Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Құжаттың касиеттеріне жеке мәліметтерді қалай қосуға болады?

Құжаттың касиеттерінде сіздің жеке мәліметтеріңіз (тегі, аты, әкесінің аты немесе бас әріптері) көрініп тұру үшін, келесі амалдарды орындайсыз:

  1. Файл қосымша бетінде Параметлер Жалпы пернелерін басыңыз.

  2. «MicrosoftOffice-тың жеке баптауы» («Личная настройка MicrosoftOffice») өрісінде, «Қолданушының аты» («Имя пользователя») және «Инициалдары» («Инициалы») өрістерінде сәйкес мәндерді еңгізіңіз.

  3. ОК шертіңіз.

Оқиғаларды дыбыстық сүйемелдеу

Соңғы ғылыми зерттеулер көрсеткендей, дыбыстық сүйемелдеу құжатпен жұмыс істеу зейінді арттырады екен. Егер сіз өз әрекеттеріңіз дыбыспен сүйемелдеуін қаласаңыз (мысалы, WindowsMessenger-те сияқты) келесі амалдарды орындаңыз:

    1. Файл қосымша бетінде Параметлер Қосымша пернелерін басыңыз.

2. «Оқиғаларды дыбыстық сүйемелдеу» («Звуковое сопровождение событий») графасында «Жалпы» өрісінде белгі қойыңыз.

  1. ОК шертіңіз.

Егер сізде белгілі бір себептерге байланысты дыбыстық пакет қойылмаған болса, сіз автоматы түрде Microsoft-тың «Жіктеу орталығының» бетіне түсесіз. Ол жақтан сіз жүктеп және орната аласыз. Бірақ есте сақтаңыз, сіз ұжыммен жұмыс істегенде сіздің айналаңыздарға бір немесе бірнеше компьютерден дыбыстық сүйемелдеуді есту жағымды болмайды (наушниктерді пайдаланыңыз).

Құжаттарды қарап шығу режимі

Орындалатын тапсырмаларға байланысты MicrosoftWord- та жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін қужаттарды қарап шығу әртурлі тәртіптемелерін таңдауға болады.

Құжатты қарап шығудың қандай тәртіптемелерын білесіз?

Белгілеулер тәртіптемесі (Режим разметки)

Белгілеу режиміндегі құжаттың экрандық түрі баспадағы түріне сәйкес, баспа беттін бастапқы параметрлерімен қоса сақталады. Бұл режим баспаға арналған құжаттарды форматтау үшін өте қолайлы. Мәтін, суреттер және басқада элементтер парақты баспадан шығарған кездегі сияқты көрінеді. Бұл тәртіптеме өрістерді баптау, колонтитулдарды редакциялау, сонымен қатар графикалық объектілер мен бағандар үшін қолданылады. Бұл тәртіптемені мәтінді еңгізу және редакциялау үшін пайдалансаңыз, экран бетіндегі орынды үнемдеуге болады, парақтың жоғарғы және төменгі бөлігіндегі бос жерді жасырып.

Белгілеу тәртіптемесіне қалай өтуге болады?

Белгілеу тәртіптемесіне көшу үшін, Түрі қосымша бетінде Беттерді белгілеу (Разметка страницы) пернесін басыңыз.

Оқу тәртіптемесі (Режим чтения)

Оқу тәртіптемесі көзге күш салмай және оқу үшін ең қолайлы құралдарды қолдана отырып, құжаттарды оқу және түсіндіруге арналады. Бұл тәртіптемеде құжат оқуға ең ыңғайлы толық экран түрінде шығарылады. MicrosoftWord алаң дататын экран элементтерін шығармайды, мысалы қажетсіз құралдар панельдерін. Оқу тәртіптемесінде құжатты редакциялауға болмайды, бірақ ескертулерді қосуға және басқа түспен керекті жерлерін белгілеуге болады.

Оқу тәртіптемесінде көрінетін құжат басылымға шығарылатын кескінімен сәйкес келмейді. Мәтін үлкен болуы не болмаса беттер бір-бірімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Оқу тәртіптемесіне қалай көшуге болады?

Түрі қосымша бетінде Құжатты қарау тәртіптемелері (Режимы просмотра документа) аспабында Оқу тәртіптемесі пернесін басыңыз немесе MicrosoftWord-тың кез келген тәртіптемесінде ALT+Ч пернелерін басыңыз, оқу тәртіптемесіне ауысу үшін.

Оқу тәртіптемесін сөндіру үшін Оқу тәртіптемесі құралдар аспабында Жабу (Закрыть) пернесін басыңыз немесе ALT+З пернелерін басыңыз.

