Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раббаниді сопылыа кзарасы.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
148.31 Кб
Скачать

Іі-тарау. Имам Раббани және сопылықтағы болмыс ұғымының қарастырылуы

2.1 Имам Раббани Ахмет Сирхинди

Хазреті Имам Ахмед Раббани Үндістаннан шыққан ең үлкен әулие және ғұлама. Арифтердің (білгірлердің) нұры, әулиелердің көсемі, исламның сақшысы, мұсылмандардың панасы болған хазреті Имам Раббани мужәддид, мужтәһид және исламның көзнұры болып табылады. Сілсіләи алийа деп аталатын шежіренің жиырма үшіншісі.

Имам Раббани хижри 975 (миләди 1563) жылы Үндістанның Сарханд (Сиһринд, Сирхинд) қаласында туылып, хижри 1035 (миләди 1624) жылы, сол Сарханд қаласында қайтыс болды. Имам Раббани деген атпен танылған. Раббани – хикмет пен ілім иесі, ілімімен амал еткен, ілімі мен амалы толық, мінсіз және кәміл, кемел ғұлама дегенді білдіреді. Хижри жылсанағымен екінші мың жылдықтың мужәддиді (жаңалаушысы) болғаны үшін Мужәддиди Әлфи Сани, шариғат пен тасаууфты біріктіргені үшін Сыла есімі берілген. Хазреті Омардың тегінен болғаны үшін және Сарханд қаласынан шыққаны үшін есіміне Фаруқи және Сарханди сөздері қосылып айтылады.

Бүкіл осы сипаттарымен бірге есімі – Имам Раббани Мужәддид Әлфи Сани Шәйх Ахмед Фаруқи Сарханди деп айтылады.

Әкесі мен аталары өз дәуірлерінің үлкен ғұламалары, салих және құрметті адамдары болған. Әкесі Абдулахад мырза – дін және жаратылыстану ғылымдарын толық меңгерген, тасаууфта ең биік дәрежеге қауышқан адам болатын.

Хазреті Имам Раббани ең алғашқы сабақтарын әкесінен алды. Бала кезінен араб тілін меңгеріп, Құран кәрімді жаттады. Ілімінің басым бөлігін әкесінен алған хазреті Имам Раббани сол дәуірдің әйгілі ғұламаларынан да дәріс алған. Әкесінен ілім алып жүрген уақыттарда, әртүрлі ілімдерге тән кішкентай кітаптарды жаттап алатын. Әкесінен ілім алуды тәмәмдағаннан кейін Сиялкут қаласына барып Мәуләна Кәмаләддин Кашмириден ілім үйренді. Мәуләна Кәмаләддин Кашмири мәшһүр ғұлама Абдулхаким Сиалкутидің де ұстазы болған, сол заманның ең үлкен ғалымы еді. Хазреті имам Раббани кейбір хадис кітаптарын Шейх Яқуби Кашмириден үйренді.

Қазы Бәһлүл Бәдәхшаниден хадис, тәфсир және кейбір усул ілімдерінен ижазат (диплом) алды. Он жеті жасында ілімнің барлық түрінен ижазат алып, ілім үйренуді тәмәмдады. Ілім алып жүрген уақытында Қадири және Чәшти жолындағы әулие, ғалымдарының жүректеріндегі файз бен ләззатты әкесінен алды. Шәкірттерге ілім үйретуді әкесінің көзі тірісінде бастады.

Осы уақытта “Рисаләт-үт-тәһлилийа”, “Рәдди Рәуафид”, “Исбат-үн-нүбууә” атты еңбектерін жазды. Әдебиетке деген талабы, ділмарлығы, сөзшеңдігі, қабылдау қабілетінің күштілігі және зеректігі айналасындағылырды таң қалдыратын еді.

Мұнша ілімімен, барлығынан үстем жетілгендігі, қарапайымдылығымен бірге көңілі Ахрарийа, Нақшибандийа әулие-ғалымдарына деген сүйіспеншілікке өртеніп, осы жолда жазылған кітаптарды оқып жүрген еді. Әкесі қайтыс болғаннан бір жылдан кейін қажылық мақсатында жолға шықты. Осы сапарында Дели қаласына барып хазреті Мұхаммед Бақибиллаһтың шәкірттерінің бірі және өзінің танысы Мәулана Хасан Кәшмиримен жолықты. Мәулана Хасан Кәшмири хазреті Имам Раббаниді ұстазының алдына апарып таныстырғысы келіп, ұстазы туралы былай деді: «Қазіргі уақытта Ахрарийа жолында бұл аймақта ол кісіден дәрежесі үлкен ешкім жоқ. Шәкірттердің оның бір назар аударуымен жеткен рухани дәрежелеріне күндер бойы шілдеге отырсаң да және нәпістің қалауларын жасамай бейнет шегу арқылы жету мүмкін емес.»

