Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

3 Сұрақ Әлеуметтік салық

     Төлеушiлер

      Мыналар:

  1. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi;

  2. қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;

  3. жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

      Салық салу объектiсi

      Заңды тұлғалар үшiн салық салу объектiсi жұмыс берушiнің табыстар түрiнде резидент қызметкерлерге, резидент емес қызметкерлерге төленетiн шығыстары, қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетiн төлемдердi қоспағанда) төленетiн төлемдер, сондай-ақ мыналар қосылмайды:

  1. мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер; 

  2. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар; 

  3. спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар; 

  4. ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда жеке еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер; 

  5. пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн өтемдерi; 

  6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары.

  7. Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына берiлетiн ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.

      Кодекстiң аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.

     

Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.

Салықты есептеу және төлеу тәртібі

      Әлеуметтiк салықты есептеу тәртiбi

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес белгiленген әлеуметтiк салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiлiп отырады.

Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салықты есептеудi Кодекстiң белгiленген тәртiппен жүргiзедi.

Элеуметтiк салықты төлеу

      Егер ҚР СК өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. 

      Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi Кодекстiң белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 

      Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып отырады.       Арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияны осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен тапсырады. 

     Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер әлеуметтiк салық бойынша декларацияны беру мерзiмiнен кешiктiрмей өзiнiң тiркелген жерiндегi салық органдарына құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабының тиiстi қосымшалары есеп-қисапты беру үшiн белгiленген мерзiм күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық органдарына берiледi.

Әдебиет

  1. ҚР Конституциясі 30.08.1995

  1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 кодексі

  2. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439-ІІ Заңы

  3. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 16 шілде N 429

  4. Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 сәуір N 447

  5. Налоговое право РК (в схемах). Учебное пособие. Под ред. Профессора Г.И. Тулеугалиева. А: Данекер, 2003

  6. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», - 2002

Бақылау сұрақтары:

1 Жанама салықтардың жалпы сипаттамасы

2 Әлеуметтік салықтың жалпы сипаттамасы

3 Салықтардың субъектілері

4 Салықтардың объектілері

5 Салық базасы

6 Салық ставкасы

7 Салықтарды аудару және төлеу тәртібі

8 Жеңілдіктер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]