Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

bimbetov_tasymaldau_umk_kz

.pdf
Скачиваний:
178
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Конвейерлі көлік көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда, бұлжеңіл еңбек сыйымдылығын көп төмендетуге мүмкіндік береді. Конвейер көлігі горизонталь жайпақ аз көлбеулі көмір қабаттарын қазу кезінде көмір шахталарының тазалау забойларынан көмірді жеткізуді механикаландырудың негізгі құралы болып табылады.

Конвейерлер қазып алу алаптары мен панелдердің жазық және көлбеу қазбаларында, сол

сияқты күрделі еңістермен, бремсбергтермен және еңкіштік бұрышы180

дейін болатын

көлбеу оқпандармен көмір тасу үшін кең қолданылады.

 

Конвейер көлігі өте үлкен жүк ағымдары кезінде(6000 т/сағ дейін) және салыстырмалы

қысқа (3000 м дейін) қашықтықтарға тасымалдау

кезінде рудалы шахталардың қазып алу

учаскелерінде, магистральды қазбаларда және

көлбеу оқпандарда жиі

пайдаланылып

келеді. Бірнеше конвейерлерді тізбектестіріп қойған кезде үйінді жүктерді кез-келген қажет қашықтыққа тасымалдай алады.

Конвейер жер бетінде технологиялық көлік комплекстерінде ұсақтап-сұрыптау және байыту фабрикаларында кең пайдаланылады.

Конвейерлеу тасымалдауда еңбек өнімділігін көп арттыруға және кейбір жағдайларда оның жұмыстарындағы тар жерлерді жоюға мүмкіндік жасайды.

Рудалы шахталарда конвейерлерді қолдану қазылып жатқан блоктардағы кен құдықтар санын қысқартуға және руданы шығару қарқындылығын арттыруға мүмкіндік жасайды. Бұл кезде тау-кен дайындау жұмыстарының көлемі азайып, дайындау және блоктарды қазып алу мерзімдері қысқарады, бұл тау-кен өндірісінің пәрменділігін арттыруға алып келеді.

Жүк ағымы артқан кезде конвейер көлігінің пәрменділігі өседі, өте үлкен жүк ағымдары кезінде (5000-6000 т/сағ) көп жағдайларда тек конвейер көлігі қолданылуы мүмкін. Конвейерлеу кезінде тасымалдауда жарақаттану көп төмендейтінін статистика көрсетіп отыр. Бірақта конвейер көлігіне локомотивті көлікпен салыстырғанда мынадай кемшіліктер тән: үлестік күрделі шығындар мен пайдалану шығындарының жоғарылығы; қосалқы жүктер мен адамдарды тасымалдау үшін параллель көлік жүйесі құрылымының қажеттілігі; пайдалы қазбаның немесе пайдалы қазба мен бос жыныстардың бірнеше сортарын бір уақытта тасымалдауды қамтамасыз ету күрделілігі.

Қазіргі уақыттағы конвейер қондырғылары былай бөлінеді: арналуы және шахтадағы орнатылу орны бойынша– забойлық, штректік, еңістіктік, бремсбергтік, магистральды, көтергіш және арнайы мақсаттағы(үңгілеуші, бункерлік, түсіргіштерде, қайта тиегіштерде және т.б); тартқыш органдарының түрі бойынша – шынжырлы тартқыш органы бар (ысырмалы, тақташалы, таспалы шынжырлы конвейерлер), таспалы (таспасы бар конвейерлер), сым арқаны бар (таспалы-сым арқанды конвейерлер), тартқыш органдарынсыз (дірілді, тербелісті, бұрандалы);

жүк алып жүруші органның түрі бойынша– таспалы, тақташалы, науашалы, құбырлы тасушы органдары бар;

жүк алып жүруші органды ұстап тұрушы тіреуіштер түрі бойынша– стационарлы домалату тіреуіштері бар(таспалы және таспалы-сым арқанды конвейерлер), қозғалатын

домалату

тіреуіштері

бар(таспалы-арбалы

конвейерлер), сырғыту

тіреуіштері

бар

(ысырмалы конвейерлер), серпімді және аспалы тіреуіштері бар(дірілді және тербелісті

конвейерлер).

 

 

 

 

 

 

 

Барлық

конвейер

қондырғыларының негізгі бөліктеріне тартқыш орган, жүк алып

жүруші элементтер, жетектік құрылғылар және қосалқы жабдықтар жатады.

 

Қазіргі

уақытта

көмір

және

рудалы

шахталарда

конвейерлердің

мынадай

конструкциялық түрлері пайдаланылады:

ысырмалы – көбінесе пайдалы қазбаны тазалау забойы бойынша тасымалдау үшін

қолданылады;

 

 

тақташалы

– жоспарында қисық учаскелері

бар учаскелік және магистральды

тасымалдау қазбаларында пайдаланылады (қазіргі уақытта өте сирек пайдаланылады);

таспалы -

горизонтқа еңкіштік бұрышы180 дейін

болатын түзу сызықты қазбаларда

қолданылады;

41

таспалы-сым арқанды –

ұзындығы салыстырмалы

түрде ұзын(5-10 км), еңкіштік

бұрышы 120 дейін болатын түзу сызықты тасымалдау қазбаларында қолданылады;

конвейерлердің арнайы

түрлері– дірілді, тербелісті,

бұрандалы және т.б қосалқы

тасымалдау операциялары үшін(ұсақтау және байыту фабрикаларының ішінде қысқа трассаларда түсіргіштер ретінде).

