Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика-1.УМКказ.doc
Скачиваний:
195
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.39 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу реті

1. Қондырғыны «Сеть» айырып-қосқышы арқылы іске қосамыз. Осы кезде жұмыс элементінің модулінде жасыл түсті шам жанады.

2. Қондырғы модулінде «Компрессор» айырып-қосқышын қосамыз. Сонда микрокомпрессор капиллярды ауаның мүмкін болатын минимал шығынымен үрлегенін көрсететін қызыл жарық өшіп жанатын болады.

3. «Расход» тетігі реттегішін сағат тілінің бағытымен бұрай отырып, шығын өлшеуіштің көрсетуі бойынша ауаның көлемдік шығынының Q таңдап алынған мәнін келтіреміз.

4. Қысым айырымын DР өлшеуіштің көрсетуімен (кПа) жазып аламыз.

5. Ауа шығыны Q мен қысым айырымы DР мәндері 1-кестеге жазылады.

6. Ауаның көлемдік шығынының 5 мәні үшін 2-3-4 пункттерін 0,1-1 л/мин аралығында 5 рет қайталаймыз.

7. Ауа шығыны реттегішін min-ға қойып, «Компрессор» тетігін өшіреміз.

1-кесте

Өлшеу

Q

DP

η

л/мин

м3

кПа

Па

кг/(м×с)

1

2

3

4

5

Ескерту. Ауаның аз шығындар аумағында (0,1-0,5 л/мин) компрессордың

ұзақ жұмыс істеуін болдырмау керек (3 минуттан артпауы тиіс).

Өлшеу нәтижелерін өңдеу

1. Әрбір режим үшін Пуазейль формуласымен ауаның тұтқырлық коэффициенті есептеледі:

.

R=0,475 мм – капиллярдың радиусы, L =10 см – капиллярдың ұзындығы.

Тұтқырлық коэффициентінің орташа мәнін анықтау керек.

2. формуласымен ауа молекулаларының жылулық қозғалысының орташа жылдамдығын есептеу керек. 29·10-3кг/моль.

3. формуласымен молекулалардың еркін жолының орташа ұзындығын анықтау керек. Ауаның тығыздығы тәжірибе жүргізу барысында температура мен қысымның белгілі мәндері үшін анықтамадан алынады.

Бақылау сұрақтары

1. Газдардағы тасымалдау құбылысына анықтама беріп, тасымалдау

құбылысының түрлерін атаңыз.

2. Идеал газдардағы ішкі үйкелісті молекулалық-кинетикалық тұрғыдан

түсіндіріңіз және ішкі үйкеліс үшін Ньютон формуласын жазыңыз.

3. Тұтқырлық коэффициентінің формуласын жазып, физикалық мағынасын

түсіндіріңіз.

4. Газдардың тұтқырлық коэффициентін капиллярлық әдіспен анықтаудың

мағынасын түсіндіріңіз.

5. Пуазейль формуласын қорытып шығарыңыз және оны қандай жағдайда

қолданады?

17 зертханалық жұмыс

БІРІНШІ ТЕКТІ ФАЗАЛЫҚ АУЫСУДЫ ЗЕРТТЕУ

Ж ұ м ы с т ы ң м а қ с а т ы : Фазалық ауысудың меншікті жылуын

анықтау және бірінші текті фазалық ауысудағы энтропияның өзгерісін

есептеу әдісін игеру.

Қ ұ р а л ж а б д ы қ т а р : Зертханалық стационар қондырғы.

Тапсырма: 1) заттың қызу, балқу, салқындау және қатаю диаграммаларын салу; 2) заттың балқу температурасын, меншікті балқу жылуын анықтау;

3) заттың қызған және балқыған кездегі энтропиясының өзгерісін есептеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]