Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Мәтінді өңдеу процессінің аппараттық және программалық қамтамасыз етуі

Баспа процессін орындауға және баспа басылымдарын дайындауға міндетті түрде процессті қолдайтын екі техникалық деңгейлердің болуы қажет -аппараттық (hardware) және программалық (software).

Еңгізуге, сақтауға, ақпаратты өңдеуге және оны баспаға шығаруға қажетті басылым процессін қолдайтын аппараттық деңгей құрылғылар жиынтығынан тұрады. Перне тақта мәтіндік ақпаратты Еңгізуге арналған. Ол клавишаны басқан кездегі сигналды сәйкес символдың екілік кодына ауыстырады. Сканер қағаз бетінен мәтіндік және графикалық ақпаратты еңгізу үшін қолданылады. Ол беттің сканерленген аумағынан түскен сәулені екілік кодка айналдырады және солай графикалық көріністі құрастырады Арнайы программа мәтіннің графикалық бейнесін аңықтап тануға және оны мәтіндік форматка ауыстыруға мүмкіншілік береді. Сандық фотоаппаратпен сандық планшет сандық графикалық бейнелерді еңгізу үшін қолданылады. Сонымен қатар басқа дайын графикалық бейнелер базасы қолданылады. Бұл, біріншіден компакт дисктердегі графикалық файлдар қоймасы, және екіншіден суреттердің көптеген топтамасы, ол суреттерді Интернеттен табуға болады. Қазіргі заманға сай компьютерлер ақпаратты өңдеу және сақтау үшін қолданылады. Негізгі ресурстары мәтіндік ақпаратты өңдеуге қарағанда, қөбінесе графиканы дайындау үшін қолданылады. Мониторлар, принтерлер, фототерім аппараттар шығару құрылғыларына жатады. Жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін экранның мөлшері 17 дюймнан кем емес мониторларды қолданған дұрыс.

Принтер электронды құжаттың «қатты» (қағаз) көшірмесін алу үшін, ал фототерім аппараты, егер құжат тираждауға арналса, қолданылады. Құжатты дайындауға қажетті программалар жиынтығы басылым процессін қолдайтын программалық деңгейінен тұрады. Құжаттың тағайындалуына және құрамының күрделігіне байланысты әртүрлі программалық орталар қолдануға болады. Ең қарапайым мәтіндік редактордың ортасында мәтін теруге болады, графикалық ортада суреттерді дайындау. Көптеген мәтіндік құжаттар құрама болады, ягни баска программалық орталарда жасалған ішкі объектілерден тұрады. Мәтіндік құжаттарды дайындауға арналған негізгі орта мәтіндік процессор немесе баспа жүйесі болады, онда мәтіндік құжаттың беттеуі орындалады: парақтарға бөлу, стильдік форматтау, дизайн, басқа орталардан объектілерді еңгізу.

Мәтіндік құжаттарды дайындауға арналған қандай мәтіндік процессорлар аса танымал орталар болып саналады?

MicrosoftWord және OpenOfficeorg.Writer мәтіндік процессорлары мәтіндік құжаттарды дайындауға арналған аса танымал орталар болып саналады. Осы орталар бірдей мерей мен әдеби туынды, іс құжат, ғылыми мәтін және жарнамалық буклет дайындау үшін қолдана алады.

Осы процессорлардың ортасында қарастырылған жұмысты автоматизациялауға арналған әртүрлі мүмкіншіліктер құжатты дайындау уақытын азайтуға және сапасын жоғарлатуға мүмкіншілік береді. Орта аңықталған ақпараттық объектілерді (мәтін, суреттер, кестелер және т.б.) айырып таниалатының арқасында, осы мүмкіншіліктер іске асады.

Аса мықты программалық жүйелер (AdobePageMaker, QuarkXPress, MicrosoftPublisher және т.б.) кітаптарды тираждауға дайындайтын баспаларда қолданылады. Мәтіндік құжаттарды дайындайтын қөптеген орталар WYSIWYG (WhatYouSeelsWhatYouGet - "не көріп тұрмын, соны қабылдаймын") технологиясын қолданады. Яғни қолданушы материал бетте калай орналасады соны нақты көреді, ал мониторда ақпарат қалай басылған түрде орналасады солай көрсетіледі.