Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раббаниді сопылыа кзарасы.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
148.31 Кб
Скачать

2. Екеуінің бөлінген нүктелері:

А) Ибн Арабидің айтуынша Зат пен дене бір. Имам Раббанидің айтуы дене Заттан бөлек және бірінші жаратылған нәрсе сол.

Б) Ибн Арабидің көзқарасы бойынша, сипат пен Зат екеуі бір. Имам Раббанидің көз қарасы бойынша сипаттар Заттан бөлек. Сипат Заттың көлеңкесі.

С) Ибн Арабидің көзқарасы бойынша, әлем сипаттардың ортаға шығуынан болады. Раббанидің көз қарасы бойынша әлем, ортаға шығуынан емес, бірақ сипаттардың көлеңкесінің ерекшелігі болып табылады.

Д) Ибн Арабидің көзқарасы бойынша, әлем арман бірақ Алла бар. Яғни әлем Алла. Имам Раббанидің айтуынша әлем арман емес. енді бұлай қабыл ету, әлемнің объектиф шынайлығын, сол уақытта да Алланың ибда` сипатын теріске шығару болып саналады. Содан кейін әлем арманға тән болса ол жоқ, тасаууфтарымыз бар деу.

Е) Ибн Арабидің көзқарасы бойынша, әлем көлеңке. Бірақ асыл Алланың өзі. Раббанидің көз қарасы бойынша да әлем көлеңке, бірақ бұл көлеңке асылдың өзі емес асылдан басқа бір нәрсе блып табылады.

Ж) Ибн Арабидің көзқарасы бойынша, Алла бір көруден де әлемнің үстінде. Ұлылыққа шындық пен даңқ арасындағы Осыған байланысты, бірлестіруде. Раббанидің көз қарасы бойынша, Алла әлемдерден бөлек емес, осы себепті оны әр халде ойлану керек.

Қорытынды

Тасаууфтың мақсаты – сонау алғашқы Пайғамбардан бастап соңғы пайғамбарымыз (с.а.у) бен әулиелердің көңілінде күн сияқты жарқыраған «Аллаға ең тамаша, әрі шын беріліп құл болу» еді. Демек таза жүрекпен Алланың ризашылығына қол жеткізу.

Хақ достары да, Пайғамбарымыздың (с.а.у) осы әлемдегі қызметін атқарған болып «Шынайы ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары» деген үкімінің ішінен орын алады.

XII-ғасырда Юсуф Хамаданиден тәрбие алған Қожа Ахмет Ясауи мен Әбдіхалық Ғиждуани ғалым мүршид дәрежесінде болды. Бұхара, Ташкент, Түркістан – жалпы Мәуеренахр тасаууфтың көп жайылған жерлері болып есептелсе, Яасауи Тасаууфтың басында тұр. Юсуф Хамадани Орта Азияға келіп Ясауиді өзіне 27 жасында халифа етті. Тасаууф сүннетке байланысты Ясауидің өмірі сүннет өмірі. Ясауи сопылық тариқаттың басшысы. Ясауи сүнни Ханафи әһлі сүннетті жалғастырушы. Сүнни тасаууф – шариғат пен тариқатты ұштастырады. Ясауи ат үстінде өмір сүрген түріктердің исламдасуына зор әсер етті. Исламды түрік тілінде түсіндірді. Тасауф мәдениетін қалыптастырды. Дін мен тасаууфты баяндап пір жолын қалыптастырды. Ілім жүректен-жүрекке әліпбимен жеткізілді.

Ясауи исламның тасаууфтық жолын тарату үшін шәкірттерін дүниенің төрт бұрышына жіберді. Қай жерге барсаң да Хорасанның қолын көресің. Батыс, Шығыс, Анадолы, Ауғанстан, Үндістанда. Олар үлкен адамгершілік, ислами жүйе құрды. Бұл мутасаууфтар халықты исламға шақырып одан әрі ілгерілеуге ат салысып, себепкер болды. Осы тариқаттың әулеттерінің бірі Самарқанда Убайдуллаһ Ахрар болса, бірі де Имам Раббани Үндістандағы Серхендте.

