Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

bimbetov_tasymaldau_umk_kz

.pdf
Скачиваний:
178
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
1.27 Mб
Скачать

2.4 - сурет. Өлшемсіз вагонша Кеніштік вагоншалар доңғалақтарының диаметрлері300...350 мм, ал үлкен

сыйымдылықты вагоншалардың доңғалақтарының диаметрлері400...450 мм; тоғынының ені 100 мм болады. Конус пішінді доңғалақ тоғыны рельсті табанды жолда вагоншаларды центрлеуге мүмкіндік жасайды.

Екі білікті доңғалақтар үшін ең маңыздысы нығыздамалардың сенімділігі, бұлар майлардың ағып кетуін жəне подшипниктерге шаңның, балшықтардың, ылғалдардың кіріп кетуін болдырмайды.

Вагоншалардың шанағын қалындығы 5...6 мм болатын болат табақшалардан дəнекерлеу арқылы дайындалады.Шанақ пішіні вагон габариттерін толық пайдалану талаптарын қанағаттандыруы керек.

Шанақтардың қажалудан жəне коррозиядан тозуын төмендету үшін оларды төменгі қоспалы болаттардан, қыздырылып мырышталған немесе басқа берік металлдар қосылған мырышпен, сол сияқты арнайы лактар жағу арқылы жасайды. Болашағы зор бағыттардың бірі шанақтарды алюминий қоспаларынан дайындау.

Соңғы уақыттарда кеніштік вагоншалардың шанағы əйнекті пластиктерменжасалған тəжірибелік үлгілері дайындалып шығарылды. Мұндай шанақтар металл шанақтарға қарағанда жеңіл жəне қызмет жасау мерзімі анағұрлым жоғары.

Буферлер вагондардың бір-бірімен соққыларын амортизациялау(жұмсарту) үшін қажет жəне оларды тіркегенде немесе ажыратқанда қолайлы. Буферлер конструкциясы бойынша қатаң жəне иілгіш болып бөлінеді. Иілгіш буферлер вагоншалар соққыларын серіппе не резенкелі төсемдер көмегімен жұмсартып отырады. Буферлер вагоншалардың алдыңғы немесе артқы қабырғасынан кемінде 100 мм шығып тұруы керек.

Тіркеме құрылғылары вагоншаларды құрамға қосу үшін жəне тартқыш күштерді беріп отыру үшін қызмет атқарады. Олар өте берік, сенімді жəне құрамдарды тез тіркеуге жəне

ажыратуға

ыңғайлы

болуы керек. Тіркемелер

əсер ету

принципі бойынша жай жəне

автоматты

болып, ал

конструкциясы

бойынша айналатын жəне айналмайтын болып

бөлінеді. Автоматты

тіркемелер сол

сияқты

буферлер

қызметін атқарады, вагоншалар

соқтығысқан кезде автоматты түрде тіркеліп, ал ажырату кезінде құлыпты қолмен əсер ету арқылы ашу керек. Айналмалы айналмалы тіркемелер айналмалы вагон аударғыштарға құрамды ажыратусыз вагонды айналдырып жүкті түсіре береді. Тіркеме конструкциясы вагоншалар арасында вертикальды жəне горизонтальды бағыттарда кейбір«ойнамалы» саңылаулар жасап отырады, сонымен қатар құрам орнынан қозғалғанда жəне тоқтағанда

болатын үлкен соққыларға алып келетін вагондар

арасындағы

үлкен

саңылауларды

болдырмай отырады.

 

 

 

 

Жүк вагоншаларының тіркемесінің 6-еселік беріктік қоры болуы керек.

 

 

Типаж

бойынша орташа жəне үлкен

сыйымдылықты

вагоншалар автоматт

тіркемелермен жабдықталуы керек. Автоматты тіркемелердің

артықшылығы– қауіпсіздігі

жəне қызмет

көрсетуінің қарапайымдылығы, кемшіліктері –

салмағының

үлкендігі

жəне

конструкциясының күрделілігі.

Вагоншалардың кейбір түрлерін қолмен немесе бүкіл құрам бойынша автоматты түрде қосатын тежеуіштермен жабдықтайды.

21

Негізгі әдебиет: 5 [106-164]. Қосымша әдебиет: 27 [175-211]. Бақылау сұрақтары:

1.Рельсті жолдың ені, еңістік және тең кедергілер еңісі дегеніміз не?

2.Рельсті жолдың түзу учаскесіндегі жолдың құрылымы туралы айтыңыз. Айналма жолда және көлбеу қазбалардағы рельсті жол құрылымы. Жолдың негізгі элементтерін атаңыз.

3.Рельстердің жеке кесінділерін қосу тәсілдерін айтыңыз. Шпалдар, төсемдер, күре шегелер, балласт не үшін қызмет атқарады?

4.Қолданылып жүрген және ұсынылатын вагоншаларды атаңыз, олардың негізгі бөліктерін және параметрлерін айтыңыз.

5.Буферлік және тіркеме құрылғылары туралы айтыңыз.

3дəріс. Кеніштік локомотивтер. Жалпы мағұлмат жəне локомотивтердің жіктелуі. Доңғалақтардың жолмен ілінісу күштерінің жүзеге асуының физикалық негіздері.

