Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика-1.УМКказ.doc
Скачиваний:
195
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.39 Mб
Скачать

8. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

1. Ж.Абдулаев. Физика курсы.Оқу құралы. –Алматы: 1994.

2. Т.Трофимова. Курс физики. М.: 2004.

3. В.Волькенштейн. Жалпы физика курсының есептер жинағы.

–Алматы: 1974.

4. Ж.Абдула, Ә.Мұқашева, Л.Сатаев. Жалпы физика курсының есептер

жинағы. –Астана: 2006.

5. Инженерлік мамандықтар үшін оқу-әдістемелік кешен. -КАТУ, 2005.

6. М.Құлбекұлы. Электр және магнетизмнің физикалық негіздері.

–Алматы: 2009.

Қосымша әдебиет

1. Е. Әкімбеков. Физика-1. Дәрістер жинағы. –Астана: 2007.

2. А.Сыздықов. Физика анықтамалығы. (1,2). -Астана: 2008, 2010.

3. В.Ветрова Сборник задач по физике с индивидуальными заданиями.

-Минск: 1991.

4. Е.Әкімбеков, Р.Рамазанова. Физикадан есептер жинағы. -Астана: 2001

9. Курстың саясаты

Сабаққа кешікпеу керек; Себепсіз сабақтан қалуға болмайды, қатыспаған сабақ тақырыбы қосымша пысықталып өтелуі қажет. Сабақ уақытында ұялы телефонды өшіріп қою; Университеттің ішкі қалыптасқан ережелерін сақтау; Оқу үрдісіне белсенді қатысу. СӨЖ тапсырмаларын уақытында орындау; Тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат

«Физика-1» курсы бакалавриат бағдарламасына сәйкес 2- семестр бойы 60 сағат аудиториялық, 30 сағат оқытушы бақылауымен және 90 сағат жеке өздік жұмыс көлемінде өткізіледі.

Пәнді оқып игеру үшін студент сабаққа міндетті түрде қатысып, өткен дәріс тақырыптарын толықтырып қайталап, практикалық және зертханалық сабақтарға алдын ала дайындалып келу керек. Әрбір кезекті зертханалық сабақта орындалған тапсырманы қорытындылау – негізгі талап. Студенттің өздік жұмыс тапсырмаларын мерзімінде орындап, бақылаудың барлық түрі бойынша есеп беруі міндетті болып табылады.

Ағымдық бақылау зертханалық және практикалық сабақ барысында, аралық бақылау семестр бойына екі рет коллоквиум түрінде жоспарланған. Қорытынды бақылау тестілеу арқылы емтихан түрінде өткізіледі

11. Бағалау саясаты

Студенттің білімін бағалау 100 балдық жүйеге негізделген:

ағымдық және аралық бақылау - 60 балл, қорытынды бақылау - 40 балл.

Пән бойынша студенттің білімін бағалау кестесі

Реті

Сабақ түрлері және студенттердің орындайтын жұмысы

Балл саны

min/max

І

Ағымдық бақылау

Дәріс:

Практикалық сабақтар:

Зертханалық сабақтар:

Студенттің өздік жұмысы

1,5/3

6/12

6,5/13

6/12

Барлығы

20/40

ІІ

Аралық бақылау

І аралық бақылау

ІІ аралық бақылау

5/10

5/10

Барлығы

10/20

ІІІ

Емтихан

20/40

Барлығы

50/100

Емтиханда студенттің білімін бағалау кестесі

Емтихандық баға

Ұпайлық бағалау

1

Ағымдық+аралық бақылау

30-60

2

Қорытынды бақылау

20-40

3

Барлығы

50-100

Студенттің білімін бағалау шкаласы

Студенттің білімін қорытынды бағалау (ағымдық, аралық және қорытынды бақылау ұпайларының қосындысы) төменде берілген кесте бойынша оқытудың кредиттік жүйе талаптарына сәйкес қойылады

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық

эквиваленті

Балдардың пайыздық өлшемі

Дәстүрлі жүйе

бойынша

бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Қорытынды ұпай саны F дәрежесінде болса, студент пән курсын қайта өтеді.

1-тақырып. КІРІСПЕ

Механиканың құрылымы мен негізгі анықтамалары

Механика – материя қозғалысының ең қарапайым түрі - механикалық қозғалыстың болу, өзгеру себептерін және қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін ілім.

Механикалық қозғалыс - уақыт өтуімен денелердің немесе бір дененің бөліктерінің кеңістікте бір-біріне қатысты орны өзгеруі.

Классикалық механика (Галилей -Ньютон механикасы) – жылдамдығы вакуумдегі жарықтың таралу жылдамдығымен салыстырғанда анағұр-лым аз макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.

Релятивистік механика – жылдамдықтары вакуумдегі жарықтың таралу жылдамдығымен шамалас макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдылықтарын зерттейді (А.Эйнштейн тұжырымдаған арнаулы салыстырмалылық теориясына негізделген).

Кванттық механика – микроскопиялық денелердің (жеке атомдардың, элементар бөлшектердің, т.б.) қозғалыс заңдарын зерттейді.

Механиканың бөлімдері:

кинематика денелердің қозғалыс заңдарын қозғалыстың болу және өзгеру себептеріне байланыссыз зерттейді;

динамика денелердің өзара әсерлесуінің олардың механикалық қозғалысына ықпалын, қозғалыс заңдарын қозғалыстың пайда болу және өзгеру себептерімен байланыстырып зерттейді;

статикаденелер жүйесінің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейді. Егер дененің қозғалыс заңы белгілі болса, одан дененің тепе-теңдікте болу заңы мен шарттарын анықтауға болады.

Механикада денелер қозғалысын суреттеу үшін нақты есеп шартына байланысты әртүрлі физикалық модельдер қолданылады:

материалдық нүкте берілген есеп шартында өлшемдері ескерілмейтін массасы бар дене;

материалдық нүктелер жүйесі әрқайсысы материалдық нүкте деп қарастырылатын өзара әсерлесуде болатын денелердің немесе кез келген макроскопиялық дененің бөліктерінің жиыны. Механикада алдымен жеке материалдық нүктенің қозғалысы қарастырылып, зерттеу нәтижесі нүктелер жиынының қозғалысына қолданылады.

абсолют қатты денеешқандай жағдайда деформацияланбайтын, барлық уақытта шартты алынған екі нүктесінің ара қашықтығы тұрақты болатын дене. Өзара қатаң байланыстағы материалдық нүктелер жүйесін абсолют қатты дене ретінде қарастыруға болады.

абсолют серпімсіз дене сыртқы күштердің денеге әсері тоқтағанда (жойылғанда) деформацияланған күйі толығымен сақталатын дене;

абсолют серпімді дене сыртқы күш әсері тоқтағанда бұрынғы пішіні мен өлшемдері толығымен қалпына келетін дене. Осындай шартта денелердің деформациясы Гук заңымен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]