Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Сыныптан тыс оқулар

Жас өскіндердің сөз құдіретіне деген сезімін оятуда, әдеби дүние танымын кеңейтуге,өз беттерімен көркем шығармалар оқуға баулуда, оқырмандардың дағдысын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы,рөлі ерекше.Әдебиет сабағы,сабақ процесіндегі жұмыстар мен сыныптан тыс жұмыстар тонның ішкі бауындай қабысып, бірлікте жүріп отыруы керек.Оқу бағдарламасындағы оқып,талдауға ұсынылатын шығармалардың барлығын сабақ процесінде игеріп біту мүмкін нәрсе емес.Көркем шығарманы оқудың басты-басты кезеңдері сыныптан тыс мезгілде жүзеге асырылады.Сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі-кітаппен жұмыс істеуге үйрету,өз беттерімен оны тыңдай білу,оқығандарының ішінен ең негізгі,басты мәселелерді еске ұстау дағдыларын қалыптастыру.Сыныптан тыс оқу сабақтарын ізденіспен өткізетін мұғалімдер кабинетте,кітапханада арнайы «Сыныптан тыс оқу» бұрышын ұйымдастырады.Ол мынадай бөлімдерден тұрады.

Мұғалім еркіне қарай:

1.Оқу бағдарламасында ұсынылатын кітаптар тізімін сынып бойынша көркем етіп жазып қою:

Үлгі: (5-сынып)

1.Авторы.

Кітаптың, шығармалардың аты.

Баспасы,шыққан жылы.

Кітапты қайдан алуға болады

І тоқсан:М.Әуезов.

ІІ тоқсан: Ғ.Мүсірепов

«Жетім»

«Жапон балладалары»

Тандамалы, І т.

Мектеп кітапханасы.

Мектеп кітапханасы №...

.

2.Өз беттерімен кітап оқудың көмекші-нұсқауын беру.

Кітап оқығанда, мына мәселелерді есте ұстау:

Кітапты жатып оқыма, денеңді тік ұстап, дұрыс отырып оқы.

Басты кейіпкерлер, негізгі оқиғалар есіңде қалу үшін,арнайы күнделік-дәптер ашып қой.

Мына үлгіні пайдалануыңа болады:

Автор

Кітаптың аты

Қашан оқыдым

Басты оқиғалар

Негізгі кейіпкер

Өзіме ұнағандары

3.«Сүйінші» айдарымен басылымдардан шығып жатқан кітаптар тізімін жасап,оқушыларды таныстырып отыру.(Аннотация беру-тұжырымды түрде.)

4.Әлем әдебиетінің алтын қорына жататын ұлы туындыларды оқу (әрине,оқушылардың жас ерекшелігіне қарай,сыныбы бойынша).

5.Осы «Сыныптан тыс оқу» бұрышына «Оқырмандар экраны»немесе «Кітап сүйгіштер жеңімпазы»,«Кітап білгірлері»,т.б.тақырыппен көрсеткіш-тақта жазып қоюға болады.Қай сыныпта, кім қанша кітап оқыды (тоқсандық),соны дәріптеп, мадақтап,үлгі ретінде іліп қоюдың маңызы ерекше.

Ең басты мәселе,мұғалім оқушылардың сыныптан тыс оқуын,сыныптан тыс оқу сабақтарынғылыми түрде,тиімді,қызықты ұйымдастыра білуі керек.

Сыныптан тыс оқуларда ата-аналар мен кітапхананың да атқарар рөлі зор.Әдебиет мұғалімі сынып жетекшілерімен,ата-аналармен байланыса отырып,әр баланың жеке кітапханасы болуына,үйде оны қалай құру керек екеніне көңіл бөледі, ақыл-кеңес береді. Бұл жұмыс нәтижелі болуы үшін, тоқсанына бір рет «Кітап-рухани байлық», «Менің кітапханаммен танысыңыз» атты әңгімелер өткізіп тұруға болады.Ата-аналардың осындай әңгімелерге қатысуы да артық болмас еді.Мектеп кітапханашысының жұмыс жоспарына да назар аударып, әдебиет мұғалімі онымен тығыз байланыста еңбек етуі керек.Мүмкіндігіне қарай кітапханашы әдебиетші мұғалім берген тізімдер бойынша балаларға кітап оқытуды қамтамасыз етеді,кітап оқудың ережелерімен таныстырады, сөйтіп, сыныптан тыс оқу жоспарлы, мақсатты, жүйелі түрде, әрі бірлікте ұйымдасты.