Дәріс конспектісі. Жалпы мағұлмат және локомотивтердің жіктелуі. Көмір және рудалы шахталарда қолданылатын локомотивтер бірқатар негізгі белгілері бойынша жіктеледі:

тартуға арналған тұтынылатын энергия түрі бойынша– электровоздар (жоғары жиілікті тұрақты токты); дизелевоздар; гировоздар (инерциялы локомотивтер); воздуховоздар;

энергияны жеткізіп беру тәсілі бойынша– автономды қорек көзімен (аккумуляторлы, дизельді қозғалтқыш); сырттан қоректену көзімен(мысалы, аккумуляторлы-түйіспелі локомотивтер немесе кабельді-түйіспелі сым немесе кабель арқылы) және құрамаланған қорек көзімен (мысалы – түйіспелі локомотивтер);

қабысу (ілінесу) салмағы бойынша – жеңіл (50кН дейін), орташа (50 ден 100 кН дейін) және ауыр (100 кН асатын);

орындалуы бойынша – қалыпты кеніштік (РН) кеніштік жоғары сенімділікте орындалған; кеніштік жарылыс қауіпсіздігімен орындалған (РВ).

Отандық көмір және рудалы шахталарында ең көп тарағаны электровоздар. Көмір шахталарында 70% жуығы электровоздың үстінде орнатылған аккумулятор батареяларынан қоректетін аккумуляторлы электровоздар қолданылады. Рудалы шахталарда көбінесе (100 % дерлік) тұрақты токты түйіспелі электровоздар қолданылады, олар электр энергиясын түйіспелі сымнан алады. Түйіспелі электровозда аккумуляторлы электровоздарға қарағанда конструкциясы қарапайым, өте ыңғайлы және пайдалану кезінде анағұрлым арзан, үлкен қозғалыс жылдамадығын және жоғарғы тасып шығару өнімділігін қамтамасыз етеді.

Тарту

коэффициенті – бұл тартқыш күшінің қабысу салмағына

қатынасы– оның

шамасы

түйіспелі электровоздарда аккумуляторлы электровоздарға

қарағанда жоғары,

үлестік қуаты ол да2-3 есе үлкен. Бірақта тау-кен техникалық жағдайлардың күрделілігі салдарынан түйіспелі электровоздардың қозғалыс жылдамдығы бойынша артықшылығын толығымен жүзеге асыру қиынға соғады, сондықтан оның өнімділігі аккумуляторлы электровоздарға қарағанда 25-30 % ғана жоғары.

Кеніштік жоғары сенімділікте орындалған (РП) жоғары жиілікті түйіспесіз электровоздар жасалып өнеркәсіптік сынақтардан өтті. Электровоздың бұл түрінде энергия тартқыш аралық станциядан электровоздың электр қозғалтқыштарына электромагниттік индукция тасымалдау жол бойынша ілінген оқшауланған кабельдер арқылы түйіспезіс электровозда орнатылған энергия қабылдағыш арқылы беріледі. Жазық энергия қабылдағыш бұл ферритті өзекше, оның ойықтарында орамдар салынған. Энергия қабылдағыштың орамдарымен өздік индукцияның э.қ.к. толтыру үшін тізбектеліп конденсаторлар қосылған, осының арқасында екінші реттік трансформаторорам ролін орындайтын қабылдаушы контур пайда болады. Кабельдер жиілігі 5000 Гц болатын айнымалы токты жоғары жиілікті генератордан қоректенеді. Кабельдер мен энергия қабылдағыш арасындағы саңылау100 мм шамасында. Энергия қабылдағышпен индукцияланатын ток, электровз үстінде орнатылған

22

жартылай өткізгішті кремниилі түзеткішпен түрлендіріліп тартқыш қозғалтқыштарына келіп түседі.

Жоғары реактивті кедергілерді төмендету үшін кабельдер желісіне теңгермелеуші конденсаторлар қосылған.

3.1- суретте К14 түйіспелі электровозы келтірілген.

 

 

3.1- сурет. К14 түйіспелі электровозы

 

 

 

 

 

 

Жоғары жиілікті түйіспезіз электровоздардың артықшылықтары – жарылыс қауіпсіздігі,

 

аккумуляторлық шаруашылықтың жоқтығы; кемшіліктері – желілік кабельдердің тым қызып

 

кетуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отандық көмір шахталарында дизелевоздар өнеркәсіптік сынақтардан өтті. Олар төрт

 

ырғақты (тактілі) уы аз, жарылысқа қауіпсіз сумен суытылатын дизельді қозғалтқышпен

 

жабдықталған. Осы

қозғалтқыштан

екі

қос

доңғалаққа

қозғалыстың

берілуі

ү

жылдамдықты реверсивті беріліс қорабы, тартқыш редуктор, телескоптық біліктер және

 

осьтік конусты редукторлар арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

Шетелдік дизелевоздарда гидродинамикалық трансмиссия қолданылады.

 

 

 

Дизельді қозғалтқышты пайдаланған газдарды тазалау және суыту құрылғылармен

 

жабдықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дизелевоздардың

артықшылықтары – автономиялығы, жарылыс

қауіпсіздігімен

 

қамтамасыз етілуі,

аккумуляторлық

шаруашылықтың

жоқтығы;

кемшіліктері –

дизельді

 

отынның жанған өнімдерімен кеніштік

атмосфераны ластауы, пайдаланған газдарды рұқсат

 

етілген мөлшеріне дейін сейілту үшін қосымша үлкен ауа мөлшерінің қажеттілігі.

