Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Оқушылардын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Оқушылардың тілін ұстартуға арналған жазбаша жұмыстардың түрі көп.Жазбаша жұмыстар сауаттылық үшін де,алған білімдерін тексеруде де қолайлы болып келеді.Жазбаша жұмыстар оқушыларлы ойлау еңбегін дағдыландырады,қосымша материалдарды пайдалану мащықтарды жетілдіреді.Себебі,балалардың жазбаша жұмыстарды орындау кезінде асықпай ойлауға,ойланып жазуға уақыты,мүмкіндігі көп болады,ауызекі сөйлеуде ондай жағдайлар бола бермейді.Ауызша сөйлегенге қарағанда балалар жазба жұмыстарында небір айшықты,шебер сөздерді пайдалана алады,тіл кестесінің бедерлі түсуі үшін ізденеді,жазғандарын мұқият оқып,қайта түзеуге мүмкіндік алады.Жалпы жазба жұмыстары тіл дамытумен қатар,балаларды ойлай білуге,ізденіске жетелейді.5-7-сыныптардағы жазба жұмыстарының ең ауқымдысы-мазмұндама.Мазмұндама мынадай бірнеше түрге бөлінеді:

а)Мәтінге жуық жазылатын мазмұндама. Мұнда оқиға эпизод, диалог, монолог, баяндау,суреттеу сияқты элементтер сақталынып жазылады.

ә)Ең басты оқиғаларды ғана теріп жазатын мазмұндама.

б)Бір оқиғаның айналасында ғана жазылатын мазмұндама.

в)Шығармашылық бағыттағы мазмұндама.Оны жазған кезде оқушылар тек оқиғаны,болған істі ғана мазмұндай бермейді,әңгімені өз жағынан баяндайды,дәйектемелер алады,өз пікірі,сезіміне ерік бере алады.Мұғалім нұсқауымен кейбір сөздердің синонимін,баламасын тауып жазады.Мысалы,жоғарыда сөз болып кеткен «Бай баласы мен жарлы бласы»әңгімесі бойынша егер мұғалім шығарашылық бағыттағы мазмұндама жаздырса,мына сөздердің синонимін тауып,мазмұндамасына пайдалану туралы ақыл-кеңес береді: «айғай салып (ойбай салып деуге болады),бір мезгілде(бір уақытта)деп «онымен ісі болмайды»(онымен жұмысы болмай).

Мазмұндаманың түрлері мұғалімнің оқу-тәрбие мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Егер мұғалім көркем туындының бас кейіпкеріне ерекше назар аударса, онда «Үсен Асанды қалай еліне жеткізеді»немесе «Үсеннің тапқырлығы»деген тақырыптарда кейіпкер іс-әрекетін баяндайтын мінездемеге жақын түрін жаздырды. Ал оқушылар әңгіме мазмұнын қалай меңгергенін білгісі келсе, мәтінге жуық оқиғаларды толық қамтыған мазмұндаманы қалап алады. Тақырыптың ең негізгі, дәні, түйінін жаздырғысы келсе, «Еңбек бәрін де жеңбек»деген тақырыпты алып,сол бойынша тұжырымды, қысқа мазмұндама жаздыру да аса тиімді. Себебі, бала ең негізгісін,ең керегін бөліп ала білуге дағдыланады,мұның өзі оқушы білімін тиянақтайды, ойын ұғынықты етіп жазуға жетектейді.

Шығармашылық бағыттағы мазмұндамаларды 8-9-сыныптарда да жүргізу тиімді.Әсіресе,шешендік қақтығыстар,Сырым, Қазыбек би жыраулар мұраларына байланысты мазмұндама оқушыларды шешендікке,көркем сөйлеуге баулиды.Осы тақырыптарға жаздыратын мазмұндама күрделі болып келеді,себебі,олардан шешендік сөздердің дәнін сақтау,сұлбасын нақты беру талап етілелі.Бала жұмысын жеңілдету мақсатында,әрі шешендік оралымардың,ұтымды,тапқыр сөздердің оқушы жадында жақсы қалуы үшін,мұғалім үлестірме көмектер де таратады.Бұл үлестірме көмектерде мазмұндамаға міндетті түрде пайдаланатын шешендік оралымдар,жекелеген образды сөздер беріледі.Мысалы,Жиреншенің қаңбақ айтты деген: «Сұраған сен ақымақ па,сұратқан хан ақымақ па?»сияқты сөздерінің құрылысын бұзбай,сол қалпында беруге үйрету-бала тілін дамытуда болсын,дүниетанымын танытуда болсын,аса тиімді.