Соңғы кездері конвейерлердің жаңа түрлерін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде,

оларға трассаның еңкіштік бұрышы350 дейін болатын жолдарда

жүкті тасымалдауға

қабілетті конвейерлер, сол сияқты кесектер ірілігі600 мм көп

болатын жүктерді

тасымалдауға арналған конвейерлер жатады.

 

Мұндай типті конвейерлердің сериялы өндірісін игеру конвейер көлігінің көмір және руда шахталарында қолдану аймағын анағұрлым кеңейтеді.

Конвейер көлігін кеңінен пайдалануға қосалқы жүктер мен адамдарды тасымалдау проблемаларының табысты шешімдері көп септігін тигізіп отыр.

Қазіргі уақыттағы көмір шахталарында адамдарды тасымалдау үшін жүк және адам таситын конвейерлер жиі пайдаланылып келеді, ал қосалқы жүктерді тасымалдау үшін– монорельсті жолдар қолданылады.

Көмір шахталарында конвейер көлігін пәрменді пайдалану үшін типтік технологиялық сұлбалар жасалған , олар жазық және жайпақ қабаттарды қазатын көмір шахталарында жартылай немесе толық конвейерлеу кезінде тасымалдау жабдықтарын дұрыс таңдап алуға мүмкіндік жасайды.

Рудалы шахталарда конвейер көлігі әлі кең қолданысқа ие болған жоқ, сондықтан типтік сұлбаларды жасау қажеттілігі қазірше пайда болған жоқ.

Шахталық көлік сұлбалары. Шахталық көлік сұлбасын екі өзара байланысты жүйелер түрінде көрсетуге болады: учаскелік көлік жүйесі және магистральды көлік жүйесі.

Жартылай конвейерлеу кезінде учаскелік көлік жүйесі конвейерлік желілермен, ал магистральды көлік жүйесі – локомотивті құрамдармен жабдықталады.

Қатты рудаларды қазып алатын рудалы шахталарда конвейер көлігін қолдану әрқашанда таспалы конвейерлерді пәрменді пайдалану мүмкін болатын, руданы ірілігі 300-400 мм дейін ұсақтау қажеттілігімен байланысты болады.

6.1 - суретте қалың тік құлама кен сілемін қазатын рудалы шахтадағы конвейер көлігінің сұлбасы келтірілген. Қазып алу блогынан 1 қопарылған руда дірілді түсіргіштермен, оттарда

3 орнатылған, ірі

кесекті руданы тасымалдауға

қабілетті арнайы

конвейерлерге

шығарылады. Ары

қарай руда штректік конвейермен4

және квершлагта 5

орнатылған

конвейермен ұсақтау камерасының7 қабылдаушы бункеріне тасымалданады. Ұсақталған руда кен құдықта 8 жиналып, одан беруші конвейермен 9 көтеруші конвейерге 10 беріледі, ары қарай магистрльды конвейермен11 тиеуші комлпексіне 12 жеткізіледі, одан сыртқы көліктің темір жол вагондарына тиеледі.

6.1 - сурет. Рудалы шахтадағы конвейер көлігінің сұлбалары

Қазіргі таңда рудалы шахталарда

конвейер көлігінің кең таралмағанына қарамастан,

істеп жатқан конвейерлеу сұлбалары

әр түрлілігімен ерекшеленеді, осыған байланысты

42

рудалы шахталарда конвейер көлігі сұлбаларының типтік жіктелуін жасау күрделі болып

 

табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы мағұлмат және таспалы конвейерлердің жіктелуі. Таспалы конвейерлерде

 

таспалы конвейер үстінде жатқан жүк онымен бірге стационарлы роликті тіреуіштермен

 

қозғалып отырады. Тартқыш күш конвейерлік таспа жетегінен беріледі, таспа бір уақытта

 

тартқы және жүк алып жүруші орган болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Таспалы конвейерлер былай бөлінеді:

 

 

 

 

 

 

 

 

арналуы бойынша – жалпы қызметтік конвейерлерге; жер асты және ашық кен қазу

 

жұмыстары үшін арналған конвейерлерге;

 

 

 

 

 

 

 

 

трасса сипатына байланысты – жазық, аз көлбеулі қазбаларға арналған конвейерлерге (0

 

ден ± 70 дейін), көлбеу қазбаларға арналған конвейерлерге (0 ден ± 220 дейін);

 

 

 

 

конструкциялық орындалуы бойынша – жұмыстық және бос тарамдары бірінің үстіне

 

бірі орналасқан конвейерлерге және тарамдарының екеуі

де параллель

орналасқан

конвейерлерге;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таспалы

конвейерлерді

жайпақ

көмір

қабаттарын

 

