Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс – тәсілдері.

Әдебиет сабағында көбінде көруге негізделген көрнекіліктер жиі пайдаланылады. Әсіресе, жазушы портреті, фотосуреттері, шығармалары бойынша жасалған иллюстрациялар, бейнелеу өнерінің туындылары т.с.с. Сондай – ақ сызба, карта кесте – плакат, синхронды кестелер, диапозитив, диафильдер де осы көрнекіліктер тобын құрап, әдебиетті оқытуда үлкен роль атқарады. Қазақ әдебиетін оқытуда дайын көрнекіліктер өте тапшы, сол себептен оны мұғалімдердің өзі жасауына тура келеді.

  1. Суреткердің шыққан тегі, ата - бабасы көрсетілген кесте – сызба ерекше маңызды, қажетті көрнекіліктер тобына жатады. Мұғалім өзі қалаған ақын – жазушыларға осындай кесте – сызба жасайды. Сондай – ақ мұндай кесте сызбаны ақын, не жазушының білім алған орталары, өз ұрпақтары, шығармаларының тараған жерлері, саяхаттарын, өмірінде аса маңызды із қалдырған мекендерімен толықтырып, суреткер өмірін тұтастай қамтитын көрнекілікке айналдыруға болады. Хроникалық кесте жасап, суреткер өмірінің басты – басты кезеңдерін оқушының көз алдына келтіріп қою да тиімді.

  2. Кесте – сызбаның ең бір тиімді түрі – суреткер шығармашылығының негізгі мәселелері бойынша жасалынатын «Нені міндетті түрде білу керек?» деген көмек – нұсқау көрнекілігі. Мысалы, Ыбырай Алтынсаринге былайша кесте – плакат жасауға болады:

«Қазақтан шыққан ұлы педагог»

Ыбырай портреті

Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш педагог, балалар әдебиетінің атасы, оқулық жазушы, кітап жазушы, мектептер ашушы, аудармашы.

Ыбырайдың ұстаздық жолы. Мектеп, оқытушы туралы ұлағатты пікірі, педагогикалық мұрасы.

Өлеңдері , оның тақырыптары:

  1. Оқу, білім туралы – «Кел, балалар оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар».

  2. Табиғат лирикасы: «Өзен», «Жаз», т.б.

  3. Әлеуметтік мәселелерге: «Залым Төреге», «Азған елдің байлары», «Азған елдің молдасы».

Әңгімелері:

  1. Тәрбие мәселелері: «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Мейірімді бала».

  2. Еңбек мәселелері: «Асан мен Үсен», «Қыпшақ Сейітқұл», «Әке мен бала», «Атымтай Жомарт».

Аудармалары:

  1. Л.Толстойдан: «Үш ұры», «Жаман жолдас», т.б.

  2. Ушинскийден: «Сауысқан мен қарға», «Түлкі мен ешкі».

  3. Паульсоннан: «Алтын шеттеуік», «Әдеп», т.б.

Қосымша материалдар: Ә.Дербісәлин.«Ы.Алтынсарин»(монография).

Көркем әдебиет: Р.Қайырбеков.«Дала қоңырауы».

Осы көрнекіліктің маңызы мен тиімділігі неде :Жазушы шығармашылығы туралы бұл көрнекілік айна іспеттес.Ол суреткер шығармашылығының негізгі мәселелерін тұжырымды түрде толық қамтиды,әрі оқушыға нені білу керек екеніне жол сілтейді.Ең бастысы, ол суреткер туралы жан-жақты хабар береді.Оның шығармасынан нені оқу керек,сол жайында нұсқау-көмек жасайды.

3.Кесте-плакат,сызбалар көркем шығармалардағы образдар жүйесін оқытуға байланысты да жасалынады.

Үлгі:

М.Әуезов.«Абай жолы».Әйелдер бейнесі.

« Қарашығым,қоңыр қозым »...

Абайдың аналары-Зере мен Ұлжан

« Көзімнің қарасы » Сүйген жарлары- Тоғжан, Әйгерім

«Жолыңа жаным құрбан». Бақытсыз шерменделер - Керімбала, Үмітей

«Сенсіз маған дүние жоқ»: Мәкен, Мағрипа, Салиха.

