Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

bimbetov_tasymaldau_umk_kz

.pdf
Скачиваний:
178
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

8.Компрессорлардың сүзгілері (фильтрлері), қызметі және құрылысы.

9.Сорғы жетегінің қуаты, п.ә.к.

10.Көтергіш қондырғыларының жалпы құрылысы және негізгі элементтері.

11.Көтергіш қондырғыларының жіктелуі.

12.Поршеньді компрессордағы екі сатылы сығу.

13.Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі технологиялық машиналардың қызметі мен ролі.

14.Көтергіш қондырғысының жетегінің қуаты.

15.Көтергіш қондырғыларында қолданылатын электр қозғалтқыштардың типтері.

16.Компрессордың берілім коэффициенті.

17.Сорғының сору биіктігі, сору биіктігінің шектелуі.

18.Сым арқанды сынау, бақылау және күту.

19.Жергілікті желдетудің желдеткіштері, олардың жіктелуі және құрылысы.

20.Компрессорлы қондырғылардың су жинағыштары және су май бөлектегіштері.

21.Турбомашиналардың жұмыс режимдерін реттеу.

22.Орама органдарына сәйкес көтергіш машиналардың типтері. Конструкциясының ерекшеліктері.

23.Поршеньді компрессор машиналардың қандай тобына жатады?

24.Эрлифттер, жұмыс істеу принципі, негізгі сипаттамаларын анықтау, қолдану аймағы.

25.Көтергіш сым арқандар, жіктелуі және олардың конструкциясы.

26.Турбомашиналарға арналған Л.Эйлер теңдеуі және оны талдау.

27.Компрессордың бір сатысындағы сығылу дәрежесінің шектері.

28.Бас желдетудің желдеткіш қондырғылары.

29.Жай және қос әсерлі поршеньді компрессордың теориялық өнімділігі.

30.Кавитация және онымен күресу әдістері.

31.Шахта оқпанына қатысты көтергіш қондырғысының орналасуы.

32.Компрессор мен сығылған ауаны суыту жүйесі.

33.Компрессордың жетегі. Жетек қуатын есептеу.

34.Турбомашиналардағы жоғалымдар. Турбомашинаның нақты жеке сипаттамасы.

35.Компрессордың сығылу дәрежесі.

36.Көтергіш қондырғысының қозғалушы массасының орама шеңберіне келтірілуі және оның есебі.

37.Поршеньді және турбо компрессордың қолдану аймағы.

38.Турбомашиналардың тізбекті жұмысы. Қондырғының жұмыстық параметрлерін анықтау.

39.Көтергіш ыдыстар. Олардың жіктелуі. Көтергіш ыдысын таңдау.

40.Зиянды кеңістік және оның компрессормен жасалатын жұмысқа және өнімділікке әсері.

41.Түйіспелі локомотивтердің конструкциялық ерекшеліктері.

42.Ілінісу (қабысу) бойынша поездың массасы, тарту күші және қозғалыс жылдамдығы.

43.Тасымалдау қондырғысының өнімділігі, тарту күші, қозғалысқа кедергі күші және жетегінің қуаты.

44.Тасымалдау машиналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

45.Кеніштік көліктің даму тарихы және қазіргі заманғы күйі және механикаландыру мен автоматтандыруды дамыту бағыты.

46.Тасымалдау машиналарына қойылатын талаптар және пайдалану жағдайлары.

47.Параметрлік және типтік өлшем қатарлары.

48.Тасымалдау құрылдарының жіктелуі, жүктердің қасиеттері, жүк ағымдары, терминдер, негізгі түсініктер және өлшем бірліктері.

49.Жүк вагондарының конструкциялық ерекшеліктері және жіктелуі, вагондардың қозғалысына негізгі үлестік кедергі.

50.Гидрокөлік қондырғыларының сұлбалары, қолдану аймағы, артықшылықтары және кемшіліктері, жұмыстық ортамен тарту күшінің физикалық беріліс негіздері.