қазып

алып

жатқан

кө

шахталарының тасымалдау қазбаларында, рудалы және көмір шахталарында көлбеу

 

оқпандармен үйінді жүктерді көтеруге, сол сияқты шахта үстінде, ұсақтап-сұрыптау және

 

байыту

фабрикаларында,

 

фабрика

ішіндегі

тасымалдау

құралдары

ретінде

кең

пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таспалы конвейерлерді пайдалануды шектеп отыратын факторларға тасымалданатын

 

жүктің ірілігі (500 мм дейін), жоспар бойынша трассаның тіке сызықтылық талабы, жүктің

 

қасиетіне байланысты трассаның еңкіштік бұрышының18-210 дейін болуы,

міне осылар

 

жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таспалы конвейер түрлерінің ерекше тобына мыналар жатады: еңкіштік бұрышы 220

 

асатын трассамен үйінді жүкті тасымалдауға қабілетті тік құламалы конвейерлер, ірілігі 500

 

мм асатын ірі кесекті жүктерге арналған конвейерлер, жоспар бойынша қисық трассалларға

 

арналған конвейерлер, таспалы-сым арқанды, таспалы - шынжырлы конвейерлер.

 

 

 

Тарту күшінің үйкеліспен берілудің физикалық негіздері. Тарту күшінің үйкеліспен

 

берілуі өте күрделі процесс болып саналады, оған тартқыш элементтер мен жетекші

 

барабандардың (шкивтердің) тоғындары дайындалған материалдардың физика-механикалық

 

қасиеттері, олардың жанасатын беттерінің күйі және жабысу күштері, атмосфераның

 

ылғалдылығы мен шаңдылығы, қоршаған ортаның температурасы және басқа факторлар

 

әсер етеді. Үйкеліс күші шамасына, демек тарту күшінің шамасына әртүрлі фаторлардың

 

әсер ету дәрежесі әлі толық зерттелмеген, сондықтан тартқыш элементтер мен жетекші

 

барабандардың (шкивтердің) жанасу беттерінде өтетін нақты процестерді зерттеуді оңайлату

 

мақсатында әдетте шартты жорамалдармен алмастырады,

бұл кезде

пайда

болған

 

дәлсіздікті

 

алынған

тәжірибелік

берілгендернегізінде

 

сәйкес

 

эмпиризмдік

 

коэффициенттерді ендіру жолымен орны толтырылады.

Үйкелістің негізгі заңдары мен механизмдері толығымен физика курсында оқытып үйретіледі сондықтан олар мұнда келтірілмейді. Тегіс болат барабаны және иілгіш серпімді таспасы бар жетекке қатысты тарту күшінің үйкеліспен берілу процесінің мәні былай болады.

Мысалы таспаның серпімділігі барабан тоғынына қарағанда бірнеше есе үлкен және таспа ені мен барабанның диаметрі олардың жанасу беттерінің күйінеәсер етпейді деп қабылдайық. Ары қарай қозғалмайтын барабанды еркін айналып өтетін таспаның ұштарына бір уақытта SА және Sв күштері түсіріледі (6.2, а - сурет), осылардың әсерінен таспада А және

В нүктелерінен бір С нүктесіне таралатын оның серпімді созылу деформациялар пайда болады. Оның қапсыру доғасындағы орны орталық бұрыштарменα А мен αВ анықталады

және SА және Sв күштерінің шамасына байланысты болады. Созылуы нәтижесінде таспа барабан тоғыны бойынша С нүктесінен суретте көрсетілген стрелкалар бағытында созылып сырғанай бастайды . Таспаның сырғанауына осы кезе пайда болатын үйкеліс күші кедергі

43

жасайтын болса, онда қапсыру доғасында таспаның керілуі А және В нүктелерінен С нүктесіне қарай азаяды.

Қапсыру доғасының АС және ВС учаскелеріндегі таспа керілуінің азаюы көрсеткіштік заңы бойынша жүретініне көз жеткізу қиын емес, сондықтан осы учаскелердегі таспаның керілуінің эпюрлері логарифмдік қисықтар А'С' және В'С' түрінде болады. Шындығында да, егер қапсыру доғасындағы кез-келген жерден таңдалып алынған СА немесе СВ элементар учаскесіндегі таспаның керілу күшінің өсімшесін dS осы учаскеде таспа мен барабан тоғыны арасындағы пайда болған элементарлы үйкеліс күшінеdWТР теңестірсек, онда таңдалып алынған қапсыру доғасының элементар учаскесіндегі таспаның тепе-теңдік теңдеуін былай жазуға болады

dS = dWТР = 2 fS sin( dj / 2) » f × S × dj ,

Мұндағы S – қапсыру доғасының элементар учаскесіндегі таспаның керілу күші, Н; f – таспаның барабанмен үйкеліс коэффициенті; dj - қапсыру доғасының элементар учаскесіне сәйкес келетін шексіз аз орталық бұрышы, рад.