XVII-ғасырда Үндістанда Ясауи мектебі құрылып, тасаууф мектебі қалыптасты. Оған себеп болған Мұхаммед Бакибиллаһ хазіреттері Самарқандта Убайдулла Ахрар мектебінде оқып жетіліп, тасаууфты жаюға Үндістанға барып, жас жігіт Имам Раббаниді үлкен Ислам ғалымы етіп жетістірді. Міне осылайша Түркістан – Самарқан – Үндістан тізбек болып жалғасты. Имам Раббани тариқат пен тасаууфты бірлестірді. Ясауи Қарахан дәуірінің соңғы кезінде өмір сүрген болса, Үндістанда Мұхаммед Хайдар Дулати мен Бабыр заманында, тариқат Имам Раббани арқылы жалғасын тапты. Ясауидің тасаууф шынжыры туралы Хазини (1498 жылы Тәжікстанда туылған Қаратаудың бойында өмір сүрген) кітабында баяндалған. Ясауи тариқатындағы кітап парсы тілінде жазылған. Қазір Сулеймания кітапханасында сақтаулы 81беті бар, XVI ғасырдағы тасаууф туралы мағлұмат бар. (20-21 ақпан 2010 жылы Халықаралық Қ.А.Ясауи симпозиумы, Стамбул)

Үндістанда Исламның жайылуына ілім адамдарының, мүжтәхидтердің, халықтың ішкі дүниесін нұрға бөлейтін тасаууф ілімі Имам Раббани арқылы болды. Имам Раббанидің сілсіле тізбегі Үндістанда үш ғасырдай жалғасын тауып тұрды.

Ислам тасаууфының мақсаты адамдарға Алланы таныту, жүрегін, рух деңгейін ретке келтіру болса, мутасаууфтар осы істердің басында дара тұлға болып тұр. Қазақ мұсылмандығының негізіндегі діни таным арнасы Ханафи фыкһы, Матуруди ақидасы және Ясауи ілімі арқылы қалыптасқан болса, осы ілімнің бір шеті сатылап отырып Үндістан топырағында мектеп болып орналасқан деуге негіз бар. Мұның айғағы Орта Азияда дамыған «Алтын сілсіле» тізбегінің XII-ғасырдан бастап Юсуф Хамадани (қ.с), Абдулхалық Ғиждуани, Ариф Ривгири, Инжир Фагнеуи, Али Рамитини, Баба Семаси, Сейид Әмір Килал, Шах Накшибенди, Алауддин Аттар, Якуб Черхи, Убайдуллах Ахрар, Захид Бедахши, Дервиш Мехмет, Мевлана Хажеги Эмкенди, Мухаммед Бакибиллах хазіреттері арқылы төрт ғасырдан кейін Үндістанда көрініс табуы, ілім орталығының ауысып отыруы, Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадисінде: «Менің ажам (араб емес) үмметтерім, білім жұлдызда болса да алады» деуі үлкен дәлел. Демек, Мәуеренахр ғалымдарының ұзақ жылдар, тіпті ғасырлар бойы тасаууфтың орталығы болуы біз үшін үлкен мақтаныш. Мәуеренахр немесе Орта Азия, Самарқанд, Бұхара, Үргеніш, Түркістан, Сайрам, Отырар, Тараз. Бұл жерлер ежелгі кезден ақ мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысқан жері болған.

Бүгінгі таңда әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызын сунниттер құраса, олардың басым бөлігі Ханафи мазхабын ұстанады. Ал олар Имам Матурудидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Бұл сенім негіздері – Орта Азия, Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан аймағындағы мұсылмандар арасында кеңінен жайылған (Халықаралық Матуруди симпозиумы «Өткені, бүгіні мен болашағы 04-06 мамыр 2015 ж» Түркістан. Қазақстан)

Кәләм мектебінде Самарқанд негізін қалаған Әбул Мансұр әл-Матуруди (944 жылы дүниеден өткен) мектебі ханафилер арасында кең танымал болды. Осындай мектептерден білімін алып сусындаған Бакибиллаһ, Үндістанда Имам Раббаниді өзіне халифа етуі, сол өңірде Ислам тасаууфын күшейтті.