51.Өздігінен жүретін тасымалдау машиналары туралы жалпы мағұлмат, олардың құрылысы, жіктелуі, электр жабдығы, артықшылықтары мен кемшіліктері.

111

52.Өзі жүретін тасымалдау машиналарының тартқыштық есебі.

53.Өзі жүретін тиегіш машиналар туралы жалпы мағұлмат, олардың құрылысы, жіктелуі, электр жетегі, артықшылықтары мен кемшіліктері.

54.Рельсті жолдардың элементтері, тепе-теңдік еңісі және тең кедергілер еңісі, бұрылыстардағы рельсті жолдың құрылысы.

55.Стрелкалы ауыстырғыштарды аралықтан және автоматты басқару принципі.

56.Түйіспелі тасылым сұлбалары, жүк тиелген құрамдағы вагондар санын анықтау.

57.Гравитациялық көлік туралы жалпы мағұлмат, олардың қолдану аймағы, артықшылықтары, кемшіліктері және теориясының негіздері.

58.Рельсті жолдар туралы мағұлмат, стрелкалы ауыстырғыш маркасы, бақылау бағанына дейін арақашықтықты анықтау.

59.Гидрокөлік қондырғыларының жабдығы, олардың негізгі параметрлерін анықтау, пайдалану, автоматтандыру және қауіпсіздік ережелері.

60.Шахталық вагондардың параметрлері, олардың бойлық және көлденең орнықтылығы.

Глоссарий (түсінік, сөздік)

Бадья – адамдарды, материалдарды түсіріп көтеруге және жыныстарды көтеру үшін арналған әмбебап көтергіш ыдыс.

Көтергіш машиналардың барабандары – көтергіш сым арқандарды орау органдары. Вакуум сорғы – газды немесе газды ауа қоспасын сорушы ротациялы эксгаустер. Гидроэлеватор – суды көтеруге және орнын ауыстыруға арналған құрылғы. Диффузор – жылдамдықты азайту мақсатымен қаптамаға қосылған қысқа түтікше.

Зумпф – топырақ сорғышпен соруға және айдауға арналған су және майда жыныстар жиналатын шоғырлаушы (жинақтаушы) шұңқыр.

Ауаның шығатын ағысы – қазып алу учаскесін, шахталық қанатты, жеке қазбаларды

басып өтетін ауа ағысы.

 

Көтергіш сым арқандары– көтергіш ыдыстарды барабандармен немесе

жетекші

шкивпен қосатын иілгіш тартқыш байланыс.

 

Негізгі бөлім – көтергіш сым арқанды орайтын органы бар екі тіреуішті

білігі бар

көтергіш машинаның негізгі бөлігі.

 

Кеніштік көлік – жүктердің тау-кен рудалы кәсіпорын шегінде, сол сияқты шахтада, жер бетінде тиеу, түсіру, тасымалдау және орын ауыстыру бойынша операциялардың жиынтығы.

Ішкі көлік тау-кен массасын оқпан албарларына, жер бетіне жеткізу үшін, қазып алу және дайындау забойларын жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету , үшін жұмысшыларды жұмыс орнына және кері бағытта жеткізу үшін қызмет атқарады. Ішкі көлік жұмыс істейтін орнына байланысты жер асты(забойлық, учаскелік, магистральды, оқпан албарларындағы) және жер бетіндегі(шахта үстіндегі үйлерде, оқпаннан сыртқы көлік құралдарына, қоймалардың, бос жыныс үйінділерінің, байыту фабрикаларының көлік құралдарына тиеу орындарына дейін) көлік болып бөлінеді.

Сыртқы көлік – қазылып алынған пайдалы қазбаны тұтынушыларға жеткізу үшін және тау-кен рудалы кәсіпорынға заводтардан жабдықтар мен материалдарды жеткізу үшін қызмет атқарады.

