың қатты тозуы; энергия шығынының артуы; үлкен су мөлшерінің қажеттілігі; төмен температураларда құбырлардың қатып қалу қауіптілігі.

 

 

 

8.1 – кесте

 

Гидрокөлік қондырғыларының сұлбалары

Пайдаланатын

Энергияны жасау

 

Сұлбасы

энергия түрі

тəсілі

 

 

Қысымсыз

Көлбеу науалармен,

Жүк

Су

 

арықшалармен

 

 

 

 

 

 

Қойыртпақ

 

Құбырдың тік

Жүк

 

 

учаскелермен

 

Су

 

 

 

 

 

 

Қойыртпақ

 

 

56

 

Қысымды

Қойыртпақ

Койыртпақ сорғысы

 

сорғысымен

 

 

 

Қойыртпақ

 

Сорғымен жəне

Ж‰к

 

түсіргішпен

Т‰сіргіш

 

(қоректендіргішпен)

 

 

 

 

Сорѓы

 

 

Су

 

Гидроэлеватор

Қойыртпақ

 

 

 

 

Су

 

 

Қойыртпақ

 

Эрлифт

 

 

 

Койыртпақ

 

 

Н

 

 

h

 

 

Сыѓыл-

 

 

ган ауа

Қондығырының пайдалану есебі. Гидро және пневмокөлік қондырғыларының есебі үшін

бастапқы берілгендер болып: қатты материал бойынша қажетті өнімділік, тасымалданатын

материалдың сипаттамасы (тығыздығы,

гранулометриялық құрамы, абразивтілігі), трасса

сипаттамасы (соңғы нүктелер айырмасы, ұзындығы, бұрылыстар саны және басқалары).

Құбырдың диаметрі немесе тасымалдаушы науалардың қимасы есептеліп анықталады, осы

бойынша насосты, қойыртпақ насосын, ауа үрлегішті немесе компрессорды таңдау үшін

қажетті берілгендерді алады.

 

Су шығынын және құбыр диаметрін анықтау.

Қатты дененің (материалдың) көлемдік шығыны

Vm = Qm , м3/сағ, gm

мұндағы Qm - қатты материалдың есептік жүк ағымы, т/сағ; g m - руданың үйінді тығыздығы, т/м3.

Қоспа бойынша гидрокөлік қондырғысының өнімділігі, яғни гидроқоспаның көлемдік концентрациясын ұстап тұру шарты бойынша қойыртпақ шығыны

Vг = Qm , м3/сағ.

S

мұндағы S - гидроқоспаның көлемдік концентрациясы.

Су бойынша гидрокөлік қондырғысының өнімділігі, яғни техникалық судың шығыны

57

Vв = Vг -Vm , м3/сағ.

Гидроқоспаның тығыздығы

g г = Vm ×gm +Vв ×gв , т/м3,

Vг

мұндағы gв - техникалық судың тығыздығы Құбырдың ең аз диаметрі

-ірілік бойынша

DТРК ³ (2,5...3)× amax , мм,

-өнімділік бойынша

 

 

 

DП

=

1

 

Qm

 

, м,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТР

3

 

p ×Vг ×g г

× S

 

 

 

 

 

мұнадғы amax - қатты кесектердің ірілігі, мм

 

 

 

 

DК

және

D П

ең үлкен мәні бойынша құбырдың осыған жақын үлкен немесе тең ішкі

ТР

 

ТР

 

 

 

 

 

 

 

диаметрі

( DТР ) таңдалады.

