- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •5 Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.1 Оқу пәнінің қызметі.
- •5.2 Оқу пәннің оқыту мақсаты
- •5.3 Пәнді оқыту міндеттері
- •5.4 Оқу пәнінің мазмұны
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиет
- •6.2 Қосымша әдебиет
- •8 Оқу пәнінің саясаты
- •Дәріс конспектісі
- •Ақпараттық жүйелер мен ресурстар
- •Ақпараттық ресурстар
- •Сандарды ондық жүйеден кез келген жүйеге аудару.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Есептеу техникасының даму тарихы.
- •1.Жүйелік блок
- •2.Монитор
- •3.Перне тақтасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Операциялық жүйе дегеніміз не?
- •Программалық қамту қалай жіктелінеді?
- •Қандай программалар қолданбалы деп аталады?
- •Жүйелік программалардың ролі қандай және олар қандай мақсатқа арналған?
- •Программалық қамтамасыз етудің даму диалектикасы
- •1 Сурет. Программалық қамтамасыз етуінің деңгейлері
- •Жаңа программалық қамтамасыз ету
- •Программалық қамтамасыз етудің түрлері (лицензиялық, шартты тегін, тегін) және оларды қолдану ережелері
- •Лицензиялық программалық қамтамасыз ету – бұл ресми программалық қамтама.
- •Программаны декомпиляциялау - бұл техникалық әдіс, құрамында программаның құрылымын зерттеу мақсатында объектілік кодты текстік күйге түрлендіру және эем үшін программаны кодтау.
- •Лицензиялық емес пқ – бұл әуесқойлық, жүктелген, бұзып алынған немесе қарақшыларының базарынан сатып алынған программалық қамтамасыз ету.
- •Қорап – бұл программаның дистрибутиві жазылған компакт-дискі, пайдаланушы нұсқаулары, лицензиялық келісім және бірнеше қағаз буклеттер салынған әдемі корапша.
- •Лицензия – бұл программалық өңімді қолдану құқығын беретін электронды растау.
- •Шартты-тегін программалар ( ағыл. Shareware) – бұл белгілі бір шарттармен тегін қолдануға болатын программалар.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: Аппараттық программалық қамтамасыз етудi даму диалектикасы. Дербес компьютерлердің құрылымдық ерекшеліктері бойынша жіктеуі
- •1946 Жыл эем кезеңін қайта есептеу нүктесі болып саналады, осы жылы есептеуші машинаның алғашқы тәжірибелі үлгісінің шығарылуы басталды.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Мәтіндік құжаттарды қолдану салалары және түрлері
- •Мәтінді өңдеу процессінің аппараттық және программалық қамтамасыз етуі
- •Құжат терезесінің түрін баптау. Құжатты қарап шығу тәртіптемесі. Терезелерді бөлу және реттеу
- •Құжаттың касиеттеріне жеке мәліметтерді қалай қосуға болады?
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: Стильдер. Стильдерді ауыстыру, жаңа стиль құру. Беттерді белгілеу. (2 сағат)
- •Мәтіннің абзацтарын, кестелерін, тізім және таңбаларының сыртқы түсін дереу өзгертетін және оларға қолданылатын пішімдеу параметрлерін стиль деп атайды.
- •Стильді құру және өзгерту
- •Беттерді белгілеу Беттердің параметрі
- •Қағаз өлшемі қосымшасы
- •Беттің өңі (фоны).
- •Беттердің және бөлімнің бөлінуі.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: Құжат құрылымы. Беттерді нөмірлеу. Колонтитулдер. Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Айқасқан сілтемелер. Мазмұнды баптау. Заттық көрсеткіш. Әдібиеттер тізімі.
- •Құжат құрылымы. Беттерді нөмірлеу. Колонтитулдер.
- •Беттерді нөмірлеу. Колонтитулдер.
- •Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Айқасқан сілтемелер. Мазмұнды баптау. Заттық көрсеткіш. Әдібиеттер тізімі. Сілтемелер.
- •Айқасқан сілтемелер.