 

 

 

Гировоздар

локомотив

үстінде

орнатылған

айналмалы

 

маховикте

жинақталған

энергиямен қозғалысқа түседі. Маховиктің кері айналысы тасып шығаруқазбасының

 

бойында орнатылған пневматикалық желіге ауық-ауық қосылып отыратын пневматикалық

 

қозғалтқыштан тісті беріліс арқылы жүзеге асырылып отырады. Айналып

отыратын

 

маховиктен қос доңғалаққа энергияның берілісі көп сатылы төмендеткіш

тісті және

шынжырлы берілістер арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Зарядтау кезінде, локомотив қозғалысы кезінде маховикті қосу және аялдамаларда

 

маховикті ажырату басқару тұтқасынан конустық муфтамен жүзеге асырылады. Зарядтау

 

режиміне немесе қозғалыс режиміне қосу екі

тісті

муфталармен

жүргізіледі, ал

 

локомотивтің кері бағытта қозғалысы– екі көп дискалы фрикционды

муфталармен

 

жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гировоздардың

артықшылықтары –

толық

жарылыс қауіпсіздігі,

кемшіліктері –

бір

 

зарядтаманың жүру қашықтығының аздығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Воздуховоздар қозғалысқа қос доңғалық жетегінің пневматикалық қозғалтқыштарына

 

локомотив үстінде орнатылған баллондардан берілетін сығылған ауа арқылы жүргізіледі.

 

Баллондарды компрессорлық станциядан қоректенетін зарядтау бекеттерінде аусым ішінде

 

зарядтап отырады. Алмалы-салмалы баллондар да пайдаланылуы мүмкін. Воздуховоздардың

 

артықшылығы олардың толық жарылыс қауіпсіздігі. Кемшіліктері – төмен п.ә.к.,

үлкен ауа

 

23

шығыны және пайдалану шығындарының жоғарылығы, осының салдарынан олар тау-кен өнеркәсібінде кең қолданысқа ие бола алмады.

Доңғалақтардың жолмен ілінісу күшінің жүзеге асырылуының физикалық негіздері. Ілінісу күші деп тартатын немесе тежелетін доңғалақтардыңөздерінің жүріп келе

жатқан жолына қатысты жылжуына кедергі жасайтын үйкеліс күшін айтады. Ілінісу күшінің табиғаты, жаратылысы өте күрделі, әлі толық зерттелмеген.

Жылтыр доңғалақтар мен жол арасындағы ілінісу күшінің пайда ,болуынәдетте молекулалы – атомдық кедір-бұдырлық пен молекулалардың тартылыс күштері әсерлерінің нәтижесі деп түсіндеріледі. Үйкеліс күші, демек, ілінісу күші доңғалақтар мен жолдардың жасалған материалдарының физика-механикалық қасиеттеріне, олардың серпімділігіне,

геометриялық

параметрлеріне,

жанасатын беттер

күйіне, қысу

күшіне

және басқа

факторларға байланысты болады.

 

 

 

 

Тәжірибелер

мыналарды

анықтап отыр, ілінісу күші белгілі бір шектерге дейін

доңғалақтың жолға басылу күшіне пропорционал болады, ал үлестік қысым үлкен болған

кезде доңғалақ

тоғынының

беттік қабаттары

мен жолдың

жұмыстық

бетінің бұзылу

нәтижесінде және олардың беттерінде ірі кедір-бұдырлық пайда болу нәтижесінде ілінісу күші азайып кетеді, бұл доңғалақтың жолда тайғанақтауына алып келеді, сонымен қатар өзара тайғанақтау жылдмадығы артқан сайын, ілінісу күші тез төмендей бастайды.

Ілінісу күшінің ең үлкен шамасы доңғалақ пен жолдың екеуінің арасындағы толық тайғанақтау кезеңі алдында пайда болатын тыныштықтағы шектік үйкеліс күшімен анықталады.

Үстінде орнатылған тартқыш қозғалтқыштардан айналдырғыш моменттердің берілуімен қозғалысы жүзеге асатын тасымалдау машиналары ,үшінтартқыш күші мен тежеу күштерінің сыртқы күш ретінде пайда болуы доңғалақтардың жолмен ілінісуі арқылы жүзеге асады.

Тартқыш доңғалақтың біреуіндегі тарту күшінің пайда болу процесін қарастырайық. Басында доңғалақ пен жолдың қаттылығы өте үлкен делік. Сонда доңғалақ 1 (3.2- сурет) доңғалақтың жолды қысу күшінің КР шамасына тәуелсіз жолмен2 А нүктесінде жанасып тұрады. Ары қарай доңғалаққа, мысалы сағат тілі бағытымен әсер ететін айналдырғыш моменті Мвр түсірілген делік. Осы моменттің әсерімен доңғалақ О осі айналасында айналуға ұмтылады. Бірақта мұндай айналысқа доңғалақ пен жолдың А жанасу нүктесінде қысу

күшінің

РК әсерімен пайда болатын үйкеліс күші кедергі жасайды.

 

Доңғалақ

пен

жолдың ілінісу күшінің жүзеге асуының физикалық. негізде

Айналдырғыш

моментті Мвр А және О нүктелерінде түсірілген, иіні доңғалану дөңгелегінің

радиусына rk (бұл жерде rk=АО) тең болатын қос күшпен FK және FK¢ көрсетеміз.

