Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика-1.УМКказ.doc
Скачиваний:
195
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
5.39 Mб
Скачать

Өздік жұмыс тапсырмалары

ЕСЕПТЕР

Сабақ тақырыбы занятий

1

2

3

4

5

6

7

8

Кинематика элементтері

Материалдық нүкте динамикасы

Жұмыс және

энергия

Қатты дене механикасы

Идеал газдардың МКТ

Теромодинамика негіздері

Электрстатика

Тұрақты электр

тогы

Нұсқа №

1

1.4

1.64

1.81

1.134

2.5

2.75

3.10

3.103

2

1.9

1.56

1.82

1.135

2.12

2.65

3.4

3.77

3

1.11

1.58

1.84

1.136

2.24

2.55

3.21

3.96

4

1.5

1.66

1.85

1.137

2.30

2.46

3.17

3.80

5

1.12

1.62

1.86

1.138

2.7

2.76

3.20

3.95

6

1.19

1.65

1.88

1.139

2.15

2.66

3.12

3.91

7

1.21

1.44

1.87

1.167

2.32

2.56

3.31

3.87

8

1.23

1.57

1.97

1.168

2.41

2.48

3.47

3.106

9

1.14

1.77

1.98

1.169

2.3

2.54

3.26

3.81

10

1.26

1.80

1.93

1.170

2.10

2.68

3.30

3.94

11

1.33

1.49

1.92

1.162

2.34

2.78

3.14

3.79

12

1.34

1.60

1.99

1.161

2.42

2.49

3.41

3.97

13

1.37

1.67

1.101

1.160

2.9

2.59

3.57

3.104

14

1.39

1.68

1.109

1.159

2.4

2.69

3.6

3.92

15

1.42

1.69

1.113

1.158

2.11

2.79

3.40

3.73

16

1.2

1.59

1.104

1.140

2.29

2.51

3.24

3.88

17

1.10

1.55

1.106

1.142

2.35

2.61

3.51

3.101

18

1.16

1.52

1.116

1.143

2.43

2.71

3.37

3.86

19

1.21

1.54

1.126

1.145

2.6

2.81

3.16

3.94

20

1.25

1.50

1.114

1.157

2.13

2.50

3.50

3.83

21

1.27

1.47

1.112

1.141

2.31

2.60

3.34

3.102

22

1.32

1.46

1.102

1.144

2.45

2.70

3.61

3.93

23

1.35

1.45

1.124

1.146

2.8

2.80

3.72

3.76

24

1.36

1.43

1.123

1.157

2.14

2.72

3.44

3.98

25

1.8

1.48

1.103

1.148

2.2

2.52

3.60

3.105

26

1.5

1.77

1.99

1.136

2.13

2.60

3.31

3.82

27

1.11

1.58

1.104

1.140

2.15

2.66

3.51

3.101

28

1.33

1.49

1.92

1.138

2.7

2.79

3.40

3.73

Емтихандық тест сұрақтары

Механика

1. Материалдық нүкте дегеніміз не?

2. Абсолют қатты дене дегеніміз не?

3. Ілгерілемелі қозғалыстың анықтамасы.

4. Материалдық нүктенің кеңістіктегі орнын анықтайтын шама - ....

5. Қозғалған дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын вектор ....

6. Қозғалыстағы материалдық нүктенің (дененің) берілген санақ жүйесіне қатысты сызған сызығының (ізінің) ұзындығы - ...

7. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыстың анықтамасы, бірқалыпты қозғалыстың графигі.

8. Түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыстың анықтамасы, ,графиктері.

9. Қозғалыстағы дене жылдамдығының бірлік уақытта шамасы бойынша өзгеруін сипаттайтын физикалық шама - ...

10. Тангенциал үдеу дененің жылдамдығының ....

11. Нормаль үдеу дененің жылдамдығының ...

12. Айналмалы қозғалысты сипаттайтын шамаларды атаңыз. Олардың анықтамасын беріңіз.

13. Бұрыштық орын ауыстыру деген не? Бұрыштық орын ауыстырудың бағытын қандай ережемен анықтайды?

14. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеудің анықтамалары. Олардың бағытын қандай ережемен анықтайды?

15. Бастапқы 0 =30м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дене қандай биіктікке көтеріледі? Дене қанша уақытта Жерге қайтып түседі?

16. Қозғалыстағы дене жылдамдығының X және Y осьтеріне проекциялары x = 4 м/с, y = 3 м/с. Жылдамдық модулін анықтаңыз.

17. Материалдық нүктенің қозғалмайтын оське қатысты айналу теңдеуі берілген: (рад). Нүктенің бұрыштық жылдамдығының уақытқа тәуелділік теңдеуі қандай?

18. Материалдық нүктенің қозғалмайтын оське қатысты айналу теңдеуі берілген: (рад). Нүктенің t=5c сәтіндегі бұрыштық жылдамдығы қандай?

19. Дене координаттары (7,2) нүктеден координаттары (-5,7) нүктеге орын ауыстырған. Орын ауыстыру модулі неге тең?