- •Мазмұнды баптау.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қазақтың ұлттық спорт ойындары мен қазғалмалы ойындар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Рецензиялау
- •Графиктік объектілерді және диаграммаларды кірістіру. Word қосымшасында графикпен танысу
- •Төсемді пайдалану
- •Графиктік объектіні пішімдеу.
- •Барлық суретті немесе сурет бөлігін жою.
- •Диаграмма және графиктер құру.
- •Қазақстан мәдениеті және ұлттық салт-дәстүр туралы
- •Кимешек
- •Тақырыбы: Макростар. Үстелдік баспа жүйелері. (2 сағат)
- •Макростар
- •Пернелерге макрос міндеті
- •Макросты жазу
- •Макрос терезесі арқылы макросты орындау.
- •Үстелдік баспа жүйелері
- •Жобалардың үлгі ретінде тақырыптары
- •Жобалар тақырыптары
- •Қосымша материал Басылымның түрлері
- •Тақырыбы: Scribus программасының интерфейсі. Жарияланымды құру және сақтау. Бейнені кірістіру және редакциялау. (2 сағат)
- •Scribus программасының интерфейсі. Жарияланымды құру және сақтау
- •Бейнені кірістіру және редакциялау
- •Тақырыбы: Мәтіндік блоктар және олардың түрленуі. Қабаттар. Scribus баспа жүйесіндегі шаблондар. (2 сағат)
- •Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі ақпарат Мәтіндік блоктар және олардың түрленуі
- •Мәтінді құжатқа қалай орналастыруға болады?
- •Тре́кинг (ағылшын тілінен алынған, алшақтық, басындағы әріпті соңғы әріптерден ерекшелеуші)
- •Қабаттар. Scribus баспа жүйесіндегі шаблондар
- •Парақ шебері
- •Әлемдегі ең танымал газеттер
- •Баспаға арналған pdf
- •Желілік технологиялар
- •Компьютерлік желілердің түрлері.
- •Желілік техникалық құралдар. Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектураларына байланысты негізгі компонеттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады:
- •5. Мәліметтер базасы
- •Интернетке қосылу
- •Хабардың тақырыбы
- •«Омар Хайям-математик және ақын» тақырыптық газет жасау
- •Шаблоннан құжат құру
- •Колонтитулдер, шебер-беттерін құру
- •Беттер-шеберін пайдалану
- •Батырмалар
- •Мәтіндік блоктарды құру
- •Мәтінді жүктеу және түзету
- •Батырманы және атауды көшіру
- •Презентациялар жарияланымы Тағы бір батырма қосып, «Қазақстанның Қызыл кітапқа енгізген өсімдіктер туралы» слайдты рәсімдеңіз.
- •Жобаларды әзірлеу
- •Жобалар тақырыбы:
- •«Адам және тарих» тақырыбы.
- •« Ешкімде, ештенеде ұмытылмайды» тақырыбына гезеттер.
- •Коммуникация – бұл хабарлама, берілім.
- •Телефон – бұл дыбысты үлкен ара қашықтыққа жеткізе алатын кез келген құрылғы.
- •Пейджер – жеке қоңырауларды қабылдағыш.
- •Мобильді байланыс – бұл белгілі бір жерге немесе аумаққа байланбаған, дыбыстық, мәтіндік, графикалық мәліметті сымсыз абоненттік терминалдарға жеткізетін телебайланыс түрі.
- •Электронды пошта (ағлш.Email, e-mail,ағлш. Тілінен electronic mail) – бұл технология мен ол ұсынып отырған қызметтер: бөлінген компьютерлік желіде хабарламаны тарату және қабылдау.
- •Таратылым тізімі (ағлш. Mailing list) – бұл белгілі бір жазылушылар тобына хабарламаларды жібіруге мүмкіндік беретін механизм.
- •Әлеуметтік желі – бұл контентті сол қатысушылардан құралған көп рет пайдалануға болатын интерактивті веб-сайт.
- •Дауыс конференциясы нені білдіреді? Дауыс конференциясы – бұл жекеленген бөлме түсінігіне негізделген, көптеген коммуникациялар түрі.