Бұдан бұрын хазреті Имам Раббани Ахрарийа жолындағылардың үлкен дәрежелері мен қадір-қасиеттерін мүбәрәк әкесінен естіген еді. Осы жолдағы ұлылардың кітаптарын оқып олардың қасиетті халдерін білгендіктен: «Бұл Хижаз жолында, мұндай үлкен ғалымнан ұлы әулиелер жолының зікір мен усулдарын үйренгеннен артық не бар?!» деді де хазреті Мұхаммед Бақибиллаһтың құзырына барды. Алдына барғанында жүрегін нұр қаптады. Магниттің инені тартатынындай тартылды. Көңілі бұл күнге дейін естіп-білмеген нәрселерге толды. Қажылықтан қайтқанда қайта келіп пайдалануды ниет етсе де, жүрегіндегі махаббат пен қалауы бой бермеді. Ертесі күні алдына келіп Ахрарийа файзына қауышуға ынта-ықыласын білдірді де қызметінде қалды. Әдеппен, жан-тәнімен сөздеріне және халдеріне жабысты. Ұстазының ілтипатымен және мейірімімен екі айдың ішінде ешкімде көрінбеген халдерге қауышты.

Хазреті Имам Раббани хазреті Мұхаммед Бақибиллаһты танығаннан кейін әдебімен, жан-тәнімен осы ұстазының сөзі мен халдеріне байланды. Бірнеше айдан кейін ұстазы оған ижазат берді. Осылайша тасаууф ілімі мен халдеріне қауышқаннан кейін, өзінің туған қаласы Сархандқа оралуы әмір етілді. Оған ұстазы шәкірттерінің басым бөлігін жетілдіруді тапсырып, артынан Сархандқа жіберді. Ұстазы хазреті Имам Раббани туралы былай баяндайды: «Жүректерге ем, жанға шипа болған бұл дәнді Самарқанд пен Бұхарадан әкеліп Үндістанның берекелі топырағына ектім. Шәкірттердің жетіліп пісуі үшін тер төктім. Ол (Имам Раббани) барлық дәрежені асып, үстемдіктердің соңғы дәрежесіне жеткеннен кейін өзімді ортадан шетке алып, шәкірттерді оған қалдырдым.»

Хазреті Имам Раббани еліне келгеннен кейін ілім мен әдепті үйретіп, шәкірт тәрбиелеп жетілдіре бастады. Атақ-даңқы барлық жерге жайылып оның ілімінен және файзынан пайдалану үшін ел-елден оны сүйгендер ағылып келіп жататын. Шәкірттеріне Бәйдәуи тәфсирі, Сахих Бұхари, Мишқати Мәсабих, Әуарифүл Мәариф, Усули Пәздәуи, Хидайа және Шәрһи Мәуақиф секілді көптеген діни кітаптарды керемет түрде оқытып, үйрететін еді. Өмірінің соңғы күндеріне дейін шәкірттеріне ілім үйрететін және де бұған қатты мән беретін. Барлық адамның көңілін ілім мен нұрға толтырып Мұхаммед (с.а.у) дінін жандандырып қуаттандырды. Өмір сүрген дәуіріндегі патшаларға, уәлаят басшыларына, қолбасшыларға, ғалымдар мен қазыларға көптеген өте әсерлі хаттарын жіберіп дінге, сүннәти сәнийаға ынталандырып, көптеген ғұламалар мен әулиелер жетілдірді.

Имам Раббани хазіреттері, өзінің өсіп жетілген жері Серхендте шәкірт жетістіруде аты шығып, адамдарға тура жолды түсіндіргеннен кейін, ұстазы Мұхаммед Бакибиллаһты зиярат ету үшін Дели қаласына келді. Бұл жерде біраз уақыт ұстазының қызметінде болып, ұстазымен көп жақсы сұқбаттар алмасты. Бір-бірінің халдерін білгеннен соң рухани жақтан тағы да жоғарыға көтерілді. Имам Раббани ұстазы Мұхаммед Бакибиллаһқа сондай әдеппен құрмет көрсетті. Дәл осындай құрметтен артық құрмет көрсету мүмкін емес еді. Мұхаммед Кәшми былай айтады: «Қажы Хусамеддин Ахметтен есіттім. Ұстазым Иамам Раббаниді құшақтап сүйгеннен кейін былай бұйырды: «Мәртебесі жоғары, қасиеті көп болуымен қатар, әдеп пен тәртіпте, шәкірттерімнің ешқайсысы Имам Раббани хазіреттері сияқты емес еді. Осы үшін берекеттер бәрінен бұрын оған нәсіп болды.»