20. Берілген санақ жүйесінде материалдық нүктенің қозғалысы X=2+t; Y=1+2t теңдеулерімен сипатталады; мұндағы Y және X –метрмен, t – секундпен. Материалдық нүктенің қозғалыс жылдамдығын анықтаңыз.

21. Дененің түзу сызықты қозғалысы теңдеуімен берілген. Дененіңс уақыт мезетіндегі жылдамдығы қандай?

22. Дененің қозғалыс жылдамдығы =7+4t (м/с) теңдеуімен берілген. Дененің осы қозғалысқа сәйкес жолының теңдеуін жазыңыз.

23. Тыныштық күйден қозғала бастаған дененің үшінші секундтың аяғында жылдамдығы 3м/с. Қозғалыс басынан қанша уақыт өткенде дененің жылдамдығы 9м/с болады ?

24. Дене бастапқы жылдамдықпен көкжиеккебұрышпен лақты-рылған. Траекторияның ең жоғарғы нүктесінде дененің үдеуі неге тең?

28. Сағат тілі бағытымен бірқалыпты үдемелі айналыстағы материалдық нүктенің лездік жылдамдық векторын, нормаль үдеуінің векторын, толық үдеуінің векторын көрсетіңіз

1 2

3 4 5

25. «Материалдық нүкте өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сыртқы күштер әсер еткенше сақтайды». Бұл: .....

26. Күштердің суперпозиция принципі қалай тұжырымдалады? Формуласы:

27. Дене импульсінің сақталу заңының оқылуы және формуласы.

28. Инерциалдық жүйеде импульстің сақталу заңы қандай қасиетпен байланысты?

29. Материалдық нүктенің ілгерілемелі қозғалысы динамикалық теңдеуі

30. Диссипативтік күш деген не?

31. Массасы 200 г дене 5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып бара жатыр. Осы денеге әсер етуші қорытқы күш:

32. Горизонталь жазықтықта массасы m денеге Fт тарту күші әсер етеді. Үйкеліс коэффициентіболса, дененің үдемелі қозғалыс теңдеуі:

Fт

33. «Дененің алған үдеуі әсер етуші күшке тура пропорционал және бағыттас, ал массасына кері пропорционал болады». Бұл қай заң?

34. Консервативтік күш деген не?

35. Энергия деген не? Потенциалдық және кинетикалық энергияның анықтамасы, формуласы.

36. Энергияның сақталу заңы қандай қасиетпен байланысты?

37. Массасы 100 кг дененің жылдамдығы күш әсерінен 10 м/с-тан 20 м/с-қа дейін артты. Әсер етуші күштің жұмысы қандай?

38. 100 метр биіктіктен еркін құлаған дененің кинетикалық және потенциалдық энергиялары қандай биіктікте бірдей болады?

39. Массасы 0,2 кг дене 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған.

Қозғалыс басынан 2 с өткенде дененің кинетикалық энергиясы неге тең?

40. Массасы 0,5 кг дене 40 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Қозғалыс басынан 2 с өткенде дененің потенциалдық энергиясы:

41. Қозғалмайтын айналу осіне қатысты нүктенің инерция моменті және оның формуласы.

42. Қозғалмайтын нүктеге қатысты күш моменті деген не? Күш моментінің бағыты қалай анықталады? Формуласы.

43. Қозғалмайтын нүктеге қатысты материалдық нүктенің импульс моменті деген не? Импульс моментінің бағыты қалай анықталады?

44. Штейнер теоремасының оқылуы және теңдеуі

45. Импульс моментінің сақталу заңының оқылуы және формуласы.

46. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі

47. Инерция моменті 10 кг м2 тұтас диск 2 рад/с2 үдеумен үдемелі айналады.Айналдырушы күш моментін анықтаңыз.

48. Массасы 2 кг тұтас диск горизонталь жазықтықта 4 м/с жылдамдық-пен үйкеліссіз дөңгелейді. Дискінің кинетикалық энергиясы қандай? 54. 49Егер дененің массасы 2 есе артып, жылдамдығы 2 есе кемісе, оның айналу энергиясы қалай өзгереді?

50. Массалары мен радиустары бірдей құрсау дөңгелек, тұтас цилиндр және шар бірдей жылдамдықпен домалайды. Энергиясы максимал дене:

51. Диссипативтік күшті атаңыз.

52. Қанша уақытта 40м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан дененің потенциалдық энергиясы екі есе азаяды?

53. Инерциалдық жүйеде энергияның сақталу заңы қандай қасиетпен байланысты?

54. Массасы 0,5 кг дене 4 м биіктіктен 8 м/с2 үдеумен құлаған. Дененің импульсінің өзгерісі қандай?

55. Қандай жағдайда дененің потенциалдық энергиясы Жерге қатысты тұрақты болып қалады, ал кинетикалық энергиясы өзгереді?

56. Горизонталь бағытталған 10Н күштің әсерінен дененің координатасы x=3+6t+2t2(м) заңымен өзгереді. Күштің 3 секундта атқарған жұмысы:

57. Жер бетінен вертикаль жоғары лақтырылған доптың толық механикалық энергиясы қай уақытта максимал болады? Ауаның кедергісі ескерілмейді.