Бұл

екі

күш

доңғалақты

өзінің осі

айналасында

О нүктесінде айналды

ұмтылатындықтан, FK

күші доңғалақ

тоғынының

А нүктесін жолға

қатысты жылжытуға

ұмтылады, ал оған осы кезде пайда болатын доңғалақ тоғынына қатысты сыртқы болатын үйкеліс күші Fсц кедргі жасайды.

3.2 - сурет. Тартқыш доңғалаққа әсер ететін күштердің сұлбасы

Егер FK күші тыныштықтағы ен үлкен үйкеліс күшіне Fсц max

тең қандай да бір шектік

шамадан асып кетпесе, онда доңғалақтың А нүктесі

әр уақытта жолға қатысты

жылжымайтын нүкте болып қалады, сөйтіп ол тез айналу центрі болады. Ал сыртқы күш

24

Fсц max

тез айналу центрін үздіксіз жылжытып отырады, ал онымен бірге доңғалақ та жолмен

орын ауыстырып отырады, сонымен бірге доңғалақ жолмен жанасқан

сайын

доңғалақ

тоғыны бетінің жаңа нүктелері келіп отырады, олар уықыттың әр сәйкес

кезеңінде тез

айналу центрі болып қала береді.

 

 

Егер FK

күшінің шамасы тыныштықтағы ең үлкен үйкеліс күшіненFсц max

асып кетсе,

онда

күштер

тепе-теңдігі бұзылады, ал доңғалақ тығылып бір орнында

айналып

тұрып

қалады, сонымен бірге доңғалақ пен жол арасындағы үйкеліс күші өзара тайғанақтау жылдамдығы артқан сайын төмендей түседі. Бұл үйкеліс күшінің төмендеуіне және доңғалақ пен жолдың бұзылуына алып келеді.

Сонымен ілінісу күші болып табылатын Fсц сыртқы күші доңғалақтың жолмен жанасу нүктесінде оған жанама бойымен бағытталғанжәне доңғалақ осінің үдемелі орын ауыстыруын тудыратын тарту күші болып табылады. Бұл күшті доңғалақ тоғынындағы жанама тарту күші деп атайды.

Айналдырғыш моментіне Мвр сәйкес келетін FK күшін жетек қуаты бойынша тарту күші деп атайды. Себебі доңғалақ қозғалысы кезінде ішкі және сыртқы күштер кедергілерін

жеңуге тура келеді(подшипниктердегі үйкеліс,

доңғалану үйкелісі,

инерциялар

және

басқалары), онда

 

 

Iк

 

dw

 

 

 

 

 

 

 

F = F -

 

-W

,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сц

к

 

rк dt

 

ВН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мұндағы Iк - айналмалы бөлімдердің инерция моменттерін және басқаларын ескеретін

доңғалақтың инерция моменті; w - үдемелі

жылдамдыққа Vк сәйкес келетін доңғалақтың

айналу жиілігі, w =

Vк

; W - подшипниктердегі

 

және

доңғалақтың

дөңгелену

кезіндегі

 

 

 

 

ВН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

rк

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қозғалысқа үйкеліс кедергілері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарту күшінің ең үлкен мәні Fк max мына шамадан аспауы керек

 

 

 

 

F

-W

-

Ік

 

dw

£ F

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

к max

вн

 

 

rк

dt

сц max

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Доңғалақ пен жолдың берілген материалдары, олардың беттерінің күйі және жанасу бетіне түсетін үлестік қысым үшін шектік ілінісу күші доңғалақтың жолға қысылу күшіне пропорционал болады

Fсц max = jк × Pк

мұндағы y к - доңғалақтың жолмен ілінісу коэффициенті деп аталатын пропорционалдық коэффициент.

Жазық жолда тежелуші доңғалаққа әсер ететін күштер 3.3- суретте көрсетілген

а- доңғалақ пен жолдың өте қаттылығы кезінде; 1- доңғалақ; 2-жол; 3- тежеуіш қалыбы 3.3 - сурет. Тежелуші доңғалаққа әсер ететені күштер сұлбасы

25

Тежеуіш күші тежеуіш қалыбын доңғалақ тоғынына басу нәтижесінде пайда болады. Доңғалақ тоғынына түсірілген тежеуші күштіВк әрпімен белгілейді. Бұл күш тежеуіш қалыбының доңғалақ тоғынына басылу(қысылу) күшіне Nк пропорционал, сондықтан оны мына түрде көрсетуге болады

Вк = f × Nк ,

мұндағы f - қалып пен доңғалақ тоғыны арасындағы үйкеліс коэффициенті. Вк күші (3.3-

сурет) букста реакция тудырып, онда ішкі екі күшті ( Вк және Вк' ) жасап шығарады. Осы екі күшті басқа баламалы күштермен алмастырып( Вк'' және Вк''' ) қарасақ, бұл жағдайда тарту күшін жасауға ұқсас процесс жүреді, себебі доңғалақ пен жолдың жанасу А нүктесіне түсірілген В'' күші доңғалақ пен жолдың арасындағы үйкеліс күшінеFсц тең, сыртқы күш

болып табылатын, қозғалысты баяулататын реакция тудырады. Тежеуіш күшінің шамасы, тарту күші сияқты доңғалақтың жолмен ілінісу күшімен шектеледі, сондықтан

Вк = f × Nк £ Fсц =y к × Pк

Осы шарт орындалмаған жағдайда доңғалақтың кептелуі(сыналануы) болады немесе (сырғанап қозғалуы) болады. Тежеу режимінде доңғалақтың жолмен сырғанауына рұқсат етілмейді, себебі бұл кезде доңғалақ тоғыны желініп, соның салдарынан оның бетінде шұңқырлар пайда болады. Бұл кезде тежеу әсері төмендейді, себебі тежеуші күш болып доңғалақ пен жол арасындағы сырғанау үйкеліс күші роль атқарады, ол бұл жағдайда ілінісу коэффициентімен шектелмей, одан шамасы аз болатын сырғанау үйкеліс коэффициентімен шектелетін болады.