Имам хазіреттерінің «Мәбде» және «Мәад» еңбектерінде былай айтылады: «Біз төрт кісі, ұстазымыз Мұхаммед Бакибиллаһқа қызиет көрсетуде басқалардан ілгеріде едік. Әрқайсымыздың бөлек бір байланысымыз, бөлек бір түсінігіміз бар еді. Бұл кісіні өте жақыннан білетін едім, мұндай бір сұқбат және жамағат, тәрбие мен ахлақ қайнарын, Пайғамбарымыздың (с.а.у) уақытынан кейін дүниеде өте аз көрілді. Біз бүткіл адамзаттың ең хайырлысы болған Расулулаһтың (а.с) уақытында өмір сүре алмадық, сұқбатына қатыса алмадық бірақ, Мұхаммед Бакибиллаһ хазіреттерінің керемет сұқбатынан да мақұрұм қалмадық. Осы үшін бұл нығметтің шүкірін орнына қою керек. Оның құзырында әркім өз бақытына, махаббатына қарай бір нәрселерге қауышты.»

Имам Раббани хазіреттері, Нақшыбандия жолынан басқа; Қадирие, Сухрауардия, Чәштия және Кубрәуиия тариқаттарынан да сабақ алды. Чәштия мен Қадирия тариқаттарының білімін әкесінен алды. Әкесі Абдулахад оны өте қатты сүйетін еді. Бірақ Имам Раббани Агра қаласында болған кезінде, жұмысының көптігіне байланысты әкесінің қасына бара алмаған шағында, әкесі оны көру үшін Аграға келетін еді. Біршама уақыттан соң Раббани Аградан келіп әкесінің қызметінде болды. Әкесі Абдулахад үлкен әулиелердің бірі еді. Раббани әкесінің сұқбатынан көп нұрға қауышты. Имам Раббани хазіреттері, әкесінен алған ілімді «Мәбде» және «Мәад» еңбегінде өте жақсы түрде баяндайды.

Имам Раббани, Ислам дінінде әр сөзі маңызды болған, Әһлі сүннеттің мықты тіректерінен, өте үлкен бір ғалым және басшы. Кәләм ілімінде де мужтәхид. Имам Раббани хазіреттері ілім дариясына жаңа бастап жатқан кездерде, Пайғамбарымызды (с.а.у) түсінде көреді. Пайғамбарымыз (с.а.у) Раббаниге былай айтты: «Сен кәләм ілімінде мужтәхид боласың» деді. Бұл түсін ұстазына айтты. Ол күннен бері, кәләм ілімінде бөлек ижтихад және көзқарастары бар еді. Бірақ мәселелердің көпшілігінің Имам Матуруди мен бірдей көзқараста. Ескі Грек философтарының Исламға сәйкес келмеген сөздерін теріске шығарып, жаңылған жерлерін ескертіп отырды. Тасаууф үлкендерін танымай жатып, сөздерін түсінбей тұрып, жолдан шығып барлығын шатастырып, өздерін дін адамы санап, әркімді жолдан шығарған, жәһил және надандардың бет-жүздерін ортаға шығарды. Өткен бірнеше ғасырда Ислам дүниесінде, дін дұшпандары тарапынан дінді бұзбақ болған пәлсапа түсініктері толықтай жойылды. Жазған хаттар мен кітаптармен, қияметке дейін бұл жолдағы бүткіл сауалдарға жауап беретін ашықтамалар жасады.

Сол уақыттың сұлтаны Сәлим Жихангер ханның қасындағы адамдар, оның ішіндегі бас уәзірі, бас муфтиі мен оның қасындағылар Әһлі сүннеттің дұшпандары еді. Осыған орай Имам Раббани хазіреттерінің бірқатар хаттары және бәлқисса еңбектері, бөлек жазған «Редді Реуайд» атты еңбектері, Асхабы кирам дұшпандарын теріске шығару, жәһил, ақымақ және надан болғандықтары жайында жазған болатын. Имам Раббани бұл еңбектерін Бұхарада болған ең үлкен Өзбек ханы Абдуллах Жәнгізі ханға жолдаған болатын. «Мұны Иранда, Шах Аббас Сафәуиге көрсетіңдер! Қабыл етсе өте жақсы, қабылдамаса онымен бірге соғыс рұқсат етілген болады» деген. Бірақ хаттарды қабылдамады. Соғыс болды. Абдуллах хан, Имам Раббанидің жіберген хаттарын оқып, Хорасандағы қалаларды жаулап алды. Бұл қалалар жүз жыл бұрын Сауефилер алған болатын. Олардан кейін, Үндістандағы бұзық фырқалар, Асхабы кирамның дұшпандарының бір-бірінің қолдарына өтіп тұрды. Мұны естіген патшаның уәзірлері мен кеңесшілері сұлтанға келіп Имам Раббани хазіреттері жайында көптеген бұрыс пікірлер айтты. Сұлтан, өзінің баласы Шах Жиханды Раббани хазіреттеріне жіберіп, отбасы мен оқытқан шәкірттерін шақырып алып, барлығын өлтіруге бұйрық берді. Мұның үстіне Шах Жихан, жанына бір муфтиді ертіп, қолында сұлтанға сәжде ету жайыз, деп жазылған бір пәтуәні қоса алып келді. Шах Жихан Имам Раббанидің үлкен әулие болғанын білген еді. «Әкеме сәжде етсең сені құтқара аламын» дегенде, Имам Раббани хазіреттері былай деді: «Бұл пәтуә тек қатты зәру болған жағдайда ғана рұқсат берілген. Діннің бүтін болып қалу үшін сәжде ете алмаймын, егер ажал келсе, өлімнен ешқандай да адам құтыла алмайды» деп, сәжде етуді қабыл етпеді.