58. Егер дененің импульсі 3 есе кемісе, кинетикалық энергиясы ...

59. Тұйық жүйе үшін импульс моментінің сақталу заңының теңдеуі:

60. Айналыстағы дененің массасы 2 есе ұлғайып, жылдамдығы 2 есе кемісе, айналу кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

61. Радиусы R біртекті дискінің шетіне жанама бағытта F күш түсірілді. Диск айналған кезде әсер ететін үйкеліс күшінің моменті Mүйк . Диск тұрақты ε бұрыштық үдеуімен қозғалса, оның массасы неге тең?

62. Тұтас цилиндр горизонталь жазықтықта бірқалыпты домалап келеді. Цилиндрдің айналмалы қозғалысының энергиясы толық кинетикалық энергиясының қандай бөлігін құрайды?

63. Эйнштейннің екінші постулаты бойынша ...

64. Релятивистік динамиканың негізгі заңы

65. Қандай жылдамдықта релятивистік бөлшектің толық энергиясы оның тыныштықтағы энергиясынан бес есе үлкен болады?

66 Қандай жылдамдықта релятивистік бөлшектің толық энергиясы оның тыныштықтағы энергиясынан бес есе үлкен болады?

67. Бөлшектің релятивистік импульсі оның ньютондық импульсінен қандай жылдамдықта бес есе артық болады?

68. Сұйық ағыны деген не? Сұйық ағынының түтігі деген не?

69. Ламинарлық ағыс деген не? Турбуленттік ағыс деген не?

70. Сұйық ішіндегі динамикалық және гидростатикалық қысым.

71. Сығылмайтын сұйықтар үшін үзіліссіздік теңдеуі:

72. Идеал сұйық ағысы үшін Бернулли теңдеуі:

73. Дененің массасы 60%-ға азайып, денеге әсер етуші күш үш есе артқанда оның үдеуі неше пайызға өзгереді?

74. Массасы 3 кг материялық нүктенің берілген санақ жүйесіндегі қозғалысы X=2t2+4t (м) теңдеуімен берілген. Осы нүктемен бағыттас тұрақты 3 м/с жылдамдықпен қозғалатын санақ жүйесіне қатысты материялық нүктеге әсер етуші күштің проекциясын анықтау керек.

75. Массасы 500 г дене жылдамдығының проекциясының уақыт өтуіне қарай өзгеруі суретте көрсетілген. 1с уақыт мезетіндегі дене салмағының 3 с уақыт мезетіндегі салмағынан айырмашылығы қандай?

76. Тыныштық күйден қозғала бастаған дененің 3-ші секундтың аяғында жылдамдығы 3м/с. Қозғалыс басынан қанша уақыт өткенде дененің жылдамдығы 9м/с болады? 77. Параллель жалғанған бірнеше бірдей серіппелердің эквивалентті қатаңдығы оларды тізбектей жалғағандағы қатаңдығынан 25 есе артық. Берілген жүйедегі серіппелер санын анықтаңыз.

78. Дене тегіс сфера бойымен домалап барады. Төменде көрсетілген бағыттардың қайсысы А нүктесіндегі тең әсерлі күштің бағытына сәйкес келеді?

79. Тыныштықтағы денеге әрқайсысы 2Н бір-біріне қатысты 600 бұрышпен бағытталған екі горизонталь күш әсер еді.Егер дене м/с2 үдеумен қозғала бастаса, тең әсерлі күштің 2 секундта атқарған жұмысы қандай болады?

80. Горизонталь бетте қозғалып келе жатқан денеге модульдері бірдей бірнеше күш суретте көрсетілгендей кезек-кезек әсер етеді. Дене бірдей қашықтыққа орын ауыстырғанда осы күштердің атқарған жұмыстары қандай қатынаста болады?

81. Шамасы 10Н күш әсерінен дененің координатасы x=3+6t-1,5t2 (м) заңы бойынша өзгереді. Осы күштің үш секундта атқарған жұмысы:

82. Массасы 2 кг дененің жылдамдығы күш әсерінен v=6+4t(м/с) заңы бойынша өзгереді. Осы күштің екі секундта атқарған жұмысы неге тең?

83. Қанша уақытта 40м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан дененің потенциалдық энергиясы екі есе азаяды?

84. Тік жоғары лақтырылған дененің максимал көтерілген биіктігі 6м. Қандай биіктікте дененің кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясынан екі есе көп болды?

85.Денелердің массаларының қатынасы m1:m2:m3 =1:2:3. Қандай да бір уақыт мезетінде олардың жылдамдықтарының қатынасы v1 :v2 :v3 =3:2:1 болғандаолардың кинетикалық энергияларының арасындағы қатынасы: 86. Қандай жағдайда дененің потенциалдық энергиясы Жерге қатысты тұрақты болып қалады, ал кинетикалық энергиясы өзгереді?

