Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Сағымова а.С., Жакипова м.Н. Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған практикалық

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Алматы

2012

УДК 811.512.122 (075.8)

ББК 81.2 Каз - 923

Т 38

Пікір жазғандар:

Солтанбекова Г.А., филология ғылымдарының кандидаты

Низамова М.Н., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Т 38 Техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған «Практикалық қазақ тілі”: Оқу құралы /Құрастырғандар: Сағымова А.С., Жакипова М.Н./ - Алматы: АТУ, 2012. - 85 б.

ISBN 978-601-263-067-1

Қазақ тілінен ұсынылып отырған бұл оқу құралы техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған. Аталған оқу құралында қазақ тілі грамматикасының барлық саласы қамтылып, тапсырмалар мамандық деңгейіне сәйкестендіріліп құрастырылған.

ББК 81.2 Каз - 923

Алматы технологиялық университетінің оқу-әдістемелік секциясы

Басуға ұсынған

ISBN 978-601-263-067-1

© Сағымова А.С., Жакипова М.Н., 2012

АЛҒЫ СӨЗ

Қазіргі үш тұғырлы тіл саясатының астарында ана тілімізді мемлекеттік тіл ретінде ғана емес ұлтаралық және халықаралық тіл дәрежесіне көтеру міндеті тұр. Тіліміздің дамуы өзге тілдер көлеңкесінде қалып қоймай қарыштап дамып, барлық сауатты адамдардан бастап, білікті мамандар тіліне айналдыру міндеті түрлі салада мамандар дайындайтын еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының басты қызметі мен парызына айналып отыр.

Ұсынылып отырған оқу құралының басты мақсаты – жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарында, орыс тілді аудиторияларда оқитын студенттерге қазақ тілін оқытып-үйрету.

«Практикалық қазақ тілі» оқу құралының құрылымы 2 блоктан тұрады. Блоктар, сабақтар арасында тақырыптық үндестік, мазмұндық жалғастық бар. Тіл білімінің грамматика саласы тілді сауатты үйренуге, ал лексика саласы тіл байлығын жетілдіруге қызмет ететіндіктен, осы қос сала «Практикалық қазақ тілі» оқу құралында бір арнаға тоғысқан.

«Практикалық қазақ тілі» атты оқу құралының басты ерекшелігі – техникалық мамандықтар бойынша қазақ тілін үйрету. Басты бағыт – сөйлеудің ең қарапайым түрінен күрделіге жету жолдары, яғни дайын үлгідегі жекелеген сөздер мен сөз тіркестері арқылы ойын айтудан бастап, өзі мәтін құрып, өз сөзімен белгілі тақырыпты кеңейтіп, дамыта айтуға дейін жеткізу. Кәсіби деңгейде оқытудың принципі – тілдік материалдарды кәдімгі өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып қолдану.

1-тақырып

Грамматика: Қазақ тілінің ерекшелігі. Дыбыстардың саралануы. Буын түрлері. Үндестік заңы. Көптік жалғауы.

Лексика: Өзім туралы. Танысу. Амандасу.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]