Негізгі әдебиет: 1,[133-164]; 2,[175-211] Қосымша әдебиет: 3,[67-77]; 4,[230-252]

Бақылау сұрақтары:

1.Локомотивті тасып шығарудың жіктелуін және негізгі түсініктемелерді келтіріңіз.

2.Электровоздардың түрлерін атаңыз, олардың қолдану аймағы, арнайы локомотивтер туралы айтыңыз.

3.Электровоздардың конструкциялық және ілінісу(қабысу) массасы дегеніміз не? Оське түсетін жүктемелерді теңгеру тәсілдері қандай?

4.Негізгі механикалық және электрлік жабдықтарға нелер жатады?

5.Тартқыш қозғалтқыштарды қалай түсіндіресіз, оларға қандай талаптар қойылады?

4 дəріс. Өздігінен жүретін машиналар. Жалпы мағұлмат жəне жіктелуі. Тиеп - тасымалдау машиналары. Автотүсіргіштер, өзі жүретін вагондар.

Дәріс конспектісі. Жалпы мағұлмат және жіктелуі. Өздігінен жүретін машиналар функционалды белгілері бойынша тиеуші, тиеп-тасымалдаушы және тасымалдаушы машиналарға бөлінеді.

Жүк тиеуші машиналар қопсытылған тау-кен массасын жұмысшы органымен көсіп алу, оны белгілі бір биіктікке көтеру және әртүрлі тасымалдау қондырғыларына арту үшін арналған.

Тиеп-тасымалдаушы машиналар тау-кен массасын көсіп алу, оны біршама қашықтыққа тасымалдау қондырғыларына, кен құдыққа немесе бункерге тиеу үшін арналған.

Өздігінен жүретін тасымалдау машиналары(автоөзітүсіргіштер және өзі жүретін вагондар) тек тау-кен массасын тасу үшін арналған. Өзі жүретін тасымалдау машиналарын тиеу үшін әртүрлі тиеу машиналары мен қондырғылары пайдаланылады.

Өздігінен жүретін машиналарды мынадай негізгі конструкциялық белгілері бойынша жіктеуге болады:

жүру механизмінің конструкциясы бойынша - пневматикалық шиналары бар, мұнымен тиеп-тасымалдаушы, тасымалдаушы машиналардың басым көпшілігі жабдықталған,

26

шынжыр табанды және доңғалақты-рельсті машиналар, бұлармен тек кейбір тиеуші машиналар типі жабдықталған;

жетек түрі бойынша – дизельді, электрлі (аккумуляторлы батареялардан немесе кабель бойынша қоректенетін) және пневматикалы шлангтар арқылы қоректенетін;

раманың конструкциялық орындалуы бойыншақатаң және шарнирлі-мүшеленген рамасы бар (тиеп-тасымалдаушы және тасымалдаушы өзі жүретін машиналардың көпшілігі шарнирлі-мүшеленген рамамен орындалған).

Өздігінен

жүретін

тиеп-тасымалдаушы

және

тасымалдаушы

машиналарды

артықшылықтары: жоғары өнімділігі және мобильділігі(дизельді жетегі бар машиналар),

бұл забойлар

арасында

машиналардың жүру

уақытын

қысқарту

арқасында олардың

пайдалану коэффициентінің

артуына мүмкіндік

жасайды; ірі

кесекті

қатты

жүктерді

тасымалдау қабілеттілігі; ең үлкен өрлерге (150 дейін) шығып кету мүмкіндігі; машинаның бұрылу радиусының аздығы (ең азы 5-10м); әмбебаптығы, бір машинаны пайдалану, тазалау және қосалқы жұмыстарға пайдалануды қамтамасыз ; етуітау-кен жұмысшыларының еңбегінің жеңілденуі және өндіріс мәдениетінің артуы.

Өздігінен жүретін тиеп-тасымалдау және тасымалдау машиналарының кемшіліктері: дайындау күрделілігі және құнының жоғарылығы; шиналарының тез тозуына байланысты пайдалану шығындарының көптігі және дизельді жетегі бар машиналарды пайдаланған кезде желдетуге ауа шығынының көбеюі; ірі габаритті тасымалдау машиналарының жүруі үшін қазбалардың қималарының артуы. Осы аталған кемшіліктерге қарамастан өздігінен жүретін жабдықтарды ендіру еңбек өнімділігін арттыруға, қазып алудың өзіндік құнын төмендетуге және тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік жасайды.

Өздігінен жүретін машиналар түсті және қара

металлды рудаларды және тау-кен

химиялық шикізаттарды қазып алу кезінде тау-кен

өнеркәсібінде үлкен қолданысқа ие

болды.

 

Руданы өткізуге арналған өздігінен жүтерін машиналардың негізгі пәрменді қолдану аймағына кен сілемінің қалыңдығы 3-5 м кем емес орнықты рудасы бар салыстырмалы түрде тау-кен қысымы аз кен орындары жатады. Пайдаланылатын өздігінен жүретін машинаның типіне және өнімділіген байланысты осы машиналарға арналған бөлек кірмесі бар руда денесінің немесе блоктың қоры 50-100 мың тонна болуы керек.