Айнымалыларды бөліп S = Sc дан S = S А дейін және j = 0 ден j = a А дейін функцияны

интегралдап мынаны аламыз

SA / SC = е fa A

Дәл осылай ВС учаскесі үшін де жазуға балыды:

SВ / SC = е f ×a В

Алынған формулаларды бір-біріне

 

 

бөліп, қозғалмайтын барабан үстінде тұрған

таспаның керілу күштерінің ара-қатынасын аламыз:

 

 

SA / SВ = е f (a А -aВ ) = е f (a -2aв ) ,

 

 

Мұндағы a = aA + aВ - қосынды қопсыру бұрышы, рад.

 

 

S A күшінің артуымен aA бұрышы да

артады, ол S A ең үлкен мәнінде S Amax қапсыру

бұрышына a тең болады, ал aВ = 0 .

 

 

 

 

 

 

 

 

S A ары қарай артқан кезде таспа барабанмен сырғанай бастайды.

S A

күші азайған сайын

aA бұрышы да кішірейе береді, ол S A ең

кіші мәнінде S Amin нольге

тең

болады, ал aВ = a .

S A ары қарай азайған кезде таспа барабанмен сырғанай бастайды. S A шектік мәндері үшін

SВ = const болған кезде жоғарыдағы формула былай жазылуы мүмкін

 

 

S

 

/ S

В

= е f ×a A = е fa ;

 

 

 

Аmax

 

 

 

 

S

Amin

/ S

В

= e- fa В = e- fa

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.2 – сурет. Керілу күштеріне және барабанның айналу бағытына байланысты таспаның керілу эпюрлерінің өзгерту сипаты

44

Осыған ұқсас қозғалмайтын цилиндр арқылы асырылып тасталған созылмайтын жіпке қатысты осыған ұқсас есепті бірінші рет1765 жылы белгілі ғалым, Петербург ғылым академиясының мүшесі Леонард Эйлер шешті.

Абсолютті иілгіш жіпті созылмайтын және салмақсыз деп алып Эйлер өте қарапайым және практикаға өте пайдалы формуланы қорытып шығарды. Соңыра бұл формула оның атын алып, осы күнге дейін иілгіш денелердің үйкеліс теориясының негізі болып саналады. Мысалы барабан оған түсірілген моменттің әсерімен мысалы сағат тілі бағытымен айнала

бастайды

делік (6.2,

б- сурет). Сонда

SВ < S А < SA

 

кезінде алдын-ала SВ күшпен созылған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

max

 

 

 

 

 

 

 

 

таспа барабанға орала бастайды, ал

оның ВВ1

қапсыру

доғасындағы 2aВ бұрышы сәйкес

келетін керілуі тұрақты болып SВ тең болады,

ал таспа В1 нүктесі арқылы жоғарылау керілу

аймағына

өткен

кезде-

S А дейін

өседі.

Таспа

 

осы

кезде

барабанменВ1 А қапсыру

доғасындағы А нүктесі жағына созылып сырғанай бастайды, бұған a - 2aВ бұрышы сәйкес

келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

S А күшпен

 

 

Барабан сағат тіліне қарсы айналған кезде(6.2, в-

сурет)

созылған

таспа

барабанға

оралып AA1

қапсыру

доғасында S А

тең

керілуін

сақтайды, оған 2aВ бұрышы

сәйкес келеді, ал таспа А1

нүктесі арқылы керілуі аз аймаққа өткен кезде, ол серпімділік күші

әсерімен

сығылып, оның

керілуі

біртіндеп SВ дейін

азаяды.

Таспа

бұл

кезде А1В қапсыру

доғасында В нүктесіне қарай созылмаланып сырғиды, оған a - 2aВ бұрышы сәйкес келеді.

SA = SAmax

кезінде

(6.2, г - сурет) барабанның

айналысы

таспаның

керілу эпюрінің

формасына әсер етпейді, ал таспаның созылмалы

сырғанайы

бүкіл

қапсыру

доғасына

бойынша

оның қозғалысы

жағына

қарай

жүреді. Осы

процесс SA = SA

жағдайында да

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

min

 

қайталанады.

Сөйтіп

барабанмен

созылмаланып

сырғанауымен

қабаттасып

жүретін

таспаның керілуінің өзгеруі әрқашан қапсыру доғасы учаскесінде оның барабаннан кету

жағында

 

өтеді. Ал 2aВ

бұрышына сай

келетін

доғаға

келу жағынан

таспаның керілуі

өзгеріссіз

қалады және

оның сырғуы болмайды, тек мына

жағдайларда SA = SAmax немесе

SA = SA

таспа бүкіл қапсыру доғасы бойымен созылып сырғанайды.

 

min

 

 

 

 

 

 

Таспаның барабанмен созылмаланып сырғанауы

өтетін1, А1В және

АВ қапсыру

доғаларын

сырғанау

доғалары деп

атайды, ал

таспа

сырғанауы бомайтынВВ1 және

АА1 қапсыру доғаларын салыстырмалы тыныштық доғалары деп атайды. Сырғанау доғалары және салыстырмалы тыныштық доғалары туралы түсініктерді бірінші рет1893 жылы белгілі

ғалымдар Н.П. Петров және Н.Е.Жуковский ендірді.