Құбырдың таңдалған диаметрі үшін гидроқоспаның құбыр ішінде үйінділерді болдырмайтын ауыспалы қозғалыс жылдамдығын анықтаймыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

æ g

m

- g

 

ö

 

 

 

 

 

 

 

VКР = n1

 

 

 

 

 

 

ç

 

 

 

 

в

÷

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

f × q × S × DТР ç

 

 

gв

 

 

÷, м/с,

 

 

 

мұндағы n = (8,5...9,5)- тәжірибиелік

 

 

 

 

 

è

 

 

 

ø

 

 

 

 

 

тұрақты шама(константа); q = 9,81м/с2 – еркін

түсу

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

үдеуі; f - құбырдың төменгі қабырғасымен келтірілген үйкеліс коэффициенті.

 

Құбырдағы гидроқоспаның іс жүзіндегі қозғалыс жылдамдығы

 

 

 

 

 

 

 

Vф =

 

 

 

 

4 ×Vг

 

 

 

 

, м/с.

 

 

 

 

 

 

 

 

3600 × П × D2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құбырлардың

ішінде

гидроқоспаның

 

 

қалыпты

 

 

қозғалысы

үшін

мына шарт сақталу

қажет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Vф >VКР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Vф < VКР болған кезде

құбыр

 

диамертінDТР азайту

 

 

керек. Гидроқоспаның іс жүзіндегі

қозғалыс жылдамдығын есептеуді DТР жаңа мәнімен қайталап есептеу керек.

 

 

Vф >VКР болса

құбыр

диаметрі

 

 

дұрыс

таңдалғаны. Насостық қондырғының

толық

қысымын былай анықтайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

H П = H ×g г + к' × L ×iг + Hвс + Hост , м су.бағ.,

 

 

мұндағы Н - қондырғымен

көтеру

биіктігі, м;

k '

= (1,06...1,1)- жергілікті

жоғалымдарды

ескеретін коэффициент; L - құбырдың ұзындығы,

м;

 

iг - құбырдың 1 м

ұзындығындағы

гидравликалық жоғалым шамасы, м.су.бағ/м.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

,

 

 

 

 

 

i

г

= i

g г

g × DТР (gг - gв )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 g

 

в

 

 

 

к ×y ×V ×g

в

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ф

 

 

 

 

 

 

мұндағы i0 - 1м.су

бағанындағы

 

таза

судың

 

 

гидроскопқа

жылдамдығымен

қозғалысы

кезіндегі гидравликалық кедергі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

l ×V

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

i0

=

 

 

ф

 

,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

DТР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

× 2g

 

 

 

 

 

 

 

 

 

58

мұндағы l - құбырмен таза судың қозғалысы кезіндегі гидравликалық кедергі коэффициенті; к =1,4- эмпиризмдік коэффициент; y - материалдың суға еркін құлауы кезіндегі кедергі

коэффициенті; Нвс – вакумдық сору биіктігі, м.су.бағ; Hост - құбырдың ұшындағы қалдық қысым, м.су.бағ.

Гидрокөлік қондырығысының өнімділігі бойыншаVг және гидрокөлік қондырғысының толық қысымы бойынша Н П насос таңдалып алынады.

Насос қозғалтқышын таңдау және есептеу. Насос қозғалтқышының қуаты

N = кз ×Vг × H П /(367 ×h), кВт,

мұндағы кз = 1,1...1,15 – қуат қорының коэффициенті; 367механикалық жұмыстың ауыстырушы коэффициенті; h = 0,7 - насостың п.ә.к.

Насос қозғалтқышының керекті қуаты бойынша арнайы кестеден ең жақын үлкен қуаты бар қозғалтқыш ( Nпр ) таңдалып алынады.

Гравитациялық тасылым туралы жалпы мағұлмат. Гравитациялық тасылым кезінде жүк вагоншаларға домаланып түседі немесе көлбеу жазықтықпен сырғанап , түседінемесе ауырлық күшінің әсерімен еркін құлап түседі. Сырғанау немесе құлау кезінде жүктің жеке кесектері бір-бірімен соқтығысып, жеке кесектің сырғу жылдамдығынан айырмашылығы бар орташа жылдамдықпен қозғалатын қозғалысты жүк ағымын тудырады. Жүк алып жүруші элементтер ретінде көлбеу қазбалардың табандары, ағаш төсемдер, болат табақтар, науалар немесе құбырлар пайдаланылады. Кейде жүк алып жүруші элементтер спиральды науалар түрінде тік құбырларға орнатылады. Тік қазбалармен жүкті түсіру кезінде, оларды кен құдықтар деп атайды. Олар сонымен қатар жүкті жинау үшін қызмет жасайды.