Оқу, тәрбие жұмысы ғылыми түрде ұйымдастырылған мектептерде сыныптан тыс оқу бүкіл мектеп жұмысының күре тамыры, жүрек соғысы болып есептеледі. Себебі, кітап оқымау деген сөз-ой еңбегі жоқ деген сөз.Тарих, география, биология, тіпті математиканы меңгеру үшін, ең алдымен бала кітапты қатесіз, еркін оқи білуі керек. Сол себептен де кітап бүкіл білімнің, ілімнің ұлы анасы. Мектепішілік конкурстар, жарыстар, әдеби ойындар, кітап оқу мәдениеті, маңызы,т.б. тақырыптарға тәрбие сағаттарын жүргізу,оқырмандар конференциясын өткізудің маңызы ерекше.Мұндай әр түрлі жұмыстарды бір маңызды тақырып айналасында өткізуге болады.Мысалы,М.Әуезов шығармашылығына байланысты мынадай жұмыстар жүргізіледі:

І.Бәйге-жарыстар (конкурстар)

1.М.Әуезов шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу;

2.М.Әуезовты ең көп оқыған бала;

3.«Жеке меншігінде М.Әуезов шығармалары көп»,«Әуезов мұрагері»,т.с.с.

ІІ.Әдеби викториналар.

Викториналық сұрақтар «Мектеп тынысы» стендісіне ілініп қойылады,балалар жауабы арнайы жәшікке хат үлгісінде жазбаша салынады.Қорытындысы жиналыс,отырыста хабарланады.

Викторина сұрақтары (жоғары сыныптар үшін);

Үлгі:

1.«М.Әуезов-заманымыздың ұлы жазушыларының бірі».Кімнің сөзі?

2.«Сіз «Абайды»оқыдыңыз ба?Оқымасаңыз,сіз еш нәрсе білмейсіз! Бұл-таңғажайып,бұл-керемет!»Кімнің сөзі?Кімге айтылған?

3. «Барары жоқ,байлау жоқ,

Ерім қайтып күн көрер?!

Бәріңнің де нәрің жоқ,

Елім қайтіп күн көрер?!»

Осы кімнің сөзі?Әуезовтің қай шығармасынан алынған ?

4.«Алда-өмір,тартыс.Сол тартыста бұл жалғыз...Бір қуаты,бір үміті бар. Қуаты-ақындық,үміті-халық».Қай шығармасынан алынған?Кімге арналған сөз?

5.«Мен Тобықтының ұлымын.Ешкімге сатылғам жоқ.Сондықтан да Тобықтының терісін айтам,тентектігін,зорлығын,бұзықтығын айтам.Ол Тобықтының қалың елін қаралағаным емес,қайта жазығы жоқ көпшілігін ақтайын деп,соны айтам.Қалың момын, жазықсыз көпшілігін арамға апарып,итеріп арандатқан аз Тобықтының азғындығын айтам».

6. «Мен өлемін, бірақ сол сан жылдарда сенің желдерің қуып жеткен «гүлдерім, дәндерімнен ұрпақ нәсіл қалар ма?...» Кімнің сөзі? Викторинаны М.Әуезовтің (не басқа да суреткерлердің) «Абай жолы» эпопеясы айналасында құруға болады.

ІІІ.Әдеби ойындар.

Әдеби ойындар, әсіресе, 5 – 8 – сыныптарда қызықты болмақ. «Жаңылтпаштың жаңылмас шебері», «Жұмбақ, жұмбақ, жұтылдым», «Алдар қудың басынан кешкендері», «Қожанасыр қоржыны», «Жиреншенің тапқырлығы», «Тазшаның тапқырлығы», «Төрт түлік малдың айтысы», т.б. тақырыптарға қызықты ойындар өткізуге болады. Бұл ойындардың көпшілігі сахналық көрініспен жүргізіледі, юмор, тапқырлық, әр түрлі күлдіргі жағдайлар оны әрлендіре түседі.

ІV.Оқырмандар конференциясы.

5-8-сыныптарда:«Мен сүйетін ертегі»,«Мысалдар әлемінде»,«Туған жер әуені» тақырыптарды алуға болады.

4-6-сыныптарда «Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы азаматтық проблемалар», «Екінші дүние жүзілік соғыс Қасым жырларында», «Шәкәрім шығармаларындағы Шығыс сазы», «Шәкәрім және Абай», «Қазақ әдебиетіндегі суырыпсалмалық өнер», т.б.