Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

Тақырып: № 11: Жер салығы

Мақсат – жер салығына жалпы сипаттама беру. Көрсетілген салық түрлерінің негізгі элементтерін қарастыру.

Жоспар:

1 Жер салығының жалпы сиппатамасы

2 Жер салықты есептеу және төлу тртібі

1 Сұрақ Жер салығының жалпы сиппатамасы

     Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiлiгiне қарай мынадай санаттарға:       1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;       2) елдi мекендер жерлерiне;       3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);        4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);       5) орман қорының жерлерiне;       6) су қорының жерлерiне;       7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.  Жердің белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiлерiмен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:       1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда елдi мекендер жерлерi;        2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.       Жердің мынадай санаттары:       1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;       2) орман қорының жерлерi;       3) су қорының жерлерi;       4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.       Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, оларға осы Кодекстiң 336-бабында белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.       Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.       Жер салығы:       1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;       2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.

2 Сұрақ Жер салықты есептеу және төлу тртібі

 Төлеушiлер

      Мынадай:       1) жеке меншiк құқығындағы;       2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;        3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады. 

  Салық салу объектiсi

      Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.        Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:        1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.        Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.        2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жер учаскелерi.        Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылыстар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.        3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi.       4) осы Кодекстiң 138-140-баптарында белгiленген тәртiппен инвестициялық жобаны iске асыру үшiн иемденiп алынған және пайдаланылатын жер учаскелерi.

 Салық базасы

      Жер салығын анықтау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.

 Салық кезеңi

      Жер салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.

Әдебиет

  1. ҚР Конституциясі 30.08.1995

  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

  3. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қараша N 1519

  4. Налоговое право РК (в схемах). Учебное пособие. Под ред. Профессора Г.И. Тулеугалиева. А: Данекер, 2003

  5. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К», - 2002

Бақылау сұрақтары:

1 Көлік құралдарына салықтың жалпы сипаттамасы

2 Салықтардың субъектілері

3 Салықтардың объектілері

4 Салық базасы

5 Салық ставкасы

6 Салықтарды аудару және төлеу тәртібі

7 Жеңілдіктер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]