Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раббаниді сопылыа кзарасы.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
148.31 Кб
Скачать

Елу екінші хат

Бұл хат Сейд Шейх Феридке жазылған. Нәпсі әммәраның жамандықтары, оған қатысты аурулар және оның емін білдіруде. Рахым етіп дұға еткендерге сыйлық жасаған берекетті хатыңызды оқып қуандық. Аллаһу Тағала үлкен бабаңыз пайғамбарымыз с.а.с. құрметіне сыйлығыңызды көп, дәрежелеріңізді жоғары ілім бұлағы болған жүрек көзіңізді кеңейтіп, жұмыстарыңызды жеңілдетсін. Аллаһу Тағала ішкі және сыртқы дүниемізді оның жолында қылсын, және дұғамызға әмин дегендерді кешірсін. Әмин! Құлдардың арасында фитне және бұзақылықты қалаған, рухтары бұзылған адамдар жайында шағымданудасыз. Құрметті бауырым, адамдардың нәпсі әммәрасы басшылыққа өту, жоғарылауды жақсы көреді. Оның бүтін қалауы - әкім болу, басқалардың өзіне бас июі.Аллаһу Тағалаға ортақ болуды қалайды. Керек болса нәпіс соншалықты тәкәппар, ортақ болуға разы емес. Әмір ету, әкімдік тек қана өзінде болсын, барлық нәрсе тек қана өзінің әмірімен жүруін қалайды. Хадис Құдсиде Аллаһу Тағала былай деп бұйыруда: нәпсіңе дұшпан бол, өйткені нәпіс меніңдұшпаным. Осылайша нәпісті қуаттандыру, оның мал, дәреже, барлығынан жоғары болу, қалғандарды төмен санау, қалауларын жасау, Аллаһу Тағаланың бұл дұшпанына жәрдем және қуаттау болып есептеледі. Бұл нәрсенің қаншалықты қорқынышты бір күнә болғанын түсіну керек. Аллаһу Тағала Хадиси Құдсиде былай деп бұйыруда: үлкендік, жоғары болу маған тән, бұл екі нәрседе менімен ортақ болуды қалаған ең үлкен дұшпаным. Еш аямай оны жәһәннәм отына лақтырамын.

Аллаһу Тағаланың дүниеге дұшпан болуы және дүниенің соншалықты төмен болуы нәпсінің қалауларына жеткізу, нәпісті көшейту оңай болғаны үшін. Аллаһу Тағаланың дұшпаны болған нәпіске жәрдем еткен де әлбетте Аллаһу Тағаланың дұшпаны. Пайғамбарымыз с.а.с. пақырлықпен ғұмыр кешті. Өйткені пақырлық нәпсінің қалауларын жасатпайды. Оны тыңдамайды. Мұрнын сындырады. Пайғамбарымыз с.а.с. жіберілуі және исламиеттің әмірлері мен тыйымдарын барлық уақытта нәпсіні сындыру, езу үшін. Оның сел сияқты қалауларына бөгет болу үшін. Исламиетке ұйыған сайын нәпсінің қалаулары азаяды. Сол үшін Исламиеттің бір әмірін орындау нәпсінің қалауын жоқ етеді, сол әмір өз еркімен мың жыл нәпсінің қалауларынан тыйу (аскетизм) және сол жолда тер төгуден тағы да абзал. Керек болса Исламиетке ұйқаспаған аскетизм және сол жолда тер төгу нәпсінің қалауларын арттырады, оны шектен шығарады. Үндістандағы брахман поптары және чукия атты сиқыршылар аскетизм және сол жолда тер төгуде көп ілгерілеген. Бірақ ешқандай пайдасы болмады. Керек болса нәпсінің күшеюіне, азғындауына себеп болған. Исламиетте әмір етілген зекеттен бір тиынды шариғаттың айтылған жеріне беру өздігінен мыңдаған алтын садақа беруден, жақсылық жасаудан нәпсіні жермен жексен етеді. Исламиеттің әмір еткен Рамазан байрамы күні ораза ұстамай ішіп, жеу өздігінен жылдар бойы ораза ұстаудан тағы да пайдалы. Таң намазының екі рәкәғат парызын жамағатпен оқу сүннет. Бұл сүннет түні бойы нәпіл намаз оқып, таң намазын жамағатсыз оқудан абзал.

Қысқасы, нәпіс тазаланбай және басшылық, үстемдік ауруынан құтылмайынша пәлекеттен құтылу мүмкін емес. Арғы дүниеге кетуден бұрын нәпістің бұл аурулардан құтылуын ойлауымыз керек. Берекетті Ләә иләһә Иллаллаһ сөзі адамдардың ішкі және сыртқы барлық жалған құдайларын қуғаны үшін нәпісті тазалауда ең пайдалы, ең әсерлі дәрі-дәрмек. Тассауфтың үлкен ғалымдары нәпсіні тізгіндеу үшін осы сөздерді таңдаған.

Нәпіс жолдан шығып, қарсы келе бастаса осы сөздерді сөйлеу арқылы иманды жаңарту керек. Пайғамбарымыз с.а.с. ләә иләһә Иллалаһ деп имандарыңызды жаңалаңыздар деп бұйыруда. Бұны әрқашан айтып жүру лазым. Өйткені нәпсі әммәра әрқашан лас. Бұл тамаша тәуһид кәлимасының пайдасын мына хадис шәриф білдіруде: жер мен көкті таразының бір басына кәлима и тәуһидті таразының екінші басына қойса, кәлима и тәуһид қойылған жағы әлбетте ауыр келеді.