Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

4 Сұрақ Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері

      Салық төлеушiнiң белгiленген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындау:       1) төленбеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына өсiмпұл есептеу;       2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;       3) салық төлеушiнің салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етуiн шектеу тәсiлдерімен қамтамасыз етілуi мүмкiн.     

5 Сұрақ Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

      Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану Кодекстің 31-бабына сәйкес салық төлеушіге жіберілген хабарлама негізінде жүргізіледі.

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:  

1) банк шоттарындағы ақшасының есебінен; 2) қолма-қол ақшасының есебінен; 3) дебиторларының шоттарынан; 4) билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен; 5) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi

6 Сұрақ Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері

Жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату

      Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:       1) қайтыс болғанда;       2) оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енгенде тоқтатылады.

Заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату

      Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:       1) толық таратылғаннан кейiн;       2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу, бөлiну және қайта құрылу жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.

Әдебиет

  1. ҚР конституциясі 30.08.1995

  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 кодексі

  3. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 27.12.1994

  4. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 30.01.2001

  5. Найманбаев С.М Салықтық құқық: Оқулық.-А: Жеті жарғы, 2005

  6. Налоговое право РК (в схемах). Учебное пособие. Под ред. Профессора Г.И. Тулеугалиева. А: Данекер, 2003

  7. Налоги и налогообложение / Под ред. Романовского М.В. – М.: Юристъ, 1997.-672с.

  8. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», - 2002

  9. Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 сәуір N 447

  10. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 желтоқсан N 1660

Бақылау сұрақтары:

1 Салық міндеттемелерінің түсінігі

2 Салық міндеттемелерін жүзеге асыру

3 Салықтарды есепту және көп төленген қалдықтар сомаларын қайтару

4 Салық міндеттемелерін мерзімде жүзеге асыруды қамтамасыз етудің тәсілдері

5 Салық міндеттемелерін мерзімсіз асырылмаған кезде айып тәсілі ретінде

6 Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату

7 Салық төлеушінің салық есеп борышы негізінде мүлікпен пайдалануды шектеу

8 Салық төлеушінің салық борышы мәжбүрлеп өтеу шаралары

9 Салық міндеттемелерін тоқтату негіздері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]