Өздігінен жүретін машиналарды руданы камералық-діңгекті қазу жүйесі ,кезінде этаждық және этаж аралық опыру, бос кеңістікті қатаятын толтырмамен горизонтальды қабаттармен толтырылатын және басқа қазу жүйелері кезінде өте кең қолданылады.

Сығылған ауа шлангамен берілетін пневматикалық жетекпен жарақталған, тиептасымалдаушы машиналар көбінесе қазбаларды өту және тасымалдау ұзындығы110 м аспайтын тазалау жұмыстарында қолданылады.

Электр жетегі бар кабель арқылы қоректенетін өздігінен жүретін тиеп-тасымалдаушы

және тасымалдаушы вагондар400 м дейін тасымалдауды қамтамасыз

етеді(кабель

бекітілген нүктеден екі жаққа 200 м дейін).

 

 

Дизельді жетегі бар өздігінен жүретін тиеп-тасымалдаушы

және

тасымалдаушы

машиналар кез-келген қашықтыққа тасымалдауды қамтамасыз ете алады, бірақта тау-кен

массасын тазалау және дайындау жұмыстарында ұтымды тасымалдау ұзындығы250-300 м

құрайды, автоөзітүсіргіштердікі -300-2000 м. Пайдаланудың белгілі бір

жағдайларында

автоөзіүсіргіштермен руданы забойдан оқпан албарына дейін, ал кейде штольнямен немесе еңкіштік бұрышы 8-120 болатын көлбеу оқпандармен шахта бетіне дейін тасымалдайды.

Түбінде ысырмалы конвейері бар өздігінен жүретін вагондар көбінесе үңгілеуші комбайндармен және бункер-қайта тиегіштермен бірлесіп калий рудасын қазып алу кезінде қолданылады, сол сияқты қаттылығы онша жоғары емес бос жыныстар бойынша дайындау қазбаларын өту кезінде де қолданылады.

Тиеуші машиналарды дайындау қазбаларын жүргізу кезінде, камералы жүйемен қазу кезінде тазалап алу жұмыстарында және руданы қазба табанына түсіру жүйесі кезінде пайдаланылады.

27

Қалыңдығы 6-12 м кем болмайтын горизонтальды руда денесін қазып алу кезінде руданы автотүсіргіштерге тиеу үшін жер асты электрлі және гидравликалық экскаваторлар қолданылады. Бірақта шынжыр табанды механизмі бар экскаваторлардың маневрлігінің төмендігіне байланысты ең ұтымдысы бұл доңғалақты тиегіштерді немесе тиеуші ролін атқаратын тиеп-тасымалдаушы машиналарды пайдалану.

Тиеп-тасымалдаушы машиналар. Тиеп-тасымалдаушы машиналар әсер ету принципі және конструкциялық орындалуы бойынша екі негізгі түрге бөлінеді: шөміші бір мезгілде тиеуші және тасымалдаушы қызметін атқаратын(ПД типтес), бір немесе бірнеше кесіп алумен тиелетін және тау-кен массасын тасымалдау үшін арналған түрі; шөмішті атқарушы тиеуші органы және тасымалдаушы шанағы бар (ПТ) типтес, машинаның өзінде орнатылған шөмішімен бірнеше рет кесіп алып тиелетін түрі.

ПД типтес тиеп-жеткізуші машина(4.1-сурет) шарнирлі-мүшеленген рамасы бар шассимен жабдықталған, оған пневматикалық шиналы механизм үстінде орнатылған алдыңғы және артқы жарты рамалар кіреді. Алдыңғы жарты рама үстінде атқарушы тиеу органы бекітілген, ол шөміштен, стреладан, рычагты механизмнен және күштік гидроцилиндрлерден тұрады, ал артқы жарты рама-пайдаланған газдарды залалсыздандыру жүйесі бар қозғалтқыштан, трансмиссиядан, тиеуші органның гидрожетегінен және машинаны бұру механизмінен, машинист кабинасынан тұрады.

Шөмішті тиепжеткізуші машиналардың көпшілігінде сұйықпен немесе ауамен суытылатын төрт ырғақты (тактілі) дизельді қозғалтқышы пайдаланылады.

Дизельді қозғалтқыштардың жұмыстық цилиндрлеріне ауа мен жанар май бөлек келіп

түседі, осыдан

пайда

болған қоспа

қатты сығылған кезде температураның көтерілу

нәтижесінде

тұтанады.

Карбюраторлы

қозғалтқыштармен

салыстырғанда

дизельді

қозғалтқыштардың конструкциясы күрделі болады, бірақ арзанырақ жанар маймен жұмыс ісейді, қуаты үлкен болады, п.ә.к. де үлкен болады, дизельді қозғалтқыштардың пайдаланған газдарында зиянды заттар аз болады.

1-пневматикалық доңғалақты өздігінен жүретін шассилер; 2-артқы жарты рама; 3- қосарланған шарнир; 4-алдыңғы жарты рама; 5-жүк алып журуші шөміш.

4.1 - сурет. Жүк алып жүруші шөміші бар ПД типтес тиеп-тасымалдаушы машинасы

Дизельді қозғалтқыштардың қалыпты жүктемемен жұмысы

кезінде

пайдаланған

газдарында мынадай улы компоненттер болады, көміртек тотығы (0,2%),

азот тотықтары

(0,2%), альдегидтер (0,004%), күкіртті газ, сол сияқты майлар мен күйе булары болады.