Кейде жүктерді түсіруге арналған тік қазбалар жүктің сапасын төмендетіп жібереді (мысалы көмір), сол үшін қазба қабырғаларында кезекпен бір жағынан екінші жағынан көлденең горизонталь немесе еңісті сөрелер бекітіледі. Осы кезде жүк бір сөреден екінші сөреге төгіліп құлау жылдамдығын азайтады. Тасымалдау құрылығысының мұндай түрін сарқырамалы құлама деп атайды.

Гравитациялық тасылым қондырғыларының артықшылығы олардың конструкциясының қарапайымдылығы, энергия шығындарының және электр механикалық жабдықтардың болмауы, тасымалдау қазбаларын жүктерді жинау үшін пайдалану мүмкіндігі. Олардың кемшіліктері: жүктердің қозғалу жылдамдығын реттеудің мүмкін еместігі, жүк алып жүруші элементтердің қатты тозуы, әсіресе ылғал жүктерді тасымалдау кезінде кептелулердің пайда болу мүмкіндігі, кейбір жүктер үшін майдаланудың орынсыз болуы, қондырғыларды адамдарды және қосалқы жүктерді тасымалдау үшін пайдаланудың мүмкін еместігі.

Гравитациялық тасылым қондырғыларына, сол сияқты жетегі жоқ тежегіш және жүк түсуруші конвейрелер түріндегі өте күрделі механикалық құрылғылар жатады.

Негізгі әдебиеттер: 1[91-94]. Қосымша әдебиеттер: 15[167 - 172]. Бақылау сұрақтары:

1.Гидравликалық және пневматикалық көліктің қолдану аймақтары және әсер ету принциптері.

2.Гидрокөлік қондырғыларының сұлбаларын келтірініз.

3.Гидро – және пневмокөлік қондырғыларының артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.

4. Қопарылған тау-кен массасын учаскенің тасып шығару штрегінде тасымалдау тәсілдерін атаңыз.

5.Тау-кен массасын өзінің салмағы әсерімен тасымалдау қай кезде мүмкін және тиімді?

6.Кен құдықтарында жүктің шамадан тыс жылдамдығын төмендетудің қандай тәсілдері қолданылады?

59

9

дəріс. Стационарлық қондырғылар. Стационарлы

қондырғылардың қазіргі

кездегі тау-кен кəсіпорындарындағы ролі. Стационарлы қондырғылардың жіктелуі.

Турбомашиналар жұмысы теориясының негіздері.

 

 

Дәріс конспектісі. Тау-кен қазбаларын желдетуге, шахтадағы суды жер бетіне айдауға,

сығылған ауа тудыруға, кеніштік атмофераны қалыптандыруға арналған машиналар мен

қондырғылар әдетте бір орынға, қызмет мерзіміне байланысты орнатылады, сондықтан да

олар

тұрақты – деп аталады. Аталған

қондырғылармен

танысқанда

олардың жұмыс

принципін, конструкциялық сұлбаларын,

жұмыс режимдерін,

жұмыстық

көрсеткіштерін

реттеу тәсілдерін игеру керек. Бұл оларды пайдалануда қолайлы жағдай тудырып, жоғары

 

техникалық-экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.

 

 

 

Қазіргі кезде кен өндірісіндегі тұрақты қондырғылар электр энергиясының жалпы

шығынының 65-75 % тұтынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеншілердің денсаулығы және еңбек өнімділігі көп деңгейде желдету жағдайына

 

байланысты. Соңғы 10-15 жылда желдеткіштер жасауда айтарлықтай прогреске қол жетті.