Забойлық көлік бұл тазалау забой шегінде жұмыс істейтін және тау-кен массасын тиейтін көлік құралдары арасындағы технологиялық байланысты жүзеге асыратын көліктер.

Учаскелік көлік деп тау-кен массасын тазалау забойларынан негізгі горизонтқа дейін, жабдықтар мен қосалқы жүтерді тазалау және дайындау забойларына дейін тасымалдауға арналған көлік құралдары мен құрылғылардың жиынтығын айтады.

Магистральды көлік бұл тау-кен массасын учаскелік қазбалардан оқпан албарларына дейін және адамдар мен қосалқы жүктерді оқпан албарынан учаскелік қазбаларға дейін тасымалдауға арналған көлік.

112

Тау-кен массасы кен орындарын қазу кезінде бөлек, сол сияқты аралас түрінде алынатын пайдалы қазба мен бос жыныстар.

Жүк ағымы – уақыт бірлігінде белгілі бір бағытта тасымалданатын белгілі бір жүктің тонналық немесе текше метрлік мөлшері.

Тура (негізгі) жүк ағымы бұл тазалау қазбаларынан шыққан тау-кен массасының, жабдықтың жөндеуге, адамдар мен қосалқы жүктердің оқпан албарына және жер бетіне бағытталған ағымы.

Кері жүк ағымы бұл оқпан албарынан қазып алу учасеклеріне жаңа жабдықтардың, бекітпе материалдардың, майлау, жарылғыш заттардың, жұмысқа бара жатқан адамдардың ағымы.

Жер асты көлігінің технологиялық сұлбасыбұл тау-кен қазбаларының немесе осы қазбаларда қолданылатын тасымалдау жабдықтары мен құрылғылары, тасымалдау ұзындығы және жүк ағымының бағыты көрсетілген тасымалдау трассасының графикалық бейнесі.

Жер асты тасымалдау қондырғылары бұлар рельсті жолмен жүретін локомотивті көлік; қайта тиегіштер мен конвейерлер; сым арқанды қондырғылар; өзі жүретін вагондар; тиептасымалдаушы машиналар; автомобильдер; ысырмалы комлпекстер; гравитациялық, гидравликалық және пневмокөлік қондырғылары; моно рельсті және сым арқанды аспалы жолдар; тиегіш және толтырмалаушы машиналар; қосалқы жабдықтар (итергіштер, биіктікті теңгермелеушілер, аударғыштар, тоқтатқыш құрылғылары және т.б.).

Үзіліссіз әсер ететін тасымалдау қондырғылары бұлар жұмысшы органының қозғалысы кезінде жүкті тиеп және түсіріп отыратын, жүкті үздіксіз ағыммен таситын қондырғылар.

Үзілісті әсер ететін қондырғыларбұлар тасымалдау қондырғысының толық тоқтаған кезде немесе олар өте аз жылдамдықпен жылжыған кезде жүктерді жеке партиялармен немесе мөлшермен (порциямен) тасымалдайтын қондырғылар.

Көлік комлпексі бұл тасымалдау машиналарын, қондырғыларды және қосалқы жабдықтарды, сол сияқты диспетчерлеуді, автоматтандыруды біріктіретін және берілген бағытта жүктерді сенімді тасымалдауды қамтамасыз ететін басқарылатын жүйе.

Үйінді жүктер – бұлар руда, бос жыныс, толтырма материалдары, цемент. Құйылмалы жүктер – бұлар су, жанар май материалдары, эмульсиялар.

Жекеленген жүктер-бұлар машиналар, бекітпе элементтері, контейнерлердегі жүктер, әртүрлі жабдықтар, сол сияқты адамдар.

Үйінді тығыздығы бұл еркін үйілген жүктің көлем бірлігінің тығыздығы, т/м3. Кесектік бұл үйінді жүктің кесектер ірілігі бойынша сандық бөлінуі.