Хазреті Имам Раббани теңдессіз, ерекше ислам ғұламасы және дәрежесі биік мүршиди кәмил. Пайғамбарымыздың  “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” уақытынан мың жылдан кейінгі дәуір ислам дұшпандарының дінге, иманға ынсапсыз шабуылдап жатқан дәуірі еді. Аллаһу тағала құлдарына аяныш білдіріп хазреті Имам Раббани секілді бір мүжәддидті жаратты. Оған терең ілім ихсан етті. Хазреті Имам Раббани арқылы дін дұшпандарының үрейлі шабуылдарын тоқтатты. Ақиқатты жалғаннан ажыратты. Көптеген жүректерден жалғандарды тазалады. Бұл ұлы Имамның хаттары мен кітаптары адамдарды ықылассыздықтан оятты. Дүниеге жарық берді. Яғни Аллаһу тағала оны пайғамбарымыздан “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мың жылдан кейін ислам дінін жаңалау үшін және қуаттандыру үшін  жіберді.

Хазреті Имам Раббанидің дінге жылдар бойы жасаған бұл қызметтері дәйекті, көз жеткізерлік дәлелдермен бұзылған көзқарастарды жойып жатқанын, Әһли сүннет ақидасы мен дұрыс дін ілімдерінің жайыла бастағанын, бидғаттардың жойылып жатқанын көрген кейбір бұзылған адамдар оған қарсы шығып, күншілдікпен жала жаба бастады.

Мұсылмандардың әлсіреген, күпірдің, адасушылықтың, зұлымдықтың, пәлсәпашылардың және адасқан адамдардың барлық жерді қаптаған дәуірінде көптеген пасықтар мен мұнафықтар оның рухани халдерін көріп, сұхбаттарын тыңдап тәубә етіп мұсылман болды. Ұзақтардан, жақындардан көптеген адамдар түсінде, өңінде оны көріп оған қарай ағылып келіп жатты. Ғұлама-салихтер, жас-кәрі мыңдаған адам оны көріп, сұхбаттарына қатысқаннан кейін файз алды, көңілдері зікір ететін болды. Құзырындағы көптеген шәкірттерін рухани халдер мен үлкен дәрежелерге қауыштырды. Әркез кереметтері көрініп, файз бен береке жайды. Алты мыңнан астам керемет көрсеткендігі білдірілген.

Дәуірінің ғұламалары хазреті имам Раббаниді Сыла деп атады. Сыла біріктіруші деген сөз. Өйткені ол тасаууфтың ислам дінінен бөлек нәрсе емес екендігін, ислам дініне сай екендігін дәлелдеп, шариғат пен тасаууфты біріктірді. «Үмметімнен Сыла есімді бірі келеді. Оның шапағатымен көптеген адам жұмаққа кіреді.» деп айтылған хадис шәриф оның келетінінен хабар берген. Бұл хадис шәриф имам Суютидің “Жәм-үл-Жәуами” атты кітабында бар. Хазреті имам Раббани бір хатында: “Мені екі дария арасына Сыла еткен Аллаһу тағалаға хамд болсын.” деп дұға еткен. Замандастары, шәкірттері және оны сүйгендердің арасында Сыла атымен мәшһүр болды. Хадис шәрифте сүйіншіленген Сыла есімін одан бұрын ешкім алмаған еді.

