Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика-1.УМКказ.doc
Скачиваний:
195
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.39 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу реті

1. Қондырғыда 2-сурет бойынша электрлік тізбекті жинау керек.

2. Оқытушының нұсқауымен кедергілер қорабынан керекті Rқ кедергіні

қойып алу керек.

3. Қысқа уақыт аралығында тізбекті кілтпен тұйықтап, гальванометрдің

тілшесін нольге келтіру үшін реохордтың бойымен қозғалмалы D тиекті

жылжыту керек. Гальванометрдің тілшесі нольге келгенде реохордтың

сызғышынан мен ұзындықтарды анықтап, жазып алу керек.

4. Кедергілер қорабынан кедергінің тағы екі мәнін қойып, тәжірибені 2-ші

және 3-ші пункттерге сай қайталау керек.

5. Белгісіз кедергі (5) формула бойынша есептеледі.

6. Бірінші Rx1 кедергіні екінші Rx2 кедергімен алмастырып, кедергілер

қорабының Rқ үш белгілі кедергісі арқылы тәжірибені қайталау керек.

7. Rx1 және Rx2 кедергілерді өзара тізбектей, содан кейін өзара параллель

қосып, 2,3,4 пункттерге сәйкес тәжірибені қайталау керек. (5) формула

бойынша толық кедергілер есептелінеді.

8. Rтіз = Rх1 + R х2, Rпар = R х1 Rх2 / (Rх1 +Rх2) формулаларына Rx1 және Rx2

кедергілердің есептелген орташа мәндерін қойып, анықталған толық

кедергілерді 7-пунктте табылған мәндермен салыстыру керек:

9. Өлшеу және есептеулер нәтижелері кестеге жазылады.

Кесте

Rх

реті

RҚ,

Ом

,

см

,

см

Rx,

Ом

<Rx>,

Ом

DRx,

Ом

<DRx>

Ом

ε,

%

Rх1

1

2

3

Rх2

1

2

3

Rтіз

1

2

3

Rпар

1

2

3

Бақылау сұрақтары

1. Электр тогы, ток күші, ток күшінің тығыздығы деген не ?

2. Ток күшінің, ток күші тығыздығының өлшем бірліктері.

3. Ом заңы: а)тізбектің бөлігі үшін;

ә) тұйық тізбек үшін;

б) біртекті емес тізбек бөлігі үшін;

в) дифференциалды түрдегі.

4. Кирхгофтың 1-ші және 2-ші ережелері.

5. Көпір схемасының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

5.1.2 зертханалық жұмыс

ӨТКІЗГІШТІҢ МЕНШІКТІ КЕДЕРГІСІН АНЫҚТАУ

Ж ұ м ы с т ы ң м а қ с а т ы : Өткізгіш кедергісінің ұзындығына тәуелділігін зерттеп, меншікті кедергісін анықтау.

Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р : Зертханалық FPM - 01 қондырғысы, штангенциркуль.

Т е о р и я л ы қ м а ғ л ұ м а т т а р

Металдағы еркін электрондар реттеліп қозғалғанда жолында кеңістіктік тордың иондарымен соқтығысады да, соның салдарынан олардың қозғалысы үздіксіз тежеліп отырады. Бұл тежелудің салдарынан өткізгіштің омдық кедергісі пайда болады.

Электрлік кедергінің бірлігін тізбектің бөлігіне арналған (бөгде күштер әсер етпеген жағдайда) Ом заңы бойынша табуға болады:

1 Ом – өткізгіштің ұштарындағы кернеу 1 В болғанда бойынан 1 А тұрақты ток өтетін өткізгіштің кедергісі.

Өткізгіштің кедергісі оның материалына, ұзындығына l және көлденең қимасының ауданына S тәуелді. Қимасы тұрақты біртекті өткізгіш үшін:

, (1)

мұндағы r - өткізгіштің меншікті электрлік кедергісі – біртекті сызықтық өткізгіштің бірлік ұзындығы мен бірлік көлденең қимасына қатысты кедергі. Өлшем бірлігі – Ом·м.

Меншікті электрлік кедергісі ең аз материал күміс (1,6·10-8 Ом·м) және мыс (1,7·10-8 Ом·м). Практикада, сонымен қатар, тығыздығы мыспен немесе күміспен салыстырғанда анағұрлым аз алюминий өткізгіштер де кеңінен қолданылады (2,6·10-8 Ом·м).

Электрлік өткізгіштік – электр тізбегі бөлігінің ток өткізу қабылетін сипаттайтын шама: .

Меншікті электрлік өткізгіштік – біртекті сызықтық өткізгіштің бірлік ұзындығы мен бірлік көлденең қимасынан ток өткізу қабылетін сипаттайды: . (2)

Заттың ток өткізгіштік қабілеті химиялық табиғатымен қатар температу-раға да тәуелді. Бірінші текті өткізгіштердің (металдардың) кедергісі температураға тура пропорционал сызықты тәуелділікпен өзгереді.

,, (3)

мұндағы – өткізгіштің 00С температурадағы кедергісі, –кедергінің температуралық коэффициенті (таза металдар үшін).

Осындай қатынаспен меншікті кедергі де сипатталады:

,. (4)

Кейбір өткізгіштердің кедергісі (сәйкесінше, меншікті кедергісі) белгілі бір төмен температурада (кризистік температура) күрт төмендеп, жоғалып кетеді, яғни зат абсолют өткізгішке айналады. Осы құбылыс асқын өткізгіштік деп аталады.

Өткізгіштің меншікті кедергісін бағалау үшін сымның көлденең қимасының S ауданын, l ұзындығын анықтау керек. Сонда:

(5)

Цилиндр пішінді өткізгіштер үшін: . Осы өрнекті (5)-ке қойғанда, меншікті кедергіні есептейтін формула шығады:

(6)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]