Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179__1179_aza_1179_tili_Zhakipova_S...doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
636.42 Кб
Скачать

Ұлы іс отаншылдықтан туады

Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін аяусыз еткен еңбек пен ерліктен туады.

Жастарыңыз отаншыл болсын. Отаншылдық – әр адамға керекті ең ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген, өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек, бұл екеуі аспан мен жердей.

Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы, Отаны – өз үйі.

Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іспен дәлелдеу деген – осы. Отаншылдық осыдан басталады. (Б.Момышұлы.)

*

- Жаңа сөздер және сөз тіркестерімен танысып, оларды есте сақтаңыз.

- Отаншыл, азамат, әділ сөздерін жіктеңіз, олармен сөйлем құрыңыз.

- Мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.

- Өзара қарапайым сұхбат құрыңыз.

**

- Мәтінге жоспар құрып, негізгі ойын жазыңыз.

- Мәтіннен адамды сипаттайтын сөздерді тауып, оларды қолдана отырып өзіңіз туралы жазыңыз (Мысалы: Мен адалмын...). Сөздерді есте сақтаңыз.

- Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

***

- Мәтінді оқып, мазмұнын толықтырыңыз, мазмұндаңыз.

- Мәтіннен отаншыл адамға тән қасиеттерді теріп жазып, оларды жіктеңіз, 10 сөйлем құраңыз.

- «Мен – нағыз отаншылмын» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңыз.

Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

1. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) барамын

В) мейірімді

С) сағаттың

Д) жинау

Е) бақыттан

2. Жіктік жалғауы жалғанбайтын сөзді белгілеңіз.

А) студент

В) екінші

С) ақылды

Д) алақай

Е) келер

3. Жіктік жалғауының 3-жағында тұрған сөзді табыңыз.

А) дойбы ойнаймыз

В) тақырыпты жазыңдар

С) үстелде жатыр

Д) қонақтарды қабылда

Е) қыз ұзату

4. Жіктік жалғауының 2-жағында тұрған сөзді табыңыз

А) келерміз

В) келмекші

С) келетін

Д) келген

Е) келерсіз

5. Дұрыс жіктелген сөзді табыңыз

А) баласын

В) қалалық

С) дәрігермін

Д) қатарбын

Е) бақшабыз

СОӨЖ №3

Тақырып: Менің елімнің рәміздері.

Мақсаты: қабылданған тілдік ақпарат туралы өз көзқарасы мен пікірін айта алу, қолдау, ризашылық, наразылық білдіре алу, қайта сұрау, ұсыныс жасау, анықтау, шешім қабылдау сияқты және басқа да тілдік қатысымның компоненттерін жүзеге асыра отырып, білім алушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Мемлекеттік рәміздердің болмысын, мағынасын жақсы білу бәріміздің, әсіресе жас ұрпақтың – парызы.

Мемлекеттік туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Зеңгір көк түс – аспанның, ауа мен құрлықтың, сонымен қатар адалдықтың, тазалықтың белгісі.

Мемлекеттік туымыз тек бір ғана түсті – көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Тудағы алтын түстес күн бейнесі – байлық пен берекенің белгісі. Ал қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ұлттық өрнек қазақ халқының мәдениетін, поэтикалық және көркем танымын, өнерін білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]