Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376.32 Кб
Скачать

2 Сұрақ Салықтық құқығының пәні

Салықтық құқыктың пәні деп, мемлекеттің салықтық қызметінің барысында калыптасатын қоғамдык қатынастарды айтамыз. Осы коғамдык қатынастар салык салу жүйесін белгілеу, салык әкімшілігін жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесін айкындау, салыктық міндеттемелерді орындау, салықтык міндеттемелерді орындауға байланысты қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын колдану, халықаралық салықтық шарттарда көзделген мақсаттарды жүзеге асыру, салық органдары мен басқа уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара (және т.б.) іс-кимылдар барысында салық салу саласында туындайтын салықтық қатынастар болып табылады.

Салық салу саласындағы катынастар материалдык және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып екіге бөлінеді.

Материалдық салықтық катынастар өздерінің мынадай:

1) мемлекет болмысының мызғымас берік материалдық ірге тасын қалаушы;

2) жалпы ұлттық табысты бөлу нәтижесінде салықтық кірістің біржақты ағымдарын (қаражаттарын) мемлекет пайдасына бағдарлайтын;

3) мемлекет болмысына байланысты туындайтын айрықша экономикалык әрі базистік;

4) мүліктік-заттай сипатта болатын және оларға қатысты меншік кұкығының алмасуын (мемлекет меншігіне айналуын) көрсететін;

5) мемлекетгік бюджет жүйесінің негізін құрайтын экономикалық катынастар сипатындағы айрықша каржылык — бөлу;

6) акшалай нысандағы (кейде заттай күйіндегі) кұннын біржақты қозғалысын білдіретін;

7) салыктық міндеттемелердің нақты белгіленуіне карай жекелей-айқындалған;

8) көбінесе тұрғылықты-тұракты көрініс табатын;

9) тек кұқыктық нысанда болатын қатынастар түріндегі сипаттамасымен ерекшеленеді.

Ал ұйымдастыру салықтык катынастары:

1) салық салу саласында жүргізілетін фискальдық мониторингке қатысты;

2) мемлекеттің салықтық құрылымы мен салық жүйесін қалыптастыруға және олардың тиісінше жұмыс істеуін атқаруларын камтамасыз етуге байланысты;

3) материалдық салықтык катынастардың ойдағыдай калыптасып, дамуын қамтамасыз етуге байланысты;

4) салыктык кызмет процедураларын белгілеуге және колдануға байланысты;

5) мемлекет пен салык органдарының, салык органдары мен баска да уәкілетті мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік баскару органдарының арасындағы вертикальдык және горизонтальдык байланыстарға қатысты;

6) мемлекеттік стратегиялық салыктық жоспарлау мен болжамдау процестеріне қатысты және т.б. материалдык салықтық қатынастардың тиімділігін көздейтін катынастарға байланысты туындайды.

3 Сұрақ Салықтық құқығының әдістері

Салықтық-кұкықтык реттеу әдістері салық салу саласы мен тиісті салықтық қатынастар аясындағы салықтық іс-қимылдар мен оқиғаларға қатысты, сондай-ак белгіленген тәртіптер мен негіздерге байланысты мемлекетгік өктем билік-императивтік әдіс және келісімді, шартты-диспозитивтік әдіс түрінде қолданылады.

Мемлекеттің салық жүйесінің ұйымдастырылу құрылымы императивтік сипатта болатындыктан салықтық құкык аясында көбінесе императивтік әдіс пайдаланылады.

Осы императивтік салықтық-құкыктық реттеу әдістері мына:

1) салық салу саласындағы салык төлеушілер мен өзге де қатысушылардың жүріс-тұрыстары мен қажетті іс-әрекеттері мемлекет тарапынан (әдетге уәкілетті мемлекеттік органдар) қабылданған нормативтік және жекелей салықтык-кұқықтык актілердің әмірлі-талапты нұсқамаларымен шартталынған;

2) салық төлеушілер мен салык, органдарының және өзге де қатысушылардың нормативтік-құкықтық актілерде көрініс тапқан мемлекеттің талабын орындаудан бас тартуға хақылары жоқ;

3) салықтық катынаска катысушы салык телеушілер мен салық органдарының өзара құқықтары мен міндеттері мемлекеттің талабының және тиісті нормативтік-құкықтық актінін негізінде накты әрі мұқият белгіленген;

4) мемлекеттің талабы мен езге де салықтық міндеттерін орындау мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етілуіне орай тиісті салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орындату уәкілетігі мемлекеттік орган тарапынан біржақты әмірлі түрде не болмаса сот аркылы жүзеге асырылады.

Алайда, мемлекеттің салықтык қызметінің аясында әлсін-әлі пайдаланылатын (пайдаланылуы ықтимал) диспозитивтік (келісімді) әдістін бар екенін жоқка шығара алмаймыз.

Осы диспозитивтік қүкықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады:

1) салыктық қатынастағы тараптардың кұкыктары мен міндеттері осы катынастарды реттейтін салықтык заң актілерінің және жазбаша шарт нысанында ресімделген екі жақтың келісімінің негізінде қалыптасады;

2) осыған орай салықтык, қатынастар шартты сипатта болады және тараптардың екіжактык міндеттемелерін білдіреді;

3) мемлекеттің салық төлеушіге тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты-өктем мәжбүрлеу нысанында ғана емес, сонымен қатар экономикалык стимулдар мен материалдыққ мүдделеу арқылы қызықтыру (ынталандыру) нысанында көрініс табады;

4) диспозитивтік қүқыктық реттеу әдісінін көмегімен реттелінетін салықтық қатынастардың заңи нысаны болып табылатын салықтық шарт екі тараптың өзара құкыктары мен міндеттерін туындатады;

5) салық органдары мен салық төлеушілердің құкықтары мен міңдеттері аздап болса да теңестірілген және шарт сипатындағы жауапкершілікпен толықтырылуы мүмкін.

Мәселен, осы айтқандарымызға байланысты жер койнауын пайдаланушылардың мемлекетке төлейтін бонустарын алсак. Қол қойылатын бонус және коммерциялык табу бонусы болып бөлінетін бұл арнаулы төлемдердің ставкалары мен түпкілікті мөлшерлері жөне төлеу мерзімдері мен тәртібі тек келісім-шарт негізінде айқындалып, белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]