Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

Тақырып: № 9 Қосымша құн салығы. Акциздер. Әлеуметтік салық.

Мақсат – қосымша табыс салықтың,акциздің,әлеуметтік салықтың жалпы сипаттамасын беру.Көрсетілген салық түрлерінің негізгі элементтерін қарастыру.

Жоспар:

  1. Қосылған кұн салығы

  2. Акциздер

  3. Әлеуметтік салық

1 Сұрақ Қосылған кұн салығы

Салық кодексінің 205-бабында заңшығарушы қосылған қүн салығының мынадай: «Косылған кұн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде косылған, оларды өткізу бойынша салык салынатын айналым күнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді...» деген түсінігін берген.

Демек, біздің ойымызша, тауарларды өндіру, жүмыстарды орындау және тиісті кызметтерді көрсету, сондай-ақ оларды өткізу процесінде косылған құнның және Қазақстан Республикасы аумағындағы тауарлар импорты кезінде қосылған қүнның занда белгіленген бөлігіне салынатын салық косылған қүн салығы болып табылады.

Сонымен қатар, Салық кодексінде: «Салык салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған кұн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген косылған кұн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) ушін төленуге тиісті косылғаң құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады» деп айтылған (СҚ 205-бабы).

Қосылған кұн салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар жатады. Сонымен бірге, тиісті зандарға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына тауарлар импорттайтын тұлғалар да қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындайтын және әртүрлі қызметтер көрсететін шаруашылық субъектілері (шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындар; мемлекеттік және муниципалдык кәсіптағы бір маңызды жайт осы салык тұрі бойынша салык міндеттемесінін туындауы тауарларды өткізу, кызмет көрсету орнын айкындауға байланысты болады.

Қосылған кұнның не екенін білу ұшін оның кұрамын аныктауымыз қажет. Қосылған күнның құрамына мыналар:

1. өндірістік жүмыскерлердің енбек ақыларын төлеуге кеткен шығындар (ЕА);

2. әлеуметтік корларға жасалған аударымдар (ӘҚА);

3. амортизациялык есептеулер (АЕ);

4. пайда есебінен алдын ала төленетін салыктар, кредитгер үшін процент-тер және баска да шығындар (Ш);

5. пайда (табыс) — (П) кіреді.

Аталған салык төлеушілер кез келген он екі айдан аспайтың кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі айналымның мөлшері ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап, он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша есепке кою женінде салык, органында өтініш беруге міндетті.

Өткізу жөніндегі айналымды аныктау кезінде Салық кодексінің 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткізу жөніндегі айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойыңша айналым, егер ондай мүлік кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.

Шаруа (фермер) қожалығына бюджетпен есеп айырысуды арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын салық төлеуші, өткізу бойынша айналым мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне кіретін кызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.

Қосылған құн салығы бойынша ол есепке кою туралы өтініш берген тұлға ағымдағы айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.

Мемлекеттік тіркеуден өткен тұлға салык, органына косылған кұн салығы бойынша есепке қою туралы он жүмыс күнінен кешіктірмей өтініш берген жағдайда, салык органы оған косылған кұн салығы бойынша есепке кою туралы куәлік берген күннен бастап, осы тұлға қосылған күн салығын төлеушіге айналады.

Занды тұлғаның кұрылымдық бөлімшелері болған жағдай-да, өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлык кұрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып айкындалады.

Уәкілетті мемлекеттік орган косылған кұн салығын төлеушінің өтініші бойынша оның кұрылымдық бөлімшелерін косылған кұн салығын дербес төлеушілер ретінде қарастыра алады.

Кұрылымдык бөлімшелері косылған құн салығын дербес телеушілер деп танылған қосылған кұн салығын төлеуші кұрылымдык бөлімшелердің орналасқан жеріндегі салық органдарына қосылған кұн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтініш беруге (немесе өзінің кұрылымдык бөлімшелеріне тапсырма беруге) міндетті.

Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі занда көрсетілген кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген шамасын құрайды.

Қосылған кұн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірак косылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға косылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті турде бере алады.

Тұлғаны қосылған кұн салығы бойынша есепке қойған кезде, онын осы Кодекстің 235-бабына сәйкес есепке койылған күніндегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған кұн салығы сомасын есепке жаткызуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының салык және кеден зандарына сәйкес декларациялануға тиісті Қазакстан Республикасы аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауар салык салынатын импорт болып табылады.

Қосылған күн салығы салык салынатын айналым мөлшеріне 15 проценттік ставка бойынша колданылады. Салықсалынатын импорт мөлшеріне де 15 проценттік ставка бойынша қосылған күн салығы салынады.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленетін косылған кұн салығының сомасы Салық кодексінің 245-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелінген косылған күн салығының сомасы мен Салық кодексінің 235-бабына сәйкес есепке жатқызылатын салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Тауарлар экспортының және халықаралык, тасымалдарға байланысты орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер айналымына нөлдік ставка бойынша косылған қүн салығы салынады.

Қосылған кұн салығын төеуші қосылған кұн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салык кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]