Хазреті имам Раббани – Мүжәддид әлфисани. Яғни хижра жыл санағымен екінші мың жылдықтың жаңалаушысы. Бұрынғы үмметтер заманында әр мың жыл сайын жаңа дін әкелетін расулдер жіберілетін. Бұл әкелінген жаңа діндер алдыңғы дінді ауыстырып кейбір үкімдер өз күшін жоятын. Әр жүз жылда бір нәби келіп, расулдың әкелген дінін ауыстырмай, оны қуаттайтын еді. Ал бұл үмметке әр жүз жыл сайын ислам дінін қуаттандыратын бір ғұлама келетіндігі хадис шәрифте хабар берілген. Пайғамбарымыздан “алейһиссалам” кейін пайғамбар келмейтінін ескерсек, Одан мың жылдан кейін, ислам дінін барлық жөнінен жандандыратын, дінге араласып кеткен бидғаттарды тазалап сонау асры саадеттегі (бақыт ғасыры) халіне әкелетін, захири және батини ілімдерде кәміл мұрагер, ғұлама және ариф адамның болуы керек. Хадис шәрифтер осыны білдіруде. Мұндай маңызды қызметті хазреті имам Раббани жасады.

Бүкіл ислам ғұламалары бұл адамның хазреті Имам Раббани екенін бірауыздан айтқан. Пайғамбарымыздан мың жылдан кейін ілім мен иршад мінберіне кәміл отырып, жаһанды Расулуллаһтың нұрымен жарқыратты. Бидғаттарды тазалап, Ислам дінін қайта жандандырды. Оның өмір сүрген дәуірінде Үндістанда, тіпті бүкіл Ислам әлемінде бой көтерген қате пікірлер, бұзық сенімдер жайыла бастап, үлкен фитналар туған еді. Бұдан бөлек, мұсылмандар арасында тасаууфтағы уаһдати ужудтің анықтамасы түрлі-түрлі пішінге еніп кетті. Мұндай үстем дәрежелі ілім түсініле алмады. Көптеген жаһилдер (сауатсыздар) ұлылардың сөздерін түсіне алмай, уақыт өте діннен шығып кетті. Ислам дініне қарсы болғандар бұл оңтайлы сәтті бос жібермей, мұсылмандарды тура жолдан тайдыруға тырысты. Осылайша тасаууф ілімі мен Ислам үкімдерінің арасында айырмашылық пен қарама-қайшылық бардай, екеуі екі түрлі нәрсе іспетті көрсетіліп, мұсылмандар түрлі атаулармен бір-бірлерінен бөлектене бастады және бір-біріне дұшпан етуге тырысылды. Имам Раббани хазреттері уахдати ужуд ілімдерінен бастап, көптеген мәселелерді өте ашық түрде түсіндіріп, адамдардың зейіндері мен көңілдерін қате, бұзық сенімдерден тазалады. Хақты қателіктен ажыратып, пайғамбарымыздың хақ пен тура деп көрсеткен әһли сүннет ақидасын барлық жерге жайды. Кәрі-жас болып барлық адам оның айналасына жиналды. О ған ең бірінші болып «Мүжәддиди әлфи сани» есімін берген, заманының ең ұлы ғалымдарының бірі – Абдулхаким Сиалкути болған. Сол заманның қалған ұлы ғұламалары да оны мадақтап, мақтаған.

Исламның үлкен шейхтарының бірі Мәуләнә Абдуррахман Жами, Нәфәхат кітәбінда былай дейді: «Әулиенің ауыртпашылығын шектім, қиындықтарының бәрін де жалғыз басыммен көрдім және тағы да көп көрдім. Алла тағала, әулиеге берген халдерін, ихсандарын (Алла көріп тұрғандай құлшылық ету) бәрін маған берді. Әр төрт жүз жылда, Ахмет есімді бір құлына осындай бір мәртебеге біреу ие болады және мұны әркім көреді.» Ахмед Жамиден, Имам Раббани хазіреттері уақытына дейін 435 жыл өтіп, бұл уақыт ішінде әулиелер арасында бұл мәртебеде, Ахмет есімді ешкім табылмады. Ахмет Жамидің хабары, үлкен бір заң арқылы Имам Раббаниге жеткен болатын. Ислам шейхы Ахмет Жамидің: «Менен соң менім есімімде онжеті кісі келеді. Бұлардың соңғысы мың жылдықтан кейін болып, ең үлкені және ең мәртебесі жоғарысы ол болады» деген сөзі де, бұл сөзді қуаттандырады.

