Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Публицистикалық шығармаларды жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері

Публицистикалық шығармаларды жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ш. Уәллихановтың, Ы. Алтынсариннің, С. Торайғыров, М. Дулатов, т.б. ақын-жазушылардың маңызды проблемаларды көтерген мақалалары мен хаттарын сыныпта, сыныптан тыс уақытта белгілі бір мақсатты көздей оқыту керек. Мысалы, Ш. Уәлихановтың Ф. Достоевскиймен, т.б. жазысқан хаттарын бергенде, мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:

1. Ш. Уәлихановтың саяси көзқарасын саралау.

2. Демократтық, ағартушылық бағыттағы іс-әрекеттеріне назар аудару.

3. Гуманизмі, адамгершілік тұлғасы, зиялылығын сараптау.

Оқушыларды тезис-жоспар, жауаптарының тезистерін жасауға, үзінді, дәйектеме ала отырып, оны жауаптарына тиімді пайдалана білуге баулу. Оны мынадай кестелік тапсырмалар түрінде орындатуға болады:

Үлгі:

1. Шоқанның демократтық көзқарасы.

Дәйекті пікір-дәлелдеме.

Ф: Достоевскийге жазған (1856 ж.) хаты

Үзінді, дәйексөз

Демократтық көзқарасы туралы пікір-дәлелдеме

Ескерту: Басқа да мінездемелеріне қатысты осындай жұмыстар жүргізуге болады. Шоқанның «Сот реформасы» туралы мақаласын оқытқанда, мыдай әдіс-тәсілдер тиімді болмақ:

а) Мазмұнына қарай тақырыпшаларға бөлу (кейде абзац арқылы жүзеге асыруға болады).

ә) Мына үлгіде тезис-аннотация жаздыру:

Тезис

Аннотация

Экономикалық, әлеуметтік реформаның қажеттілігі

«Әрбір адам, адамзат баласы, түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат - өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс – деніміздің өзі – осы. Реформа да сол үшін керек»

б) Жауаптарының тезистерін жасаттыру.

в) Ең басты, мәнді мәселелерін бөліп ала білу, тұжырымдап айта білу, жауабының ішінде дәйектемелеп, үзінділер келтіріп отыру.

г) Негізгі мәселелерге орай, тұжырымды, мәнді сұрақтар ойластыру.

д) Баяндама, лекция, реферат, т.б. жасау, семинар өткізу (яғни мақаланың ең басты проблемасының айналасында). Мысалы, «Шоқан – тұңғыш заңгер» немесе «Шоқанның заң туралы демократтық, гуманистік, ағакртушылық көзқарасы», т.б. тақараптарда.

Мақалалардың өзіндік ерекшелігі – олардың әрқайсысында жазылып отырған уақытына сай белгілі бір проблемалардың көтерілуі. Сондықтан мұғалім сол ең басты мәселеге ерекше назар аударып, оқушы санасына жеткізуді ойластыруы керек. Оқушыларды да мақала жазуға баулып, шығармашылық қаблеттерін дамытуға талаптандырудың еш артықтығы жоқ.

Мысалы, «Тұңғыш заңым – тәуелсіздік айғағы» (жаңа Конституция бойынша), «Тіл туралы заң – ар туралы заң», т.б. тақырыптарға мақала жаздыру тек икем-дағдыларын жетілдіріп қоймайды, ең бастысы, қоғам, өмір сүріп отырған ортасының өміршең мәселелеріне селсоқ қарамай, азаматтық үнін естірте білуге де баулиды.

Сюжетті өлеңдерді оқыту.

5-сыныпта М. Шахановтың «Отырар дастаны» атты сюжетті өлеңін («Баллада» деп жүргендер бар) оқушыға талдауға берген. Сюжетті өлеңдерді оқыту әдістері мен тиімді жолдарын осы шығарманы оқыту үлгісі арқылы көрсетуге болады. Өлеңді оқытуда мұғалім оның тарихи негізін, яғни тарихта болған оқиғалармен тығыз байланыста екенін есте ұстағаны жөн. 1219 жылдардағы Шыңғыс хан жорығынан тып-типыл болған Отырар қаласының тарихы өлеңнің негізі болып табылады. Мұғалім пәнаралық байланыс арқылы оқытуды басшылыққа ала отырып, осы сабақты тарих, бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімдерімен бірігіп, «Бұл бір қайсар халық екен» деген атпен өткізуіне болады. Мұндай сабақтың тиімділігі неде? Тарих пәннің мұғалімі Отырар қаласы, Шыңғыс шапқыншылығы, қаланың сол кездегі маңызы туралы тоқталса; бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі оның тамаша сәулеті, ғажайып өнері туралы сыр шертер еді. Отырар тарихын бейнелейтін суреттер (археология қазбаларының суреті), т.б. материалдармен оқушыларды таныстырып, оқушылардың ынтасына қызығушылығына, туған ел тарихын тереңірек біілулеріне әсер етер еді. Әдебиет пәнінің мұғалімі «Нені білу керек?» деген тақырыпта осы өлеңнің ең негізгі түйіні, басты-басты мәселелерін қамтыған көрнекіліктер жасап, іліп қояды.