- •VoIp (ағлш. Voice over ip; ip-телефония) – бұл сөз сигналының тасымалын Интернет немесе басқа кез келген ip-желі арқылы қамтамасыз ететін байланыс жүйесі.
- •Интернет – бұл ғылыми, іскерлік, танымал және көңіл көтеретін ақпаратты ашық түрде сақтау және тарату құрылғысы.
- •Интернет-аналитика – бұл аналитиканың жеке жағдайы, нақтырақ айтқанда, процесс және Интернеттің аудиториясын түсінуіне, олардың көздерімен талаптарына қолданылатын әдістемесінің анализі.
- •Библиометрика – бұл ақпарат және мәтіндерді зерттеу тәсілдерінің жиынтығы.
- •Мәтін оқылымы – бұл мәтіннің мақсатты аудиторияға түсінікті болуы және онымен қабылдануы.
- •Сұхбат (сұхбат, ағлш. Interview) – бұл интервьюер өз әңгімелесушісіне сұрақтар қойып және ол сұрақтарға жауап алатын екі немесе одан да көп адамдар арасындағы әңгіме түрі.
- •Респондент - бұл сұхбаттың сұрақтарына жауап беретін адам.
- •Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпаратқа қол жетімдік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.
- •Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
- •Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу
- •Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. “Электронды үкімет” инфрақұрылымы.
Интернетке қосылу
Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:
Компьютерді бүкіл әлемдік желінің бір торабына жалғау;
IP адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі );
Таңдап алынған интернет қызмет түрінің бағдарлама – клиентін орнату және баптау.
Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер интернет қызметін қоюшылар (сервис провайдерлер ) деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім шарт бойынша провайдерлер атқарады.
Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік,радиоарналық,спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметерді Зіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелермен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.
Ал коммутаторлық байланыс –– уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті.Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.
Телефон сымдары тек дыбыс жиелігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп (модуляцияланып )торапқа түседі және керісінше.
Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады.Ішкі модемдер арналық тақшаға орнатылады.
Басқа құрылғылар сияқты модемдер де програмалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу →Баптау →Басқару тақтасы→Жабдықтарды орнату (Пуск→настройка→Панель управления→Установка обарадувания)құралының көмегімен орнатады.
Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу
Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін желіге қашықтан қатынау бағдарламасын баптау қажет (Менің компьютерім →Желіге қашықтан қатынау→Жаңа байланыс (Мой компьютер→Удаленный доступ к сети→Новое соединение)).
Бағдарламаны баптау кезінде интернет қызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын ала енгізіп қою керек:
Байланыс жүргізілетін телефонның номері;
Қолданушының аты (Login)
паролі (password)
сервердің адресі.
Word wide web – тің негізгі түсініктері.
Бүгінгі таңда интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан-жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады.Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімді дайындалған.Құжаттарды тасымалдау мен шұғылданатын интернеттің қызмет түрін Word wide web (web,WWW) деп атайды.Бұл сөздің аудармасы бүкіл дүние жүзілік өрнек дегенді білдіреді. Word wide web–– қазіргі интернеттің ең көп тараған қызмет түрі болып табылады.Осы терминмен немесе WWW ортасы деп өзара гипермәтіндік байланысқа түскен web құжаттар жиынтығын айтады.
Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді web-сервер деп атайды.WWW-дің құжаттары web – серверлерде сақталады.WWW орта дегеніміз web–серверде сақталған өзара байланысқан электрондық құжаттардан тұратын ақпаратық кеңістік. Web-кеңістікті құрайтын жеке құжаттарды web-беттер деп атайды.Тақырып бойынша топтастырылған web беттерді web-тораптар деп аталады. (жаргондық термині–– web–сайт).