 

Осыдан басқа Н. .ЕЖуковский Эйлер формуласындағы үйкеліс

коэффициентін

f шамасы жағынан аз ілінісу коэффициентімен алмастыруды ұсынды.

 

Сырғанау доғаларына және салыстырмалы тыныштық доғаларына

сәйкес келетін

орталық бұрыштарды aск және aОТН арқылы белгілейді және де берілген жағдайда

 

aОТН = 2aВ ;

 

aск = a - 2aВ = aA -aВ ;

 

a = a+aОТН .

Сөйтіп, таспаның немесе кез-келген иілгіш тартқыш элементтің қозғаушы барабандағы (шкивтегі) сырғанауы болмайтын жағдайды мына түрде жазуға болады:

S = Smin × em×aСк = Smin × em (a -aОТН ) .

мұндағы Smin - тартқыш элементтің келу немесе кету тарамының ең аз керілуі. Осы алынған формуланы Эйлер-Жуковский формуласы деп атау қабылданған. Онымен таспалы

45

конвейерлерді және фрикционды жетегі бар басқа қондырғыларды есептеу кезінде пайдаланады.

Негізгі әдебиет: 1, [165-171]; 1, [60-71];

Қосымша әдебиет: 15, [145-161] Бақылау сұрақтары:

1.Таспалы конвейерлердің негізгі бөліктерін атаңыз.

2.Түсіруші және тиеуші құрылғылардың қызметі қандай?

3.Қолданылатын таспа түрлерін атаңыз, олардың негізгі параметрлері. Таспалардың конструкцияларын сипаттаңыз және оларды қосу тәсілдері.

4.Таспаның бір жағына кетіп қалуының себептері неде?

5.Жай және арнайы конвейерлердегі таспаның функциясын анықтау

6.Керме станциялары туралы, олардың түрлері, конвейерлерді дұрыстау реті туралы айтыңыз.

7 дəріс. Ысырмалы ковейерлер. Тақташалы конвейерлер. Дірілді, тербелісті жəне арнайы конвейер түрлері.

Дәріс конспектісі.Ысырмалы конвейерлер. Жалпы мағұлмат және жіктелуі.

Ысырмалы конвейерлермен үйінді жүктерді тасымалдау тартқыш органның көмегімен қозғалмайтын науамен сүйретіп жүзеге асырылады. Тартқыш орган қалқан-ысырмалар бекітілген бір немесе бірнеше шынжырлардан тұрады, олар үйінді жүк қабатына батырылған.

Ысырмалы конвейерлердің негізгі қызметі – тазалау забойы бойынша пайдалы қазбаны жеткізу. Бірақта оларды ұзындығы үлкен емес тасымалдау қазбаларында(қысқа бремсбергтерде, орман жолдарында және т.б.) еңкіштік бұрышы үлкен қазбалармен жүктерді түсіру кезінде тежеуші конвейерлер ретінде өте жиі пайдаланылады. Ысырмалы конвейерлердің арнайы түрлерін шахта үстіндегі жер бетінде және байыту фабрикаларында пайдаланады.

Ысырмалы конвейерлер жоғарғы беріктігімен және тасымалданатын жүктердің үлкен кесектері үстіне құлаған кезде соққы күштеріне шыдау қабілеттілігімен ерекшеленеді. Ысырмалы конвейерлерге тиеуді оның ұзындығының кез-келген жерінде жүргізуге болады. Ысырмалы конвейерлер вертикальды және горизонтальды жазықтарда қисықтығы үлкен емес трассаларда жұмыс істей алады. Ысырмалы конвейерлердің констркуциясы рамасын оңай жинап және бөлшектеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, осының арқасында олар оңай қысқартылады және ұзартылады. Ысырмалы конвейерлер конвейерлердің басқа типтерімен салыстырғанда рамасының биіктігі онша биік болмайды, бұл қазып алушы машиналармен оларды тиеуді жеңілдетеді.

Ысырмалы конвейерлердің кемшіліктері жүкті сүйретіп жылжыту принципі бұл қозғалысқа кедергінің үлкен болуымен байланысты, жүк алып жүруші және тартқыш органдардың қарқынды тозуы, тасымалданатын материалдың майдалануы(уатылуы), тасымалдаудың энергия сыйымдылығының жоғарылығы.

Қазіргі уақыттағы ысырмалы конвейерлердің өнімділігі900 т/сағ дейін жетеді, рамасының ұзындығы 300м, қозғаушы электр қозғалтқыштарының қосынды қуаты500 квт дейін жетеді. Ысырмалы конвейерлердің үйінді жүкті тасымалдай алатын ең үлкен еңкіштік бұрышы 200 жетеді, ал тежеуші конвейерлерде 400 дейін болады. Еңкіштік бұрыштары үлкен

балған кезде ысырмалар арқылы жүк төгіле бастайды.