Табиғи баурай бұрышы– бұл үйілген жүктің бүйір беті мен горизонталь жазықтық арасындағы бұрыш.

Абразивтілік бұл тау-кен массасының тиеу, тасымалдау және түсіру процестері кезінде онымен жанасатын бетті қажап жұқартып немесе тесіп жіберу қасиеті.

Өнімділік бұл уақыт бірлігінде (сағ, мин, аусым) тасымалданатын жүктің мөлшері (т,м3). Жүк алып жүруші орган- бұл үстінде (таспа, тақташалар), заттың өзімен (тор көзді рама,

құбыр) немесе

нәрсенің

ішінде(вагоншалар,

шөміш)

жүктің

тасымалдануы

жүзеге

асырылатын орган.

 

 

 

 

 

Жеткізу

бұл тау-кен

массасының

забойдан

тасып

шығарушы

жолдарға дейі

тасымалдануы.

Тасып шығару бұл жүктің горизонтальды және жайпақ рельсті жолдармен доңғалақты ыдыстарда тасымалдануы.

Тасу бұл жүктің тікелей жер қыртысымен орын ауыстырып доңғалақты ыдыстарда тасымалдануы.

Ысырмалы комлпекс бұл ысырмалы қондырғыдан және ауыстырып тиеуші сөрелерден тұратын комлпекс.

Жолдың рельстері – құрамнан шыққан жүктемелерді қабылдап, оларды шпалдарға беріп отырады.

113

Рельсті жол бұл шахталық вагоншалардың орын ауыстыруға арналған бағыттаушы элементі.

Шпал бұл балласт үстіне салынатын рельстерге арналған тіреуіш.

Балласт бұл қазбалар табаныныдағы кедір-бұдырлықты теңгермелейтін, шпалдардың жақындауына кедергі жасайтын, суды су бұрғыш арықтарға алып кететін, соққыларды қабылдап және шпалдан шыққан қысымды рельсті жолдың төменгі құрылымына біркелкі таратып отыратын серпімді көпшік.

Рельсті жолдың табанды жолы бұл рельс бастарының ішкі қырларының ара қашықтығы. Рельсті жолдың еңісі бұл бір рельстің ұзына бойында өз бетінше алынған екі нүктесінің

арасындағы вертикаль қашықтықтың, рельстің горизонталь жазықтықтағы проекциясына қатынасы.

Тепе-теңдік еңісі бұл вагоншалардың ауырлық күші әсерімен орын ауыстыруы кезіндегі

еңіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тең кедергілер еңісі деп

жүк тиелген құрамның

еңіске

қарай

тиеу

орнынан

оқпан

албарына қарай жүргенде болатын қозғалыс

кедергісінің, бос құрамның өрге, оқпан

 

албарынан тиеу орнына қарай жүргендегі қозғалыс кедергісіне тең болған кездегі еңістікті

айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Трасса бұл рельсті жолдың горизонтальды жазықтықта орналасу орнын анықтау үшін

қызмет атқаратын тау-кен қазбаларында салынған ось.

 

 

 

 

 

 

 

Репер бұл вертикаль жазықтықта рельс бастарының орналасу орнын анықтау

үшін

қызмет атқаратын, қазбалардың бүйір бекітпе қабырғаларындағы маркшейдерлік белгі.

 

Ығысуға

қарсы

құрылғы бұл

поездың

тежелу

кезінде

 

рельстердің

ығысуын

болдырмайтын құрылғы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вагон бұл

(француз

тілінен Wagon, ағылшын

тілінен Waggon –

арба)

жүктерді

 

тасымалдауға арналған темір жол құрылғысы.

 

 

 

 

 

 

 

Вагонша бұл темір жол жолдарының тар табанды жолдарымен(кәсіпорын ішінде,

 

кеніштерде және т.б.) жүктерді тасымалдауға арналған сыйымдылығы аз (0,5...0,9 м3) вагон.