Жоспардың бірнеше түрі бар.Ал бұл түрлер мұғалім мақсатына байланысты.Сюжеттік жоспар көркем туындының оқиғасына құрылса,бейнелік жоспар бас кейіпкер іс-әрекеріне құрылады.Композициялық жоспар көркем туындының құрылысын басшылыққа алады.Сондай-ақ көркем туындының идеялық бағыты,негізгі проблемасы айналасында да жоспар құрылады.Бұл жоспардың күрделі түріне жатады.Төменде оған бірер мысал беріледі.

Бақтұғылдың тағдыры

(М.Әуезов. «Қараш-Қараш қиғасы».8-сынып)

1.Кек жолында Сәлменнің жылқысын ұрлауы,сәтсіздік.

2.Қорған,пана іздеу жолында Жарасбаймен достығы,сенім.

3.Адасу.Арам іске қол бұлғау.

4.Сатқындық,опасыздық.

5.Дерттен,ызадан арылу.Жарасбайдың жазасы.Сюжеттік жоспар (жай,қарапайым түрі)

1.Тектіғұлдың Сәлмен тепкісінен қаза болуы.

2.Бақтығұлдың өш алуға кірісуі,ұрлық.

3.Соққыға жығылуы.Ашыну.

4.Арқар аулауы,оны Жарасбайға сыйға тартуы.

5.Ұзаққа созылған ілектестік,достықтың басталуы.

6.Жарасбайдың адал Бақтығұлды арамдыққа пайдалануы.

7.Билердің әділетсіз шешімі.

8.Қашып шығуы.

9.Өш алу.

Жоспар жасауға дағдыландыру,әсіресе,5-7-сыныптарда күрделі де маңызды мәселе.Оған үйретудің тиімді деген әдіс-тәсілдерінен мұғалім де үзбей үйренуі керек.Көркем мәтінді оқу,мазмұнын меңгерту кезінде мұғалім ең басты мәселелерді бөліп алып,оқушы назарын үнемі соған аудартып отыру керек.Оған қысқа,тұжырымды тақырып қойып,тақтаға,не дәптерлеріне қолма-қол жаздырып отырады.

1.Негізгі,маңызды мәселелер баяндалатын абзацтарға көңіл бөліп,оған ат қояды.

2.Эпизодтарға бөлгізеді.Композициялық құрылымын анықтатады(байланыс,шарықтау шегі деген сияқты)

3.Оқиғаларды рет-ретімен жүйелеп,сол бойынша сұрақтар қойып,мазмұндатады.

4.Шығарманы оқу,талдау алдында оның ең негізгі түйінді дәні жазылған («Нені білу керек?»деген атпен жазуға болады)көмекші нұсқауды кесте-плакатқа іліп қою тиімді.Себебі,жоспар жасауда оқушы оны басшылыққа алады.

Үлгі:

М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы»

Нені міндетті түрде білу керек:

1.Тектіғұлдың Сәлмен байдың тепкісінде ауруға шалдығып,қаза болуы,арманда кетуі.

2.Бақтығұлдың інісі үшін кек алуға аттануы.Көк биені ұстауы,жасырып,сойып алуы.

3.Қуғыншыларға ұсталып қалуы,оның себептері.

4.Қорғаніпана іздеп Жарасбайға баруы.

5.Жарасбайға сенуі.Адал басыбайлы малайына айналуы,қылмысқа баруы.

6.Жарасбайдың Бақтұғылды ел жақсыларына ұстап беруі.Үкім,

7іҚашап шығып,аңдып жүріп,Жарасбайды атып өлтіруі.

Жоспар жасатқанда,бұл нұсқау оқушыға үлкен көмек болады.Әсәресе,5-сыныпта мұғалім жоспарды көрнекі етіп жазып әкеліп оны үлгі ретінде оқушылардың пайдалануына ұсынады.Бұл тәсіл де өте тиімді болмақ.

Дәйексөз жоспар жасату шығармашылық жұмыстың бір саласы.Жоспардың бұл түрі әсіресе,оқушының көркем тілін дамытуға, мәтінмен жұмыс істей білуге баулиды.

Бейнелік жоспардың маңызы да ерекше,себебі,оқушы кейіпкерлердің іс-әрекетін,сипатын,мінезін ашатын сөздерлі,әшекейлі сөз тіркестерін,бейнелі сөздерді іздейді,оларды жоспарына пайдаланады.

Мысалы,9-сыныптағы «Біржан-Сара айтысы» бойынша Сараға бейнелік жоспар сөздерді дәйексөз етіп алып,тиімді пайдалануға болады.

-«Жалынымын жанып тұрған нәрсеге өшпес...»

-«Болатпын екі жүзді алмас кеспес...»

-«Еркек жоқ өз басыма теңкерілген...»

-Сайраған жаман Найман бұлбұлымын...»

-«Қамысты терең көлдің сұқсырымын...»

-Мойыным сұңғағындай жүзген қудың...»