Бүткіл Ислам ғалымдары, Пайғамбарымыздың (с.а.у) айтқанындай «Әр мыңжылдықтың дін жаңартушысы келеді» деген хадисіне бір ауыздан Имам Раббани хазіреттері болғандығына мойындаған еді. Имам Раббани Пайғамбарымыздан (с.а.у) кейін толық мың жылдан кейін, ілім және сопылық жолында кемел түрде Исламға қызмет етті. Бидғаттарды тазалап Ислам дінін әлемге жайды. Оның уақытысында Үндістанда және бүтін Ислам әлемінде бой көтерген пасық пікірлер, бұзық сенімдегілер бой көтерген еді, үлкен фитнелер (іріткі салушылар) шықты. Одан басқа тасаууфта уәхдәті ужудты түсіндіретін қате сөздер, мұсылмандар арасында көптеген қайшылықтар туғызды. Біртоп жәһилдер, үлкен ғалымдардың сөздерінің мағыналарын түсіне алмай діннен шықты. Исламға қарсы болғандар да бұл қайшылықтарды біліп, мұсылмандарды одан әрі дұрыс жолдан шығармақ үшін жұмыс жасап отырды. Осылайша тасаууф ілімі мен Исламдағы фыкһ арасында бөліну және шатастыру сияқты, екеуін бір-бірінен бөлек сияқты көрсетіп, мұсылмандар өздері арасында екіге айрылып, дұшпан бола бастады.

Имам Раббани хазіреттері уәхдәті ужуд сияқты білгілерді, жаңылыс түсінілген тағы бірнеше мәселелерді ашық түрде теріске шығарып, адамдардың саналарын және жүректерін, жаңылыс және бұзық сенімдерден, бидғаттардан тазалады. Хақты батылдан айырып, Пайғамбарымыздың (с.а.у) хақ және тура жол болғандығынан хабар берді. Әһлі сүннет итиқатын әр жерге жайды. Жас-кәрі ғалымдардың, барлығы да оның қасына жиналды. Өзіне ең алғаш (мужәддиді әлфи сәни) атын берген, заманының ең үлкен ғалымдары да оны мойындап, шынайы жақсы көрді.

Атақты шәкірттерінің бірі Мұхаммед Хашими Кәшми «Зубдәтул-мақамат» атты еңбегінде былай жазды: «Жүрегімнен өткен еді: «Егер Алла тағала, бұл уақыттың ғалымдарының ең үлкендерінен біреуіне, Имам Раббани хазреттерінің мужәддид әлфи сәни (екінші мың жылдықтың жаңартушысы) екенін білдірсе, бұл мағына толық қуатталатын еді.» деді. Бір күні бұл түсінік бойынша Имам Раббани хазіреттерінің алдына келдім. Бұл пақырға қаған қылып бұйырды: Бірнеше ақыли және нақыли туралы маңызды кітаптар жазған, білім жарысында Үндістанда теңдесі табылмаған Абдулхаким Сиялқұтұдан хат алдым. «Мұны айтып күлімсіреп кетті. Одан кейін де; «Хатының бір жерінде бұл пақырды мадақтап; «Мужәддид әлфи сәни» жазып жатыр» деді.

Қажы Мұхаммед Бакибиллаһ бір сөзінде былай дейді: «Жүректерге дауа, рухтарға шипа болған бұл ағашымды Самарқанд пен Бұхарадан әкеліп Үндістанның берекетті топырағына ектім. Шәкірттерінің жетісіп кемелденуі үшін бар күш-жігерімді салдым. Ол, (Имам Раббани) бүткіл дәрежелерге жетіп мәртебелердің шыңын бағындырды, мен өзімді арадан алып, шәкіртті оған тастадым.»

Қажы Мұхаммед Бакибиллаһ Имам Раббаниге жазған бір хатта былай дейді: Алла тағала сізге, ең жоғарғы дәрежеге жетуді және әркімді сол дәрежеге жеткізуді нәсіп етсін!»

Мәуләне Абдулхаким Сиялқұтұ, Имам Раббаниге көп тағзым және құрмет ететін еді. Қарсы шыққандарға; «Үлкендердің сөздеріне, мақсаттарын түсінбей жатып қарсы шығу жәһилік болып саналады. Мұндайлардың соңы бәлекет болады, ілім мен нұрдың қайнар көзі, ғалымдардың асылы Ахмедтің сөздерін теріске шығару, білместік пен түсініспеушіліктен» деп жазды.

Бәлһ қаласында өмір сүрген Мұхаммед Мумин Кубрәуи, шәкірттерінің біреуін, тәубе мен су үшін, Имам Раббанидің алдына жібереді. Имам Раббанидің алдына барғаннан кейін; ұстазынан, Сәйд Мирекшахтан, Қадыл Тулектен сәлем жеткізеді және; «Ұстазым Мұхаммед Мумин маған бұйырған еді: «Ықтияждығым мағнауи болмаса және жерім жақын болса еді, келіп дәрісінен ілім алып, өлгенше оған қызмет етер едім. Әркімге нәсіп болмаған нұрлар арқылы жүрегімді тазалауға жұмыс жасайтын едім. Денем ұзақта, көңілім болса онымен бірге. Бұл пақырды, құзырында болған таза шәкірті сияқты қабыл етуіңді және мол нұрынан рухына сәуле салуын жалбарынамын және менім үшін де оның мүбәрәк қолынан сүй!» деді» деп Имам Раббанидің қолынан сүйді. Одан соң кетер кезінде былай деді: «Бәлһ қаласындағы азиздер, өздеріне, үлкен ақиқатты білдірген хаттарыңыздан жіберуіңізді маған аманат етті.» деді. Имам Раббани бір хат жазып, қалған бірнеше хаттарды қосып берді. Біраз уақыттан кейін, Бәлһтан Үндістанға келген кейбір адамдар былай деді: «Имамның бұл хаттары, Мұхаммед Муминге жеткен кезінде, ол оқып жатып бір орында тұра алмаушы еді. «Сұлтан Баязид, Сәйід Жунәйд және осылар секілді үлкен ғалымдар, Иамам Раббанидің алдында тізе бүгіп отырып, қызметінен айрылмайтын еді» деді.