Веб-құжат тәртіптемесі (Режим веб-документа)

Веб-құжат тәртіптемесі веб-беттерді немесе экранда көруге арналған құжаттарды құрастыру үшін ыңғайлы. Бұл тәртіптемеде веб-құжаттың аясы көрінеді, мәтіннің көшірілуі терезе мөлшерімен сәйкес жүргізіледі, ал суреттер веб-шолушы терезесіндегі орнына сәйкес келеді.

Веб-құжат тәртіптемесіне қалай көшуге болады?

Веб-құжат тәртіптемесіне көшу үшін, Түрі қосымша бетінде Құжатты қарау тәртіптемелері аспабында Веб-құжат пернесін басыңыз.

Құрылым тәртіптемесі (Режим структуры)

Құрылым тәртіптемесі (8-сурет) құжаттың құрылымымен жұмыс істеуге үшін арналған. Бұл тәртіптемеде құжаттың құрылысын қалыптастыратын тақырыптар көрінеді. Бұл режим құжаттың құрылымын көруге, сонымен қатар тақырыптардың орнын ауыстыру арқылы мәтіннің орнын ауыстыруға, көшіруге және қайта құруға мүмкіндік береді.

8-сурет. Құрылым тәртіптемесі

Құрылым тәртіптемесінде құжаттың негізгі тақырыптарын қалдыра отырып бүктеуге немесе барлық тақырыптарды мен толық мәтінді ашып қарауға болады.

Сонымен қатар, құрылым тәртіптемесінде негізгі құжаттармен жұмыс істеуге ыңғайлы. Негізгі құжаттарды пайдалану үлкен құжаттарды құрастыруды және жанартуды жеңілдетеді, мысалы бірнеше бөлімдердең тұратын есеп берулерді немесе кітаптарды. Беттердің шекаралары, колонтитулдары, суреттер мен айналар құрылым тәртіптемесінде көрсетілмейді.

Құрылым тәртіптемесіне қалай көшуге болады?

Құрылым тәртіптемесіне көшу үшін, Түрі қосымша бетінде Құжатты қарау тәртіптемелері аспабында Құрылым пернесін басыңыз.

Черновик тәртіптемесі (Режим черновика)

Черновик тәртіптемесінде құжаттың тек қана мазмұндық бөлімі ғана көрінеді, бұл тәртіптемеде мәтінге қатысты емес, баспа беттерге қатысты безеңдіру реквизиттік элементтері (колонтитулдар, колонцифрлар және т.б.) көрінбейді. Бұл тәртіптемені негізінен құжатты алғашқы дайындау кезеңдерінде қолданған ыңғайлы (мәтінді теру, өзгерту, рецеңзиялау), яғни құжаттың мағынасы оның сыртқы көрінісіне қарағанда маңыздырақ орын алған кездерде.

Черновик тәртіптемесіне қалай көшуге болады?

Черновик тәртіптемесіне көшу үшін, Түрі қосымша бетінде Құжатты қарау тәртіптемелері аспабында Черновик пернесін басыңыз.

Терезелерді бөлу және реттеу

MicrosoftWord программасының терезесінде құжаттарды бүктеу мен оларды бір-біріне жақын орналастыруға Жақын (Рядом) командасы арқылы жүзеге асыруға болады, ол лентаның Түрі қосымша беттін Терезе (Окно) топтамасында орналасады. Егер осы команда орындалып жатқан кезде екі терезе ашық болса, программа оларды экранда бір-біріне жақын орналастырады (9-сурет). Егер екіден көп терезе ашық тұрса, онда «Жақын салыстыру» («Сравнить рядом») терезесі ашылады (10-сурет), бұл жағдайда ағымдағы жұмыс жасайтын құжатты қандай құжатпен салыстыру керек екені таңдап алу қажет.

9-сурет. Жақын пернесі

10-сурет. «жақын салыстыру» командасынан кейінгі шығатын құжаттар түрі

11-сурет. «жақын салыстыру» терезесі

Құжаттарды салыстыру тәртіптемесіне өткеннен кейін автоматты түрде синхрондық айналым тәртіптемесі қосылады, яғни бір құжат айналымы іске қосылған кезде екінші құжатта оған қосылады. Синхрондық айналым «Синхронная прокрутка» кейін тәртіптемесін өшіру үшін Мәзір (Меню) қосымша бетінде Терезе пернесін басып, одан кейін Синхрондық айналым пернесін басу керек (13-сурет). Қайтадан айналымды іске қосу үшін, осы пернені тағы да басу керек.