 

Қазіргі кезде бас желдеткіштердің өнімділігі 500 м3/с –ке және қысымы 850 ДаПа – ға дейін

 

жетеді. Бұл ретте орташаландырылған пайдалы әсер коэффициенті(П.Ә.К.)

0,75-0,78 – ді

 

құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі кезде тау- кен-геологиялық жағдайдың күрделенуіне және кен жатқан жердің

 

тереңдеп кетуіне байланысты шахталардағы су жиылымдары күрт . өстіСондықтан да

 

сутөкпе қондырғылары аса қуатты сорғылармен жабдықталады. Кеніштік сорғылардың

 

жетектік қозғалтқыштарының қуаты 3000 квт – тан асады.

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі кезде тау-кен өндірісінде электр энергиясымен қатар сығылған ауа энергиясы

 

дакең пайдаланылады. Кеніш ауалық қондырғылары қуатты энергетика кешені болып

 

табылады, ондағы компрессорлардың жетектік қозғалтқыштарының анықталған жиынтық

 

қуаты 5-10 мВт – ты құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрақты қондырғылардың жоғары энергия сыйымдылығы оларды дұрыс пайдалануға

 

жене оңтайлы режимде жұмыс істеуіне, сондай-ақ олардың үнемділігіне жоғары талаптар

 

қояды. Тұрақта машиналар П.Ә.К. – ін тек 1 % - ға көтеру миллиондаған киловатт-сағат

 

электр энергиясын үнемдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғашқы

сорғылар

мен

желдеткіштерді

ойлап шығару тарихы ерте заманна

басталады.

Сорғылардың

қарапайым

түрлері(поршендік) сонау

Аристотель

уақытынан

 

(б.з.- дейінгі IVғ.) белгілі және қолданылып келді. Адамдар немесе мал бұлшық еттерінің

 

күшімен қозғалысқа келтірілетін су көтергіш машиналар, ежелгі біздің заманға дейінгі

 

бірнеше мың жылдар бұрын қолданылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1870 жылы К.Д.Фролов Змейногор су күші жүйесін тұрғызды. Ондағы су тұтқыш

 

доңғалақ

(диаметрі 17 м-ге

дейін) шахтадағы

суды

төгуге

арналған

поршендік сорғыны

 

қозғалысқа келтірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1832 жылы тау-кен инженерлері корпусының генерал-лейтенанты А.А.Саблуков ауалық

 

желдеткіштің конструкциясын ұсынып, оны Алтайдағы «Чигир» кенішінде жер асты

 

қазбаларын желдетуде қолданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ол кісі сондай-ақ 1832 жылы ортадан тепкіш сорғы ойлап тауып, оны «Водогон» - деп

 

атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шахталық

тұрақты

қондырғылардың

теорияларын

жетілдіруге

Л.Эйлер

және

Д.Бернулли үлкен үлес

қосты. Олар сұйықтық

механиканың

негізін

құрайды. О.

 

Рейнольдстың

(Англия),

Л.Прандтльдің (Германия), Н.Е.Жуковскийдің

теориялық

 

жұмыстары сорғы және желдеткіш жасаудың теорияларының қазіргі кездегі негіздерін

 

құрауға әкеліп соқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрнекті теоретиктер мен тәжірибеші-зерттеушілер қатарынан келесі ғалымдарды атап

 

өту

керек:

академиктер

С.А.Чаплыгин, Б.Н.Юрьев,

М.М.Федоров,

А.П.Герман,

 

профессорлар

И.А.Тиме, С.С.Руднев,

А.А.Ломакин,

А.С.Ильичев және т..бСолардың

 

еңбектерінің арқасында

тау-кен

механикасы–

деген

ғылым

саласы

пайда

болды, ол кен

 

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]