87. Суретте көрсетілген денелердің потенциалдық энергияларының арасындағы қатынас қандай?

88.Жер бетінен вертикаль жоғары лақтырылған массасы 1кг дененің бастапқы уақыт мезетіндегі кинетикалық энергиясы 50 Дж-ға тең. Көтерілудің ең жоғарғы нүктесіне дене қанша уақытта жетеді?

89. Қатаңдығы 1кН/м серіппеге массасы 100г жүк ілінген. Тепе-теңдік қалыпта жүктің толық энергиясы неге тең?

90. Қатаңдығы 2000 Н/м серіппе 4 см-ге созылған. Серіппенің деформа-циясы абсолют серпімді деп алып, серпімділік күшін анықтаңыз.

91. Қатаңдығы 2000 Н/м серіппе 4 см-ге созылған. Серіппе деформациясын абсолют серпімді деп алып, оның потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

92. Массалары 1кг және 0,5кг екі шар бір-біріне қарама-қарсы 5 м/с және 4 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Серпімсіз соғылыстан кейін шарлардың жылдамдығы қандай болады?

93. Үйкеліс коэффициенті 0,2 болғанда жылдамдығы 72км/сағ автомобильдің тежелу жолы қандай?

Молекулалық физика мен термодинамика

1. Идеал газ анықтамасы бойынша:

2. Дальтон заңынын оқылуы, теңдеуі:

3.Идеал газдардың МКТ негізгі теңдеуі:

4. Орташа квадраттық жылдамдықтың формуласын көрсетіңіз.

5. Максвелл таралуының формуласы:

6. Барометрлік формула:

7. Больцман таралуының формуласы:

8. Идеал газ үшін Клапейрон-Менделеев теңдеуі.

9. Изотермдік процесс үшін Бойль-Мариотт заңының теңдеуі, графигі.

10. Изотермдік процесте газдың атқаратын жұмысы:

11. Изотермдік процесте газға берілген жылу ...

12. Изобарлық процесс үшін Гей-Люссак теңдеуі, графигі.

13. Изобарлық процесс үшін ТД-ның 1-ші бастамасының теңдеуі

14. Изобарлық процесте газдың атқаратын жұмысы:

15. Изобарлық процесте газға берілген жылу ...

16. Изохорлық процесс үшін Шарль заңының теңдеуі, графигі.

17. Изохорлық процесс үшін ТД-ның 1-ші бастамасының теңдеуі

18. Изохорлық процесте газға берілген жылу ...

19. Идеал газ үшін Майер теңдеуі.

20. Адиабаттық процесс үшін Пуассон теңдеуі.

21 Адиабаттық процесс үшін ТД-ның 1-ші бастамасының теңдеуі.

22. Газдың адиабаттық процесте атқаратын жұмысы.

23. Адиабаттық процесте газ көлемінің өзгеруі оның . . . өзгеруімен қатар жүреді.:

24. Идеал газдың ішкі энергиясын бірмәнді анықтайтын негізгі шама

25. Қандай процесте идеал газдың ішкі энергиясы өзгермейді:

26. Келтірілген жылу мөлшерінің шамасы

27. Дифференциалы келтірілген жылу мөлшеріне тең күй функциясы

28. Энтропия ұғымын айқындайтын өрнек

29. Қандай процесте энтропия тұрақты болады?

30. Тұйық жүйедегі қайтымды процесте энтропия өзгерісі:

31. Тұйық жүйедегі қайтымсыз процесте энтропия өзгерісі:

32. ТД-ның 3-ші бастамасы – Нернст теоремасының формуласы

33 .Тура циклда орындалатын термодинамикалық жұмыс.

34. Кері циклда орындалатын термодинамикалық жұмыс.

35. Меншікті жылу сыйымдылығының формуласы:

36. Заттың бір молін 1 К-ге қыздыруға қажет жылу мөлшері:

37. Тасымалдау құбылысында ішкі үйкеліс үшін Ньютон заңы. формуласы

38. Тасымалдау құбылысында диффузия үшін Фик заңы, формуласы

39.Тасымалдау құбылысында жылу өткізгіштік үшін Фурье заңы, формуласы

40. Нақты газдар үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуі.

41. Мөлшері 1 моль нақты газдың ішкі энергиясы:

42. Үш атомды молекуланың айналмалы қозғалыс үлесіне келетін еркіндік дәрежелер саны:

43. 300 К температурадағы оттегі молекуласының кинетикалық энергиясын анықтаңыз

44. Оттегі молекуласының 300 К температурадағы ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын анықтаңыз.

45. Массасы 32 г оттегінің 300 кПа қысым мен 270С температурада көлемі қандай болады: Универсал газ тұрақтысы R= 8.31 Дж/(К·моль):

46. Изобарлық процесте идеал газдың көлемі 2 есе артса, газдың температурасы қалай өзгереді?

47.Баллон ішіндегі идеал газдың температурасы 3 есе артса, газдың қысымы қалай өзгереді?