Имам Раббанидің өмірін, кереметтерін түсіндіру үшін жетпістен астам кітап жазылған. Бұлардың ең атақтыларынан біреуі «Хадаратул-Қудс» кітабінда атақты шәкірті Бәдреддин Серхенди былай дейді: «Он жеті жыл Имам Раббанидің қызыметінде болдым. Егер құзырында болған алғашқы күннен бастап, таңғаларлық кереметтерін, жоғарғы халдерін, мақам мен дәрежелерін жазған болсам, менің көргендерім есептеуге келмейтін еді. Оның әр сағаттары кереметтерге толы болатын еді. Одан қалса әр күн бір кереметін жоғалтқан болатын болсам, құзырында болған кішкене уақыт ішінде алты мың кереметін жазып, қайта жоғалтып алатын едім.»

Мәуләнә Мұхаммед Юсуф, өз уақытының ғалымдарының бірі еді. Мұхаммед Бакибиллаһ оны тасаууфта жетілуін, кемелге жетуі үшін Имам Раббани хазіреттерінің сұқбатына қатысуға жіберді. Мәуләнә Юсуф кемелге жете алмай қатты ауырып төсек тартып, өлім аузында жатады. Имам Раббани оны зиярат ету үшін келеді. Мәуләнә Юсуф Раббаниден рухани жақтан көмек беруін сұрады. Имам Раббани, оны Фәнә және Бәқә мақамдарымен қауыштырғанда, ауру халінде жатқан Юсуф, жүрегіндегі бұл нұрларды көрді. Содан кейін ғана көңілі жай тауып, сол жерде қайтыс болды.

Өте ұзақ елден бұл оқиғаны естіген бір азиз кісі, Имам Раббани хазіреттерінің тұрған Серхенд қаласына келді. Кешке бір кісінің үйінде қонақ болып қалып, әңгіме барысында үй иесіне Имам Раббаниден бата сұрау үшін келгендігін, оған шәкірт болып, шапағатына қауышу үшін және өзі үшін Имаммен кездесудің өте маңызды екендігін айтқанда, үй иесі Имам Раббаниді жамандай бастайды. Жаңағы кісі қатты ренжіп көңілі түсіп кетеді. Имам Раббаниге сиынып жүрегінен; «Мен жалғыз Алланың ризасы үшін, сізге қызмет ниетімен келдім. Бұл кісі мені сіздің бұл мархаматыңыздан мақрұм етейін деп тұр» деді. Бұл уақытта Имам Раббани кенеттен жалаңаш қылыш болды. Халдерін жоққа шығарған, бұл тұлға бөлек-бөлек әрекет етіп үйден шықты. Ол кісі таңертең ерте Имам Раббанидің құзырына қауышқанша, кешегі болған жайтты айтпақ болды. Бірақ Имам Раббани хазіреттер; «Кеше болғанды, бүгін айтпай-ақ қой деп, кереметін одан әрмен жандандырды.

Сол уақыттағы атақты ғалымдарды және Имам Раббаниді де көрген бір кісі былай баяндайды: «Имам Раббани хазіреттерін көріп уағызына қатысқаннан кейін, Бурханпыр қаласында болған, оны жақсы көргендерден атақты шейх Мұхаммед бин Фадлуллахтың құзырына келіп едім. Ол кісі менен Имам Раббани хазіреттері жайлы сұрады; «Сондай үлкен кісінің қасында болып келдің, қане көрген білген нәрселеріңді маған айтшы, мен тыңдайын» деді. Мен жауабымды; «Мен сияқты мақсатсыздың, оның жүрегінен қандай хабар болуы мүмкін? Бірақ Раббанидің сырт келбетіндегі сүннетті орындауы және сүннеттің жіңішкеліктерін бақылағанымда, ол кісі жайлы пікірімді айтайын. Егер осы заманның барлық ғалымдарын бір жерге жинаса, ол кісінің жасаған нәрселерінің жүзде бірін де жасай алмаушы еді» дедім. Тыңдап отырған шейх Фадуллах қатты сүйсініп былай деді: «Ақиқатында да солай, ол кісі сияқты дін үлкені жайлы сырлардан және ақиқаттардан не айтса не жазса да, барлығы сахих және дұрыс. Бұлардың дұрыс болғанына және бұларға қауышуына ишарат етеді.»