1-көрнекілік. Өлеңнің сюжеті, композициясы «Нені білу керек?»

І бөлім

- Шыңғыс ұрпағының бетіне басылған таңба – Отырарды алты ай бойы ала алмауы. Оның себебі – «рухы - өр, тәні – бекем, қайсар халыққа» тап болуларында екені.

- Шағатайдың халық ерлігін мойындауы.

- Қайсар халықты «осал жерін» іздеп, айла, қулықпен алу туралы Шыңғыстың ұлы Шағатайға ақыл айтуы.

ІІ бөлім

Отырардың алты күнде қирауы. Жаудың ойраны.

а) Шыңғыс – Қайыр – сатқын.

- Шыңғыс алдындағы бетпе-бет кездесу. Тұтқындағы екі адам:

1. «Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын» Қайыр хан. Ақынның оны аспандата жырлауы.

2. «Қара түнде қаққан қара қанатын» Қарашоқы – сатқын. Ақынның оған деген жиреніші.

- Шыңғыстың Қарашоқыға: «Сенен асқан бар ма бірақ тірі өтірік!» деп, сатқынға лағынет айтуы.

- Шыңғыстай жаудың екі адамға да әділ баға бере білуі. Сатқынға сенген Қайырдың кінәсын ашық айтуы.

ә) Қария мен Шыңғыс.

- Сатқынның әкесі – «нар текті», «адал», елге қадірменді қарт Шыңғыс пен Қайырдың алдында. Оның: «Өлтіруге міндеттісің мені де», -деп, өзіне үкім жасауы.

б) Қайыр мен қария.

- Қайырдың өкініші: «әттең, ақын қалмады-ау» деген ұлы арманы.

- Қарияның ақылды шешімі. Отырардың тұяқ қалсын деп, бір баланы құтқаруы.

ІІІ бөлім

Поэтикалық талдау (проблематикасы, эстетикалық мәні).

- Өлеңнің негізгі стилі – тілдесу (диалог) екендігі:

а) Шыңғыс пен Шағатай;

ә) Шыңғыс пен Қайыр

б) Шыңғыс пен сатқын

в) Шыңғыс пен Қария

г) Қайыр мен Қария

Өлеңнің стильдік ерекшеліктерінде:

- Сұрақ-жауаптың лепті, көтеріңкі, шалқи айтылған тұстары (Шыңғыс, Қайыр, Қария монологтері).

- Өлеңдерде ақыл-нақыл болатын, тағылымы күшті афоризм сөздердің мол келуі. Мысалы: «Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын», «Қанаттыны талаптыға жалғайтын», «Қара түнде қаққан қара қанатын», «Құм мәңгілік бүркей алмас асылды».

- Бейнелегіш сөздер, айшықты сөздер байлығы. Мысалы:

«Ойы – дауыл»,

Сезімі – аспан,

Рухы - өр, Тәні – бекем», т.с.с.

- Өлеңдегі көтеріңкі көңіл күй, өршілдік, биік арман, Отанға, халыққа, туған жерге деген ыстық сезім, отансүйгіштік.

- Соғысқа, зұлымдыққа, сатқындыққа деген жиреніш.

- Даналық, ұлылық, ізгілікке үндеу.

- Өлең құрылысы, ұйқасы, шумақ ерекшелігі (көп өлеңдердегідей әр шумақтың 4 жолдан тұрмауы, т.б.).

Өлеңді 2 кезеңге бөліп талдау керек. Бірінші кезең – мазмұнын меңгерту айналасындағы сюжеттік-композициялық талдау;

Екінші кезең - өлең негізіндегі ойлар, көтерген проблематикасы, ақын стилі, өлеңнің көркем тілі, бейнелегіш сөздері айналасындағы әдеби-поэтикалық талдау.

Өлеңнің мазмұнын меңгертуді мынадай әдіс-тәсілдермен жүргізу керек:

1. Алдын ала үйден оқып келу. Ол үшін «Нені міндетті түрде білу керек?» деген үлестірме-нұсау ұсынылады (кестенің мазмұнын үлестірме тапсырмаға жазып беру керек).

2. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

3. Мүмкіндігіне қарай инсценировка көрсету, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу (үйірме мүшелері, жоғары сынып оқушыларының көмегін пайдалану).

4. Рөлге бөліп оқытқызу (сынып оқушылары).

5. Негізгі мәселелерге нақты сұрақтар қойып, жауабын өлеңнен тапқызып отыру.