Қозғалтқыштың бос жұмысы кезінде пайдаланған газдардағы

улы

компоненттердің

пайыздық мөлшері бірнеше есе өсіп кетеді.

 

 

28

Осылардың ішіндегі ең улылары көміртек тотығы, азот тотықтары және күкіртті газ, басқа зиянды компоненттердің мұрын мен көздің шырышты қабығын тіркендіретін сүйкімсіз иісі болады.

Пайдаланған газдардағы зиянды компонеттерді қажетті мөлшерге дейін төмендету (көміртек тотығын 0,08 % дейін, азот тотықтарын 0,05 % дейін, ал альдегидтерді 0,01 % дейін) мына шаралар комплексімен қол жеткізіледі: нейтрализаторларды пайдаланумен,

қозғалтқыш жұмысын газ бөлінуі ең аз оңтайлы режимде жұмыс істейтін жанар май аппаратурасын реттеумен, тиеп-тасымалдаушы машиналар жұмыс істейтін қазбаларға қосымша ауа берумен.

Дизельді қозғалтқышы бар тиеп-тасымалдаушы машиналарда катализаторлық және сұйықты нейтрализаторларды (бейтараптандырғыштарды) пайдаланып екі сатылы газ

тазалаушы

жүйесі

қолданылады. Бұлар

алюминий

және

платиналы

катализаторлы

элементтермен (шариктермен, цилиндрлермен) толтырылған металл тормен жабылған болат

цилиндр.

Катализаторлық

бейтараптандырғышта

 

көміртек

тотығын, альдегидтерді

тотықтыру

және

сүйкімсіз

иісті

кетіру

қамтамасыз.

Пайдаланғанетіледі

газдар

катализаторлық бейтараптандырғыштан

баробатаж

типтес сұйықтық нейтрализаторларға

келіп түседі, ол жартылай сумен немесе химиялық реагенттермен ерітіндісімен толтырылған және бір-бірімен қатынасатын барабатажды және толтырмалы бөліктерге бөлінген ыдыс. Пайдаланған газ коллекторға келіп түседі де тесік арқылы баробатаж бөліміне кіреді. Газдар

сұйықтық нейтрализатордың жоғарғы

бөлігіне көтерілген кезде суда ерігіш зиянды

компонеттердің бейтараптануы жүреді, сол сияқты күйелер тұтығып, пайдаланған газдардың

температурасы төмендейді. Баробатаж

бөлігінен шығатын газдардың жүру жолында

орнатылған тамшы тоқтатқыш тақташалар су тамшыларын бөліп ұстап қалуды қамтамасыз етеді, олар толтыру бөлігінде жинақталып тесік арқылы баробатаж бөлігіне ағып кетеді. Пайдаланған газдар келте құбыр арқылы атмосфераға шығып кетеді.

Тиеп-тасымалдау машиналары жұмыс істейтін қазбаларда кеніштік атмосферадағы улы компоненттердің концентрациясын санитарлық мөлшерге дейін ары қарай төмендету үшін дизельді қозғалтқыштың 1 квт қуатына 6,8 м3/мин кем емес таза ауа беріліп отырады.

Дизельді қозғалтқышы бар тиеп-тасымалдау машиналарын автоматты түрде өрт сөндіру жүйесімен жабдықтайды, бұлар рұқсат етілген температурадан асқан кезде қозғалтқыштың сорма және шығарушы коллекторларына көмір қышқылын немесе азотты-механикалық қабілетті арнайы баллондардан беруді қамтамасыз етеді, сол сияқты жанар май багының аумағына, жанар май насосы мен турбокомпрессор аумағына берілуін де қамтамасыз етеді.

Машиналардағы өрт қауіпсіздігінен басқа, газ немесе шаң бойынша қауіпті шахталарда пайдаланылған газдың шығатын және сорылатын жерлерінде өрт сөндіргіштерді орнату жолымен жарылыс қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Пайдалану жағдайының күрделілігіне және жұмыстық тасымалдау режимдердегі айнымалы тиелуіне байланысты шөмішті тиеп-тасымалдау машиналарының көпшілігінде гидромеханикалық трансмиссия қолданылады, ол кедергілер мен жүктемелердің өзгеріп отыруына байланысты тартқыш күштің және берілістердің жұмсақ бірқалыпты қуат ағымын үзбей беріп отыруын қамтамасыз. Гидромеханикалықетеді трансмиссияға гидротрансформаторлар, планетарлы типтегі беріліс қорабы, сол сияқты бас беріліс, жарты осі бар дифференциал және әр жетекші көпірде(мостта) болатын доңғалақтық редуктор жатады. Әдетте тиеп-тасымалдаушы машиналарда екі көпір де жетекші болып табылады. Өзі

блокадаланатын

дифференциалы бар алдыңғы көпір(мост) машинаның жарты рамасына

қатаң бекітіледі. Көсіп алу процесі кезінде өзі блокадаланатын дифференциал айналу жиілігі

бірдей болған

кезде

алдыңғы

көпірдің

доңғалақтары

арасындағы

қатаң

байланысты

қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

Машинаның

артқы

көпірі сәйкес жарты рамаға балансирленіп немесе

қатаң бекітіледі

(жарты рамалардың қосылысында горизонтальды шарнир болғанда). Машинаның барлық

доңғалақтарының

қазба

табанымен

бір уақытта

өзара әсерлесуі

балансирлі

көпір

тербелісі

29

немесе горизонтальды шарнирге қатысты машинаның жарты рамаларының бұрылу есебінен қамтамасыз етіледі.