48. Көлемі 2 л ыдыстағы қысымы 150 кПа екі атомды газдың ішкі энергиясын табыңыз:

49. Егер идеал газдың көлемі изобарлық, изотермдік және адиабаттық процестерде бірдей шамаға ұлғайды деп ұйғарсақ, қандай процесте газдың атқарған жұмысы максимал болады?

50. Егер газдың ішкі энергиясы 200 Дж-ға артып, газдың атқарған жұмысы 100Дж болса, қыздырғыштан газға қанша жылу мөлшері берілген:

51. Изотермдік процесте идеал газға 4000 Дж жылу берілген. Газдың термодинамикалық жұмысы қандай? Ішкі энергиясы қанша өзгерді?

52. Изохорлық процесте идеал газға 5000Дж жылу берілген. Газдың атқарған термодинамикалық жұмысы қандай? Газдың ішкі энергиясы қанша өзгерді?

53. Пайдалы әсер коэффициенті 0,25 жылу машинасының жұмысы 4 кДж болса,осы процесте салқындатқышқа қанша жылу берілген?

54. Карно циклі кезінде атқарылған жұмыс А = 10 кДж. Егер жылу машинасының П.Ә.К. 25% болса, оның тоңазытқышқа берген жылу мөлшері қандай:

55. Екі атомды 1 кмоль газды адиабаттық жолмен сыққанда 145 кДж жұмыс жасалынды. Осы газдың температурасы неше градусқа өзгереді?

Электр өрісі

1.Электр зарядының сақталу заңы.

2. Кулон заңының тұжырымы мен формуласы.

3. Электрстатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамалары.

4. Электр өрісі кернеулігінің анықтамасын тұжырымдайтын формула.

5. Нүктелік зарядтың вакуумдегі электрстатикалық өрісінің кернеулігі

8. Электрстатикалық өрістердің суперпозиция принципі қалай оқылады?

9. Электрстатикалық өрістердің суперпозиция принципінің формуласы

10.Вакуумдегі электрстатикалық өріс үшін Остроградский-Гаусс теоремасы

11. Электрстатикалық өріс кернеулігі векторының циркуляциясы туралы теорема формуласы

12.Нүктелік зарядтың вакуумдегі электрстатикалық өрісінің потенциалы

13.Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалының арасындағы байланыс:

14. Электр өрісінің берілген нүктесінде орналасқан бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясына тең физикалық шама ...

15. Электр өрісінің берілген нүктесінде орналасқан бірлік оң зарядқа әсер ететін электрлік күшке тең және бағыттас векторлық шама ...

16. Модулі бойынша тең, аралары зерттелетін нүктеге дейінгі қашықтықпен

салыстырғанда айтарлықтай аз болатын екі нүктелік зарядтар жүйесі ...

17.Дипольдің электрлік моменті:

18. Диэлектриктің поляризация векторы:

19. Изотропты диэлектриктегі электрлік ығысу:

20. Диэлектриктегі электрөріс үшін Остроградский-Гаусс теоремасы:

21.Диэлектриктегі электрстатикалық өріс үшін Остроградский -Гаусс теоремасының формуласы:

22. Сан жағынан өткізгіштің потенциалын бір өлшемге арттыруға қажет зарядқа тең шама..

23. Электрстатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы:

24. Сегнетоэлектриктер деген не?

25. Кюри нүктесі - ...

26. Қай график қозғалмайтын нүктелік екі зарядтың арасындағы кулондық күш модулінің зарядтардың ара қашықтығына тәуелділігін сипаттайды?

27. Зарядтары бірдей өлшемдері тең екі кішкентай шардың ара қашықтығын өзгертпей, бір шардың зарядының жартысын екіншісіне ауыстырса, шарлардың кулондық өзара әсерлесу күші қанша өзгереді?

28. Егер екі нүктелік зарядты ара қашықтығын өзгертпей, вакуумнен суға (εсу=81) көшірсе, олардың өзара әсерлесу күші қалай өзгереді?

29. Егер екі нүктелік зарядты арақашықтығын 3 есе азайтып, вакуумнен суға (εсу=81) көшірсе, олардың өзара әсерлесу күші қалай өзгереді?

30. Көміртегі ионының заряды +2е. Көміртегінің ядросының заряды +6е.

(е – элементар электр заряды). Иондағы электрондар саны . . .

31. Радиусы 5 см зарядталған металл шардың потенциалы 150 В. Шардың бетінен 10см қашықтықтағы нүктенің потенциалы қандай?

32. Квадраттың төбелерінде әрқайсысы +qo төрт нүктелік заряд орналасқан. Квадрат центрінде электр өрісінің кернеулігі мен потенциалы қандай ?

33. Кернеулігі 100В/м біртекті электр өрісінде массасы 1г тең 10мкКл нүктелік заряд қозғалып келеді. Зарядтың үдеуі қандай?

34. Массасы 2m заряды бөлшек біртекті электр өрісінде а үдеуімен қозғалады. Электр өрісінің кернеулігі неге тең?

35. Зарядталған жазық конденсатордың пластиналарының арасында заряды 2·10-9 Кл, массасы 0,5 мг тамшы тепе-теңдікте қалқып тұр. Электр өрісінің кернеулігі қандай және қалай бағытталған?

