Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

2 Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекетi

      Кеден органдарының салықтар алу жөнiндегi  өкiлеттiгi

      Кеден органдары, Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар өткiзiлген кезде, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алуды жүзеге асырады.

    Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiктерi

     Жергiлiктi атқарушы органдар салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiк, көлiк құралдары салықтары мен жер салығын жинауды жүзеге асыра алады.       Жергiлiктi атқарушы органдар аталған салықтарды жинауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген қатаң есептiлiк құжаты болып табылатын квитанция негiзiнде жүзеге асырады.        Жергiлiктi атқарушы органдар: 

      1) салық төлеушi жеке тұлғаға салықты төлеу фактiсiн растайтын квитанция беруге;        2) төленген салық сомаларын растайтын квитанция берiлген күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей оларды дер кезiнде және толық көлемде банкке енгiзуге, ал елдi мекенде банк болмаған жағдайда үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларды жергiлiктi бюджетке енгiзуге; 

      3) квитанциялардың дұрыс толтырылуы мен сақталуын қамтамасыз етуге;        4) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде салық органына квитанциялардың пайдаланылуы, сондай-ақ банкке (жергiлiктi бюджетке) салық сомаларының енгiзiлуi туралы есептi табыс етуге мiндеттi.       Жергiлiктi атқарушы органдар бiржолғы талондардың берiлуiн ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Әдебиет

  1. ҚР Конституциясі 30.08.1995

  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 кодексі

  3. КР Қаржы министрлігі туралы ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.10.2004 жылғы Қаулысы

  4. КР Қаржы министрлігінің салық комитет туралы ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.10.2004 жылғы Қаулысы

  5. Найманбаев С.М Салықтық құқық: Оқулық.-А: Жеті жарғы, 2005

  6. Налоговое право РК (в схемах). Учебное пособие. Под ред. Профессора Г.И. Тулеугалиева. А: Данекер, 2003

  7. Налоги и налогообложение / Под ред. Романовского М.В. – М.: Юристъ, 1997.-672с.

  8. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», - 2002

Бақылау сұрақтары:

1 Салық салу облысындағы басқару

2 Салық салу саласындағы органдардың жүйесі

3 ҚР Қаржы министрлігі және оның салық салу облысындағы құзыреті

4 Салық қызметінің органдардың жүйесі

5 Салық салу облысындағы жалпы органдардың жүйесі

Тақырып: № 7 Мемлекеттік салықтық бақылау

Мақсат – салық бақылауының мазмұнын ашу.Салық тексерістерін жүзеге асырудың тәртібін анықтау.Салық бақылауының негізгі элементтеріне сипаттама жасау.

Жоспар:

1 Салықтық бақыдаудың түсінігі

2 Салықтық бақыдаудың әдістер

3 Салықтық бакылаудың негізгі әдісі салық төлеушілердің тексеру

1 Сұрақ Салықтық бақыдаудың түсінігі

Салықтық бақылау мемлекеттің салықтық қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады және салықтык, бақылау салық органдары мен тиісті уәкілеттілігі бар баска да мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың, дәлірек айтсак каржылык бақылаудың арнаулы бір түрі болып табылады. Негізінде мемлекеттік салықтық бақылау кең мағынада айтылады.

Осы салықтық бакылау аясындағы мемлекеттің материалдық мүддесі айрықша және айқын көрінісін табады. Өйткені, мемлекет салықтық қатынастардың әркашанда бір жағында тұратын субъектісі, сондай-ақ қоғамның саяси жүйесінің субъектісі ретінде бақылай отырып тексеріп, тексере отырып қадағалап, салықтардың уақтылы жиналуын және олардың толық мөлшерде тиісті бюджеттердің кірістеріне түсуін қамтамасыз етіп, өзінің және коғамның ақша қаражаттарына деген қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл ретте айта кететін тағы бір қызық жәйт, мемлекет қандай болмасын материалдық салықтық құқықтық қатынастардағы тараптың міндетті-тұрақты субъектісі болып саналғанымен, егер салық төлеушімен салык органының арасында белгілі бір даудамай туындаған жағдайда оны әділ шешуге ат салысатын ара би болып табылады.

Салықтық бақылауды мемлекеттік бақылаудың арнайы түрі мемлекеттік қаржылық бакылаудың ерекше бір түрі деп түсіндіруге болады. Сонымен бірге ол салықтық қызметтің және салық салу саласындағы мемлекеттік басқарудың құрамында да тұрақты көрініс табады.

Салықтық бақылау: салық зандарының бұзылуы жөніндегі деректерді айқындау; салықтық құқықтық қатынасқа қатысушының өз міндеттерін жеткіліксіз орындағаны туралы деректерді айқындау; кінәлілерді табу және оларды белгіленген занды жауапкершілікке тарту; салық зандарының бұзылуын (орындалмауын немесе сапасыз орындалуын) жою; салықберешегін мәжбүрлеп өндіріп алу түріндегі шараны қолдану арқылы мемлекетгің материалдык мүддесін корғау; салық зандарынын бұзылуын болдырмау тәрізді мақсаттарды көздейді.

Салықтық бақылау әркашанда тексеру немесе тексеру мақсатында кадағалау болғандықтан: ақпараттар жинау; акпараттарды бағалау; жиналған ақпараттар бойынша іс-кимылдар атқару кезендері аркылы жүзеге асырылады. Ал салықтық тексерудін өзіне тән кезендеріне: тексеруге дайындалу; тексеруді жүргізу; тексеру нәтижелерін жазбашатүрде белгілі біртәртіпке келтіру; салыкқ зандарын бұзу көрініс тапқан жағдайда оны жою жөніндегі бұйрық-талаптың атқарылуына бакылау жүргізу жатады.

Салықтық бақылау субъектілері салықтық тексеру жүргізуге айрыкша кұкық берілген мемлекеттің салык органдары болып табылады.

Салықтык бақылау объектілеріне өздеріне салық заңдары бойынша заңи міндеттер жүктелген мынадай топтар: салық төлеушілер; мемлекеттің салық агенттері; банктер; салық төлеуші жөніндегі акпараттарға ие тұлғалар жатады. Салықтық бақылау пәні өздерінін заңи міндеттерін орындау жөніндегі салық төлеушінін, іс-кимылы болып табылады.

Салықтық бақылау тікелей бақылау және сырттай (жанама) бақылау нысанында жүзеге асырылуы мүмкін. Жүзеге асырылу мерзімі (уақыты) бойынша алдын-ала салықтық бақылау, ағымдағы салықтык бақылау және кейінгі салықтык, бақылау болып бөлінуі ықтимал.

Мемлекеттік биліктің бөлінуі түрғысынан салықтық бақылау: өкілді органдар жүзеге асыратын бақылау; атқарушы билік органдары жүзеге асыратын бакылау; сот бақылауы болып бөлінуі мүмкін. Осы орайда айта кететін жәйт, салық салу, салықтық кызмет, салык төлеу мәселелеріне байланысты істерді карастыратын сот билігі органдары тікелей болмаса да, біршама көлемде салыктық бакылауды жүзеге асырады. Алайда салықтық бақылау тек Қаржы министрлігінің кұзыры арқылы, нақты айтсақ оның Салық комитеті мен салық органдары аркылы жүзеге асырылады.

Сонымен, мемлекеттік салықтық бакылау, салық зандарының тиісінше орындалуына, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына толығымен және уақтылы аударылуына қатысты тек салық органдары тарапынан жүргізілетін бакылау болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]