 

Ысырмалы конвейерлердің

жіктелуін мынадай

белгілері бойынша жүзеге асыруға

болады:

 

 

арналуы бойынша – жеткізіп

беруші, тежеуішті

және агрегатты(соңғылары қазып

алушы комлпекстер немесе агрегаттар құрамына кіреді); тартқыш шынжырлар саны бойынша – бір, екі және үш шынжырлы;

46

забойдың жылжу

ізімен тасымалдау тәсілі бойынша– тасымалды (конвейерлерді

алдын-ала оның құрамдас бөліктеріне бөлшектеп қолмен тасиды) және жылжымалы (олар

бөлшектеусіз механикалық тәсілмен жылжытылады).

 

 

Конвейерлердің

түрлері (типтері). Көмірді және орташа

қаттылықтағы, орташа

іріліктегі және тығыздығы2 т/м3 дейін болатын басқа үйінді

жүктерді

тасымалдауға

арналған

ысырмалы

конвейерлер әртүрлі конструкциялық типтердің ең

үлкен тобын

құрайды.

ТМД да ысырмалы конвейерлердің төрт типі дайындалады: жылжымалы екі және

үш шынжырлы СП типтес конвейерлер; тасымалды жиналмалы екі шынжырлы СР типтес конвейерлер, тасымалды бір шынжырлы С типтес конвейерлер; консольды ысырмасы, бір горизонтальды жазықтықта орнатылған екі тарамы бар тасымалды бір шынжырлы СК типтес конвейерлер.

Жылжымалы СП типтес ысырмалы ковейерелердің(7.1 - сурет) берік тор көзді рамасы арнайы профильден дәнекерленіп жасалған жиналатын секциялардан тұрады.

1 – бас жетек; 2 – артқы жетек; 3 – сызықты рештак (тор көз); 4 – алдыңғы көшпелі секция; 5 – артқы көшпелі секция; 6 – тартқыш орган; 7- сызықты рештак ернеуі; 8- лемех

(түрен); 9- комбаинға арналған құбыршалы бағыттаушы; 10 – керме құрылғысы; 11жетекті жылжыту механизмі; 12 – жетекті көтеру механизмі; 13 және 14 комбайнның тарқыш шынжырын және сақтандырушы шығырдың айналмалы құрылғысын бекітуге арналған кронштейндер

7.1 - сурет. СП 301 жылжымалы ысырмалы конвейері

Тасымалды жиналмалы СР типтес ысырмалы конвейерлерді(7.2 - сурет) сақиналы шынжыры бар екі шынжырлы тартқыш органмен жабдықтайды. Тор көзді рамасын бірыңғайланған кереге көздерден жинайды, оларды бірінің үстіне бірін салып алмалысалмалы ілмекті қосылыстардың көмегімен қосады.

1 – жетек; 2 – көшпелі секция; 3 – сызықты рештак; 4 – қосымша ернеу; 5 – тартқыш орган; 6 – ұштық бас

7.2 - сурет. СР70 М екі шынжырлы жиналмалы ысырмалы конвейері.

47

Жүк ағымы бағытын 900 өзгерте алатын арнайы конструкциялы ысырмалы конвейерлер жасалып шығарылған. Бұл арнайы бұрыштық секция мен консольды ысырмасы бар тартқыш органды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Конвейерлердің мұндай түрлері екі өзара

перпендикуляр қазбалармен көмірді тасымалдау үшін пайдаланылады.

 

Ысырмалы конвейерлерді забойлық конвейерден штректік конвейерге көмірді

тиеу

үшін орнатылатын кең таралған ысырмалы қайта тиегіштерде пайдаланыл. Қадыйта

 

тиегіштерді забойдың жылжу шамасына қарай шығырлардың механикалық

немесе

гидравликалық домкраттарырының көмегімен орнын ауыстырып отырады.

 

Тақташалы конвейерлер. Жалпы мағұлмат және жіктелуі.

 

Тақташалы конвейердің жұмыстық органы тақташалы жүк алып жүруші төсемнен және тартқыштық орган қызметін атқаратын бір немесе екі тартқыш шынжырлардан тұрады.

Тақташалы төсем оған вертикальды және

горизонтальды жазықтықтарда белгілі бір

иілгіштік беретін жеке тақташалардан тұрады.

 

 

 

 

Пайдалы қазбаларды жер асты қазып алу

кезінде

тақташалы

конвейерлер

забойдан

оқпан албарына дейінгі тасымалдау тізбегінде

барлық

буындарда

қолданылуы

мүмкін.

Тақташалы конвейерлер іс жүзінде майда дәнді және шаң тәрізді материалдардан басқа, кезкелген іріліктегі үйінді жүктерді тасымалдай алады, сол сияқты бекітпе материалдары мен жабдықтарды жеткізу үшін де пайдаланылуы мүмкін.

