Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Сын есімнің шырайлары

Бір түрлі түр мен түстің, сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әр қилы реңдерін шырай дейді. Мысалы: жақсы, жақсырақ, жап-жақсы, өте жақсы, т.б. Сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады. Сын есімнің мынандай шырайы бар:

а) салыстырмалы шырай -рақ/-рек,-ырақ/-ірек;-лау/-леу,-дау/-деу,-тау/-теу; -ғыш, -ғылт/-қылт, -шыл/-шіл, т.б. жұрнақтары арқылы жасалады (жақсырақ, тазарақ, әдемірек, үлкенірек, жасырақ, үлкендеу, қысқалау, арзандау, қымбаттау, биіктеу, қызғылт, сарғыш, көкшіл).

б) асырмалы шырай -п жұрнағы жалғанған күшейтпелі буын (жап-жақсы, сап-сары, ап-аласа) және ең, аса, тым, өте (ең әдемі, аса биік, тым аласа, өте дәмді) үстулерінің тіркесуі арқылы жасалады.

1-тапсырма. Көшіріп жазып, сын есімдердің шырайларын ажыратыңыз.

Аппақ ет, қып-қызыл бет, қара шаш, қызыл жүзді жасырғанда. (Абай) Бұрын топ-толық, қызыл шырайлы, қарақат көзді кәмшат, қазір сатқақ ұрғандай арықтап, құп-қу шөлмектей боп қалыпты. Үлкейіп, алақандай боп кеткен қап-қара көздерінен кесек-кесек жастар тамшылайды. Бет пішіні дөңгелек емес, сопақтау және жұқалаң. Бәрі де ақшыл сарғыш. Үлкен ыза бойын буып келген Қаратай Құнанбайға аса бір салқын зілмен сөйледі. (М. Әуезов)

2-тапсырма. 10 сын есім жазып, шырай түрлерін жасаңыз.

Үлгі: Жақсы, жақсы-рақ, жақсы-лау, жап-жақсы, ең жақсы.

3-тапсырма. Сын есімдерге антонимдер тауып жазыңыз.

Кір, алыс, көп, биік, ақ, суық, үлкен, жақсы, кең, қисық, ауыр, жалпақ.

4-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, көшіріп жазыңыз. Шырайлардың түрін ажыратыңыз.

1. Математика сабағы (очень сложный). 2. Жаңа тақырып (легче предыдущего). 3. Яблочный сок (сладкий-пресладкий). 4. Бүгін күн кешегіден (жарче). 5. Мына туфлидің өкшесі (слишком низкие). 6. Алматы – Қазақстанның (самый красивый) қаласы.

5-тапсырма. Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз.

Ұзақ, қысқа, аласа, биік, қызық, көңілді, таулы, күзгі, қалалық.

6-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, сын есімнің шырайларын анықтаңыз.

1. Этот дом – самое высокое здание в нашем городе. 2. Родниковая вода – чистая-пречистая, холодная-прехолодная и очень прозрачная. 3. Это блюдо слишком сладкое. 4. Я учусь лучше своей сестры. 5. Сегодня на уроке было больше учащихся, чем вчера. 6. Он сильнее тебя, но ты умнее его.

7-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.

Кім көшбасшы болғысы келеді ?

Кез келген ортада топты басқарып, топ алдында жүретін топ бастаушы адам – көшбасшы (лидер) болады.

Көшбасшылар – өзгелерді сендіргіш, қай жағынан да үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білетін, жауапкершілігі мол және өзгелермен кеңесе де біле алатын, жүйелі пікірі бар адам.

Көшбасшы үшін оқу аса қажет: кәсіптік оқу, мәдени оқу, қызметпен байланысты оқу...

Қазіргі қоғамның адамы өз дегеніне қол жеткізіп, табыс биігіне көтерілу үшін, батыл іс-қимыл жасай білуімен қатар көпшілік алдында сөз сөйлей білуі жөн. Қазақ тілі – өте бай тіл. Тілде әр алуан ойды жеткізуге көмектесетін тұрақты сөз тіркестер, мақал-мәтелдер көп. Әр ортада қалай сөйлеу керек, керекті сөздерді таңдай білудің мәні зор.

Кейбір адамдар айтайын деген ойын қағазға қарамай-ақ баяндап береді. Дегенімен де көпшілік алдында еркін сөйлеу оңай емес. Психолог мамандардың айтуынша, көп адам жиналған аудитория алдында сөз сөйлейтін адамда алдымен қорқыныш пайда болады.

Атақты Корнегидің айтуынша, көпшілік алдында сөз сөйлегенде батыл болу қажет, тіпті аудиторияда отырған әрбір адам сізге қарыздар деп есептеңіз, сонда көп жетістікке жетесіз.

*

- Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, сөйлем құраңыз.

- Мәтіннің мазмұнына қарай сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.

- Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз.

- Мәтіннен сын есімдерді тауып, талдаңыз.

**

- Мәтіндегі негізгі қағидаларды табыңыз.

- Мәтіннің мазмұнын қысқаша мазмұндаңыз.

- Мәтін бойынша қандай әсер алғаныңыз жайлы өз пікіріңізді сын есімді пайдалана отырып, ортаға салыңыз.

- Мәтіннен сын есімдерді тауып, түрлі шырайлар жасаңыз.

***

- Мәтінге деген өз пікіріңізді, ойыңызды негіздеңіз.

- Мәтіндегі негізгі, қосалқы, маңызды ақпараттарды анықтаңыз.

- Мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, әрқайсысына тақырып қойыңыз. - Жоспар құрыңып, мазмұндаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]