Жоспар тезис жасауды 8-сыныптан бастаған жөн.Ол ауызша да,жазбаша да тіл дамытуда тиімді болады.Шығарманың негізгі түйініне тұжырымдама түрде жоспар жасап,оның әр мәселесі бойынша не айту керек,-соны белгілейді.Айтуда да,жазуда да ол жинақылыққа,ойды жүйелі баяндауға дағдыландырады.

9-11-сыныптарда конспект тезистер ғылыми материалдарға жасалады.Конспектіге қандай талап қойылса,бұл жөнінде мынадай көмек-нұсқау беріледі.

1.Мақаланы оқып шық.Ең негізгі деген мәселелерді белгілеп ал.

2.Сол бойынша тезис жаса.Әр абзацтағы ойға үңіл.

3.Конспекті тұжырымды болсын,ең негізгі дегендеріңді ғана жаз.Конпекті мақала тіліне жақын болсын.

4.Сөйлемдердің шұбалыңқылығынан сақтан.

5.Ой жүйесін сақтап конспектіле.

6.Ұтымды деген мәселелерден дәйектемелер алып пайдалан.

Оқушыларға бұл жұмыс түрін үйреткенде,мұғалім ең алдымен жеңіл,шағын материалдардан бастайды.Бірте-бірте көлемді мақалалармен,ғылыми еңбектермен жұмыс істеуге де дағдыландыру керек.Шығармашылық іздендіру бағытындағы тапсырмалар жүйесі арқылы тіл дамыту жұмыстарын былай топтауға болады:

А)Суретте үлестірме тапсырмалар,иллюстрациялар,мүсіндеу өнері,сәулет өнерінің туындылары арқылы суреттемелер,сипаттамалар жаздыру (Әрине,көркем туындыға байланысты,соны бейнелейтіндеріне)

ә)Музыкалық шығармаларбойынша шығарма-толғаулар жаздыру.Мысалы, «Күй», «Күйші»поэмаларындағы жырланатын күйлерді тыңдата отырып,оның сезім күйлеріне әсерін ақынның сөзбен жеткізе білуі.Сондай-ақ Қ.Аманжоловтың «Туған жер»,т.б әні бар шығармалар негізінде де жазғызуға болады.

Б)Ақын,жазушы атынан хат жазу,оларға сөзбен ескерткіштер қою

В)Табиғатқа,мұражайға,тарихи орындарға серуендеу арқылы да жазба жұмыстарын орындату.

г)Ақын жазушылар туралы естелік,баға,пікір,арнау, өлеңдері негізінде сыр-толғау,жыр-толғау,ой-толғау жазғызу.

Төменде осы жұмыстардан қысқаша үлгі берейік.М.Әуезов туралы бірінші сабақта «Ұлан даланың ұлы жазушысы» эпиграфымен өтіп,шығармашылық бағытта,әсіресе,көркем де сұлу тілін дамыту мақсатында мынадай тапсырмалар беруге болады:

Бірінші топқа.

М.Әуезов туралы естеліктерді,мақалаларды оқып,сол бойынша «Даңқы өлмес,даусы сөнбес бұлбұлым»атты сыр толғауға дайындалу.Пайдалануға ұсынылған материалдар:Н.Тихонов. «Дара дарын»(мақала)Камиль Яшен. «Таудай тұлға»(мақала)Олесь Гончар. «Ортақ мақтаныш»(маақала). Ш.Айтматов «Ұстаз туралы сөз»(мақала) Ә.Нұршайықов «Әнә болса да аға еді» Ә.Марғұлан «Жадымда қалған жақсы күндер»

Екінші топқа.

М.Әуезов туралы пікірлер мен ойларды жинақтап,үлестірме қағазға көрнекі етіп жазып келу.Сол бойынша «Арыстан келбетті Мұхтарды сүйемін» атты ой толғауға дайындалу.Пайдалануға ұсынылған материалдар:К.Федин,Л.Соболев,Н.Погодин,В.Иванов,Қ.Сәтбаев,А.Корнейчук,И.Андронников,Ғ.Мүсірепов,Н.Тихонов,А.Фадеев,Ш.Айтматов пікірлері:шетел әдебиеті бойынша Мадип Бержерон, «Юманите»газеті,А.Курелла,Андре Стиль,А.Арагон, «Зонтаг» газеті,Жан Спангаро пікірлері.

Үшінші топқа.

М.О.Әуезов туралы өздеріне ұнаған өлең-жырларды жаттап келу,мәнерлеп оқу,сол бойынша «Абайыиыз екеу болса,бірі еді» атты жыр толғауға дайындалу.Пайдалануға ұсынылған материалдар:Расул.Г «Мұхтар аға»,С.Мауленов «Мұхтар асуы»,Д.Әбілов «Мақтанышымыз еді ғой бәріміздің» Т.Жароков «Зерен де ерен» Б.Адамбаев «Ұйықтап кетті ұстазым» Н.Ахметбеков «Біздің Мұқаң»