Тақташалы конвейерлердің конвейерлердің басқа түрлерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар: бұрылу радиустары аз (10 м шамасында) қисық трассаларда жұмыс істей алады; жүк алып жүруші органның қозғалыс кедергісі ;азаралық жетектерді орнату мүмкіндігі, бұл қайта тиеусіз тасымаладу ұзындығын арттырады; егер тақташалар шығыңқы жерлермен немесе арнайы қалқаншалармен жабдықталса олардың еңкіштік бұрышы үлкен (400 дейін) жерлерде қолдану мүмкіншілігі; жұмыс процесі кезінде тасымалданатын жүкті іс жүзінде майдаламайды.

Тақташалы конвейерлердің кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады: қозғалушы бөліктердің массасының үлкендігі; өз ара қосылған көп элементтерден тұратын жүк алып жүруші төсемнің конструкциясының күрделілігі. Соңғы кемшілігі тақташы конвейерлердің сенімділігінің аз болуына себепкер болады. Осы себепке байланысты қазіргі уақытта тақташалы конвейерлерді магистральды трассалар үшін дайындамайды.

Тақташалы конвейерлердің өнімділігінің жоғары болмауы (көмір шахталарына арналған сериялық модельдерінің ең үлкен өнімділігі450т/сағ) тақташалы төсемнің қозғалыс жылдамдығының аздығымен (1,06 м/с – тек кейбір жағдайларда1,5 м/с дейін жетеді) түсіндіріледі.

Тақташалы конвейерлерді былай жіктеу қабылданған: арналуы бойыншажер асты көмір және рудалы шахта қазбаларындағы жұмыстар үшін; шахта үстіндегі технологиялық комплекстердегі арнайы мақсаттағы жұмыстар ;үшінбайыту фабрикаларында және түсіргіштер ретінде;

трассалардың пішіні бойынша– түзу сызықты трассалар үішн арналған тақташалы конвейерлер; қисық сызықты жазық және жайпақ(240 дейін), тік құламалы (400 дейін) трассалар үшін арналған тақташалы конвейерлер; тартқыш шынжырлар саны бойынша – бір және екі шынжырлы; жетектер саны бойынша – бір және көп жетекті.

Құрылысы және негізгі элементтері. Тақташалы конвейер (7.3 - сурет) жүк алып жүруші төсемнен 1, жылжымалы немесе стационарлы роликті тіреуіштерден 2, тартқыш шынжырлы органан 3, жоғарғы және төменгі тақташалы төсемнің бағыттаушыларынан4, раманың металл конструкциясынан 5, жетекші 6 және керуші станциялардан тұрады. Соңғысы артқы ұштық жетек болса орнатылмайды.

Жүк алып жүруші төсем алып жүруші тақташалардан және жүру арбасынан тұрады. Тақташалар ыстықтай немесе суықтай штампталған табақшалы болаттан дайындалады. Тақташалар түбінің қатаңдық қабырғалары болады, олар бір уақытта конвейер еңкіштетіп қойылған кезде жүктің сырғып кетуін ұстап отыратын қалқаншалар ролін атқарады.

48

Тақташалардың

көлденең

қимасының пішіні

әдетте

трапеция

тәрізді , жасайды

тақташалар

ені 500-800 мм (тақташалы

түсіргіштердің

тақташаларының

ені2 000

мм

құрайды) құрайды. Ернеулерінің (борттарының) биіктігі 50-200 мм

диапазонында өзгеріп

отырады. Жүк алып жүруші төсем тақташасын тартқыш шынжырдың бір

немесе екі

нүктесінде

бекітеді.

Тақташалар

өзара

түйістіріліп

немесе

мінгестіріліп

қосылады.

Қозғалғыш роликтермен жабдықталған тақташаларды, қозғалғыш арбалар деп атайды.

 

7.3 - сурет. Тақташалы конвейердің сұлбасы

Қозғалғыш роликтерді консольды жарты осьтерге немесе тесіп өткен осьтерге бекітеді. Қозғалғыш роликтердің диаметрін 100-120 мм етіп қабылдайды. Роликтерді ребордалармен жабдықтайды. Қозғалғыш арба адымын тартқыш шынжырдың керілуіне байланысты орнатады және алып жүруші тақташа ұзындығына және тартқыш шынжырлар адымына еселі етіп қабылдайды.

Тақташалы конвейердің тіреуішті рамасы(став) қозғалғыш роликтердің жоғарғы және төменгі бағыттаушыларынан, тіреуішті орындықтардан және көлденеңді байланыстардан тұрады. Бағыттаушыларды швеллерлерден, бұрыштамалардан, рельстерден немесе қос тавролы профильден жасайды. Рама секциясының ұзындығы 3-3,5 м.

Тақташалы конвейерді бір алдыңғы жетекпен, алдыңғы және артқы жетектермен, ал егер тартқыш күш жеткіліксіз болса, онда аралық жетекпен де жабдықтайды. Тақташалы конвейерлердің жетектік құрылғылары, ысырмалы конвейердегі сияқты бір немесе екі

жұлдызшалары

бар

жетекші

біліктен, редуктордан, гидромуфтадан

және

электр

қозғалтқыштан тұрады.

