Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика-1.УМКказ.doc
Скачиваний:
195
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.39 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1. Бірінші текті фазалық ауысу деген не?

2. Бірінші текті фазалық ауысу үрдісінде қандай шамалар өзгереді?

3. Қандай үрдістерді бірінші текті фазалық ауысуға жатқызуға болады?

4. Заттың меншікті балқу жылуы деген не? Өлшем бірлігі.

5. Энтропияның анықтамасы. Клаузиус теңсіздігі.

6. Термодинамиканың екінші бастамасы

7. Нернст теоремасы қалай оқылады?

22 зертханалық жұмыс

Өткізгіштердің кедергісін көпір схемасының

КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАУ

Ж ұ м ы с т ы ң м а қ с а т ы : жеке өткізгіштердің кедергісін табу, тізбектеп және параллель қосылған өткізгіштердің толық кедергісін табу; тұрақты ток заңдарын көпір схемасын есептеуге қолдана білу.

Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р : кедергілер қорабы, кілт, екі белгісіз кедергі, реохорд, нольдік гальванометр, тұрақты ток көзі, жалғаушы сымдар.

Ә д і с т е о р и я с ы

Белгісіз кедергілерді табудың бір әдісі көпір схемасы болып табылады (1-сурет). Төрт кедергі төрт бұрыш жасап өзара қосылады да, олардың бір диагоналіне (BD) гальванометр қосылады. Тізбекті тұйықтағанда пайда болған токты гальванометр көрсетеді. Кедергілерде DjАВ, DjАD, DjВC, DjDC потенциалдар айырымы пайда болады. Кирхгофтың 1ережесіне сәйкес А түйініндегі ток AB және AD тармақтарына бөлінеді: I = I1 +I3.

В

R3 IG R4

А C

R2

R1

I D

К

e

1-сурет

В түйінінде I3 ток екі тармаққа бөлінеді, яғни I3 = IG +.D түйінінде IG және I1 токтар қосылып, IG+ I1=I2 токты береді. Ал, және токтары С түйінінде қосылып токты береді. В және D нүктелерінің потен-циалдары бірдей болса (), онда гальванометрден ток жүрмейді. Бұл жағдайда көпір теңгерілді деп саналады. Осы тепе-теңдік көпір иіндерін, яғни олардың кедергілерін таңдап алу арқылы жүзеге асады.

Көпірдің тепе-теңдік жағдайында R1 мен R2 арқылы I1 ток, ал R3 пен R4 арқылы I3 ток өтеді, ал AB мен AD және BC мен DC бөліктерінің арасындағы потенциалдар айырымы тең, яғни DjАВ=DjАD, DjВC= DjDC болады. Ом заңы бойынша потенциалдар айырымы ток күші мен кедергінің көбейтіндісіне тең, сондықтан келесі қатынасты жазуға болады:

I3 R3 = I1 R1 (1)

I3 R4 = I1 R2 (2)

Бірінші теңдеуді екіншісіне бөлгенде, төрт кедергінің біреуін есептеп табуға арналған формула шығады: . Мысалы:. (3)

Тәжірибелік қондырғыда (2-сурет) R1 мен R2 кедергілердің орнына көлденең қимасының ауданы барлық жерінде бірдей болатын А мен С нүктелерінің арасында жылжымалы D тиегімен екіге бөлінген ұзындығы 50 см біртекті сым алынған (АС реохорд). Сонда әр бөліктің кедергісі олардың ұзындығына пропорционал болады:

AD=, ; DC==, ; (4)

AB тармағына белгісіз Rx кедергі (1-сурет бойынша R3 кедергінің орнында), ал ВС тармағына магазиндер қорабы Rқ (1-сурет бойынша R4 кедергінің орнында) жалғанған. Сәйкесінше есептеу есептеу формуласы келесі түрде жазылады:

; (5)

В

Rx Rқ

А D С

+ -

К e

2-сурет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]