Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раббаниді сопылыа кзарасы.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
148.31 Кб
Скачать

Қырық үшінші хат

Бұл хат, Сәйід шәйх Фәрид Бұхари «рахматуллаһи алейһ» хазіреттеріне жазған. Бұл хатта тәухиді шухудті және тәухиді ужудті білдіруде, айнәл-яқин және хаққул яқинді ашықтайды:

Бұл үлкен кісілердің тасаууф жолшылығында, алдарына шыққан тәухид мәселесі екі түрлі: Тәухиді шухуд және Тәухиді ужуд.

(Тәухиді шухуд) бір деп көру. Яғни жолаушы, барлық нәрсені жасағанды бір деп көреді. Бөлек бөлек нәрселер көрінбейді. Тәухиді ужуд, бар болғанды, бір деп білу. Одан басқатбарлық нәрсені жоқ деп білу. Уәхдәті ужуд, ғилмул-яқин қысымынан келеді. (жүрек арқылы білу). Уәхдәті ужуд болса, айнул-яқин қысымынан келеді (яғни көру). Уәхдәті ужуд бұл тасаууф жолында әлбетте бар (әр жолаушы осыған жақындайды). Өйткені бұл тәухид болмайынша, фәнә халіне жете алмайды, айнул-яқин нәсіп болмайды. Енді, бір нәрсе көрініп және көрінуі қуат тапса, басқа ешқандай нәрсе көрінбейді. Уәхдәті ужуд болса, мұндай емес. Яғни, керек емес. өйткені мұндай мағрифет (білгі) болмаса да, илмул-яқин бәрібір жоқ болады.

Болмыстың бір болғандығын, илмул-яқин арқылы білу. Одан басқа нәрсені жоқ деп білуді керек етпейді. Яғни Алла тағаланы бар деп білу және бұл түсінікпен адамның ойлануы, Алладан басқа нәрселерді білмеу керек деген мағынаны ортаға алып шықпайды. Мысалы, бір адам күндізгі күні аспанда жұлдыздарды таппағандығы, бұл жерде жұлдыздардың шын мәнінде жоғалып кетуі мүмкін емес. Себебі күннің сәулесінен жұлдыздар көрінбеуде, күннен басқа еш қандай нәрсені көре алмайсың. Жұлдыздарды көрмегендігің үшін, жұлдыздарды жоқ деп есептей алмайсың. Осы секілді бар болған нәрсені кейде көре алмайсың. Кез келген адам осы уақытта жұлдыздар жоқ дегенге сенбейді. Айтқан адамның сөздерінің дұрыс емес екендігін біледі. Міне уәхдәті ужуд, бір болмыстан басқа, барлық нәрсені жоқ деп санауымен, ақылға және исламға сәйкес келмейді. Уәхдәті шухуд болса, болмысты бір деп қарау, бұл ақылға да исламға да ешқандай қарсы емес, қайта барлық жағынан сәйкес келеді. Мысалы, жоғарыда айтқанымыздай күн туылып жатқанда жұлдыздарды көрмеу дұрыс. Күннің сәулесі көп болғандығы және адамның көзі әлсіз болғандығы үшін жұлдыздарды көре алмауда. Егерде, күннің сәулесі, адамның көзін қуаттандырған болса, күнмен бірге жұлдыздарды да көретін еді. Мұндай күшке ие болу Хаққул-яқин мақамында болады. Ал енді үлкен ғалымдарының кейбіреулерінің, исламға сәйкес келмеген сөздерін, кейбіреулер уәхдәті ужудқа санады. Мысалы, Әбу Мансұр Халлаждың (Әнәлхақ) сөзі және Әбу Язид Бәстәмидің (Субхани) сөзі және осыған ұқсас сөздердің ашықталуы былай болады.

Мұндай сөздерді ашықтап білу үшін, уәхдәті шухудты білуіміз керек. Бұл суретте де Исламға сәйкес келетінін сөздер екендігін түсінесіздер. Бұл үлкен ғалымдар, ол хал ішінде, Алла тағаладан басқа, еш бір нәрсе көрмейінше, бұл сөздерді сөйлеген болатын, Алла тағаладан басқа еш нәрсе жоқ, деп айтқылары келді. (Әнәлхақ) демек, мен жоқпын, Алла тағала бар, деген мағынасында. Өзін көрмейінше, бар болғандығын білмеген. Болмаса, өзін көріп, мен Хақ тағаламын демеген. Бұлай сөйлеу күпір болып саналады.

Сұрақ: Өзіңнің бар болғандығыңды білмеу, жоқ деп білу емес пе? Бұл да, уәхдәті ужуд болмайды ма?

Жауап: Бар болғаныңды білмеу, жоқ болғандығын білу емес. ол уақыт, ессіз халі кезінде. Ақылы істемейді. Ешқандай нәрсеге үкім, бағыт беретін халде емес.