36. Электрстатикалық өрістің потенциалы φ нүктеде зарядты бөлшектің толық энергиясы W, кинетикалық энергиясы K. Бөлшектің заряды қандай?

37. Жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігі 80 В/м, астарларының ара қашықтығы 4см болса, олардың потенциалдар айырымы: 38. Зарядталған ауа конденсаторының астарлары F күшімен біріне-бірі тартылады. Егер астарлар арасын тұрақтысы ε=2 болатын диэлектрикпен толтырса, олардың өзара тартылу күші неге тең болады?

39. Тұрақты ток көзіне қосылған жазық конденсатордың пластиналарының арасын 2 есе өсірсе, электр өрісі энергиясы қалай өзгереді?

40. Тұрақты ток көзіне қосылған жазық конденсатордың пластиналарының арасын диэлектрлік өтімділігі ε=5 диэлектрикпен толтырса, оның энергиясы қалай өзгереді?

41. Радиустары R және 2R зарядталған металл шарлардың зарядтарының беттік тығыздықтары бірдей σ12. Кіші шардың потенциалының үлкен шар потенциалына қатынасы қандай?

42. Нүктелік q=20нКл зарядты электр өрісінің екі нүктесінің арасында тасымалдағанда сыртқы күштер A= 4мкДж жұмыс атқарған.Электр өрісінің атқарған жұмысын Aэл , екі нүктенің потенциалдар айырымын Δφ анықтаңыз.

43. Электр өрісінің А нүктесіндегі потенциалы 100В, ал В нүктесіндегі потенциалы 200В. Шамасы 5 мкКл зарядты А нүктесінен В нүктесіне көшіргенде электр өрісінің атқарған жұмысы қандай?

44. Нүктелік оң Q зарядтың электр өрісінде зарядтан бірдей қашықтықта орналасқан А және В нүктелерінің потенциалдар айырымы :

45. Ауалық конденсатордың астарларының арасындағы потенциалдар айырымы 480В. Егер олардың арасына слюда пластина енгізсе, потенциал айырымы қандай болады? Слюданың диэлектрлік өтімділігі .

46. Біртекті электр өрісіне бастапқы жылдамдықпен ұшып кірген протон кернеулік сызықтарының бойымен қозғалғанда, оның жылдамдығы артты. Протонның бастапқы жылдамдығының бағыты;

A) B)

C) D)

E)

47. Суретте біртекті электр өрісіндегі электрон бейнеленген. Электронға әсер етуші күш қалай бағытталған және электронның қозғалысы қандай болады?

А) солға, бірқалыпты

B) солға, бірқалыпты үдемелі

C) оңға, бірқалыпты

D) қозғалмайды.

E) оңға, бірқалыпты үдемелі .

48. Тең қабырғалы үшбұрыштың екі төбесінде шамалары бірдей аттас зарядтар орналасқан. Үшбұрыштың үшінші төбесінде кернеулік векторы...

А) жоғары бағытталған

B) төмен бағытталған

C) оңға бағытталған

D) солға бағытталған

E) «бізге қарай» бағытталған

49. Зарядталған жазық конденсатор кернеу көзінен ажыратылған. Конденсатордың пластиналарының арасын 2 есе өсірсе, электр өрісі энергиясы қалай өзгереді?

50. Электр сыйымдылығы С болатын q зарядқа дейін зарядталған конденсаторға сыйымдылығы дәл сондай зарядталмаған конденсаторды параллель жалғаған. Осылай жалғаған екі конденсатордан құралған жүйеның энергиясы қандай өрнекпен анықталады?

51. Кернеулігі Е=12 кВ/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр диэлектриктен (ε=3) жасалған жазық параллель пластинка қойылған. Осы жағдайдағы Р поляризацияланудың сандық мәнін анықтаңыз:

52. Сфералық бет ішінде 2 нКл,-3 нКл,6 нКл және4нКл нүктелік зарядтар орналасқан. Электрстатикалық өріс кернеулігі векторының ағыны неге тең? (8,85·10-12 Ф/м-электрлік тұрақты)

53. Вакуумде 2·10-9 Кл нүктелік зарядтан 0,4 м және 1 м қашықтықта орналасқан екі нүкте үшін электрстатикалық өрістің потенциалдар айырымы қандай? Бірінші нүктеден екіншісіне нүктелік 4·10-10 Кл оң зарядты көшіргенде қандай жұмыс атқарылады?

54. Вакуумде орналасқан радиусы 2 см шар 5·10-7 Кл/м2 беттік тығыздықпен біркелкі зарядталған. Шардың центрінен 0,5 м қашықтықтағы нүктеде электр өрісінің потенциалы неге тең? Шардың ішінде электр өрісінің потенциалы неге тең?

55. Вакуумде оңашаланған диаметрі 4 см шар 100 В потенциалға дейін зарядталған. Шардың бетінде таралған электрондардың саны қандай? 72. Тізбектей қосылған екі конденсатор (2 мкФ,8 мкФ) кернеуі 200 В тұрақты ток көзіне тұйықталған. Әр конденсатордағы потенциалдар айырымын және әр конденсатордың энергиясын анықтаңыз.