..Қапастағы еркелер...» :Салтанат, Нұрғаным, Еркежан

« Күндестің аты –күндес » : Айғыз,Ділдә.

«Жуан бәйбішелер...» Күңке, Қаражан, Мәніке...

«Кісі есігенде шіріп біттің-ау», Есіктегі күндер: Иіс кемпір, Есбике, Баян, т.б.

Мұндай сызба кестелердің тиімділігі,әсіресе, роман,эпопея сияқты күрделі жанрларды оқытуда ерекше.Мысалы осы схема «Абай жолындай»эпопеяның ішіндегі көптеген әйелдер бейнесін іс-әрекеті,мінез-құлқы,шығармадағы орны,образы негізінде жатқан идеясына қарай сұрыптап, топтап, жинақтап беріп отыр. Эпопеялық шығармалардағы образдар жүйесін оқытудың тиімді жолы- оларды белгілі бір проблемалар айнасында топтап, жинақтап беру. Мұғалімнің түсіндіруіне де, оқушының сабақ айтуында да бұл кестенің көмегі зор. Эпопеядағы кедейлер, жастар, үлкен топтар бейнесінде де осындай сызба- кесте жасап, пайдалануға болады.

4. Көлемді шығармаларды сюжеттік-композициялық талдауда да сұлба-кестенің тиімділігі айтарлықтай. «Абай жолы»- 4 кітаптан тұратын эпопеялық шығарма. Оқушыны былай қойып, мұғалімнің өзі де ондағы барлық оқиғаларды толық еске сақтап, біле бермейді. Сондықтан әр кітаптың басты-басты оқиғасын мына үлгіде теріп, сұрыптап, кесте-плакатқа жазып қою керек:

Абай бейнесі. 1-кітап

Тараулар

Басты оқиғалар

Абайдың іс-әрекеттері

«Қайтқанда»

«Жолда»

1. Оқудан елге оралу

2. Қодар мен Қамқа өлімі

1. Кәмшатты Бөжейлерге беру

Әке әмірінен аса алмайды.

Қатты қиналып, шошып ауырап қалады.

Абай іштей күйзелді, ара түсе алмады

ЕСКЕРТУ: Мұндай сызба-кестеде кейіпкерлер іс-әрекетін ашатын, баты-басты ғана оқиғалар сұрыпталып, теріліп алынуы керек. Сонда ол пайдалануға қолайлы, әрі ондай сызбаны жасау да жеңіл.

Көрнекіліктерді қолдан жасау- аса күрделі дүние. Оған қойылатын басты талаптар мыналар:

1. Жазуын соңғы партада отырған бала да оқи алатындай болу керек.

2. Көркемдеуі, безендіруі, бояулары, әлем-жәлемдері емес, қарапайым, оқушы жан жүйесіне, көру қабілетіне кері әсер етпейтіндей, мектеп гигиенасына сай жасалуы керек.

3. Қолдануға оңай (мұғалімге де,оқушыға да) әрі мазмұнды, сабақ процесінде мұғалім іс-әрекеті, қызметі, соңдайақ оқушы іс-әрекеті, қызметіне тиімді бірден-бір көмекші құрал дәрежесінде болуы керек. Оқушыға беретін білім мазмұнын байытып, танымын арттыратындай, әрі қосымша хабарлама беретіндей жасалуы да басты талаптардың бірі.

4. Тұжырымдылық, нақтылық, ғылыми жағынан тереңдік те басты шарт.Қолдан жасалынған осы көрнекі құралдарды пайдалана білу де педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мысалы, жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған хронологиялық кесте, былай қарағанда, көрнекіліктердің ең қарапайымтүрі сияқты. Ал осы кестемен мына сияқты маңызды жұмыстар атқарылады:

а)Суреткер өмірінің басты-басты кезеңдеріне,сол кезеңдерге жазылған шығармаларына оқушы назарын аудару.