Имам Раббани хазіреттерінің ең үлкен еңбегі «Мәктубәт». Раббанидің бұл еңбегі шәкірттеріне арнап жазған хаттардың жинағы. Хаттарды жеке-жеке шәкірттеріне жіберіп отырған. Кейбір хаттарда ескертулер болса, кейбіреулерінде қолдаулар бар. Хаттардың ішінде адамның Алла тағаланың ризашылығына қауышуды қалағандарға, пайдалы болу үшін жазған еңбектерінен үзінділер.

Хазреті Имам Раббани 1615 жылы, елу үш жас шамасында өзінің қатты жақсы көретін шәкірттеріне: “Маған менің өмірім алпыс үш жыл екені илхаммен білдірілді.” деді. Өзі бұған қатты қуанды. Өйткені Пайғамбарымызға “алейһиссалам” бағынғаны соншалық, жас жөнінен де сай келетін еді. Сонымен қатар бұл тұрғыдан хазреті Әбу Бәкірге, хазреті Омар мен хазреті Әлиге де бағынған болды.

Имам Раббанидің балалары:

1-Мұхаммед Садық: Үлкен баласы, әлі кішкене жасында тасаууфта жоғары халдерге қауышты. Он сегіз жасында дүние білімдерін бітіріп, дәріс бере бастады. Тасаууфтағы ең жоғарғы мәртебелерге жетті. Жасы жиырма төртке толғанда 1616 жылы шамасында, оба ауруынан қаза тапты.

2-Мұхаммед Сайд: Әкесінің жанында білім үйреніп, он жеті жасында ақыли және нақыли ілімдерін толық меңгерді. Сөзі жұмсақ көңілі ашық болып, дүниеге ешқандай орын бермеді. Хадис және фыкһ ілімдерінде, жоғарғы дәрежеде ғалым еді. Әкесі бұл ұлына халифалықты беріп; «Мұхаммед сайд, Уләмә-и расихинде (ілімін нубууәт қайнарынан алған ғалымдардан)» деп өсиет еткен. Бұл баласы 1660 жылы қайтыс болды.

3-Мұхаммед Масұм: Үндістаннан шыққан кәләм ғалымдарының ең атақтыларынан болып, дүние және батыни ілімдерде жоғары дәрежелерге жеткен ғалым еді. Ол туылған кезінде, Имам Раббани хазіреттері; «Мұхаммед Масұмның дүниеге келуі біз үшін өте берекетті және өте мүбәрәк болды» деген. Әкесі оны ақыли және нақыли ілімдерде жоғары дәржеде тәрбиелеген еді. Оған; «Ілім жолын тездетіп бітір, сенімен ісіміз бар» деп айтқан. Мұхаммед Масум небәрі онтөрт жасында әкесіне; «Мен өзімнен сондай бір нұр көріп тұрмын, бүкіл әлем күн сияқты одан нұр алып тұр. Егер ол нұр сөнер болса, дүние қараңғылықтан зұлымдықта болады!» деп халін әкесіне түсіндірді. Оның үстіне әкесі Имам Раббани оған; «Сен заманыңның ғалымы боласың» деп баласын қуаттандырды. Мұхаммед Масұм 1667 жылы Рәбиул-әууәл айының жетінші күні қайтыс болды.

4-Мұхаммед Фәррух: Кішкене кезінен әкесінен алған нұрға қауышқан, кішкене жасында оба ауруынан 1615 жылы қайтыс болды.

5-Мұхаммед Иса: Есімін Иса алейхиссаламның есіміне құрмет ретінде қойған. Біркүні Имам Раббани хазіреттері «Таха» сүресін тыңдап отырып, былай деді: «Иса алейхиссаламды көрдім. Мәжілісімізде еді. Маған; «Сенің бір ұлың дүниеге келеді. Есімін менің есіміммен қой» деді. Көп ұзамай ұл бала дүниеге келеді. Есімін Мұхаммед Иса деп қояды. Төрт жасына келгенде кереметтер көре бастады. Бұл ұлы да Мұхаммед Фәррух сияқты сол күні оба ауруынан қайтыс болады.

Хазреті Имам Раббанидің жаназа намазын ұлы Қажы Мұхаммед Саид оқытты. Алпыс үш жасында қайтыс болды. Сархандта үйінің жанына жерленді. Кейінгі уақытта Ауғанстан патшасы Шах Заман оның қабіріне көркем кесене салдырды.