Дайын материалды web тораптарда орналастыру web – басылым деп аталады. Word wide web-тағы жеке құжатты web–бет атайды. Әдетте бұл әр түрлі обьектілер жиынтығынан тұратын құжат.Оның құрамында мәтінде гафиктік бейнелер де мультимедиалық және басқа енгізілетін обектілер болады.
web–беттерді көруге арналған бағдарламалар броузерлер деп аталады. Құжаттың авторы өз мәтініне енгізген командалардың көмегімен броузер экранға құжатты шығарып береді.Ол командалар тегтер деп аталады.
Тегтердің жазылу ережесі бағдарламалау тіліне жақын тіл белгілеу тілімен жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу –HTML (HuperText Markup Language). Сонымен web–құжат деп отырғанымыз HTML тегтерінің көмегімен жазылған кәдімгі мәтіндік құжат екен . Осындай құжаттарды HTML пішінімен жазылған құжат деп аталады. HTML–құжаты броузердің көмегімен экранда бейнеленген кезде тегтер экранда көрінбейді, тек құжатты құрайтын мәтін ғана бейнеленеді. HTML тегтерінің көмегімен жүзеге асырылатын web беттердің ең маңызды сипаты – гипермәтіндік сілтемелер болып табылады. Оларды қысқаша гиперсілтемелер деп атайды.
Суретпен немесе мәтіннің кез-келген бөлігімен тегтердің көмегімен қандай да бір web құжатты байланыстыруға болады, яғни гиперсілтеме орнатуға болады.Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мәтін бөлігіне немесе суретке тышқаннның сол жақ батырмасын бассақ онда көрсетілген жаңа құжатқа сұраныс жіберіледі.Бұл құжат өз алдына басқа құжаттарға гиперсілтеме жібере алады.Сонымен WWW– серверіндегі өте үлкен көлемдегі гипермәтіндік электрондық құжаттардың жиынтығы гиперкеңістік құрайды. Web кеңістіктегі құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс web серфинг деп аталады. Егер осы кеңістіктегі әрбір құжатттың өзінің айрықша адресі болмаса мұндай гипермәтіндік байланыс түзілмес еді. Бүкіл әлемдік масштапта әрбір файлдың адресі ресустардың ерекшеленген нұсқағышымен (URL-унифицированный указатель ресурса) анықталады. URL-адрес үш бөліктен тұрады:
Берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету. Мысалы,WWW-қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады (Hyper Text Transfer Protocol- гипертекст жолдау протоколы):
http:// потоколдың атынан кейін :және // белгілері қойылады.
Компьютердің (сервердің )домендік атын көрсету:
http://www.enu.kz
Мысалы, Хабар агенттігінің домендік аты ww.khabar.kz, Microsoft компаниясының Web-серверінің домендік аты www.microsoft.com, ”Огонек”журналының web-серверінің домендік аты www.ogonyek.ru (соңындағы ru домені компания сервері интернеттің Ресейлік секторына жататынын көрсетеді)
Берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына “/”символын қою арқылы)
http:/www.enu.kz/files/Myfiles/xyz.zip
(Интернетте бас әріп пен кіші әріп әртүрлі символдар болып есептеледі).
Web- броузерлер
Интернеттің құжаттары электрондық түрде бейнеленді. Құжаттың авторы құжат бейнеленетін компьютердің мүмкіншіліктерінен бейхабар болады. Сондықтан HTML тілі құжатты пішімдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, оның логикалық құрылымын анықтап береді. Құжатты нақты бір компьютерде пішімдеу мен бейнелеу броузерлердің көмегімен жүзеге асырылады.
Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі:
Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;
Броузер жұмыс атқаратын компьютерлердің мүмкіншіліктерін ескере отырып web-беттерді пішімдеу мен бейнелеу;
web-беттердің құрамына кіретін мультимедиялық және басқада объектілерді бейнелеуге арналған құралдарды ұсыну;
web-беттерді іздестіруді жеделдету мен бұрын ашылған web беттерге қатнауды ықшамдыстыру;
Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА
Бұл Интернеттің ертерек пайда болған қызмет түрлерінің бірі. Онымен қамтамассыз етуді Интернетте арнаулы пошталық серверлер деп аталатын бағдарлама жүргізеді.
