Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Ғалам және ғасыр

Әр жүзжылдықтың жарқын жаңалығы, ғаламат ғажайыптары, ғаламды дүр сілкіндірген жұлдызды сәттері болатыны баршаға мәлім. ХХ ғасырда да маңызды әрі танымал оқиғалар көп.

Әрине, ғасырдың кереметтерін, әр саладағы саңлақтарын, дәуірдің дара туындыларын саралау мен анықтау оңай емес. Әлемнің жер-жеріндегі түрлі қоғамдық ұйымдар мен мекемелер, газеттер мен журналдар, алуан тілде сөйлейтін эфирлер, беделді фирмалар мен компаниялар ұйымдастырған жүздеген мың сауалнамаға қатысушылардың пікірлері мен ойлары дауыс беру арқылы екшеленіп сұрыпталды. Ғалам кейіпкері мен кереметтері анықталды. Бір ғажабы, дүние жүзінің әр шалғайындағы өткізілген байқаулардың негізгі нәтижелерінің көпшілігі бір-біріне сәйкес келуімен қатар, кейбір адамдардың есімдері бірауыздан аталуы ешкімді де таңдандырмаса керек. Себебі әлемдік жетістіктер шекараны білмейді, ұлтқа бөлінбейді. Ғарышкер де, қаламгер де, инженер де әлемге ортақ.

Ғасыр оқиғасы. Адам баласының ғарышқа ұшуы әлемді дүр сілкіндіргені белгілі. Бұл оқиға, ғылымның ғажайып осы жетістігі қазақ жерінде – Байқоңырда дүниеге келді.

Ғасырдағы ең бай адам. Әлемдегі ең ірі «Майкрософт» компьютер корпорациясының негізін қалаушы, компьютер данышпаны – Билл Гейтс. Ол жасаған бағдарламалар жүйесін компьютер әлемінің 83 пайызы пайдаланады. Планетаның ең бай іскер адамы саналатын оның жеке табысы қазір 85 миллиард доллар.

Ғасыр сыйлығы. Бүгінгі таңда сыйлықтардың «атасы» – Нобель атындағы сыйлық.

Альфред Нобель 1833 жылы Стокгольм қаласында туған. Әр жылдары Ресейде, АҚШ-та, Францияда өмір сүріп, 1896 жылы Италияның Сан-Ремо қаласында дүние салды. Нобель 350-ден астам жаңалық ашты. Ол әлемнің 20 шақты елдерінде 93 өнеркәсіптің негізін салды. 1863 жылы әлемге өзін танымал еткен динамитті ойлап тапты. Қайтыс болардан бір жыл бұрын ол өз капиталын 33 миллион швед кронымен есептелетін сыйлық қорына айналдыру жөніндегі өсиет-аманатын қалдырды. Сыйлықтар бес бөлікке бөлініп: бірінші бөлігі – физика саласындағы ең маңызды жаңалық ашқандарға, екіншісі – химия саласында ірі зерттеу жасағандарға, үшіншісі – физиология мен медицина саласында аса зор табыстарға жеткендерге, төртіншісі – адамзат мұраттарын бейнелейтін ең елеулі әдеби шығармаларға, бесіншісі – халықтарды біріктіруге, езушілікті жоюға, бейбітшілік келісімдерін жасауға үлкен үлес қосқандарға беріліп келеді.

Ғасыр ғалымы. Адамзат ақыл-ойының данышпанына айналған ғұлама ғалым Альберт Эйнштейннің есімі Темірқазық жұлдызындай мәңгі жарқырап тұрмақ. Оны осындай биікке көтерген физика саласында ашқан Ықтималдық теориясы туралы жаңалығы. Нобель сыйлығының лауреаты Эйнштейн – атом бомбасын жасап шығару идеясының авторы.

Ғасырдың ең қайырымды адамы. Ізгілікті де қайырымды істерімен әлемнің көптеген елдерінің ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген Тереза шешейдің есімі ерекше аталады. Ол бүкіл өмірін жер шарындағы кедейлерге, жетімдерге арнаған аяулы жан. 1946 жылы өзінің қайырымдық орденін тағайындаған.

Ғасыр спортшысы. «Футбол королі» атанған Пеле есімін білмейтін адам жоқ. Ол – әлем чемпионатының үш алтын медалін жеңіп алған жалғыз футболшы.

Ғасыр апаты. 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом станциясында болған қайғылы апат бүкіл әлемді елеңдетті. Апат зардабын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Апат кезінде ауаға жайылған радиацияның мөлшері 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 30-40 есе көп, ол 30 шақырымдық радиусты қамтыған.

Ғасыр ғимараты. Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер – биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн куб тас блок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Кезінде Наполеон Гизадағы үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен.

*

- Мәтіннен 10 туынды тұйық етістіктерді тауып, құрамына қарай талдаңыз.

- Мәтін бойынша 10 сұрақ құрыңыз.

- Мәтіннің ұнаған бір ғаламаты туралы қысқаша айтып беріңіз.

**

- Мәтіннің соңғы екі бөлігінен 10 етістікті тауып, олармен ауыспалы осы шақта сөйлем құраңыз.

- Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өзара сұхбаттасыңыз.

  • Сізге таныс қандай есімдер аталды?

  • Өзіңізге таныс есімдер туралы қосымша әңгімелеңіз.

  • Ғасыр суретшісі деп кімді атар едіңіз?

  • Ғасыр фирмасы деп қай фирманы атар едіңіз?

  • Ғасыр фильмі деп қандай фильмді атар едіңіз?

  • ХХІ ғасырдың қандай керемет жаңалықтарын айта аласыз?

- Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтыңыз.

***

- Мәтіндегі берілген мәліметтермен келісесіз бе? Сіз кімдерді, нелерді таңдар едіңіз? Өз пікіріңізді айтыңыз.

- Өз еліміздің ұлы адамдары, таңғажайып ғимараттары мен қызықты оқиғалары жайлы өзара пікіріңізді ортаға салыңыз.

- Мәтіннен негізгі түбір 10 етістікті тауып, олармен нақ осы шақта тұрған сөйлемдер құрыңыз.

- Мәтінді толық мазмұндаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]