Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раббаниді сопылыа кзарасы.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
148.31 Кб
Скачать

Жафәр Садық

Жәфәр Садық милади 699 жылында Мәдинада туылған. Әкесі он екі имамның бесінші имамы Мухаммед Бәкір, ал анасы болса Хз. Әбу Бәкір (р.а.) немересі Касым бин Мухамметтің қызы Үммү Ферве деген кісі. Осылайша хз. Имами Жафер Садық (к.с.) хазіреттерінің тегі әке жағынан хз. Әлимен, анасы жағынан хз. Әбу Бәкірмен байланысуда. Лақаб аттарының ең танымалдары: Садық аталып, Сабыр, Фазыл, Тахир және Атыр аттарымен де зікір етілген. Бұл кісінің жеті ер бала, үш қыз баласы яғни он баласы болған. Ұлдарының есімдері: Мұса Қасым, Ысқақ, Мұхаммед, Исмайл, Абдуллах, Аббас, Әли. Балаларының бәрі өз ғасырының ғалымы, бетке тұтары болған.

Имам Жафер Садық (к.с.) Хазіреттері Милади 766 жылы Мәдинада қайтыс болған, қабірі Жәннатүл Бакиде әкесімен атасының жанында жерленген.

Ілім мен үстемдікте заманының ең жетігі болды. Діни білімдерде болғанындай, заманының бүкіл пән ғылымдарында да ғалым еді. Жетілдірген шәкірттері алгебра және химия ғылымдарында әр түрлі жаңалықтар ашқан, осы ғылымдардың негізгі жүйелігін құрған. Физика және химия ғылымдарының негізі болған зат және соған қатысты білімі өте жоғары еді. Химияның атасы саналатын Жәбир де Жафәр Садық хазреттерінің шәкірті еді.

Имам Жафәр Садықтың әйгілі шәкірті болған Имам Ағзам Әбу Ханифа Жафәр Садықтың сұхбатына екі жыл бойы қатысып, сол жасырын және ашық мағрифет қайнарынан білім және әулиелік жолында көп пайдаланды. Имам Ағзам оның алдында қол жеткізген жоғары мәртебелерді айтып беру үшін «Сол екі жыл болмағанда, Нуғман құрып кетер еді» деді.

Шынайы Ислам ғалымдары дінімізді мүлдем өзгертпестен осы күнге дейін жеткізді. Бұл ғалымдардан иман білімдерін үйрететіндерге «Мутәкәллимин», ғибадаттардың қалай орындалатынын үйрететіндерге «Фукаха», көңілмен орындалу және сақтану керек болған нәрселерді үйрететін ғылымға «Тасаууф» және осы ғылымның ғалымдарына «Мутасаууифун» деп аталады. Міне имам Жафәр хазреттері осы үшінші ғылымды үйретті.

Заманның патшасы бір түні уәзіріне: «Дереу бар, имам Жафәрді осында алып кел, оны өлтіремін» деді. Уәзір патшаны бұл ойынан бас тартуы үшін қанша тырысса да, көндіре алмады. Шарасыздықтан шақыруға кетті. Патша баскесерлеріне бұйрық берді: «Имам Жафәр ішке кіргенде мен басымнан қалпағымды шешкен кезімде басын шабыңдар!» деді. Біраз уақыттан кейін имам Жафәр Садық хазреттері ішке кірді. Патша оны көрген кезде дереу орнынан тұрды. Өте кішіпейіл және қарапайым түрде оны қарсы алды. Өз тағына отырғызды, әдеппен алдында тізерлеп отырды. Баскесерлер сасып қалды. Патша хазреті имамға «Мырзам, менен қалауыңыз бар болса, бұйырыңыз, тез арада орындайын» деді. Сонда патшаға «Олай болса, өтінемін, мені ендігәрі шақырып, ғибадатымды бөлме» деп жауаптап, кетпекші болып орнынан тұрды. Патша құрметпен, қошеметпен оны шығарып салды. Кеткеннен кейін денесі дірілдеп, есінен талып құлады. Есін жиғаннан кейін уәзірі «Не болды сізге?» деп сұрады. Сонда патша «Ол ішке кірген кезде қасында бір арыстан көрдім. Маған "Оны ренжітсең, сені бөлшектеп тастаймын" дегендей болды. Не істерімді білмей, сасып қалдым» деп жауап берді.

Оның құнды насихаттарынан:

«Мына адамдармен бірге болудан сақ болыңдар:

1) Өтірікшіден.

2) Сараңнан.

3) Ақымақтан. Өйткені ең қажетті уақытта сені тастап кетеді.

4) Пасықтан, яғни күнә істеуге ұялмайтын адамнан!»

«Бір қателік істеген кездеріңде истиғфар етіңдер, қателікте табандылық таныту құрып кетушілікке себеп. Бір адам күнкөріс қиыншылығын шегіп жүрген болса, истиғфар айтып жүрсін.»

«Бәле-жалаға шүкір етпеген адам ниғметке де шүкір ете алмайды.»

«Садақа беру арқылы ризықтарыңды көбейтіңдер. Зекет беру арқылы мал-мүліктеріңді қорғаңдар. Үнемдеуге мән берген адам қиыншылық көрмейді. Мұқият, ретті өмір сүру күнкөрістің жартысы. Адамдармен жақсы тұру ақылдың жартысы. Дертті кезде сабырсыз болған адам сауабынан мақрұм қалады.»

«Мына төрт нәрсенің азы да көп болып саналады: От, дұшпан, кедейлік. ауру.»

«Мына үш қасиет мұсылманды қадірлі етеді: Зұлымдық жасаған адамды кешіру, ештеңе бермеген адамға жақсылық жасау және өзін іздемейтін адамды іздеп, сұрастыру.»