Пошталық серверлер клиенттен алынған хабарды адресаттың пошталық серверіне жөнелтеді. Бұл жерде хабарлар жиналады. Адресат пен оның пошталық серверінің арасында байланыс орнатылған кезде келіп түскен хабарлар автоматты түрде адресаттың компютеріне жіберіледі.
Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электрондық пошта қызметі бағдарламалар жұбы мен олардың өзара қарым–қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан бағдарлама- сервер тұтынушы жағынан бағдарлама-клиент жұмыс атқарады. Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген. Біреуі шығатын хабарды жіберуге, екіншісі келетін корреспонденцияны қабылдауға пайдаланылады. Сәйкесінше Интернет жағынан электрондық пошта жұмысы екі сервердің көмегімен атқарылады: шығатын хабарлар сервері мен келіп түскен хабарлар сервері. Келіп түскен хабарлар серверін “Пошта жәшігі” деп атайды.
Шығарылатын хабар қызметі SMTP хаттамасына негізделген (SMTP Simple Mail Transfer Protocol –простейший протокол передачи почты). Келіп түсетін хабар қызметі РОР3 хаттамасымен жүргізіледі (Рost Office Protocol 3- протокол почтового отделения, версия 3).
Электрондық поштамен жұмыс істеу реті.
Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін қолданушы келесі амалдарды орындалуы қажет:
SMTP және РОР3 хаттамаларын ұсынушы қызмет түріне тіркелуі қажет. Тіркелу нәтижесінде клиент SMTP-дің есепке алу жазбаларын алады. Бұл жазбаларды интернетке жалғаушы сервис провайдерлер береді.
Өз компютерінде электрондық поштаның бағдарлама-клиентін орнатады.
Пошта клиентін SMTP және РОР3 жазбаларымен жұмыс істеуге бейімдеп, баптайды.
Қолданушы өзі жіберетін хабарды даярлап, қабылдаушының адресін енгізіп, жіберу командасын орындауы қажет.
WWW –ге негізделінген электрондық пошта.
SMTP және РОР3 хаттамаларына негізделінген кәдімгі пошта Е-mail деп аталады. Бұл пошта Wed- броузерлермен жұмыс істеуді жақсы меңгерген қолданушыға өте қолайлы. Бұл жеке қызмет түрі емес,жоғарыда біз қарастырған НТТР хаттамасы негізінде WWW қызметінің құралдарымен жүзеге асырылған сервис болып есептеледі. Интернет жағынан бұл сервис кәдімгі Web – серверлермен, ал клиент жағынан кәдімгі Web-броузерлермен жүргізіледі.
Web-mailмен жұмыс істеу реті:
1) Web-mail электрондық поштасының есепке алу жазбалары Web-сайт қызмет түрінде дайындалады. Оған қосылу үшін броузердің көмегімен кәдімгі URL-адресі бойынша өтеді. Тіркелу қайсыбір Web-бетте НТМL қалыбын толтыру арқылы жүргізіледі.
2) Хабарды даярлау және жіберу Web қалыптың өрістерін толтыру арқылы орындалады. Даяр болған хабар шындығында НТМL пішімінде жазылған құжат болып табылады. Яғни ол қаріптік және түстік пішімделген, фондық бейнесі бар енгізілген графикасы және басқа да обьектілері бар Web-құжат болып есептеледі.
3) Web -mail адресіне қабылданылған хабар серверде сақталынады және оны броузердің көмегімен кәдімгі Web – бет сияқты көруге болады.Қажет болған жағдайда оны өз дискетіңізге көшіріп алуға болады.
Электрондық поштаның құрылымы.
Электрондық поштаның әрбір жеке хабарын мәліметтер базасының жеке жазбалары ретінде қарастырылған дұрыс. Сонда РОР3 “пошта жәшігі” – қашықтатылған мәліметтер базасы болса,ал компютерде қабылданылған хабарлар жергілікті мәліметтер базасы деп есептеуге болады.Сонымен, әрбір хабар мәліметтер базасының жеке жазбасы болып табылады.Ал әрбір жазбаның өрісі болады.