 

 

 

 

Тақташалы конвейердің соңында шынжырды алдын-ала керу үшін қажетті бұрандалы немесе гидравликалы керме құрылғысы орнатылады. Алдын ала керу қозғалғыш арбалар арасында тақташалы төсемнің рұқсат етілген салбырауын қамтамасыз ету шарты бойынша қабылданады.

Жүктерді үлкен қашықтыққа қайта тиеусіз тасымалдауды жүзеге асыру үшін аралық жетектер қолданылады. Тартқыш шынжырлармен ілініске кіретін жұдырықшалары бар аралық шынжыр табанды жетектержәне тартқыш шынжырлармен ілінісу тұрақты магниттер көмегімен жүзеге асырылатын аралық жетектер болады. ПН типтес магистральды тақташалы конвейер жоспар бойынша түзу сызықты еңкіштік бұрышы24 тен 350-қа дейін болатын қазбаларда жұмыс істеу үшін арналған. Осы типтес конвейерлерде тартқыш орган ретінде екі тақташалы шынжырлар қолданылған. Ал жүк алып жүруші тақташалардың жүктің сырғып кетуін ұстап отаратын көлденең қалқандары болады.

Ірі кесекті қатты жүктерге арналған магистральды тақташалы конвейердің ерекшелігі, оның тақташалары қалыңдығы6-8 мм және резеңкемен өңделген болат табақшалардан жасалады. Тартқыш орган ретінде тақташалы немесе сақиналы шынжырлар пайдаланылады. Тақташалы төсемнің қозғалыс жылдамдығын 0,5 м/с аспайтын етіп қабылдайды.

49

Тақташалы түсіргіш (7.4 - сурет) ірі кесекті жүктерді бункерден және басқа ыдыстардан бірқалыпты беріп отыру үшін қолданылады. Тақташалы төсем стационарлы роликтер3 бойынша қозғалатын шарнирленіп қосылған массивті құйылған тақташалардан6 тұрады. Тақташалы төсем бір уақытта тартушы және жүк алып жүруші орган болып саналады.

Қозғалу жетекші жұлдызшадан4 жүзеге асырылады, ол редуктор 5 арқылы электр қозғалтқышымен байланысқан. Ұштық блоктардың 2 подшипниктері бұрандалы пар1 көмегімен бағыттаушыларда қозғалып отырады, олар тақташалы төсемнің қажетті бастапқы керілуін қамтамасыз етіп отырады. Тақташалы төсемнің қозғалыс жылдамдығын0,4 м/с аспайтын етіп қабылдайды. Пайдалану есебі. Тақташалы конвейерді есептеу кезінде қажетті төсем енін, шынжырдың беріктік қорын, керме құрылғысының күшін, қозғалтқыштардың қуаты мен типтерін, аралық жетектер санын, олардың орналасу орнын және тасымалдауға кететін энергия шығынын анықтайды.

7.4 – сурет. ПТ типі тақташалы түсіргіш Дірілді, тербелісті және арнайы конвейерлердің типтері. Қолдану аймағы және әсер ету

принципі.

Дірілді конвейерлер шахталарда қатты және абразивті рудаларды тасымалдау үшін, сол сияқты материалдарды ірілігі бойынша бөлу үшін(дірілді елеуіштер), құрғату немесе суын сорғыту (құрғатушы електер), ыстық жүктерді беру үшін және .т.үшінб қолданылады.

Дірілді конвейерлер жазық жерлерде және көтерілу бұрышы100 дейін болатын көлбеу жазықтықтарда ойдағыдай жұмыс істей алады.

Бұл конвейерлердің әсер ету принципінің мәні инерция күші мен жүктің тасымалдаушы бетпен үйкеліс күшін пайдалану арқылы қайталамалы үдемелі қозғалыс жасайтын жүк алып жүруші органмен жүктің жылжуында. Діріл аз амплитудамен (3-10мм) және үлкен тербеліс жиілігімен (700-600 1/минут) жүргізіледі. Жүк алып жүруші орган-науа1 (7.5 - сурет)

дірілдеткіштің 2 әсерімен А-А траекториясымен тербелісті қозғалыс жасайды. Серпімді жүйе 3 көмегімен нау рамаға 4 тіреп орнатылады. Салмағы G болатын жүкке бойлық бағытында инерция күшінің Fn , үйкеліс күшінің Fтр және ауырлық күшінің G бойлық құраушылары, ал

перпендикуляр

бағытында

инерция

күшініңF ' ; жазықтықтың нормальды

реакциясы

 

 

 

 

 

и

 

 

 

 

R және

ауырлық

күшінің

нормальды

құраушылары GH әсер

етеді.

Fu күшінің

ең

үлкен

мәнінде және R ең кіші мәнінде (тербелістің белгілі бір режимі кезінде) бойлық бағытта жүк

қозғалысының

ең

жақсы

жағдайлары

жасалынады және

оның

кері бағытта

сырғанауы

балмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

F ' күші G күшінен артқан кезде, жүк оқтын-оқтын науадан көтеріліп, секірмелі түрде

u

H

 

 

 

 

 

 

 

 

жылжып отырады.

Дірілді конвейерлер былай жіктеледі:

50

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]