 

Қос доңғалақ ені бұл доңғалақтардың сыртқы канттары арасындағы арақашықтық, мм.

 

Қатаңдық

базасы

бұл

вагоншалардың қос

доңғалақтар

осьтерінің центрлерінің

арасындағы қашықтық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орнықтылық бұл

вагоншаны

рельстерден

шығарып

жіберуге

тырысатын

сыртқы

әсерлерге вагоншаның кедергісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Локомотив бұл поездарды рельстермен жылжытуға арналған тартқыш машина.

Поезд бұл кинематикалық тұрғыдан бір бүтінді құрайтын және бір бірімен тіркеме құрылғыларымен қосылған локомотивтер мен вагоншалар.

Құрам бұл вагондардың қалыптасқан және тіркелген жиынтығы.

Ілінісу (қабысу) коэффициенті бұл пайдалану кезінде сенімді жүзеге асырылатын ең үлкен тарту күшінің локомотивтің ілінісу (қабысу) салмағына қатынасы.

Жанама тарту күші бұл локомотивтің барлық жетекші доңғалақтарының рельстермен жанасу нүктелеріндегі ілінісу күштерінің қосындысы.

Поезд қозғалысына кедергі бұл доңғалақтардың рельстермен үйкелу салдарынан, букстардағы үйкелістен, жол деформацияларынан, ауалық ортаның кедергісінен, рельсті жолдың еңістігінен, табанды жол учаскелерінің қисықтығынан болатын кедергілер әсерінен туындайтын барлық күшетрдің тең әсерлі күші.

Ілінісу (қабысу кейде тежеуішті) массасы бұл локомотивтің жетекші доңғалақтарына келетін масса.

Қозғалысқа негізгі кедергі бұл тұрақты әсер ететін және поезд қозғалысы басталғанда туындайтын күш.

Қосымша кедергі бұл жол еңісінен, қисық учаскелерден, орнынан қозғалған кезде, инерциядан және т.б. пайда болатын кедергі күштер.

Тарту күші (тартқыш күш) бұл жетек элементтері рельстермен өзара әсерлескен кезде жетекпен жасалынып шығарылатын және жүк қозғалысы жағына бағытталған күш.

114

Тежеуіш

күші

бұл

локомотивтің

тежеуіш

қалыптарының

үйкелісі

салдарынан

(механикалық тежелу) немесе тартқыш қозғалтқыштар генераторлар

режимінде

жұмыс

істеген кезде пайда болатын күштер.

 

 

 

 

Реостаттық

тежеу

бұл

тартқыш қозғалтқыштармен

генераторлық

режимде

жасалып

шығарылатын электр энергиясы резисторларда жұтылып жылу энергиясына айналу кезіндегі электрлік тежеу тәсілі.

Тартқыштық сипаттама бұл локомотивтің тарту күшінің оның қозғалыс жылдамдығына байланыстылығы.

Рессорлы аспа бұл аралық детальдармен байланысқан табақшалы және цилиндрлі рессорлардың жиынтығы.

Көп бірлік жүйесі бойынша басқару(қосарланған локомотивтер) бұл бір машинист кабинасынан арнайы локомотив аралық қосылыстар және иілгіш кабельдер көмегімен бірнеше жылжымалы құрам бөліктерін басқару.

Қозғалтқыштың сағаттық қуаты бұл қозғалтқыш бөліктерінің температурасын ең үлкен рұқсат етілген мәннен асырмай бір сағат ішінде қозғалтқыштың жасап шығаратын қуаты.

Ұзақтық қуат бұл орамдардың қызу шектерінің шарты бойынша рұқсат етілген мәннен асырмай, үздіксіз жеткілікті ұзақ уақыт жасалып тұратын ең үлкен қуат.

Жоғары жиілікті локомотив бұл аралық станциядан тартқыш қозғалтқыштарға электр энергиясын беру электрлі түйіспе арқылы емес, электромагинттік индукция әдісімен жүзеге асырылуы.

