Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раббаниді сопылыа кзарасы.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
148.31 Кб
Скачать

2.2 Имам Раббанидің «Уәхдәтуш-шухуд және Мәктубәт» еңбегіндегі қарастырылатын тақырыптар Уәхдәтуш-шухуд

«Уәхдәті-ужудқа» қарсы Имам Раббанидің әкелген «Уәхдәтуш-шухуд» түсінігі Ислам ақайдына біраз жақын. Уәхдәті ужуд түсінігін тәкпір ететіндерге қарсы, Имам Раббани тәуил жасап және қалай түсіну керектігін ашықтап берді.

Суфилерге қарағанда; Болмыс (ужуд) бір, бар болған тек қана Алла. Жан жағымызда бар сияқты көріп тұрған әлем болса, Алланың есім және сипаттарының көлеңкесі. Бірақ бұ көлеңкелер шынайы болып өткен болмыстарды таппадығы үшін, ақиқатында бар болған нәрсе ол Алла. Алланың сипаттары Затының ұқсасы. Басқасымен болмыс Затқа байланысты бір сипат емес, Заттың ұқсасы.

Раббани жас кезінде әкесінен ілімді үйреніп жатқан шағында уәхдәті ужудты қолдайтын еді. Әкесі қайтыс болғаннан соң Мұхаммед Бакибиллаһқа қол берген алғашқы уақыттарда да бұл сенімді ұстанатын еді. Сол кезде шейхы Бакибиллахқа жазған бір хатқа бұл танымының бір жөнін және күпір арқылы иманды бір деп көрген бір хатын жіберген еді. Шейхы бұл хатқа көңілі толмай, оған бұл пікірінің қате екендігін айтып жауап жазады.

Содан кейін Раббанидің бұл тақырыпта Бахауеддин Нахшыбандыдан зардап шеккендігі түсінікті болды. Оның; «Көрінген, естілген және білінген нәрселердің барлығы да Алладан бөлек. «Ләә» сөзінің ақиқаты арқылы тұтқын ету керек» деген сөзін қатты қатты қайталады.

Раббанидің уәхдәті ужудті қолдаушылардан және түсінігінен бөліген айрықша тартыс мынадай: Уәхдәті ужуд қолдаушылары көзқарасы бойынша әлем Алланың есім мен сипатының көлеңкесі. Алайда бұл көлеңке, асылынан немесе негізі емес. бір нәрсенің көлеңкесі оның негізі бола алмайды. әлем көлеңке болу арқылы бірлікте өткен бір болмысты табады, арман емес.

Раббанидің көзқарасы бойынша, ғалымдардың әлемге болмыс жайында мүмкін болған әлемді, уәжіп болған Аллаға ортақ ету болғандығы үшін дұрыс емес. Кейінгі уақытқа тиесілі бірнеше суфидің әлемі, уәжіптің (Алланың) сол сиқты білуі де тура пікаір емес. Раббани бұл екі көзқарасты, екі бөлек үш деп қарайды. Зыра, ол ғалымдар сияқты әлемге асыл ужуд емес, көлеңке сияқты болмысты керектіетуде.

Уәхдәті шухудты тағы да тереңірек түсіндіру үшін мынадай бір өрнек береді; Күндіз күн шыққаннан кейін жұлдыздар көрінбейтін халге келеді. Бұл тәртіпке біреудің, көкжүзінде жұлдыздар жоқ, тек қана күн бар деулері және оған сенуі уәхдәті ужудтің түсінігіндегі адамдарының халіне өрнек болып саналады. Бұл илмәл-яқин мәртебесінде. Ал Раббаниге қарағанда; уәхдәті ужуд бір жаңылысу. Көк жүзінде күннен басқа ешқандай нәрсе көрмеймін, алайда бұл тұрғыдан жұлдыздардың болмауы мағынасына келмейді, жұлдыздар бар бірақ күннің сәулесіне байланысты жұлдыздар көрінбей қалады, көрінбейтін халге келеді деп түсіну уәхдәті шухуд төңірегіндегі адамдарына мысал болып саналады. Бұл болса айнәл-яқин мәртебесі. Егер бұл кісінің көруі күшейіп және күн мен жұлдыздарды бөлек-бөлек көре алса, онда бұл хаққал-яқин мәртебесіне жетеді.[8]

Имам Раббанидің Ибн Арабидің уәхдәті ужуд түсінігіне қарсы шығуының нақты бірқатар себептері бар. Бұлардың басында сол кездегі сұлтан Әкбәр Шахтың Үнді, Христиандық, Яхудилік, Исламиет және Заратуштралықты біріктіріп жаңадан бір құру ойына қарсы шықты. Бұл жаңа дінде пантейст түсінігі көп орын алған болатын. Арабидің құрған уәхдәті ужуд пәлсапасының діндерді біріктіру мақсатына дейін келуі Имам Раббаниді біраз қорқыта бастады. Имам Раббани, уәхдәту ужудты салыстыру жайында былай дейді; «Ешбір Пайғамбар, жаратылғандар жаратқандардың сереттері, деп айтқан жоқ. Керісінше Пайғамбарлар толықтай; Алла бір, жаратылғандарға ұқсамайды, деп айтты. Жаңағы әлдекімнің айтқандары сияқты қате тәухид сенімі (уәхдәті ужуд) адамдардан алыстағандардың сенімі болып саналады. Тағы да Ибн Арабидің тайпасы болмыстың екеу болғандығын айтқандарға, халық және махлұқ болып екіге бөлгендерге мүшрік дейді. Алайда болмыс пен дене бір деп мыңдаған пұттарға табынғандарға халис және муваххит дейді. Енді бұлардың ойларынша пұттар Алланың суреттері, ұқсас көрінулері, оларға ғибадат ету Аллаға ғибадат ету болып саналады дейді. Енді айтыңдар! Бұл пұттарға табынғандар мүшрік пе? Әлде оларға халис мумин және муахит деген сапықтар одан да көбірақ мүшрікке жақынба? Ол, Ибн Арабидің теориясына альтернатиф ретінде уәхдәті шухуд теориясын жасаған жоқ. Енді; уәхдәті ужуд және уәхдәті шухуд түсінігінің екеуі де сейір мен сулук тақырыбында қаралған халдер. Оның көзқарасы бойынша уәхдәті шухуд уәхдәті ужудтанда жоғары бір хал. Уәхдәті ужуд илмәл-яқин мәртебесінде, уәхдәті ужуд болса айнәл-яқин мақамында. Міне осыған дейін бөлінеді! Дейді.

Яғни, Имам Раббанидің уәхдәті шухуді уәхдәті ужудтан көп айырмашылығы жоқ. Біреуін алып, екіншісіне ұр! Имам Раббанидің істеген, нәжісті кіші дәретпен тазалаудан ғибрат. [10] Имам Раббанидің көзқарасы бойынша; «Мен Алламын» деген Халлаж, «Субхани/өзімді даңқ етемін» деген Баязид Бәстами уәхдәті шухуд мәртебесінде болғандықтан, шындықты көрмей, «сен арадан шыққан кезде, жарадан сені қалады» халінде әрекет еткендер. Ол түсінікте, Алладан басқа ешкімді, ешқандай нәрсені көздері көрмеген. Яғни оған қарағанда уәхдәті ужуд илмәл-яқин, уәхдәті шухуд болса айнәл-яқин болады. Және мәртебесі одан да жоғары, міне осы сияқты нәрселерде Араби мен Раббанидің бөлінетіндігі осыған дейін болып саналады.