Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раббаниді сопылыа кзарасы.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
148.31 Кб
Скачать

Жунәйд Бағдади

Жунәйд Бағдади – асыл есімі Әбул Қасым Жунәйд б. Мұхаммед әл-Қауарири. Туылған жылы белгісіз, қайтыс болған жылы (миләди 297/909)

Бағдатта туды және сол жерде өмір сүрді. Жунәйд Бағдади жастайынан білімге құштар болуымен көзге ерте түсе бастады. Сол үшін де оған Хаззаз деген лақаб атымен танымал болатын.

Жунәйд Бағдади хазіреттері жас кезінде Әбу Сәвр әл Қалбиден фыкһ білімін, Әбу Әли әл-Хасан б. нен Хадис білімін алды. Сопылық жолды Әбу Хамза әл-Бағдадидің сұхбатынан үйреніп жүрді. Сол кезден захири (дүние) білімдерге көп көңіл аударған Жунәйдқа, «Алла сені суфи хадисші емес, хадисші суфи қылсын» деп батасын беріпті. Небәрі жиырма жасында фыкһтан ұстазы болған Әбу Сәбірдің дәріс мәжілісінде Жунәйд Бағдади пәтуә беретін дәрежеге жетеді.

Жунәйд Бағдади хазреттері шәрғи ілімдерді жақсы меңгергеннен кейін өзін зухд, ғибадат және тасаууфқа берді. Негізінде кішкене жастан тасаууфқа бейім келетін еді. Небәрі жеті жасында шүкірдің не екендігін сұраған кісіге, «Берілген нығметке қанағат ету, Аллаға рахмет айту» деп жауап беруі, оның бұл алаңда қаншалықты жеткілікті білімі барын көрсетуде. Жунәйд Бағдадидің нағашысы үлкен бір сопы болғандығы үшін де, оның кішкене жасынан тасаууфқа бағыт алуына себеп болды дейді. Осылармен қатар Жунәйд Бағдади шәрғи ілімдерде де аты мәшһүр болды. Жәфәр әл-Хулдинің, «Хәл мен ілімді Жунәйд сияқты кемел бір түрде өзінде біртұтас қылып жинаған сопыны көрмедім. Оны көрген халінің ілімінен жоғары, сөйлегенін тыңдаған ілімінен жоғары болған ешкімді де көргем жоқ» деуі, ілім мен тасаууфтағы қандай мәртебеде екендігін көрсетіп тұр.

Ибн Муләккиннің айтуына қарағанда, Жунәйд Бағдади хазіреттері өлім төсегінде жатқан шағында отырып намаз оқыды, мұның да бір ниғмет болғанын өсиет етуде, намазды қаза жіберсеңіз де боладығой деген кісілерге, намазда тұру арқылы жауап берді және сол күйі рухын тәслім етті. Өлімінен аз уақыт бұрын құран хатымын (құранды бастан-аяқ оқып шығу) түсірді. Тағы бір хатымға бастап Бақара сүресңнен жетпіс аят оқыды. 909 жылы қайтыс болды. Жаназа намазында 60,000 кісінің қатысқандығы туралы риуаят бар. Бағдаттың Сунузия мазарында, нағашысы және ұстазы шейх Серидің жанында жерленген.

Жунәйд Бағдади хазіреттері тасаууф терминдерін және мғыналарын ашықтай отырып, тасаууфтың ортаға шығуына үлкен септігін тигізген суфилердің бірі. Бағдадидің тасаууфи көзқарастары әрі өз жолын әрі бұлақ көзін өзінің еңбектері арқылы күнімізге дейін жеткізді. Сопылығының үлкен ұстанымдарының бірі, адам мен Алла арасындағы қашықтықты жабу мәселесі болып табылады. Оның көзқарасы бойынша бұл қашықтық тасаууф көпірімен жабыла алады. Осыдан басқа тасаууфты, «Әр-нәрседен баз кешіп, Алламен бірге болу» дегені сияқты[4]. Бұл таныммен Алла мен құл арасындағы қашықтықты ашу үшін, адамның Алладан басқа әр-нәрседен бас тартуы керек екендігін түсіндіреді.

Жунәйд Бағдадидің тасаууфи көзқарастары, әрі қазіргі заманғы сопылар әрі одан кейінгі мутасаууфшылар (тасаууф ғылымын толық меңгерген) туралы да терең әсер қалдырды. Ал Хужвери болса, өзінің шейхтарының да бұл үйірменің мүшесі екендігін білдірді. Әл-Мункиз минәд-дәләл атты еңбегінде есептілігіне сәйкес Ғазалидің тасаууфқа кіруінде де Жунәйд Бағдади хазіреттерінің әсері болды. Әл-Лумә, әт-Тануф, Қутул-қулуб және әр-Рисәлә сияқты тасаууфтың басты қайнар көздері Жунәйд Бағдадидің пікірлеріне кең орын береді, оның тасаууфи шығармаларындағы сөздерді дәлел ретінде қолданады. Суфи табақат кітәбында да пайдалы бір жер ұстаған Жунәйд Бағдади хазіреттеріне бүтін тариқат мүшелері үлкен бір уәли назарымен қарайды.