Гировоз бұл пневматикалық(электр) қозғалтқыштың айналуынан, ауалық (электр) желіге оқтын-оқтын қосылып алынатын, маховикте жинақталған энергиясымен қозғалысы жүзеге асырылатын екі осьті локомотив.

Воздуховоздар бұл энергия көзі сығылған ауа болатын локомотивтер.

Тартқыш желі бұл түйіспелі желіден, рельсті желіден, қоректендіруші және сорып алушы желілерден (фидерлерден), қорғау және коммутацияға арналған жабдықтан, қосалқы арматурадан және басқалардан тұратын құрылғылардың жиынтығы.

Түйіспелі желі бұл электр тогын тартқыш аралық станциялардан сырғымалы түйіспенің көмегімен электрлі жылжымалы құрамға беруге арналған құрылғылар комлпексін құрайтын тартқыш желінің бір бөлігі.

Рельсті желі бұл жүру рельстерінің электр тартқыш жіптерінің жиынтығы болып табылатын тартқыш желінің бір бөлігі.

Қоректендіруші және сорып алушы желілер бұлқоректендіруші кабельдердің түйіспелі

сымға және сорып алушылардың рельсті жолға қосылу орындары.

 

Түрлендіргіш

(тартқыш)

аралық станциялар

бұлар айнымалы

токты тұрақты токқа

түрлендіруші және түйіспелі желіні қоректендіруші құрылғылар.

 

Зарядтаушы

аралық

станциялар бұлар

электровоздардың

тартқыш батареяларын

зарядтауды жүргізетін құрылғылар.

 

 

115

 

МАЗМҰНЫ

 

1.

Пәннің оқу бағдарламасы....................................................................................................

3

1.1

Оқытушы туралы мәліметтер..............................................................................................

3

1.2

Пән туралы мәліметтер........................................................................................................

3

1.3

Пререквизиттер.....................................................................................................................

3

1.4

Постреквизиттер...................................................................................................................

3

1.5

Пәннің қысқаша жазбасы ....................................................................................................

3

1.6

Тапсырмалардың түрлері мен тізімі және олардың орындалу графигі ..........................

4

1.7

Әдебиеттер тізімі ..................................................................................................................

5

1.8

Білімді бақылау және бағалау.............................................................................................

6

1.9

Курстың саясаты мен процедурасы ...................................................................................

9

2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны ........................................................................

9

2.1

Курстық тақырыптың жоспары ..........................................................................................

9

2.2

Дәрістік сабақтар конспектісі ...........................................................................................

12

2.3

Зертханалық сабақтар жоспары ........................................................................................

92

2.4

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстар

 

бойынша сабақтардың жоспары.................................................................................. ...........

98

2.5 Студенттердің өз бетінше жұмысы бойынша сабақтардың жоспары...........................

99

2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыбы... Курстық жоба..................................

100

2.7 Өзін-өзі бақылауға арналған тестілік тапсырмалар .....................................................

101

2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар ......................... ..................................................

110

 

Глоссарий (түсінік, сөздік).............................................................................................

111

116

Шығу мəлiметi

СП ОƏК «Тасымалдау жəне кен машиналары» кафедрасы мəжiлiсiнде талқыланған

2009 ж. «____»__________№__ хаттама СП ОƏК Тау-кен институтының ғылымиəдістемелік кеңесінде талқыланып, мақұлданған

2009 ж. «____»__________№__ хаттама

“050707Тау – кен ісі” мамандығы үшін « Тасымалдау жəне стационарлы қондырғылар» пəні бойынша

СТУДЕНТТЕРДIҢ ПƏНДІК ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Бимбетов М.Ү.

Басуға «__»__ 2009_ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітаптық-журнал қағазы.

Көлемі __ __оқ.-б.т. Таралымы __ дана. Тапсырыс №___.

Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ баспа типографиясында басылған Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32

117

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]