13-сурет. Терезе пернесінің мәзірі

Терезенің орналасуын қайта қалпына келтіру (Восстановить расположение окна) пернесі бір-бірімен жақын орналасқан терезелерді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді, мысалы, егер терезенің біреуі бүктелген болса.

Құжаттарды салыстыру тәртіптемесінен шығу үшін, келесі әрекеттердің біреуін орындау қажет:

Терезе топтамасында Жақын пернесін басу (13-сурет);

• терезенің жоғарында жабу пернесімен бірге орналасқан Ашу (Развернуть) пернесін басу.

Бірнеше құжаттарды бір-бірімен салыстыру

Егер бірнеше құжаттарды бірден салыстыру қажет болса, Барлығын реттеу (Упорядочить все) пернесін қолдануға болады, ол Түрі қосымша беттін Терезе топтамасында орналасқан (14-сурет). Осыны іске асырғаннан кейін экранға барлық ашық тұрған құжаттар көрінеді және сіз керекті жерлерін салыстырып, кез-келген өзгерістерді еңгізе аласыз (15-сурет). Қажет жағдайда кез-келген терезенің мөлшерін өзгертуге болады.

14-сурет. Барлығын реттеу пернесі

15-сурет. Ашық құжаттарды ретке келтіргеннен кейінгі Word терезесі

Бір құжатты жапқаннан соң немесе жаңа құжатты ашқаннан кейін ретке келтіру сақталынбайды. Бұл тәртіптемені, лентаны бүктеп, жұмыс ауданнын кеңейтуге қолданылған ыңғайлы (16-сурет).

16-сурет. Ленталар бүктелгенде құжаттарды реттеу

Терезені бірнеше аймақтарға бөлу

Кейбір жағдайларда, мысалы мәселен үлкен құжатпен жұмыс жасаған кезде, құжаттың екі аймағын бірдей бақылау қажет болады. Бұл үшін Бөлу (Разделить) пернесі бар, ол Түрі қосымша беттін Терезе топтамасында орналасқан (17-сурет). Оны қолданғаннан кейін экранда айыру сызығы пайда болады, оның орнын тышқанның пернесімен жылжытуға болады (18-сурет).

17-сурет. Болу пернесі

18-сурет. Болу жасалғаннан кейінгі Word терезесінің түрі

Бұл қызық!

Кұжаттар қымбат тұратын пергаментте – арнайы иленген қозының, қойдың немесе бұзаудың терісінде кұрылатын. Мәтінді арнайы оқытылған адамдар калиграфиялық жазумен жазған. Жазу үшін құстың қауырсының қолданған. Ескірген құжаттар пергаменттен алып тасталынып, сосын ол қайтадан қолданылған. X ғасырдан бастап пергамент қағазды ысыра бастады.

ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР

А деңгейі

1 Тапсырма. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Microsoft Word текстік процессордың шығу тарихы» жайлы шағын хабарлама дайындаңыз.

2 Тапсырма. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Құжат схемаларын қолдану» жайлы шағын хабарлама дайындаңыз.

B деңгейі

1 Тапсырма. Интернетті пайдалана отырып, «OpenOfficeorg.Writer текстік процессордың шығу тарихы» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

2 Тапсырма. Интернетті пайдалана отырып, «MicrosoftWord мәтіндік процессорының Эскиздеры» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

3 Тапсырма. MicrosoftWord мәтіндік процессорында басқа тілді икемдеңіз.

C деңгейі

1 тапсырма. «Microsoft Word және OpenOfficeorg.Writer текстік процессорлардың жетістіктерімен кемшіліктері» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

2 тапсырма. Microsoft Word текстік процессінде пернетақтаның контекстік сезімтал жайып салудың (раскладки) ауыстыруын қосыңыз. Кез келген текст фрагментін теріңіз, бірінші орыс тілінде, одан кейін ағылшын тілінде.

3 тапсырма. «Алдын ала көру тәртіптемесі. Бетті бөлу және подложка» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

4 тапсырма. Мәтінді теріңіз. Терген мәтінді кез келген тәртіптемеде көріңіз.

5 Тапсырма. Оқу тәртіптемесінде мәтіннің кез келген бөліміне ауысу үшін құжат схемасын немесе эскиздерді қолданыңыз. Одан кейін оқумен байланыскан амалдарды орындау үшін тапсырма аймағын қолданыңыз, мысалы сөзді аудару үшін.

Негізгі әдебиет:

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2009 ж “Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика, М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2009 ж.

3. “Есептеуіш техника және бағдарламалау”, О. Камардинов, Алматы – 2007 ж.

Қосымша әдебиет:

1. http://www.lina-trofimowa2012.narod.ru/34.ppt