Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

2 Сұрақ Салықтық бақыдаудың әдістер

Салықтық бақылау мынадай әдістер жузеге асырылады:

1) салық төлеушілерді тіркеу есебіне алу;

2) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;

3) бюджетке түскен түсімдерді есепке алу;

4) қосылған кұн салығын төлеушілерді есепке алу;

5) салықтық тексерулер;

6) камеральдық бақылаулар;

7) салық төлеушілердің қаржылык-шаруашылық қызметтеріне мониторинг жүргізу;

8) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану;

9) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;

10) мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және оны сату тәртібін сақтауды тексеру;

11) уәкілетті органдарға бақылау жасау.

Салықтык бакылаудың осындай нысандары мен түрлеріне мынадай сипаттама беруге болады:

1) салық төлеушілерді тіркеу есебіне кою — салык төлеушілердің түрған жерлерін, оларға тиесілі салык салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерін анықтап, белгілеу, сондай-ақ салык төлеушілерді есепке алу сипатының ағымдағы өзгерістерің тіркеу, салық төлеушілерді салық органында есепке қою болып табылады;

2) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу — заң жүзінде белгіленген тәртіптер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады;

3) бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу салық органдары тарапынан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ак өсімпұлдар мен айыппүддардың есеп-телінген және түскен сомалар бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын салық төлеушінің жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырылады;

4) косылған құн салығы бойынша салык төлеушіні есепке қоюды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес салық органдары жүзеге асырады. Ал салык төлеушілерді косылған кұн салығы бойынша есепке кою талаптары Салық кодексінің тиісті баптарында айқындалған;

5) салыктық тексерулер Кдзақстан Республикасының салық зандарының айтарлыктай деңгейде орындалуын тексеру кезінде жүзеге асырылады;

6) камеральдық бақылау салықтөлеушілер тапсырған салық есептілігі мен басқа да құжаттарды зерделеу және талдау негізінде салық органдары тікелей жүзеге асыратын бақылау болып табылады, сондай-ақ ол салык органдары орналасқан жерде жүргізіледі;

7) салық төлеушілердің каржылық шаруашылық кызметтеріне жүргізілетін мониторинг салық төлеушілердің накты салық салынатын базасын айқындау және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің) өзіндік кұнын калыптастыру процесінің негізделгеніне талдау жүргізу, Қазақстан Республикасының қаржылық, валюталық зандарының және колданылатын рыноктық бағаны сақтау максатында салық төлеушілердің каржылық-шаруашылык қызметтеріне қатысты жан-жақты әрі терендетілген фискальдық байкау жүйесі болып табылады. Республикалық фискальдық мониторингке жататын салык төлеушілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

8) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану сауда операцияларын жүзеге асыру немесе қолма-кол ақша, банктік төлем карточкасы, чектер аркылы кызмет көрсету кезінде тұтынушылармен есеп айырысудыфискальдық жады бар бақылау-кассалық машинаны міңдетгі түрде колдануға және тұтынушының қолына бақылау чегін беруге міндеттейді;

9) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері таңбалау және акциздік постыларды белгілеу сыраны қоспағанда, спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі өнімдері және қүрамында темекі бар баска да өнімдер Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген жағдайлар мен тәртіпке сәйкес акциздік алым таңбаларымен және есептік-бақылау таңбаларымен таңбалануға тиіс;

Акцизделінуге тиіс тауарларды акциздік алым және есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау сол тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылардың мойынына жүктелген. Сонымен қатар, салық органдары уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп негізінде акцизделетін тауарларды ендіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік постылар белгілейді;

10) мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру салық органы тарапынан мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу (сату) тәртібін сақтауға, сондай-ақ оны сатудан түскен акша қаражаттарының бюджетке толығымен және уактылы түсуіне жасалынатын бақылау болып табылады. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу (сату) төртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

11) уәкілетті органдарға бакылау жасау бюджетке төленетін басқа (салықтардан басқа) міндетті төлемдердің дұрыс есептеліп шығарылуы, толығымен алынуы және уактылы аударылуы жөніндегі мәселелер бойынша салық органдары тарапынан уәкілетті органдарға жасалынатын бақылау болып табылады.

Салықтық, бақылау салықтық катынастардың сипатына қарай материалдық және ұйымдастырушы болып бөлінеді. Салыктық бакылауды құжаттық салықтық тексеру және сандык-сапалық салықтық тексеру деп бөлуге болады. Құжаттық тексеру жаппай немесе іріктеп тексеру тәсілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. Құжаттық тексерудің нәтижесі жазбаша акті түрінде (барлык косымшаларды және алынған құжаттарды косқанда 2 дана жасалады) көрініс табады.

Салықтық бақылаудың маңызы, тексеру кезінде, біріншіден, салықтар мен баска да міндетгі төлемдердің бюджетке толығымен және уақтылы түсіп отыруын тексеру болса, екіншіден, салықтарды алу (төлеу) процесіндегі зандылықтың сақталуын, салықтардың, салықтык кызметтердің негізділігін және тиімділігін, сондай-ақ олардың қоғам, мемлекет және салык төлеуші мүдделеріне сай жүргізілуін тексеру, үшіншіден осы салық салу саласындағы субъектілер тарапынан салыктық құқык бүзушылықты болдырмау, ал тексеру барысында мұндай жайлар анықталған болса жауапкершілік қолдану үшін тексеру жүргізу болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]