Тұрақты ток

1. Электр зарядтарының кез келген реттелген бағытталған қозғалысы ...

2. Затта немесе вакуумда зарядты бөлшектердің реттелген қозғалысы ...

3. Кеңістікте зарядталған макроскопиялық денелердің орын ауыстыруы-мен жүзеге асатын электр зарядтарының реттелген қозғалысы ...

4. Ток күші деген ...

5. Ток күшінің анықтамасын тұжырымдайтын формула:

6. Ток күшінің тығыздығы деген ...

7. Ток тығыздығының анықтамасын тұжырымдайтын формула:

8. Ток көзінің электр қозғаушы күші -...

9. Ток көзінің ЭҚК анықтамасын тұжырымдайтын формула:

10. Металдың электр өткізгіштігі ...

11. Электрлік кернеу деген -...

12. Электрлік кернеудің анықтамасын тұжырымдайтын формула:

13.Электролиттің, газдың, шала өткізгіштің электр өткізгіштігі ...

14. Ом заңының дифференциалдық түрдегі теңдеуі:

15. Бірінші текті өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі:

16. Термоэлектрлік қозғаушы күш шамасы:

17. Электр тогының меншікті жылулық қуаты -...

18. Джоуль-Ленц заңының дифференциалдық түрдегі формуласы:

19. Кирхгофтың бірінші ережесі, формуласы:

20. Кирхгофтың екінші ережесі, формуласы:

21. Заттың электрлік өткізгіштігі -...

21. Қызған металдан электрондардың бөлініп шығу құбылысы ...-

22. Біртекті емес тұйық тізбек үшін Ом заңының формуласы:

23. Егер тізбек бөлігіндегі кернеуді 2 есе көбейтіп,ал кедергісін 2 есе азайтатын болсақ, онда ток күші қалай өзгерер еді?

24. 20 Ом кедергі алу үшін кедергісі 40 Ом өткізгішке қандай кедергіні қалай жалғау керек?

25. Ішкі кедергісі 2 Ом, электр қозғаушы күші 4 В тұрақты ток көзіне кедергісі 6 Ом резистор жалғанған. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті мен тұйықталу тогын анықтаңыз.

26. Тұйық тізбектің сыртқы кедергісі ток көзінің ішкі кедергісіне тең болса, электр жүйесіндегі пайдалы әсер коэффициенті қандай?

27. Тізбектегі тұрақты кернеуде электрлік кедергі 2 есе артса, ток қуаты қалай өзгереді ?

28. Суретте көрсетілген бөліктің кедергісін анықтаңыз. Жалғаушы сымдардың кедергісі ескерілмейді.

29. Резистордың әрқайсысының кедергісі R деп алып, тізбектің толық кедергісін анықтаңыз.

30. Ішкі кедергісі 0,7 Ом , ЭҚК 6В аккумулятор 9,3 Ом сыртқы кедергімен қосылған. Тізбекте 5 минутта қанша жылу бөлінеді?

31 . Кедергілері R1=200 және R2=300 Ом электр шамдары желіге парал-лель қосылған. Қай шамның пайдаланған қуаты көп және неше есе?

32. Ішкі кедергісі 2 ом және ЭҚК 120 В тұрақты ток көзі 58 Ом сыртқы кедергімен тұйықталған. Ток көзінің толық Ртол және пайдалы Рпайд қуатын анықтаңыз.

33. Электронды шамның анодтық тогы 10 мА. Шамның катодынан бірлік уақытта қанша электрон ұшып шығады? (e=1,610-19 Кл)

34. Электронның қозғалғыштығы 0,07 мм/В с болса, оның кернеулігі 2В/м электр өрісіндегі жылдамдығы қандай? (e=1,610-19 Кл).

35. Кедергілері 27 Ом және 54 Ом өткізгіштер параллель жалғанған. Осы өткізгіштердің ұштарындағы кернеулер мен ток қандай болады?

Магнит өрісі

1. Магнит өрісінің пайда болу себептері:

2. Магнит өрісінің тогы бар контурды айналдырушы моменті:

3. Тогы бар контурдың магниттік моменті:

4. Магнит индукциясы сызықтарының бағыты қандай ережемен анықталады?

5. Био-Савар-Лаплас заңы қалай оқылады? Заңның формуласы:

6. Био-Савар-Лаплас заңы бойынша қандай шаманың модулін анықтайды?

7. Магнит өрістерінің суперпозиция принципінің формуласы:

8. Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісінің индукциясының формуласы:

9. Шексіз түзу токтың магнит өрісі индукциясының формуласы:

10. Ұзындығы шектеулі түзу өткізгіштің магнит өрісі кернеулігі формуласы:

11. Дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісі индукциясының формуласы:

12. Соленоид ішіндегі магнит өрісі индукциясының формуласы:

13.Тороид ішіндегі магнит өрісі индукциясының формуласы:

14. Ампер күші деген не? Ампер заңының формуласы:

15. Ампер күшінің бағыты қандай ережемен анықталады?

