Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

3 Сұрақ Салықтық бакылаудың негізгі әдісі салық төлеушілердің тексеру

Салықтық бакылаудың негізгі әдісі салық төлеушілердің құжатгарын тексеру болып табылады. Занды түлғаларды құжаттық тексеру салық қызметі органдарының жылдық жұмыс жоспарларына, сондай-ақ токсандық тексеру графиктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей кұжаттық тексеру кезінде-бағалы кағаздар, сметалар, есептеулер, жалақы төлеу тізімдері, шоттар, әртүрлі ордерлер мен чектер және т.б. толық карастырылып, жан-жақты тексеріледі.

Салықтык тексерулер де тек салық органдары тарапынан ғана жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының салық заңдарын тексеру болып табылады. Салықтық тексерулердің мынадай:

1) құжаттық тексеру;

2) рейдтік тексеру;

3) хронометраждық карап-тексеру сияқты түрлері болады.

Осы салыктык тексерулерді жүргізу төртібі, мерзімдері, кезенділігі және түрлері заң жүзінде катан белгіленген.

Салықтық тексерулер мына келесідей кезенділіктерді сақтай отырып:

1) жылына бір реттен жиі емес кезенде — кешенді түрде;

2) салықтың жөне бюджетке төленетін басқа да міндетті телемнің белгілі бір түрі бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес кезенде — такырыптық тексеру түрінде жүзеге асырылады.

Салықтық тексерулер әмірлі нұсқамалар негізінде жүргізіледі және осы нұскамада мына реквизиттер міндетті түрде болуы керек:

1) нұсқаманың салық органында тіркелген датасы мен нөмірі;

2) нүсқаманы берген салық органының аталуы:

3) салык телеушінің толық аталуы;

4) салык төлеушінің тіркеу нөмірі;

5) тексерудің түрі;

6) тексеруші тұлғалардың лауазымы, тегі,аты, әкесінің аты;

7) тексеру жүргізілетін мерзім;

8) құжаттык тексерулер кезінде тексерілетін салық кезеңі. Мемлекеттік салықтык бақылаудың бір нысаны болып табылатын құжаттық тексеру өзіне орай кешенді, тақырыптық және қарсы тексеру түрлерінде жүзеге асырылады.

Кешенді тексеру салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдердің барлык түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын тексеру болып табылады.

Тақырыптық тексеру салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің жекелеген түрі бойынша салықтык міндеттеменің орындалуына қатысты жүргізіледі.

Қарсы тексеру салықтык тексеруді жүзеге асыру кезінде салық органында салық төлеушілер жүргізген операциялардың салык есебінде дұрыс көрініс тапқаны туралы қосымша акпарат алу қажеттілігі туындаған жағдайда, салық төлеушілермен байланыста болған үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру болып саналады.

Рейдтік тексеру салық органдары тарапынан жекелеген салық төлушілерге қатысты жүзеге асырылады. Рейдтік тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы зандарының мынадай жекелеген:

1) салык төлеушілердің салык огандарында тіркеу есебіне қойылуы;

2) фискальдык. жады бар бакылау-кассалық машиналардың дұрыс колданылуы;

3) лицензияның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;

4) акцизделетін өнімді өндіру, сактау және сату сиякты та-лаптардың сақталуы жәніндегі мәселелері тексеріледі.

Уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіп негізінде жүргізілетін хронометраждық карап-тексеру барысында көзделінетін мақсат салық төлеушінің нақты табысын жөне осы табысты алуға байланысты шығындарын анықтау болып табылады.

Салық төлеушілерге берілетін әмірлі нұскамаларда көрсетілетін салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі осы нүсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Қүрылымдық бөлімшелері бар занды түлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізу кезінде осы салыктық тексерудің мерзімі салық органы тарапынан алпыс жүмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Ерекше күрделі мәселелерді тексеру кезінде салықтық тексеру жүргізудің мерзімі жоғары түрған салық органы тарапынан кұрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғаға катысты елу жұмыс күніне дейін және құрылымдық бөлімшесі бар занды тұлға үшін сексен жұмыс күніне дейін арттырылуы ықтимал.

Рейдтік тексеру жүргізу негізіндегі нұсқамада тексерілетін аумактың учаскесі, тексеру барысында аныкталуға тиіс мәселелер мен занда көзделген баска да мәліметтер керсетіледі.

Ал такырыптык, немесе қарсы тексерулер белгіленген кезде оның негізі болып табылатын нұскамада салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің тексерілетін түрі көрсетіледі.