6. Өлең мазмұнын, оның тарихи негізін, Отырардың гүлденген кезі, өнері, мәдениеті туралы әдебиет, тарих, бейнелеу өнері мұғалімдерінің әңгіме-түсінігі.

7. Қосымша материалдар пайдалану. Отырар туралы (тарих пәнінің мұғалімі), Отырар мәдениеті, Отырар сәулет өнері туралы (бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі), М. Шаханов туралы (әдебиет пәнінің мұғалімі).

Әдеби талдау:

1. Өлең авторы М. Шахановтың шығармашылық тұлғасы жайында қысқаша тоқталу. Ақынның өршіл талант иесі екендігі, өлеңдерінің көбі гуманизм, биік мұрат, биік мақсатты үндейтіндігі жайында айта отырып, оның Отан сүйгіштік іс-әрекеттерін де оқушыларға үлгі ету ләзім. Ол үшін ақынтуралы бағалар, пікірлерді оқып берудің маңызы зор.

2. Шыңғыстың бейнесін, әсіресе, қандай оқиғалар ашады деп ойлайсың?

3. Шыңғыстың қандай іс-әрекетін құптауға болады?

4. «Жанын, рухын сарбаздары жеңе алмаған» Қайыр ханның ерлігіне бас иген Шыңғыс оны неге өлімге қияды?

5. Өзіне көмектескен сатқынды ше? Ол әділ үкім бе?

6. Шыңғыстың халық ерлігін бағалай білуіне қалай қарайсың?

7. Сатқынды Қайыр хан неге өлтірді? Оның әкесін шақыртудың мәні неде?

8. Қайыр ханның бейнесін ашатын қандай сөздер, қандай істер деп ойлайсың?

9. Қандай істеріне сүйсінесің?

10. Өлім аузында тұрып, халқын, болашағын ойлаған батыр, ханға қандай мінездеме беруге болады?

11. Осы өлең арқылы ақын не айтқысы келген? Өлеңді «Өрлік пен ерлік жыры» деп атауға бола ма?

12. Өлең тарихи шындыққа жақын ба? Тарих пәнінен алған білімдеріңмен салыстыр.

13. Өлең идеясын ашып тұрған, әсіресе, қандай оқиға, өлеңнің қандай жолдары деп ойлайсың?

14. Өлең неге «Отырар дастаны» деп аталған? Ол арқылы өткен тарихымыз туралы айтуға талаптан.

Әдеби талдауды практикалық жұмыс арқылы да жалғастыруға болады. (Мұндай жұмыс, әсіресе, әдебиетті тереңдетіп оқытатын сыныптарға өте пайдалы.)

1. Өлеңнен халық, халық ерлігі, туралы сөздерді тауып, өлеңдегі бас кейіпкер кім екенін сарала? (Шыңғыс, Шағатай сөздерін де алуға болады.)

2. Шыңғыс зұлымдығын ашатын сөздерді теріп алып, ол сөздердің мәніне, яғни оның бейнесін ашудағы рөліне, маңызына назар аудар.

3. Қайырды бағалайтын, сатқынды кінәлайтын сөздерге де назар аудар. Осыған орай, Шыңғыс туралы қандай пікір айтар едің?

4. Монологтерді тап. Олардың кейіпкер бейнесін ашудағы орнын сарала. (Мысалы, Қайыр, Шыңғыс, Қария монологтері.)

5. Қайыр бейнесін ашатын сөздерді тап, олардың маңызы мен орнына тоқтал.

6. Қайырдың арманын баяндайтын жолдарды оқы. Ол арманның негізгі мәнін қалай айтып берер едің№

7. Осы өлеңдегі өзіңе ұнаған сөздерді белгілеп, ұнау себебін түсіндір.

8. Түсінбеген сөздерді де белгілеп, ұстазыңнан сұрап, біліп ал.

Ескерту: Сабақта бұл сұрақтар мен тапсырмалардың барлығын қамту міндетті емес, әр мұғалім балалардың ерекшелігіне қарй өзінше сұрыптап алуларына болады.

Үйге берілген тапсырма арқылы рөлге бөліп жаттауға, көрініс жасауға талаптандыруға болады.

Сюжетті өлеңдерді оқытудың жолдары көп. Әр мұғалім алдындағы шәкіртін, өз мүмкіндігін ескере отырып, тиімді дегенәдіс-тәсілдерді қолданады. Жоғары сыныптарда сюжетті өлеңдер Сәкен, Міржақып, бейімбет, т.б. шығармашылығында кезігеді. Бағдарламаларда оларды оқыту ұсынылса, мұғалім төменгі сыныптардағыдай монографиялық жолмен талдап оқытпай, көтергенпроблематикасы, таихи негізі, поэтикалық тілі айналасында сөз ету керек. Яғни ғылыми талдау жасауы қажет.