(Айнул-яқин) мақамы, хайрет, шарасыздық мақамы. Бұл мақамда, кейбіреулері, жоғарыда аталған сопылардың айтқан сөздерін сөйлеген. Илмул-яқин мақамнан құтқарып, хаққул-яқин мақамына шығарылса, бұлай сөйлей алмайды және одан ары аспайды. Уақытымызда, тариқатқа кірген бірнеше адамдар, өздеріне тасаууфшы мәртебесін бере отырып, уәхдәті ужудты ауыздарына алып. Бұдан жоғары мәртебе жоқ деп санайды. Илмул-яқинға байланып, айнул-яқиннен мақұрұм қалды. Тасаууф үлкендерінің сөздеріне өз түсінігі бойынша мағына беріп, мұндай сөздерді, жақсы көріп, әр жерде сөйлеп жүрді.

Тасаууф ғалымдарының кітаптарында, уәхдәті ужудті көрсететін осындай сөздер кездессе, алғашқы уақыттардағы, илмул-яқин мәртебесінде жүрген кезінде сөйлегендерін, одан кейін бұл мақамнан алға қарай жылжып, айнул-яқин мақамына көтерілгендіктерін түсіндіреді.

Сұрақ: Уәхдәті ужудтің иесі болған, мәужудты (яғни бар болғанды) бір білгі секілді, бір болмыс ретінде көру болып табылады. Яғни айнул-яқин мәртебесіне де тиесілі.

Жауап: Уәхдәті ужудтің қолдаушылары, уәхдәті шухудтің, әлем мысалындағы суретін көреді. Уәхдәті шухудқа әлі қауышпаған. Уәхдәті шухуд басқа. Әлем мысалдағы көргендегі, бұл суреті басқа. Өйткені, уәхдәті шухуд мәртебесінде, хайрет, шарасыздық түсіп қалады. Ешқандай нәрсеге үкім бере алмайды. уәхдәті ужудтің қолдаушылары, уәхдәті шухудтың, әлем мысалындағы суретін көрген кезінде жаңа ілім иесі болады. Өйткені барлық нәрсенің жоқ болғандығын біледі. Жоқ деу, бір үкім, ишарат беру болып саналады. Хайрат пен ілім, екеуі бірдей табылмайды. Міне осы халде, уәхдәті ужуд иесі, айнул-яқин мақамына бара алмайды. Ал енді, уәхдәті шухуд иесін хайрат мақамынан жоғары көтерер болса, хаққул-яқин мақамындағы мағрифетке қауыштырады. Бұл мақамда қайрат пен ілім бірге табылады. Хайратсыз болған, хайраттан алдыңғы болған ілім, илмул яқин. Бұл жауапты, бір мысал ретінде ашықтайық:

Бір елдің басшысы болғысы келген біреу, түсінде, өзін елдің басшысы болды, сол күйдегі сол істің басында көреді. Ал бірақ, бұл адам, шындығында елдің басшысы болмаған. Жалғыз әлем мысалындағы суретін, өзінде көрген. Елдің басшысы қай жерде, түсінде көрген сурет қай жерде! Осы сияқты болады, түсі әлем мысалындағы сурет болуымен қатар, бұл адамның, бұл суреттің асылы болған мақамға қауышуға тиесілі болғанынан хабар беруде. Егер әрекет істеп, еңбек етсе, Алла тағаланың ықыласы арқылы, ол мақамға қауыша алады. Бір нәрсеге қолайлы болу арқылы, ол нәрсеге қауышу, екеуі бірдей боладыма? Әрине бұл екеуінің араларында, өте үлкен айырмашылық бар. бұл нәзік білгілерді жазудағы мақсатым, уақытымызда кейбір адамдар бір жерден көріп, бір бөлігі де, тек есітіп, бір бөлігі болса әрі есітіп, әрі зауық алып сапықтық және надандықпен, уәхдәті ужуд жолын ұстанған, олар: сауапты, жақсылықты, жамандықты, барлық нәрсені Алла жасайды дейді. Мұны олар дұрыс түсінбеген, барлық нәрсені Алла тағала біледі. Бұл қулық арқылы исламға мойынсұнбайды, әмірлерді орындамайды. Барлық нәрсені Алла жасайды деп еш нәрсе істісі келмейді. Міне осындай істің жеңіл жағын тауып алған. Ғибадат ету керек дегендерге, ғибадаттар екінші дәрежеде, асыл мақсат, исламиеттің үстінде, ол басқа нәрсе дейді. Құдай сақтасын! Олай емес. олардың айтып жатқандары сияқты емес. Бұлардың бұрыс түсінігінен Алла тағалаға сыйынамыз!

Тариқат пен иламият, бір-бірінен басқа, бөлек екі нәрсе емес. Араларында қылдың ұшындай бөлінушілік жоқ. Сырт көзбен қарағанда бөлінгенімен, тариқат исламның ішіндегі нәрсе болып табылады. Олардың айырмашылығы жалғыз, топтылық пен кеңістік, ілім арқылы және кәшф арқылы болуы. Исламға сәйкес келмейтін кез-келген нәрсе бұзық, дұрыс емес. Ол нәрселерді сыртқа шығарып тастау керек.

Алла тағала, бізді және сізді және бүтін мұсылмандарды, адамдардың тәжі болған Мұхаммедтің (с.а.у.) жолына, мына өмірде, және арғы өмірде, толық жанында болуды нәсіп етсін!