Бір нұсқаманың негізінде тек бір ғана салықтык тексеру жүргізіледі. Салық органының бірінші басшысының (кейде оның орынбасаларының) қолы койылып, сол органнын елтаң-балық мөрі басылған нұсқама тексеру жүргізу алдында уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.

Сонымен, осындай тәртіппен ресімделген нұскаманы салық төлеушіге немесе салық агенттеріне табыс ету сәті салықтық тексеру жүргізудін басталғанын білдіреді. Рейдтік тексеру жүргізу кезінде салықтөлеушіге нұсқаманың көшірмесі, ал басқа тексеру түрлері жүргізілетін кезде нұсқаманың түпнұсқасы табыс етіледі.

Нақты салықтык, тексерулер бойынша салық төлеушілерге тиісті нұскамалардын табыс етілуі сол тексерулердің басталғанын білдіретін болса, ал салықтық тексеру актісі салық телеушіге тапсыру сәті белгілі бір салықтыктексеру мерзімінің аяқталғанын көрсетеді.

Салык органының лауазымды адамы:

1) салықтық тексеру жүргізілген орын мен акті жасалған күнді;

2) тексерудін түрін;

3) салыктық тексеруді жүргізген салық органының лауазымды адамдарының тегін, атын және әкесінің атын;

4) салық төлеушінің және салык агенттерінің тегін, атын, әкесінін атын не болмаса толық аталуын;

5) салык төлеушінін және салык агентінің орналаскан жерін, банктік реквизиттерін, сондай-ақ тіркеу нөмірлерін;

6) салық төлеушінің салықтык және бухгалтерлік есептілікті жүргізуге және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жауапты басшысының және лауазымды адамдарының тегін, атын және әкесінің атын;

7) алдында жүргізілген тексерулер мен Қазакстан Республикасының салықтық зандарының бұзылуы жөнінде бұрын анықталған жайларды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;

8) тексерілетін салык кезеңі мен тексеру жүргізу үшін салық телеуші және салық агенті табыс еткен кұжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

9) Қазақстан Республикасының салықтық зандарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып салыктық құқык бұзушылык-тыңтәптіштеп баяндалған сипаттамасын;

10) Салықтык тексерулердің нәтижелерін көрсете отырып салықтык, тексерудің аяқталғанын білдіретін салықтық тексеру актісін жасайды.

Салықтықтексеру актісі екі данадан кем болмайтындай етіп жасалынып, оған салықтық тексеру жүргізген салық органы лауазымды адамдарының колы койылады, сондай-ақ оның бір данасы салықтөлеушіге не болмаса салык, агентіне табыс етіледі.

Сонымен, салықтык бақылау-тексерулер салық салынатын базаны дұрыс калыптастыруды және олардан төленілетін салықтардың мөлшерін дұрыс есептеп шығаруды шаруашылык субъектілеріне міндеттейтін мемлекеттік билік-ықпалынын маңызды элементі болып саналады. Салықсалу аясында жүзеге асырылатын мемлекеттік салықтық бақылау мемлекеттік қаржылардың проблемаларын жоғары деңгейде шешудің басты тәсілі болып табылады. Демек, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің фискальдык мүделерін камтамасыз етеді.

Мемлекеттік салыктық бакылау салықтык бақылау-тексерулерді және фискальдык мониторингті жүзеге асыруға кұкылы уәкілетті мемлекеттік органдар мен салық органдарының жүйесін, кұзыреттерін, салыктық бақылаудын нысандары мен түрлерін, сондай-ақ салықтық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айкындайтын салықтық қүкықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады.

Әдебиет

  1. ҚР Конституциясі 30.08.1995

  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 кодексі

  3. КР Қаржы министрлігі туралы ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.10.2004 жылғы Қаулысы

  4. КР Қаржы министрлігінің салық комитет туралы ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.10.2004 жылғы Қаулысы

  5. Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254 Қаулысы

  6. Хронометраждық зерттеулер өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1857.

  7. Найманбаев С.М Салықтық құқық: Оқулық.-А: Жеті жарғы, 2005

  8. Налоговое право РК (в схемах). Учебное пособие. Под ред. Профессора Г.И. Тулеугалиева. А: Данекер, 2003

Бақылау сұрақтары:

1 Салық бақылауының құқықтық негіздері салық бақылауының жалпы бөлімінің институты ретінде

2 Салық бақылауының түсінігі мемлекеттің қаржы қызметінің түрі ретінде

3 Салық бақылауының түрлері

4 Салық бақылауының элементтері

5 Салық бақылауын жүзеге асыру әдістері

6 Салық бақылауының нысандары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]