Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
991
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Абайдың азаматтық үндегі өлеңдері

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» (1886 жылы жазылған «Қалың елі, қазағын ынтыға сүю, халық басындағы трагедияны, ел басқарған қиқымдарды масқаралауы», 114-бет).

1886 жылы жазылған «Адасқанның алды жөн арты соқпақ» өлеңіндегі ащы сынның атқамінер, байларға ғана қарап айтылмауы, оның ел ішіндегі еңбексіз, жалқауларға да арналуы.

Адамшылықты сақтау, «көзді сатып» өмір сүрмеу, еңбек етуге үгіттеу. Өлеңнің халыққа деген қамқорлыққа толы үні. Мысқыл, шенеу үлгісі (116-бет).

Табиғат лирикасы

«Жаз» өлеңі 1886 жылы жазылған. Табиғат көркі мен адам әрекетінің астаса, үндесе келуі.

«Жаз» өлеңіндегі ақындық мәдениет, суреттер, динамикалық қозғалыс, жанды-жансыз табиғат арасындағы құбылған қозғалыс, реалистік пейзаж.

Өлең ішіндегі жанды тіршілік, қайнар қызу мол болғандықтан, өлең түрі мен ұйқастарының да жүрдектік қарқынмен, өзгеше ағынмен келуі. Қоғамдық қайшылықтардың көрінбеуі, керісінше, көшіп-қонып жатқан бай аулының бай көріністерімен суреттелінуі (117-119-беттер).

«Қыс» өлеңі. Орыс классикалық поэзиясының үлгісі мен мәдениеті стилінде жазылуы. Некрасовтағы «Дед Морозға» ұқсастығы. Қысты «кәрі құда» деп, метафорамен беруі. Қысбейнесі – динамикалы жанды образ. Әрдайым айналып кеп соғып отыратын қысты сұрамсақ, алымпаз, жетімкөз құдаға балауы (136-137-беттер).

«Сұр бұлт», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай». Бұл өлеңдер – ақынның табиғат турасындағы бар өлеңінен көркемдік жағынан болсын, мазмұн жағынан болсын, халықтық идея жағынан болсын, батыл шыншылдықпен жазылған биік туындылары. Көшпелі елдің жүдеу тіршілігінің кедей шаруаға аса тиімсіз күз айымен берілуі, реалистік өмір шындығының пейзажы көз алдына келеді. Күз арқылы («Қараша, желтоқсан мен...») әлеуметтік теңсіздік, тап жігінің берілуі, қоғамдық қайшылықтың суреттелінуі. Дегенмен, жоқшылықтан шығар жолды айта алмауы. Абайдың қалың еліне деген, ауыр тіршілігіне деген ыстық ықыласы (150-152-беттер).

Саяси лирикасы

«Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдерінде екі жүзді, қорқақ, нәрсіз атқамінерлерді сынайды. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы болыс, феодал, әкімдерді мысқыл, сатирамен шенейді, патшаның ел билеу системасын сынайды; суретшілік, сыншыл мыфсқылшылдық жағынан ерекше толыққанды шыққан бұл шығармалар болысқа психологиялық портрет береді. Болыстар өзін-өзі әшкерелейді. Мысқыл эпитеттердің молдығы - өлеңнің көркемдік тәсілі болып келеді.

Өлең, сөз өнері туралы шығармалары

«Өлең - сөздің патшасы» - көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғыдағы өлең. Ақын мен ақындық мұраты, сөз өнері туралы тұңғыш өлең. Ақын мен ақындық өнері - әлеуметтік тартыстың үлкен құралы. Өлеңге көркемдік шарт қойылады, эстетикалық жаңа өлшем жарияланады, жақсы өлеңді ердің ері туғызады. Ол – даналықтың көзі. Абай – тұңғыш әдебиет сыншысы.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін». Ақындықтың, ақындығының декларациясын жариялауы, толғаулы ойының философиялық биікке көтерілуі. Өнердегі, ел арасындағы кемшіліктерді сынауы, адамгершілікті, шындықты дәріптеуі. Тындаушы қауымға қояр талабы. Сатымсақ ақындарды мысқылдауы (129-133, 145-146-беттер). Өлең – ермек емес, өнердің басы. Ол өнер халықтың тілін де, ойын да жаңғыртып, түлетіп өсірсін, қараңғылықпен алыссын. Әлеуметтік құралы болсын. Ақын мен ақындық міндеті қандай?