Тиеп-тасымалдау машиналарының көпшілігін камералы пневматикалық шиналармен жабдықтайды, осының арқасында жұмыс процесінде машина элементтеріндегі динамикалық күштердің амортизациялануы қамтамасыз етіледі. Доңғалақтың резеңке қабының (покрышкасының) қаңқасын (каркасын) капрон немесе металл арқан жіптен көп қабатты етіп орындайды және сым тордан жасалған аралық қабатпен күшейтіледі(брекермен), бұл доңғалақ қабының тесілуіне кедергіні арттыру үшін қызмет атқарады.

Доңғалақ қабының (покрышканың) сыртқы резеңкелі қабатын протектордан ірі және терең тілікпен (суретпен) тозбайтын резеңкеден жасайды, бұл доңғалақтың қазба табанымен

сенімді ілінісуін қамтамасыз етеді. Камерадағы ауаның

қысымы машинаның

жүк

көтергіштігіне байланысты 0,5-0,8 МПа шамасында болады.

 

 

Шахталық жағдайларда шиналардың қызмет жасау мерзімі300 ден 600 мото-сағатқа

 

дейін, бұл кезде пневматикалық шиналарға жұмсалатын

пайдалану шығыны

жалпы

машинаны пайдалану шығынының50% құрайды. Пневматикалық шиналардың қатардан

 

шығуының негізгі себебі протектордың жыртылуы және металл сым арқандардың үзілуі, бұлар доңғалақтардың тегіс емес абразивті жер қыртысымен тайғанақтауы немесе қатты тау жыныстарының үшкір кесектерін басып өту салдарынан болады.

Шиналардың ұзақ мерзімділігін арттыру және протекторды тозудан сақтау мақсатымен шиналардың қызмет жасау мерзімін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік беретін қорғаушы шынжырлар қолданылады.

Шарнирлі-мүшеленген рамасы бар тиеп-тасымалдау машиналарында гидравликалық рульдік басқару қолданылады, оған рульдік бағана (колонка), золотник типті таратқышы бар

рульдік механизм және екі бұрылу гидроцилиндрлер (сол жақтың, оң жақтық) кіреді.

 

Тиеп-тасымалдау

машинасының

тежеуіш

жүйесіне

жұмыстық

қалыпты

немесе

табақшалы (дисковые) пневматикалық

немесе

гидравликалық

жетегі , бартежегіштер

 

трансмиссиясының тежеулететін элементтерімен бөлек жасалған немесе негізгі жұмыстық

тежегеішпен бірге орындалған тұрақты тежеуіш кіреді.

 

 

 

Тиеп-тасымалдаушы

машинаның

тиеуші

органы шөміштен, стреладан,

шарнирлі-

 

рычагты жүйеден, шөміші бар стреланы көтеру гидроцилиндрлерінен және стреладағы шөмішті бұру гидроцилиндрлерінен тұрады. Көсіп алу және шөмішті көтеру процесін басқару машинистпен немесе басқару жүйесі тізбегіндегі гидравликалық немесе электрлік жетектердің көмегімен автоматты режимде жүзеге асырылады.

Кабинаны алынып-салынатын қоршауы бар ашық қаңқалы конструкция түрінде немесе машина аударылып кеткен жағдайда машинистке арналған қауіпсіздік доғам, немесен жоғарғы жағы алынып салынатын жабық конструкциялы етіп жасайды.

Отандық өнеркәсіпте типаждық қатарға сәйкес ПД типтес шөмішті тиеп-жеткізуші

машиналардың

мынадай

түрлері

жасалып шығарылады: ПД-3;

ПД-5; ПД-8

және

ПД-12

(сандық мәндер машинаның тоннамен берілген жүк көтергіштігін көрсетеді). Барлық

машиналар сумен суытылатын дизельді қозғалтқышпен, горизонталь жазықтықта жарты

рамасының

бұрылу

бұрышы400

дейін

болатын

шарнирлі-мүшеленген

рамамен,

гидромеханикалық трансмиссиямен жабдықталған.

 

 

 

 

 

 

Машинаның қозғалтқышының қуаты90-185

квт,

өзіндік

массасы 11-28

т, ең

 

үлкен

қозғалыс жылдамдығы 20-30 км/сағ, негізгі шөміштік сыйымдылығы 1,5-6 м3 (негізгі шөміш,

тығыздығы 2

т/м3 болатын

тау-кен

массасын

тиеуге

есептелген, ауыспалы

шөміш-

тығыздығы осыдан үлкен немесе аз тау-кен массасын тиеуге есептелген).

Тиеп-тасымалдау машиналарын тазалу және дайындау жұмыстарын жүргізу кезінде таукен массасын тиеу және тасымалдау бойынша негізгі операцияларды орындаудан басқа қазба табандарын тазалау, әртүрлі жүктерді шөмішпен жеткізу, жолдарды салу және т..б қосалқы операцияларда пайдаланылады.

Шөмішті тиеп-тасымалдаушы машиналар көптеген шетел фирмаланрында жасалып шығарылады. Бұл машиналардың шөміштерінің сыйымдылығы 0,8 ден 10 м3 дейін, дизельді

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]