б)Кесте арқылы оқушыларды пікірталасқа,әдеби айтысқа тарту.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

а)Қалай ойлайсындар,сенше жазушы өмірінің ең маңызды кезеңі қай жылдар?Пікіріңді дәлелде (не себепті маңызды деп есептейсің?)

ә)Қай жылдар ең өнімді,жемісті жылдар болған ?

б)Кестеге қарай отырып,жазушы шығармашылығына елдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қалай әсер еткені туралы өз ойыңды айт.

в)Жазушының ең өнімді еңбегі,шығармалары қандай тарихи оқиғаларға,қай жылдарға байланысты жазылған екен?

Міне,осындай сұрақтар арқылы оқушылар кесте бойынша жұмыс істейді,өз пікірлерін ортаға салады.Тіпті, бұл хронологиялық кесте арқылы жаңа сабақтан соң мұғалім оқушы біліміне есеп те жүргізе алады.Ол үшін кестені арнайы беттерге жазып (сурет сабағына арналған беттерге),әр баланың алдына таратады,үш-төрт минут ішінде балалар мұғалімнің берген сұрақтарына байланысты тапсырмалар орындайды,яғни белгі соғып отырады.Мысалы,жоғарыдағы сұрақтардың жауабы ретінде шығарманың тұсына, не жылдардың тұсына белгі соғады.Бетті келесі жылдары да пайдалану үшін,белгі қарындашпен қойылады немесе кішкене жалаушалар қадалады.

5. Ақын - жазушылардың өмірін оқыту барысында оның жеке басы, шығармаларына балалар назарын аударып, қызықтыру,белсенділіктерін арттыру мақсатында ол туралы пікірлер,тамаша ойлар, бағалар жазылған кесте - плакат әзірлеп, пайдаланудың тиімділігі зор.

«Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек»

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали портреті

«Ғажайып даналықтың бір көзі –Мұқағали поэзиясының дәуірі басталды».

(Ә.Тәжібаев)

Өлең үшін туған ақын тұлпар боп,

Өлең үшін жанып кетті сенер ме ең?

(А.Әбдіқалов.)

«Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та,Мұқағали алдымыздан шығатын болады».

(О.Асқар.)

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас өлеңді алайда ешкім...»

(М.Мақатаев.)

«Сенің жырың жаралған Гималайдың

Төбесінде ойнаған найзағайдан».

(Т.Молдағалиев.)

«Мұқағали мөлдірліктен,тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын еді».

(Л.Әзімжанқызы.)

Мұқағали поэзиясын талдау барысындаосы көрнекілікті нәтижелі пайдалануға болады.Ең алдымен,ақын туралы пікір бағаларды оқып беріп,әр пікірдің негізіндегі шындыққа тоқталып,оны дәлелдеуге еңбектендіру керек. Мысалы, оқушыларға Т.Молдағалиевтың өлең жолдарынан алынған (Мұқағалиға арналған)өлең үзіндісі бойынша сұрақ қойып,іздендіріп,өз пікірлерін,ойларын ортаға салғызуға болады.Әсіресе, бұл жұмысты ақын шығармашылығытуралы түсінік,талдау берілгеннен кейін жүргізген дұрыс.«Балалар,Мұқағали туралы Тұманбай ағаларыңның пікірі,бағасы туралы не айтар едіңдер?Оның жырлары,шынында,«Гималай төбесінде ойнаған найзағайдай ма?»Немен дәлелдер едің?Немесе Әбділдә ақын «Бізде енді Мұқағали поэзиясының дәуірі басталды»,-дейді.«Осы пікірге қосыласың ба? Қалай ойлайсың, сонда Мұқағалиға дейін қазақта поэзия болмаған ба?» дейтін проблемалық сұқбаттағы сұрақтар оқушыны еріксіз ойландырады, пікірталасқа жетелейді.Бұдан шығатын қорытынды: жасалатын осындай жалпы графикалық көрнекіліктер мазмұн,тақырыпты ашуға көмек жасайтындай, оқушыларды ойлы,маңызды еңбекке жұмылдыра алатындай, әрі терең біліммен қаруландыратындай дәрежеде жасалынуы керек.