16. Лоренц күші деген не? Лоренц күшінің формуласы:

17. Лоренц күшінің бағыты қандай ережемен анықталады?

18. Вакуумдегі магнит өрісі индукция векторының циркуляциясы туралы теорема (вакуумдегі магнит өрісі үшін толық ток заңы) және оның формуласы:

19. Элементар бетті тесіп өтетін магнит индукциясы векторының ағыны:

20. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы және оның формуласы:

21. Магнит өрісінде тогы бар контурдың қозғалысы кезінде орындалатын элементар жұмыс формуласы:

22. Заттың магниттелу қасиетін сипаттайтын өлшемсіз шама:

23. Электронның магниттік моментінің бірлігі қалай аталады?

24. Сыртқы магнит өрісіне қарсы бағытта магниттеліп, оны әлсірететін заттар қалай аталады?

25. Сыртқы магнит өрісімен бағыттас магниттеліп, оны күшейтетін заттар қалай аталады?

26. Сыртқы магнит өрісі жоқ болса да, басқа әсерлердің ықпалымен тосын магниттелуге бейім заттар қалай аталады?

27. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңының формуласы.

28. Заттың магниттелуі деген не? Формуласын жазыңыз.

29. Сыртқы магнит өрісінде орналасқан магнетиктегі қортқы өрістің индукция векторының формуласы.

30. Коэрцитивтік күш деген не? Кюри нүктесі деген не?

31. Магнитострикция деген не? Холл эффектісі деген не?

32.Тұйық өткізгіш контурда осы контурмен қамтылған магнит индукциясы ағыны өзгергенде, электр тогының пайда болу құбылысы қалай аталады?

33.Электрмагниттік индукцияның электр қозғаушы күші деген не?

34.Индукциялық ток бағыты қандай ережемен анықталады?

35. Ленц ережесін тұжырымда:

36.Өткізгіш контурдағы ток күші өзгергенде осы контурдың өзінде индукциялық электр қозғаушы күшінің пайда болу құбылысы -...

37. Тогы бар электр тізбегін ажырату және қосу кезіндегі экстраток.

38. Магнит өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы анықтаңыз.

39. Электрмагниттік өріс үшін Максвелдің 1, 2, 3, 4- теңдеулері:

40. Магнит индукциясының сызықтарының бойымен біртекті магнит өрісіне ұшып кірген протон қандай траекторияның бойымен қозғалады?

41. Магнит индукциясының векторына α<900 бұрышпен біртекті магнит өрісіне ұшып кірген протон қандай траекторияның бойымен қозғалады?

42. Катушка бойындағы ток күшін екі есе өсірсе, магнит өрісінің энергиясы:

43. Электр тізбегіндегі катушка бойымен өтіп тұрған ток күшін екі есе өсірсе, магниттік индукция векторының толық ағыны қалай өзгереді?

44. Цилиндр пішінді картон каркасқа оралған соленоидтың орам санын екі есе көбейтсе, соленоидтың индуктивтігі қалай өзгереді?

45. Тұрақты магнит өрісінде айналатын контурдың айналу жиілігі екі есе өссе, контурда индукцияланатын электр қозғаушы күші қалай өзгереді?

46. 5А тогы бар ұзындығы 14 см өткізгішке индукциясы 2 Тл магнит өрісінде әсер етуші күш мөлшері қандай болады? Өткізгіш магнит индукциясы векторына перпендикуляр орналасқан.

47. Заттың магниттелгіштік векторының физикалық мағынасын қандай анықтама тұжырымдайды?

48. Қаныққанға дейін, спонтанды түрде магниттелінген ферромагнетик-тің микроскопиялық облыстары қалай аталады?

4*9. Катушкадағы ток күші 1 секундта 5 А жылдамдығымен бірқалыпты өзгереді. Катушка индуктивтігі 0,4 Гн болса, ондағы өздік индукция ЭҚК-і қандай болады?

50. Индукциясы 0,03 Тл біртекті магнит өрісіне электрон перпендикуляр ұшып кіреді. Электронның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

51. Егер екі параллель сымдардағы ток күштерін және олардың ара қашық-тығын 2 есе кемітсе, токтардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді?

52. Біртекті магнит өрісінің күш сызықтары, ауданы 25см2 раманың жазықтығымен 30°-қа тең бұрыш жасайды. Магнит өрісінің индукциясы 4мТл болса, раманы қиып өтетін магнит ағынының мөлшері қандай?

54. І1 тогы бар дөңгелек контур өсімен І2 тогы бар шексіз ұзын түзу өткізгіш өтеді. Түзу токтың магнит өрісі дөңгелек контурға қалай әсер етеді?

55. Зарядты бөлшек біртекті магнит өрісіне суретте көрсетілгендей ұшып кіреді. Магнит индукциясының сызықтары бақылаушыға қарай бағытталған. Зарядты бөлшекке әсер етуші күштің бағытын анықтаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]